Құрметті ұстаздар,
оқушылар!
Сіздерді 19 наурыз күні сағат
15 00-де мектеп акт
залында «8 наурыз – Халықаралық
әйелдер күніне» орай
өтетін «Сыйынар ем Ана деген
тәңірге» атты мерекелік концертке
шақырамыз
Өтілетін
орын: АКТ
зал
Өткізетіндер:
«Жас ұлан»
ұйымы
Бекітемін:
___________________ М/д тәрб.ісі жөн.орынб.
А.Құдасов
А.Д.Романов
атындағы №53 орта
мектепте
«8 наурыз – Халықаралық
әйелдер күніне» байланысты
өтетін «Әлемнің жарығын
сыйладың сен маған..» атты мерекесіне орай жасалған
іс-шара
№
|
Орындалатын
жұмыстар
|
Мерзімі
|
Жауапты
кісі
|
1
|
Іс-шарамен
таныстыру.
|
02.03.15
|
Тәлімгер
|
2
|
«8 наурыз – Халықаралық
әйелдер күніне» байланысты бағдарламасын
жасау
|
03.03.15
|
Тәлімгер
|
3
|
Мереке өтетін жерді
безендіру.
|
06.0315
|
Тәлімгер, «Жас ұлан»
ұйымы
|
4
|
«Сыйынар ем Ана деген
тәңірге» атты мерекелік
кеш
|
07.03.15
|
Тәлімгер,
«Жас
ұлан» ұйымы
|
5
|
Мерекелік газет
шығару
|
05.03.15
|
«Жас ұлан»
ұйымы
|
6
|
«8 наурыз – Халықаралық
әйелдер күніне» байланысты тәрбие сағаттарын
өту (5 – 8 сыныптар)
|
04.03.15
|
Сын.жет
|
А.Д.Романов атындағы №53
орта мектеп
«Сыйынар ем Ана деген
тәңірге»
(атты мерекелік
концерттің бағдарламасы)
Төменарық 2015
жыл
Бекітемін: ___________________
М/д тәрб.ісі жөн.орынб. А.Құдасов
Тақырыбы: «Сыйынар ем Ана деген тәңірге»
- атты мерекелік концерттің
бағдарламасыбюб
ь
Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер,
өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз-аналар мен аруларды мерекемен
құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу,
ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей
білуге үйрету.
Барысы:
Кіріспе:
Ана әрбір адамның жарық
дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін
емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен ана деген сөзді
қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан.
Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана
қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік
тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын
сіңіретін, жылауын қойғызатын ана. Ана баланың амандығын бақытты,
абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге
алдымен анадан тарайды. Қайран ана, өз перзентін әдемі не ұсқынсыз,
ақылды не ақымақ, мейірімді не рақымсыз, кесір-қырсық болса да
бәрібір шексіз сүйеді. Дүниеде ананың көз жасынан салмақты, одан
ауыр таразы басын басатын ештеңе жоқ. Өйткені ананың көз жасы
өзінің киесімен ауыр. Алайда «Ананың көңілі-балада, баланың көңілі
-далада» демекші, өзінің перзентік борышын ұмытқан, сөйтіп
ата-анасын сыйламайтын адамдарды да өмірден кездестіруге болады.
Ана-тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың
тәрбиешісі. Анасы жоқ балалар да аз емес. Олар ананың мейірімін,
аялағанын ешқашан сезген емес. Ендеше, анамызды сыйлап,
құрметтейікші достар!
1-жүрг. Армысыздар, аяулы
аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей жайнаған
қыздар!
Барлығымыз асығып күткен
көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз халықаралық әйелдер
күні де келіп жетті. Бұл бір қолымен бесікті тербетсе, екінші
қолымен әлемді тербететін аналар мен нәзік жанды арулардың төл де
төл мерекесі.
Сенен өскен
балалар,
Батырлар мен
даналар
Құттықтаймыз
мейраммен
Құрметті жан
аналар
Бүгінгі салтанатты кешімізді
ашу үшін сөз мектеп директоры Көлжанов Нарымбет ағайға
береміз.
2-жүрг. Қош келдіңіздер
құрметті аналар, ұстаздар, аяулы қыздар! Бүгінгі мерекелеріңіз
құтты болсын! Сіздерге сарқылмайтын денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз!
Осы күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына
шалынсын. Әрдайым біздердің жанымызда жүре
беріңіздер.
1-жүрг. Барша ана құтты болсын
мерекеңіз,
Әрқашан арта берсін
берекеңіз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл
анам,
Сонда біз кісілікке
теңесеміз,- дей келе ұлдарыңыз Оразханның орындауында «Мама» әнін
қабыл алыңыздар.
Келесі құтықтау сөз
мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Бегемет Манан ағай
мен Құдасов Абдрахман ағайға береміз
2-жүрг. Құлақтан кіріп бойды
алар
Әсем әнмен тәтті
күй
Көңілге түрлі ой
салар
Әнді сүйсең менше
сүй
деп Абай атамыз айтқандай
Қасымханның орындауында «Қыз сыны» әнін қабыл
алыңыздар.
1-жүрг. Қарсы алыңыздар 7а
сыныбының би флешмоб.
1-жүрг. « Әйелдер адамдарды
бесігімен баулиды...
Өмірдің ірге тасы солардың
қолымен қаланады» - деген екен орыс жазушысы
Пирогов.
2-жүрг. Орыс жазушысы Максим
Горький « Адамдар – әрқашан өз аналарының перзенттері. Ана болмаса
ақын да, батыр да болмайды» ,- деген.
1-жүрг. Мұхаммед пайғамбар
айтқан: « Жәннат – аналардың аяғының астында»,- деп. Ислам діні
әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге
келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады. Ата-анасына қуаныш
әкеледі дейді.
2-жүрг. Талай ренжітсекте,
еркелегенімізді көтеріп, туған анамыздай маңдайымыздан сипай
білген. Ұстаздарымызға айтар алғысымыз шексіз. Олардың еңбегі
мұхитпен тең. Сабақтарды әрдайым қызықты өткізіп, ойын
ойнататындарыңыз әліде есімізде сол себепті бүгін біз сіздерді
ойнатамыз. Ойын:
..........................................................................................
2-жүрг. Десекте уақытпен
жарыспайды
Қиялға қиялменен
қарыштайды
Шәкірттер шын жүрекпен
тебіреніп
Өнерін аналарға бағыштайды,-
дей келе «Мектеп оқушыларынан құралған «Мектеп құрамасы» Квн.
Тамашалаймыз.
1-жүрг. Бишілер бар бізде
ұлдар тобы,
Мерекеде өнерімен
таңқалдырған,
Қанекей, би
билеші.
Қол соғып, демеу берсе,
көрермендер! - деп кезекті 9а сыныбының құралған бишілерге
береміз.
2-жүрг. « Отбасы – шағын
мемлекет» - деген сөз бар. Ынтымағы келіскен түтіні түзу ұшқан
әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі - Әйел. Ана – отбасы жылуын
сақтаушы, қоғамның ертеңі, болашақ балаларды
тәрбиелеуші.
1-жүрг. Әлемнің
жарығын,
Сыйладың сен
маған
Даланың әр
гүлін
Жинадың сен
маған.
Тіршілікке нәр берген ана сүті
қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамның қасиет, ақ тілек,
мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр. Ендеше кезекті,
қызықты сұрақтарға береміз:
-
Мектептегі ең сүйікті оқушыңыз
кім?
-
8-наурыз мерекесіне қандай
сыйлық алғыңыз келеді?
-
Мектебіміздің ең ең бұзық
оқушысы кім деп ойлайсыз?
-
Өлең шығара аласызба?
Әріптестеріңізді құттықтап 4жол өлең шығара аласыз
ба?
-
Осы мерекеде сізді ең бірінші
кім құттықтады?
1-жүрг. Осы айтылғандардың
бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жапанға бір
тоқтамасыз данышпандары, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар.
Барлық жақсылықты себетінде аналар. Ендеше сол аналар алдында бас
иеміз.
Мерекелік кешімізді
қорытындылау сөзді
.................................................................................................................................................................................
апайларға береміз.
2-жүрг. Демеңіз бір өнерді аяп
қалды,
Мезгілде біраз жерге таяп
қалды
Қош болып тұрыңыздар
көріскенше,
Осымен концертіміз
аяқталды.
Келесі кездескенше аман-сау
болыңыздар.
8-наурыз құтты
болсын!!!