Сабақтың басы
|
Келтірілетін құнды
мәліметтер:
-
Тамақтану
тәртібі
-
Тамақтанудың негізгі
ережелері
-
Тамақтанудың принциптері
-
Тамақ ішу
тәртібі.
Жасөспірімді дұрыс тамақтандыру олардың
денсалығын нығайтып, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік
береді, еңбек ету мен сабақ үлгеру қабілетін арттырады. Егер
тамақтану дұрыс ұйымдастырылмаса, тиімсіз, яғни жеткіліксіз болса,
организмде метаболизм , зат алмасу бұзылып, оның айналадағы ортаның
зиянды әсеріне әне әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұрарлық
қабілеті төмендейді.
Тамақтану тәртібі
Ас
қабылдауда белгілі бір уақытқа бағыну, сондай – ақ тамақтану
кезінде астың мөлшерін және ас мәзірін сақтау деген ұғымды
білдіреді.
Тамақтану режіміне мына төмендегі принциптер
енеді.
-
тамақтану
барысында тәуліктік кесте белгілеу.
-
тәулігіне
бір - екі рет қана тамақтану дұрыс емес, белгілі мөлшерде үш –
немесе төрт рет тамақтану керек.
-
тамақ
құнарлы болғаны жөн. Себебі, адам ағзасы дұрыс қабылдайтын, оны
асқазан еш қиындықсыз қорытатын тағам түрлері, яғни белок, майлар,
витаминдер, минералды заттарға бай болғанын адам өзі таңдай алуы
шарт. Бұл ретте дәрігер - диетологтың да кеңесі артық
болмайды.
-
Тәуліктік
ас мәзірі әртүрлі болуы керек. Тамақтану кезінде адам өзінің
ас қабылдау қабілеті, көңіл - күйіне баса назар аударғаны жөн. Кей
ретте тамақ жеңіл жүрсе, кей ретте ол керісінше бұл процесті
бәсеңдетеді.Мұны мамандар физиологиялық процесс деп те
атайды
Тамақтанудың негізгі ережелері
-
Аш адам бір жапырақ нан мен
суды да қанағат тұтады. Бұл орайда оның тәбеті жоғары болады. Ал,
ашқарақ адамға келсек, ол алдына келгеннің бәрін опыруға дайын.
Мұндайда халықтық медицина ондай адамдарға белгілі рацион, кесікті
кесте, тамақты қанағатықпен тұтыну керектігін
ұсынады.
-
Асқазан өз қажетін алды
делік. Бірақ, тәбет басылмай тұр. Бұл тағамның
дәмді әзірленгендінен де болады. «Өзі тойғанмен, көзі тоймай
тұрғанын қараша» деген қызғаныш осыны білдірсе керек. Көптеген
әдебиеттерде асқазан жартылай бос болуы керек деп жазылады. Бұл ас
қорыту процесін жеңілдетеді. Екіншіден, тақыл – тақыл тағам
қабылдауға мүмкіндік береді. Адамның тәбеті мен оның асқа деген
құмартулығын артырады дейді.
-
Тойып
тамақ ішуге болмайды. Тағамның мөлшері, оның сапасы, қабылдау
кестесі, гигиена ережесі және қолайлылық этикасымен реттелуі керек.
Тамаққа деген тәбетіңіз болмай тұрып, ас қабылдамаңыз. Тамақтану
тәртібі дегеніміз – ас қабылдауда белгілі бір уақытқа бағыну,
сондай - ақ тамақтану кезінде астың мөлшерін және мәзірін сақтау
деген ұғымды білдіреді.
|
Тамақтану режиміне мына
төмендегі принциптер енеді.
-
Бірінші, тамақтану барысында
тәуліктік кесте белгілеу.
-
Екінші,тәулігіне бір - екі рет
қана тамақтану дұрыс емес, белгілі мөлшерде үш – немесе төрт рет
тамақтану керек.
-
Үшінші,тамақ құнарлы болғаны
жөн. Себебі, адам ағзасы дұрыс қабылдайтын, оны
асқазан еш қиындықсыз қорытатын тағам түрлері, яғни белок, майлар,
витаминдер, минералды заттарға бай болғанын адам өзі таңдай алуы
шарт. Бұл ретте дәрігер - диетологтың да кеңесі артық болмайды.
Тәуліктік ас мәзірі әртүрлі болуы керек. Тамақтану кезінде адам
өзінің ас қабылдау қабілеті, көңіл - күйіне баса назар аударғаны
жөн. Кей ретте тамақ жеңіл жүрсе, кей ретте ол керісінше бұл
процесті бәсеңдетеді.Мұны мамандар физиологиялық процесс деп те
атайды.
Асқазан ішілген тамақтан шамамен 4
сағат шамасында босайды, сол себепті тамақ
ішудің арасы 3-3,5 сағаттан кем және 4-4,5
сағаттан аспасын.Тамақты жиірек ішкен сайын
асқазан –ішек жолдары жұмысының ырғағы бұзылады. Егер
тамақ ішу аралығында үзіліс өте үзаққа созылып
кетсе, онда күшті ашығу сезімі туындайды
және оны қанағаттандыру үшін көп тамақ
ішу қажет болады, бұл да асқазанның қорытуын
киындатады.
|
|
Сабақтың ортасы
|
Калориялар
11-13 жас аралығындағы
балалар үшін– 2850 кал.
14-17 жас аралығындағы
ұл балалар үшін– 3150 кал.
14-17 жас аралығындағы
қыз балалар үшін–2750кал.
Студент жастар үшін– 3300 кал.
Студент қыздар үшін– 2800 кал.
Спортсмен әйел адамдар – 3500-4000
кал.
Спортсмен ер адамдар – 4500-5000
кал.
Қарт аналар үшін– 2000 кал.
Егде
ер адамдар үшін – 2200 кал.
|
Дұрыс тамақтанудың 10
кеңесі
1) Суды аш қарынға
ішіңіз
2) Ыстық шайды ас қабылдау
кезінде ішіңіз
3) «Күніне бір алма сізді
барлық дерттерден қорғайды» дейді ұлттық
даналық
4) Иммунитетті
күшейтіңіз
5) Асты дұрыс
қабылдаңыз
6) Кейбір өнімдерді қабылдауды
шектеңіздер
7) Барлық аурулар
тістерден
8) Тамақты жақсылап
шайнаңыз
9) Өз салмағыңызды қадағалап
жүріңіз
10) Салауатты өмір сүру
салты-ұзақ өмір сүрудің жолы!
Тағамды ластандыратын
бактерияларды жұқтырмау үшін:
1) Қолыңызды жуыңыз, жемістер
мен көкөністерді жуыңыз.
2) Сатып алу, тамақ əзірлеу
жəне сақтау кезінде шикі, пісірілген жəне пайдалануға дайын
тағамдарды бір-бірінен бөлек ұстаңыздар.
3) Микроорганизмдерді жою үшін
тамақ əзірлеу кезінде оларды қауіпсіз температураға дейін
қыздырыңыздар.
4) Жылдам бұзылатын тамақтарды
тоңазытқышта сақтаңыздар
|
|
Сабақтың
соңы
|
1.Витамин деген сөз латынша қандай мағына
береді? Тіршілік
2. Организмнің тіршілік
әрекетіне қажет органикалық заттардың жеке тобы?
Витаминдер
3. Витаминдер екі топқа
бөлінеді? Суда еритіндер және майда
еритіндер
4. Организмнің улануы, яғни
витаминдерді артық мөлшерде пайдаланғанда не болады?
Гипервитаминоз
5. С витамині басқаша қалай
атайды? Аскорбин қышқылы
6. D витамині жетіспегенде
қандай ауру дамиды? Мешел (рахит)
7. Тағамда ұзақ уақыт
пісіргенде жойылатын витамин? А витамині
8. Бери-бери ауруы қандай
витамин жетіспеген кезде пайда болады?
В1
витамині
9. Калций мен фосфар
алмасуында маңызды рөл атқаратын витамин?
D
витамині
10.
В12 витамині не үшін қажет?
Қалыпты қан өндіру үшін
11. Организмде тотығу
тотықсыздану процестерінің қалыпты жүруі үшін қажет витамин? РР
витамині
12. Қазіргі кезде организмнің
тіршілігі үшін маңызды зор витаминдердің қанша түрі белгілі? З0-
дай
|
|
|