400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шығыс Қазақстан облысының топырақ жамылғысының экологиялық жағдайы

Материал туралы қысқаша түсінік
Аннотация Статья посвящена экологическим проблемам почвы Казахстана. Особое внимание уделяется поврежденной и загрязненной почве, источникам загрязнения, возможностям вернуть плодородие.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бельгибаев М.Е, доктор географических наук, профессор Государственного университета имени Шакарима г.Семей

Жуманов Ж.А. магистрант II курса

. Шығыс Қазақстан облысының топырақ жамылғысының экологиялық жағдайы.

Аннотация

Статья посвящена экологическим проблемам почвы Казахстана. Особое внимание уделяется поврежденной и загрязненной почве, источникам загрязнения, возможностям вернуть плодородие.

Annotation

This discusses the ecological condition of the soil cover of Kazakhstan. Particular attention is paid disturbed and contaminated land, sources of contamination, need remediation to restore their fertility.

Кілт сөздер: экология, топырақ, эрозия, дефляция.

Топырақ ластанудың негізгі түрлері. Топырақтардың жел және су эрозиясы. Жалпы Қазақстан аумағындағы топырақтың экологиялық проблемасы Шығыс Қазақстан топырақтарына да қатысты. Топырақ полифункционалды дене болғандықтан, биосфераның барлық бөліктерімен тікелей байланысты. Ауа бассейінің ластануы аз абыржу туғызбайды. Әсіресе Кенді Алтайдың түсті металлургия зауытының кен өндіру өнеркәсібінің, Семей цемент және силикат зауыттарының өнімдері щаң-тозандары желмен таралып, ауаға араласады. Өскемен мен Семей қалаларындағы өнеркәсіптердің және жеке меншік автомобильдердің саны күн санап өсіп келеді. Әрбір жаңа машина ауаға көмірқышқыл газын таратып, топыраққа қорғасын сіңіп, қоршаған ортаға орасан зор зияын тигізеді. Шығыс Қазақстан облысының ең ірі елді-мекендерінің бірі Семей қаласынан 20 мың га аралығында екі үлкен жылу орталығы, 236 қазандық, 28408 жекеменшік үйлердің түтіндері ауаға тарайды. Ал өндіріс орындарының мұржаларынан жылына 294 мың тонна зиянды заттар, оның көбінде 47 мың тонна газды шаң-тозаңдар шығып ауамен араласады. Ауа құрамындағы зиянды, улы заттар көбейіп, белгілі мөлшерден мырыш ерітіндісі-7,4 есе, қорғасын -9,9 есе, мыс-3,8 есе,кальций-13,3 есе артық болды. Ауаға араласқан зиянды заттар жауын-шашын арқылы топыраққа сіңіп, оның құрамын сынап, фтор, мышьяк, қорғасынмен ластап, өсімдіктердің тамыр жүйелерін ластайды. Жер асты қойнауынан пайдалы қазбалар алу кезінде қыруар жер қыртысы қопарылып, оның маңындағы зиянды элеметтермен бірге миллиондаған текше метр қоқыс қалдықтары табиғатқа, яғни жер бетіне шығарып, өндейтін өндіріс орнына жеткізгенше қоршаған ортаға зиян келтіреді. Жер бетіне таяу жатқан көмірді ашық әдіспен алу кезінде, онын бетіндегі топырақтың құрамындағы қорғасын мөлшерінің қалыптағыдай 2,63 есе жоғары болғанын зерттеу нәтижесі көрсетті.

Эрозия(латынша-erosia-бұзылу)деп-топырақтың су мен жел әсерінен бұзылуын айтады.Топырақ сумен шайылса, онда су эрозиясы, ал желмен ұшыраса, онда жел эрозиясы немесе дефляция деп аталады. Топырақты тиімді пайдалану және эрозиядан сақтау-егіншіліктің басты міндеті.

Су эрозиясы, топырақтары интенсивті өнделетін, ашық кеңістіктерде, жауын-шашын мөлшері жоғары болатын аудандарда басым болады. Су эрозиясы құрлық бетіне су ағыны әсерінен жер бедері жағдайына байланысты өтеді. Топырақты шайылуы беткей ылғалдығының 1,5-2%-дан басталады, ал 3%-тан жоғары ылдида ол айқын жүре бастайды. Беткей ұзындығы өскен сайын ағатын сулардың мөлшері көбейіп, топырақтың шайылу қауіпі арта түседі. Беткейлер мүсініне қарай түзу, ойысты, дөнесті және баспалдақты болып келеді. Түзу және дөнес беткейде топырақтың қозғалуы төменгі етегінде орын алады, ойысты беткей топырағының шайылуы көбінесе жоғарғы бетінде жүреді де, төменгі бөлігінде шайылып келген материал жиналады. Баспалдақты беткейде су ағыны бәсең болғандықтан, эрозия сіл жүреді. Таулы және тау етегіндегі бедер жағдайында қар жамылғысынан және нөсерлі жаңбырдан соң күшті су ағындары пайда болады да, соның әсерінен қатты тау жынысы құрлық бетіне жақын орналасқан жұқа топырақ кесіндісінің эрозияға шалдығуы мүмкін. Тау эрозиясы көлденең немесе беткі және тік немесе жыралық болып бөлінеді. Беткі эрозия топырақтың үстіңгі қабатының жаңбыр не еріген қар суларымен шайылуына байланысты. Соның қатарынан топырқтың беткі қабаты біраз бөлігінен айрылып, ал шайылған топырақ массасы А су ағынымен ылдиға қарай тасымалданады. Егістік бетінде орылған кішігірім су ағымының ағысы жыл сайын топырақты жыртқанда тегістеліп отырады. Сөйтіп, беткі эрозияға шалдыққан топырақтың үстінгі қабаты бірте-бірте жұқарып, шайылған кескінді түріне көшеді. Беткі эрозия механизімі жаңбыр суы тарамдарын бұзу және жаңбыр мен қар суының беткі ағымдық күшіне байланысты. Жаңбыр су тамшысы топырақ бетін тұрақты құрап тұратындықтан, оның агрегаты байқалады да, түйіртпектер ыдырап, майда түйір мөлшері артады. Олар топырақ саңылауына лай түбінде бітеліп, оның су өткізу қабілетін төмендетеді. Сондықтан жаңбыр суы топыраққа сінбей топырақ бетімен ағып кетеді. Ылдиға бағыталған су ағымының кинетикалық қуаты онын массасы шапшаңдығына тепе-тең. Аталған қуаттың біраз бөлігі топырақты шаюға, агрегатты бөлшектеуге топырақ тасымалдауға жұмсалады. Тік эрозия деп-ылдиға қарай пәрменді аққан судың топырақты шайуын айтады.Тік эрозияның бірінші сатысында су шайған кішігірім (тереңдігі 20-35 см)су іздері шұнқырлар (0,3-1,5м)пайда болады. Олар тұрақты дамысы, жыралар пайда болады. Жыралар А құрлықта өскен жағдайда топырақ жамылғысы түгел ауылшаруашылығына жарамсыз болып қалады.Тік эрозияның даму сатысын жыраның белгілі территорияда тараған аумағына не олардың қанша шақырым алаптағы жалпы ұзындығы қарай анықтайды. Таулы облыста су эрозия түрінен басқа, ыстық жазда күшті лайлы су тасқыны сел жүріп тұрады. Сел өте қарқынды және жылдам қозғалғандықтан, жолындағы топырақ пен тау жынысын бұза ағызып әкетеді. Сондықтан, селдер өте қауіпті табиғи құбылыс болғандықтан, үлкен апатқа әкеп соғады. Жылдамдығына байланысты эрозия қалыпты(геологиялық) және үдемелі түрге бөлінеді. Қалыпты эрозия деп- табиғи өсімдік жамылғысы бар топырақ бетінен ұсақ түйірін баяу шайылуын айтады. Шайылған зат топырақ құралу процесімен толықтырылып тұратындықтан, бұл процесс түрінің зияндылығы шамалы. Үдемелі эрозия өсімдік жамылғысы жоқ топырақ бетінде не оның дұрыс пайдаланбаған жағдайда дамиды.

Жел эрозиясының интенсивтілігі желдің жылдамдығы мен ұзақтылығына, кеңістік ашықтығына және топырақтың жағдайына тікелей тәуелді. Жел эрозиясына жеңіл топырақтар ұшырайды. Жел эрозиясы – дефляция көбінесе құрғақ аймақта, шөл және шөлейт аймақта өріледі. Эрозия салдарынан топырақ құнарлығы төмендеп, тіпті оның қарашірінді кесіндісі мүлдем жоғалып кетеді. Топырақ құнарлығының төмендеуі үстіңгі ең құнарлы қабат эрозиядан жоғалуы жыртылған кезде оның құнарсыз төменгі қабатпен араласып кетуі себеп. Содан соң құрылымында қолайсыз жағдай туады, гумус мөлшеренің азаюымен оның сапасының төмендеуі, қоректік заттар азаюы, физикалық және биологиялық қасиеттерінің нашарлауы, кеуектілігінің төмендеу тығыздығының содан барып оның су өткізгіштігінің төмендеуі, құрлық суы топыраққа сіңбей кетеді де, ең соңында топырақтағы су қоры азаяды. Жоғары қабаттан гумустың А топырақтың биологиялық белсенділігін төмендетеді.

Эрозия адамның өсімдік пен топырақ жамылғысына терең әсер етуінен басталады. Сондықтан егістік пен жайылымдар топырақтары эрозияға қарсы шаралар қолдануы керек. Топырақты пайдаланбаған жағдайда эрозияның дамуына климат, жер бедері, геологиялық құрылымы, табиғи ерекшелігі және өсімдік жамылғысы әсер етеді. Климат элементінен жауын-шашын мөлшері құбылысының маңызы зор. Әсіресе, қауіпті нөсер және ұзақ жауын топырақтың шайылуына әсер ететін жағдайға қар суының қоры, оның еру мерзімі мен қарқындылығы жатады. Топырақ дефляциясының дамуына тигізетін климат әсерін бағалағанда жауын-шашын түсімі, жылы мен құбылысы ескеріледі.

Дефляция негізінен құрғақ және континенталды(үсік) климатта өршиді. Дефляция механикалық құрамы ауыр жеңіл, бірақ түйіртпексіз, құрғақ топырақтар жеңіл ұшып кетеді. Топырақты эрозиядан қорғауды өсімдік жамылғысының маңызы үлкен. Онын тұтастығы өскен сайын эрозия бәсеіңдейді. Өсімдік тамыры, әсіресе астық тұқымдастар топырақ түйірін бір-бірімен жұғыстырып, оларды бұзылудан сақатап қалып, шаңдануына қарсы тұрады. Сонымен ең үлкен топырақ эрозиясы.

  1. Кесте. Топырақ эрозиясының экономика салаларына тигізетін экология-экономикалық зиян



Әдебиеттер тізімі

  1. Фаизов К.Ш., Кененбаев С.Б. и др. География и экология почв Казахстана. – Алматы, 2006.

  2. Панин М.С. Экология почв.-Алматы:Раритет, 2008.-528с.

  3. Герасимов И.П. Очерки по физической географии Казахстана.- Алма-Ата:Изд-во АН Каз ССр,. 1952.-с.300

  4. Герасимов И.П. Равнины и горы Средней Азии и Казахстана.-М.:Наука. 1975.-с.300

  5. Грим Р.Е. Минерология почв Пер.англ.-М.:Изд.Иностр.Лит., 1956. Стр. 454.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 қараша
824
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі