жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Сыйқырлы-Алтын күз"
«Сыйқырлы Алтын куз»ертеңгілік сценарий
Күз ханшайымы:Құрметті қонақтар,ұстаздар!Бүгін ортаңғы «Құлыншақ»тобының балалары дайындаған«Сыйқырлы Алтын куз»атты ертеңгіліне қош келдіңіздер.Ертеңгілігімізді ашу үшін балалабақшамыздың директоры Ботакөз Айтжановнаны ортаға шақырамыз.
Күз ханшайымы:Уа халайық,дархан далам армысың
Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін
Ханшайымы Күздің бүгін келіп тұр
Алмақ болып бар халқымның алғысын
Ортаға «Құлыншақ»тобының бүлдіршіндерін шақырайық.
Ән:
Күз ханшайымы:Қараңдаршы бүгін сахнамыз қандай әдемі болып кеткен.
Қолымызға не ұстап келдік?
Балалар:«Жапырақ»
Күз ханшайымы:Жапырақтың түсі қандай?
Балалар:Сары,желтый,yellow
Күз айларын білесіңдерме?атап беріңдерші
Балалар:Қыркүйек,Қазан,Қараша
Күз ханшайымы:Жарайсыңдар балалар.Күздің кереметі,байлығы өте көп.Күзде біздің дастарханымыз дәнді дақылдарға,көкөністерге,жеміс-жидектерге толы болады,бірақ осы байлыққа жету үшін көп еңбек ету керек.
Балалар барлығымыз бірге «Ертегілер еліне саяхатка»аттанамызба?Күз қызықтарын бірге тамашалайық.
«Шалқан»ертегісі
Баяғы бір заманда шал мен кемпір болыпты. Олардың бақшасы бар екен. Бірде шал шалқан отырғызады.Күз мезгілі келіп шалқанның пісетін уақыты болады.
Күз ханшайымы:Балалар шалқан тез піссін десек. көкөністер туралы тақпақ айтып беремізбе?
Амир:Кішкене түймедеймін мен
Ұнаймын мен бәріне
Дәмді тағамдарыммен
Сый жасаймын бәріне
Мен боламын Бұршақ достарың
Артем:Мен боламын «Орамжапырақ»
Менсіз дәмді щи қайда
Мені қоссаға самсаға
Бәрі жейді тамсана
Дінмұхамед:Дәмім тілді үйірген
Мен тұздалған күйімде
Жаңа піскен кезімде
Жейді бәрі сүйсіне
Мен боламын «Қияр»достарың
Иманғали: Жүзім пісті бір-бірлеп,
Үзіп мәзбіз біз енді.
Қоңырауы күмбірлеп,
Қыркүйекте күз келді.
Аният: Жапырақта тасалап,
Өскен жері бақша – бақ.
Күрең қызыл шіркін –ай,
Оның аты- құлпынай.
Сәния: Мен шиемін, шиемін,
Күннің көзін сүйемін.
Қышқыл шырын менде бар,
Төмен басты иемін.
Амелия: Өрік, алма, шие, алша.
Жидек, жүзім піседі.
Қауын, қарбыз, қияр, сәбіз,
Дүкендерге түседі.
Айару: Кім білмейді шалқанды?
Талайлар маған таң қалды.
Бәріне сый боламын
Тауып көр менен дарханды
Айерке: Піскен кезде қызанақ,
Көз тартар қызыл түсімен.
Бар ма адам сүйсінбей
Томат шырынын ішпеген?
Алина: Көкөністер бәрі де,
Денсаулыққа пайдалы
Мұны жатқа біліңдер,
Оларды жақсы көріндер!
Румейса: Жиналып қаппыз бәріміз,
Қайсымыз ең дәмдіміз?
Ішімізден адамға
Тиеді көп пайдамыз?
Адия: Мен ұялшақ картоппын
Мен емеспін мақтанар.
Мені жақсы көреді
Үлкендер мен балалар!
Нұрғиса: Астық, жеміс жиылды,
Қамбамызға құйылды.
Ардақты күз мың алғыс.
Алдық өнім сыйымды.
Балалар қараңдаршы шалқанымыз өсіп,пісіпті.Қараңдаршы,аталарымыз келе жатыр.
1:Ата келіп қуанып шалқанды тартады,бірақ алынбайды.Атамыздың көңілі түсіп қалады.
Күз ханшайымы:Балалар атамыздың көңілін көтеріп бір билеп береиізбе?
Би:Күзгі вальс
Атаның көңілі көтеріп,кемпірін көмекке шақырады.
2.Кемпірі келеді.Кемпір шалдан,шал шалқаннан тартады бірақ алынбайды.Кемпір немересін шақырады.Немересі келе жатып,хат тауып далады.Хатты ашып оқиды.Хатта «Құрметті ата-аналар»Алдарыңызға берілген сыйқырлы жапырақтардан қиялға ерік беріп,шығармашылық туынды ойлап тапсаңыздар сіздерге арналған сыйымыз бар.
3.Немересі келіп,әжесінен,әжесі шалынан,шал шалқаннан тартады, алынбайды.Енді барлығы бірге ән орындайды.
Ән:Күз-күз кел.
4.Ит келеді көмекке.Иттіңде шамасы келмей,мысықты шақырады.
Балалар мысықты бірге 10ға дейін санап шақырайықшы.
1,2,3,4,5,6,7,8,9,10-10,9,8,7,6,5,4,3,2,1
5.Мысық келіп тартады,мысықтың күші жетпей тышқанды шақырады.
6.Тышқан келіп,Тышқан тартады,шалқан жұлынады.Бәрі аяқталып бақыттыда баянды өмір кешіпті.
Құрметті ата-аналар ертеңгілімізді тамашалағандарыныз үшін рахмет.Келесі күзде аман-есен кездескенше қош сау болыңыздар.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген