Материалдар / Суицидті алдын алу жолдары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Суицидті алдын алу жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Суицидті алдын алу жолдары
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Суицидтің алдын алу жолдары 


Мақсаты:


Суицид  ұғымы  мен  суицидальді  синдромға  түсінік беру

Суицидтік мінез-құлықтың сыртқы белгілерімен топ жетекшілерін ақпараттандыру.

Суицидтік мінез-құлықтың сыртқы белгілері,суицид себептері өзін өлтіру тәсілдері: суицидальді тенденцияларын, өзін өлтірудің жалпы сипаттарын,суицидтен кейін тірі қалғандармен жұмыс жасауда консультантқа не істеуге болмайт сол жөнінде мағлұмат беру.

Қатысушылар: Топ жетекшілері

Жұмыс түрі: топтық

Бағдарламасы:


Кіріспе сөз

Видео ролик

Тақырыпты баяндау(слайд)

Жағадайаттарды шешу,сұрақтарды талқылау

«Алақанға жан бітір»ойыны

Презентация «Біз өмірді таңдаймыз»

Қорытындылау

1.Кіріспе сөз:

Саламатсіздар ма,құрметті тренинке қатысушылар!Бүгінгі тренингіміздің тақырыбы «Суицидтік мінез-құлықтың сыртқы белгілері» бүгін біз суицидсебептері өзін өлтіру тәсілдері, суицидальді тенденцияларын, өзін өлтірудің жалпы сипаттарын ,суицидтен кейін тірі қалғандармен жұмыс жасауда консультантқа не істеуге болмайт сол жөнінде мағлұмат аласыздар

2 Видео ролик

3. Тақырыпты баяндау (слайд)

Біздің заманда мұндай жағдайлардың орын алуы күннен-күнге көбейіп барады, әсіресе балалар арасында.Суицид Бұл сөз тек ата-аналар мен ұстаздарды ғана үрейлендіріп қоймай, сондай-ақ колледж психологтарын да алаңдатуда. Бұл түсінікті, себебі, олардың біреуі де осы проблемамен жұмыс жасау үшін толық дайындық алған жоқ. Бірақ, өмірдің өзі балалар суициді мен оның алдын-алу туралы білімнің маңыздылығын көтеруге тура келтіріп тұр.

Латын тіл інен аударғанда «суицид» сөзі — өзін-өзі өлтіру дегенді білдіреді.10 қыркүйек — дүние жүзілік суицидке қарсы күрес күні. Бұл күн өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу жөніндегі халықаралық қауымдастық бастамасымен және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен атап өтіледі. Елде алаңдатарлық жағдай қалыптасып отырғанына қарамастан, көпшілігіміз мұндай күннің бар, жоғынан хабарсызбыз. Өйткені соңғы 45 жылда өзіне өзі қол жұмсайтындардың саны 60 пайыз өссе, оның жылдан-жылға өсе түсуі әбден мүмкін. Мысалы, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша 2000 жылы суицидтен бір миллиондай адам көз жұмса, 2020 жылы оның бір жарым есе өсуі ықтимал. Осы ұйымның деректері бойынша, егерде, жылына миллионға жуық адам өзіне өзі қол жұмсаса, оның 8 мыңы қазақстандықтар екен. Бұл — әлемде әрбір 40 секунд сайын бір адам өзіне өзі қол салса, Қазақстанда әрбір сағат сайын бір адам өмірмен қоштасады деген сөз. Тағы да осы ұйымның деректеріне жүгініп көрелік. 2005 жылы Қазақстанда суицидтен 3 919 адам көз жұмса, оның 3 283-і — ерлер.Өткен ХХ ғасырдың басында осы жайға назар аударған австриялық психолог Зигмунд Фрейд адамның өзіне-өзі қол жұмсауы ызақорлық, агрессиядан болатынын мәлімдеген.Ал, америкалық психолог Карл Менниндер суицидтің барлығын санадан тыс жасалатын өзара байланысты үш негізгі себеппен: өш алу, жеккөрушілікпен, тығырықтан шығатын жол таппағандықпен және кінәлі сезімнің күштілігімен түсіндірген.

Өзін-өзі өлтіру – философиялық (өмірдің мәнін жоғалту), психологиялық (психологиялық теріс бейімделу, фрустрация), әлеуметтік (әлеуметтік жағынан өз орнын таппау, қанағаттанбау сезімі, әлеуметтік мәртебесін жоғалту және т.б.), медициналық (күрделі ауру, психикасының бұзылуы), адамгершіліктік және құқықтық проблемалардың жинақталуынан тұратын өте күрделі, көп қырлы феномен. Суицидті зерттеп жүрген мамандардың пікірінше, дүниежүзінде әрбір 20 секунд сайын бір адам өзіне-өзі қол жұмсайды екен. Тіпті жылына 1 миллион адам өзін ажалға қиып, шамамен 20 миллион тұрғын өмірмен мәңгілікке қоштасуға әрекет жасайды. Сорақысы сол, бұлардың 8 мыңы қазақстандықтар екен.Ал бұл дегеніңіз, Республика бойынша сағат сайын бір адам өз еркімен өмірмен қоштасады деген сөз. Назар аударарлық бір нәрсе, Қазақстанда адам өлтіргендерге қарағанда, өз-өзін өлтіруге бейім тұратындардың саны әлдеқайда көп көрінеді.Ал енді халықаралық анықтама қызметінің дерегіне жүгінсек, 1950 жылдан бергі кезеңде суицидоқиғасы 60 пайызға өсіпті. Міне, осы дерек-дәйектердің өзі соңғы уақытта суицид оқиғасының дүниежүзінің түкпір-түкпірінде жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кеткенін байқатса керек.


СУИЦИД РЕЙТИНГІ 
(жас бойынша)


Суицид себептері:

Жеке өмірдегі келеңсіздіктер: бақытсыз махаббат, қоршағандардың түсінбеушілігі, жалғыздық, жұмыстағы мәселелер, мақсатқа бағытталған қысым (өзін өлтіруге дейін жеткізетін), физикалық қорлаушылық, өмірдің мәнін жоғалту

Финанстық мәселелер

Денсаулық мәселелері (эвтаназия да формальді түрде өзін өлтіру болып есептеледі, өйткені ауру өзіне препаратты өзі жіберуі керек)

Психикалық аурулар (депрессия, шизофрения)

Діни фанатизм, ритуалды өзін өлтіру

Өзін өлтіру тәсілдері:

1.Суық қару көмегімен өзін өлтіру (сэппуку немесе харакири, қылышқа құлау, венаны немесе артерияны кесу)

2.Техникалық құралдарды пайдалану арқылы өзін өлтіру (поезд/машина астына түсу, электрді қолдану, аурудың өмірін ұстап тұрған аппаратты өшіру)

3.«Полицейлік өзін өлтіру» — тәртіп қорғау бөлімінің қызметкеріне, күзетшіге шабуыл жасау арқылы оны қару қолдануға итермелеу (формальді көзқарас бойынша өлім болып саналады, өйткені өзін өлтірушінің өмірін басқа адам тоқтатады)

Суицидальді тенденцияла:

Өмір құндылығының төмендігі, оның мәнінің жоғалғандығы немесе өмір сүргісі келмеуді куәләндіретін тура және жанама белгілер көрінеді

Ойлар, ниеттер, сезімдер немесе қорқытулар көрінеді

Превенция

Суицид превенциясы – психологиялық және әлеуметтік белгілерін тану негізінде оның алдын алу. Превентивті шаралардың басты мәні қоғамды суицидтік мінез-құлық ауру емес екендігіне және қоршағандардың адамды тыңдап және оған көмектесу тілегі арқылы оның алдын алуға болатынына сендіру.

Превенцияның медициналық моделі суицидке талпынуды ең алдымен, эмоционалды бұзылушылыққа және психологиялық дағдарысқа әкелетін көмек сұрау айқайы ретінде қарастырады Консультациялау, медикаментозды және психотерапевтік емдеулер аутоагрессия деңгейін төмендетеді және бұл модельдің негізгі міндеті болып табылады.

Әлеуметтік моделі суицидтік тенденцияларды адекватты бақылау мақсатында факторларды және тәуекел топтарды идентификациялауға бағдарланған.

Экологиялық моделі суицидті нақты әдеуметтік мәдени контексттегі сыртқы орта факторларымен байланыстыра зерттеуді қарастырады. Бұл модельді жүзеге асыру, ең алдымен аутоагрессияның әртүрлі құралдары мен жабдықтарына қол жеткізуге шектеулер қою мен бақылауды қарастырады.

Суицидальді тәуекел компоненттері

Суицид алды жағдайының болуы

Суицидальді қауіп

Суициденттің стреске, әсіресе біреуді жоғалтуға байланысты көрсеткен реакциялары

Суициденттің адам өміріне қауіп төндіруші үш аффектіні қабылдаудағы бағасы— жалғыздық, өзін жек көрушілік және долылық

Қолдаудың ішкі және сыртқы ресурстарының болуының және сипатының бағасы

Өлім жайлы фантазиясының пайда болуының және эмоционалды мәнділігінің бағасы

Суициденттің өз пікірлерін шындықпен тексеру қабілетінің бағасы

Суицидальді әрекет интервенция

Өзін бұзушылық актісін жою мақсатында суицид процесіне араласу және түңілген адаммен байланысқа түсу, оған эмоционалды қолдау көрсету және бастан кешіріп отырған дағдарыста жанашырлық таныту.

Интервенцияның басты міндеті адамның құрылымын өзгерту немесе жүйкелік-психикалық бұзылудан емдеу емес, оны аман алып қалу

Суицидальді дағдарыс

Суицидальді талпыныстан кейін кейде циклдік сипатпен көрінетін суицидальді тенденциялардың толық жоғалуына дейін жалғасады

Суициденттің психикалық дағдарыс жағдайын қамтиді, белгілері (соматикалық, психикалық немесе психопатологиялық) және олардың көрінуі әртүрлі болуы мүмкін.

Суицидтен кейінгі дағдарыс поственция

Бұл аутоаргессия актісінің қайталануының, сонымен бірге тірі қалған адамда және жақындарында травмадан кейінгі стрестік бұзылулардың дамуының алдын алуға күш салу.

Поственция міндеттері қиындықты бастан кешірушілердің шындыққа бейімделушілік процесін жеңілдету, суицидальді мінез-құлықтың жұқпалылық деңгейін төмендету, сонымен бірге қайталанатын суицидтің факторларын идентификациялау және бағалау

Қайталанған превенция

Қайталанатын суицидтік талпыныстарды ескертуді қарастырады

Өзін өлтірудің жалпы сипаттары .

1 . Суицидтің жалпы мақсаты шешім табу болып табылады

2. Суицидтің жалпы міндеті сананы тоқтату болып табылады

3. Суицидті жүзеге асырудың жалпы стимулы шектен тыс психикалық ауырсыну болып табылады

4. Суицидтегі жалпы стрессор фрустрацияланған психологиялық қажеттіліктер болып табылады

5. Жалпы суицидальді эмоция көмектің жоқтығы-үмітсіздік болып табылады

6. Суицидке жалпы іштей қатынас амбиваленттілік болып табылады

7. Суицидтегі психиканың жалпы жағдайы когнитивті аймақтың тарылуы болып табылады

8. Суицидтегі жалпы әрекет қашу (агрессия) болып табылады

9. Суицидтегі жалпы коммуникативті әрекет өзінің ниеті туралы хабарлау болып табылады

10. Жалпы заңдылығы суицидальді мінез-құлықтың жалпы өмірлік мінез-құлық стиліне сәйкес келуі болып табылады

Суицидтен тірі қалған адамдарға психологиялық қолдау көрсету:

Шетелдік суицидологияда «өзін өлтіруден кейін тірі қалғандар» (ағыл. survivors) ұғымы тек өзін өлтіруге талпынушыға ғана емес, сонымен бірге қайғыны бастан кешірген туыстарына және жақындарына да қолданылады

Болған суицидті қайта болдырмауға байланысты істегендердің барлығы шарт жасасу деп аталады. Мұндай істер бұл жағдайда өзін үйлесімді сезінуге мүмкіндік береді, өмір сүруге жағдай жасайды.

Бірнеше шарт жасасу түрлері бар:

Кінәліні іздеу: өзін өлтірушінің жақындары немесе туыстары бір немесе бірнеше адамдарды өзін өлтірушінің өліміне жауапты деп табады.

Ұзақ қоштасу: өмір сүруді жалғастырудың орынына, жақын адамдарының өзін өлтіруін бастан кешірген адамдар, көп жылдарын онымен қоштасуға кетіреді.

Кінә жаза ретінде, «Мен құрбанмын»: кінәліні сырттан іздеудің орынына, адамдар бұл рөлді өздеріне алады. Болған суицидке өз жауапкершіліктерін сезінеді, осы рөлде ұзақ уақыт қалып, терең қасіретке кетеді

Соматикалық мәселелер: суициденттің жақындары өздерін психологиялық уайымға салғанша, соматикалық мәселелерге беруі мүмкін. Олар денсаулық мәселесіне шоғырлану суицидке көңіл бөлушіліктен арылтатынына сенімді.

Өзін шектеу: жақын адамының өзін өлтіруін бастан кешірген адамдардың өмірін нақты шеңберге салып қою мүмкін емес. Өз ашуларына адамдар өз тәжірибесін немесе уайымдарын шектеулердің кең спекторымен елеңдейді.

Қашу: бұл жағдайда адам бір жұмысты екіншісіне, бір өзара қатынастарды екінші өзарақатынастарға жиі өзгертеді. Өзінің ішкі сезімдерімен бетпе-бет қалмау үшін барлығын істейді.

Суицид: өз жақынының суицидтік өлімін бастан кешірген адамның өзін-өзі өлтіруі.

Неге? – бұл өзін өлтірушінің жақындарының ғана емес, сонымен бірге психолог, психиатр, әлеуметтік қызметкерлер, осы мәселеге жауапты қоғамдық қызметкерлердің ауызынан шығатын алғашқы сөз

Өзарақатынас: суицидке байланысты отбасылар жиі бұзылады. Бір-біріне өте қажетті жағдайда адамдардың махаббаттары, сыйластықтары болған жағдайдың соққысынан ашу мен қайғыға алмасады. Алдынғы өзарақатынас бұзылады, жаңаны құру қиынға соғады.

Бақылау: ата-анасының бірі қайтыс болғанда балалар көмексіздікті сезінеді, сонымен бірге өлімге инициатор болғандықтарын сезінеді. Осы уайымның нәтижесі болып кеткен оқиғаға қарсы тұра алатындықтарын көрсете алу мақсатында балалардың шектен тыс өз өмірлері мен сезімдерін бақылауға талпынуы.

Әлемді құтқару: өз жақын адамының өлімін адам керемет бағдарламаларды жүзеге асыру, қатерлі ісік ауруын емдеу тәсілдерін ашу, психикалық ауруларға қарсы вакциналар шығару, ерекше заттардан адамдардың барлығын тамақтандыруға болатын тамақ өнімдерін жасау сияқты іс-әрекеттермен компенсациялауға талпынады.

Үндемеу: жақын адамдарының өлімін бастан кешірген адамдарға болған оқиға жайында өз ойларын айту өте қиын. Табиғи өлім жағдайынан қарағанда, өзін өлтірумен байланысты жағдайларды жақындары мен туыстары айтқылары келмейды. Әр түрлі мифтерді жамылады, өлім бақытсыз жағдай болғандығына сенеді.

Жақындаған суидцидті қалай байқауға болады?

Сыртқы түрі және мінез-құлқы

Эмоционалды бұзылулар

Психикалық аурулар

Өз өмірін бағалау

Қоршағандармен өзара әрекет

Вегетативті бұзылулар

Тәулік бойындағы жағдайдың динамикасы

Қозғалыстағы жылдамдық

Сыртқы түрі және мінез-құлқы Беттің мұңлы көріністері (қасіретті мимика)

Гипомимия, амимия

Ақырын монотонды дауыс

Сөйлеудің ақырындығы

Жауаптың қысқалығы

Жауаптың болмауы

Жылдам экспессивті сөйлеу

Ызыңдаушылыққа бейімділік

Жалпы қозғалыстағы тежеушілік

Іс-әрекетсіздік, адинамия

Қозғалыстағы жылдамдық

Эмоционалды бұзылулар

Мұң, қайғы, жабырқау

Түңілу

Ашушаңдық, тітіркенгіштік

Көп сөйлегіштік

Қоршағандарға жауласқандық қатынас

Қоршағандардың аманшылығына деген жеккөрушілік сезімі

Физикалық наразылық сезімі

Өзіне, қоршағандарға деген немқұрайлылық қатынас

Заттық емес мазасыздық (мотивтелмеген)

Заттық мазасыздық (мотивтелген)

Қорқыныш

Түзетуге болмайтын қайғыны күту

Мұң көңіл-күйдің қалыпты фоны

Айналадағылардың қуанышты оқиғаларына мүңлы көңіл-күйдің тереңдеуі

Психикалық аурулар

депрессия

себепсіз қорқыныштармен, ішкі қысым және мазасыздықпен сипатталатын невроздар

маниакалды-депрессивті психоз

шизофрения

Өз өмірін бағалау

Өз өткенін пессимисті бағалау

Өткен өміріндегі жағымсыз жағдайларды ғана еске алу

Өзінің қазіргі жағдайын пессимисті бағалау

Болашақтық жоспардың жоқтығы

Қоршағандармен өзара әрекет

Адамдармен байланыстан қашу

Қоршағандармен байланысқа түсуге талпыну, жанашырлық іздеу, дәрігерге жүгіну

Ызыңдаушылыққа бейімділік

Өз қайғысына эгоцентрлік бағыттылық

Вегетативті бұзылулар

Жас тоқтамау, қарашықтың кеңеюі

Ауыз қуысының құрғауы (“құрғақ тіл симптомы”)

Тахикардия, қан қысымының жоғарылауы

Демнің тарылуы, ауаның жетіспеуі

Бас ауруы

Ұйқысыздық, жоғары ұйқышылдық

Ұйқы ырғағының бұзылуы, ұйқының қашуы

Физикалық ауырлық сезімі, кеудедегі жанның ауырсынуы

Дененің басқа жерлерін ауырсыну (бас, эпигастрия, іш)

Дене салмағының артуы, дене салмағының азаюы

Тәбеттің төмендеуі, тағамның дәмінің жоғалуы

Суицидальді мінез-құлық психодиагностикасы

1.Отбасылық анамнез арқылы диагностикалық интервью

2. Мінез-акцентуациясын анықтауға арналған К.Леонгард әдістемесі

3. Агрессияны анықтауға арналған «Басса – Дарки» әдістемесі

4. Фрустрацияны зерттеу әдістемесі (Розенцвейг)

5. Ч. Д. Спилберг, Ю.Л. Ханин «Реактивті және тұлға мазасыздық деңгейін анықтау» әдістемесі

Суицидтен кейін тірі қалғандармен жұмыс жасауда консультантқа 
не істеуге болады:

Қамқор және қабылдай алушы болу

Қайғылы оқиғаны бірнеше рет қайталап айтуға мүмкіндік беру

Күйзелістер табиғи болып табылатынына баса наза аудару

Тұлғаны қолдау жүйелері туралы ақпараттау, мысалы өзіндік көмек топтары

Суицидтен кейін тірі қалғандармен жұмыс жасауда консультантқа не істеуге болмайды:

Сіз орындай алмайтын өтініштерді қабылдауға

Оқиғаны рационализациялауға

Орындай алмайтын уәделер беруге

«Сіздің балаларыңыз бар», «Бұл құдайдың еркі болды», «Бұл туралы айтудың қажеті жоқ», «Бұл сізді онсыз да басып-жаншиды» типті ескертулер жасауға

4.Жағадайаттарды шешу,сұрақтарды талқылау

5. Презитация «Біз өмірді таңдаймыз»

6.Қорытындылау

Суицидтің алдын алу үшін бірінші кезекте күнделікті қарым-қатынастағы жақын адамдарымызға жылы шырай танытып, ішкі жандүниесін түсінуіміз қажет. Осы арқылы ғана жақсы жағынан ықпал етіп, үлкен нәтижеге жетеріміз хақ. Сонымен қатар, қолдау көрсететін түрлі мекемелер де жеткілікті. Солардың көмегіне жүгініп, өмірімізге қажетті нәр ала білсек, бұл проблеманы еңсере алатынымыз күмәнсіз


Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Әдеп және жантану    (Ұлттық тәлім-тәрбие) 
«Атамұра баспасы   1993
2. Б. М. Теплов. Психология. Орта мектепке арналған оқулық. 
Алматы, Қазмемоқупедбас, 1953, 72-84 беттер
3. К.С.Нурахметова. Жетістік психологиясы тренингтер
әдістемелік нұсқау
«Дарын»
 Астана-2009
4. Мектептегі псизология журналы  №5 



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!