Шымырлық пен шеберлік. Тәрбие сағаты

Тақырып бойынша 24 материал табылды

Шымырлық пен шеберлік. Тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Шымырлық пен шеберлік
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп


Сабақтың тақырыбы:

Шымырлық пен шеберлік

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың мақсаты:

Балаларды қозғалысты ұлттық ойындарында ойын ережелерін сақтауға. Музыка сипатына сәйкес ойын әрекеттерін орындауға, Әннің сипатын қабылдауға, халық биін үйрену арқылы көркем мұраның кейбір элементтерімен таныстыру. Мәнерлілік құралдарын меңгеруге үйрету

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал

Бір түрлі фигур алғандарды

1-топқа «Достар», ал екіншісін таңдағандарды 2-топқа «Құрдастар» тобына бөлемін.


Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді.

Психологиялық ахуал


Оқушылар

дың пікірі тыңдалады


слайд

Жаңа сабаққа кіріспе




Жүргізуші : -Жер әлемді жайнатып, әнші құстар сайратып, наурыз тойын тойлатып, Ұлыстың ұлы күні келді ағайын. Той құтты болсын! Ақ мол болсын!

«Шымырлық пен шеберлік» күніне арналған ертеңгілігімізге қош келдіңізде!

Ертенгілімізді бастамас бұрын балаларымыз Наурыз мерекесінің қалай тойланатыны не біледі екен, сұрайық:





























Би: «Шашу» биі

Музыка әуенімен бала атпен шауып келеді.

-Сүйінші, сүйінші ауылымызға Қыдыр ата мен Наурыз бала келе жатыр!

Қыдыр ата мен Наурыз бала кіреді.

Қыдыр ата: -Амансыңдар ма, балаларым, амансыңдар ма, халқым!

Ұлысың оң болсын,

Ақ мол болсын,

Қайда барсаң жол болсын!

Ұлыс бақты болсын,

Төрт түлік ақты болсын!

Ұлыс береке берсін,

Бәле-жала жерге енсін!

Ұлы халқым тоқ болсын!

Наурыз бала: - сәлеметсіңдер ме, балалар !

Наурыз тойында Қыдыр атам екеуіміз елді аралап, қызық думан көріп, өздерің сияқты балалардың шымырлығын мен шеберлігін тамашалап көріп жүрміз.

Жүргізуші: - қош келдіңіздер Қыдыр ата, Наурыз бала!

Ендеше өнерлі ұл қыздарымыздың өнерін тамашалаңыздар






Жүргізуші: - келесі кезекті әсем әнге берейік.

Ән: «Наурыз жыл басы»

Әні: Мадина Демеуова

Сөзі: Мадина Демеуова

Наурыз бала: - ал достар ән мен би жағынан өнерлі екенсіңдер енді шымырлықтарыңды, шеберліктеріңді көрсем деп тұрмын.

Ендеше бірнеше ұлттық ойындар ойнап көрелік.

Ойын: «Кестелі орамал».

Мақсаты:Балаларды күштілікке,ептілікке баулу,ежелден келе жатқан ұлттық ойын екенін түсіндіру.

Шарты: Үш немесе төрт қыз бала орамал ұстап, орындықтың үстінде тұрады. Бес Ұл бала атқа мініп, қыздарды айналып шабады. Әуен тоқтағанда қыздар орамалды лақтырады, ұлдар ормалды қағып алуы қажет. Орамал жетпеген бала ойыннан шығады. Соңында қалған бала жеңімпаз болады.

Келесі ойын « Тақия тастамақ» ұлттық ойыны.

Мақсаты : Бұл ойын балаларды жылдамдыққа, сезгіштікке, сақтыққа, дер кезінде тығырықтан шыға білуге үйретеді.

Ойын ережесі: Ойын кезінде ойын ережелерін бұзбау. Тақия тасталғанда көзді жұмып отыру керек, қарауға болмайды. Итеруге, күш көрсетулерге жол

берілмейді. Ал, егер бала орнына тұрмай ұсталса немесе тақияны өзінде екенін сезбеген жағдайда, айыбы ретінде өз өнерін көрсетеді.

Келесі ойын « Көкпар» ұлттық ойыны.

Мақсаты: шымырлыққа, ептілікке баулу.

Барысы: 4 бала атқа мініп, тулаққа қарай шауып барып, тулақты алап, тай қазанға тастау қажет.

Қыдыр ата: -Ай жарайсыңдар, қарақтарым! Шеттеріңнен шымыр да шебер екенсіңдер өздерің. Сендердің бұрынғы батыр аталарың осындай ұлттық ойындарды ойнап мықты, шымыр болып өскен. Сендерде аталарың сияқты мықты батыр, шымыр, шебер болыңдар.

Ал, Наурыз балам, жүр енді келесі ауылға барайық. Ал қарақтарым, аман сау болыңдар! Келесі наурыз тойда кездескенше сау болыңдар!

Жүргізуші - Ал, балалар енді бізде мерекемізді әсем бимен аяқтайық.

Би: «Наурыз думан»

Жүргізуші: Тек наурыз мейрамында ғана емес, үнемі ұлттық ойын ойнау ұлттық құндылығымыздың бала бойына сіңуіне ықпалы мол. «Шынықсаң шымыр боларсың!» дейді дана халқымыз.


1-бала: -жыл басы наурыз келгенде ауру-сырқаудан, пәле-жаладан аман болсын деген сеніммен адамдар үйін қағып-сілкіп, тазартып қоятын болған.

2-бала:- Ел арасында 21 наурыз түні даланы Қызыр баба аралайды деген аңыз бар. Осыған сенген халық дәулет дарып, бақ қонсын деген мақсатпен есіктерін ашып қояды

3-бала: -Ұлыстың ұлы күні жеті түрлі дәмнен тұратын Наурыз көже дайындалады. Наурыз көжеге соғымнан қалған сүр ет, қатық, сүт, бидай, тұз, су қосылады.

4-бала: -наурыз мейрамы негізінен адамдардың көрісуінен басталады. төңіректегі бұлақтардың көзін ашып, бұлақ басына тал еккен. Ренжіскен ағайындар татуласқан. Олай болса меркемізді көрісу дәстүрімен бастайық.

(Көрісу дәстүрі)

5-бала:

Уа, халайық, халайық!

Ақ сандықты ашайық,

Бұл мереке, бұл тойдың

Шашуларын шашайық!



















1-бала:

Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп,

Жап-жасыл болып кетті кең дүние жаңғырып.

Жақсылыққа жаршы болған Наурызым!

Сен өмірдің көктемісің мәңгілік!

2-бала:

Ерітіп қарын даланың,

Жинатып гүлін саланың.

Жетелеп жұмсақ самалын,

3-бала:

Сиыр жылы кел,төрлет,

Ел достығын өркендет

Құт береке,Наурыз айым келді деп,

Жер түледі,жасыл желек желбіреп.

Айналайын,атамекен,кең далам,

Толықсиды нұрға балқып,елжіреп.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.03.2024
161
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі