Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Шын дос асыл қазына»

Материал туралы қысқаша түсінік
• Достық сезімі өмірде олардың бірін-бірі қажетсінуінен, құрмет тұтуынан, шынайы тілектестік пен өзіндей көріп сенуінен, біріне бірі тірек, медет болуынан, қам-қайғысыз кезде ғана емес, әсіресе қиын-қыстау күндерде іркілместен қасынан табылудан, есепсіз жомарттықтан көрінетінін ұғындыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тақырыбы

«Шын дос асыл қазына»


Мақсаты

Оқушылардың дос, достық туралы ұғымдарын кеңейту, олардың достық қарым - қатынасын нығайту.


Міндеттері

  • Оқушыларды шынайылыққа, адамгершілікке, әдемілікке, қарапайым болуға тәрбиелеу.

  • Достық сезімі өмірде олардың бірін-бірі қажетсінуінен, құрмет тұтуынан, шынайы тілектестік пен өзіндей көріп сенуінен, біріне бірі тірек, медет болуынан, қам-қайғысыз кезде ғана емес, әсіресе қиын-қыстау күндерде іркілместен қасынан табылудан, есепсіз жомарттықтан көрінетінін ұғындыру.


Күтілетін нәтиже

Достық туралы ұғымдарын кеңейтеді,адал достық пен амал достықтың аражігін ажырата алады

Ресурстар

Флипчарт, маркерлер, қайшы,желім, А 4 қағаздары

Ұйымдастыру

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушының іс- әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасы,топқа бөлу

Түрлі түсті қағаздарға жазылған сөздер арқылы бір біріне игі тілектерін айтады, қағаз түстеріне қарай топқа бөлінеді.

Дүниедегі ең ұлы сезімдердің бірі – достық. Әр адам дүниеге келгеннен кейін, ес білгеннен-ақ жан дүниесіндегі сырын, мұң-шерін тарқатып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін дос іздейді. Қандай да бір қиындыққа тап болсаң, оны досыңмен бөлісіп, досыңның ақылын тыңдап, шешім таба аласың. Менің ойымша, басқаға жақсы да адал дос болу үшін, ең алдымен, түсінік, адамды тыңдай білу, ақыл бере білу қабілеті жоғары болуы тиіс. Достық адамдардың ең алдымен бір-біріне сенуінен басталады. Ол артқан сайын, достық та қатая түседі. Ал бір-біріне сенімі жоқ, дегенмен өздерін дос санайтындар да бар, ол жалған достық – бірде бар, бірде жоқ. Достар бір-біріне қуанышта да, қиыншылықта да ниеттес, қамқор болады.

Достық - сыйластық, мейірбандықтың мөлдір көзі. Оны уақыт та, қиындықта үзе алмайды. "Достық" деген сөздің мәні кең. Ол туралы өте ауқымды айтуға болады.


Бір біріне тілек айтады,қағаз түсіне сәйкес екі топқа бөлінеді.Топ басшыларын сайлап, топтарына ат қояды.

Ой қозғау

Дос деген кім?

1.Сыр бөлісетін адам.

2. Мені өте жақсы түсінетін адам.

3. Көмекке ардайым дайын адам.

4. Қандай жағдай болмасын бірге болатын адам.

5. Сенімді адам.


Өз ойларын ортаға салады, ортақ шешімдерін постерге түсіріп,қорғайды.

«Фишбоун» әдісі

Ойын «Менің досым»

Сұрақтарға жауап беріп екінші баладан жауап алынады.

Әр топ берілген мәтінді оқып түсінгенің айтып береді

І топ: «Достық» туралы нақты ой айтқан философ А.Шопенгауэр өзінің «Өмірлік данышпандықтың афоризмдері» деген еңбегінде: «Нағыз шынайы достық адамдардың бір-бірімен терең, таза және адал қарым-қатынасын қажет етеді. Бұл дегеніміз – досыңыздың қайғысы мен қуанышына ортақтаса білу деген сөз. Осының бәрі адамның табиғи өзімшілдік, өркөкіректік қасиеттерін жояды» деген.

ІІ топ: Парсы жазушысы Кабустың әйгілі «Қабуснама» кітабында былай делінген екен: «Ей, перзентім! Мынаны білгейсің: адамға тірісінде доссыз болмайды. Адамның доссыз болғанынан ағайынсыз болғаны жақсы. Бір данышпаннан: «Дос пен ағайынның қайсысы жақсы?» – деп сұрапты. Данышпан «Дос жақсы»,- депті. Сол үшін достарыңның ісі жайында ойла, оларға сәлем-сауқат жіберіп тұр және қамқор бол. Себебі, әркім өз досын жадында тұтпаса, достары да оны есінде сақтамайды, ақырында ол доссыз қалатын болады». Және халықта «Алтын берген – дос емес, ақыл берген – дос» деген мақал бар. Достық – бұл өмірдегі еш нәрсемен бағаланбайтын құндылық. Дос табу оңай, ал оны сақтау қиын. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді. Күнделікті өмірде көңіліңе шапа­ғат сәулесін шашып, сенің төрт құбы­лаң­ды тең ететін айналаңдағы доста­рың­ның басы бұзылмағаны қандай жақсы.
ІІІ –топ: Ертеде бір ақылды қария болыпты. Бір күні ақылды қарияға бір жігіт келіп: 
-Ақсақал, мен қандай жігітпін? Сынаңызшы, - депті.
Қарт жігітке: 
-Жолдасыңды көрсет, сонан соң айтамын, - депті. Жігіт жолдасын қартқа жіберіпті. Қарт жігіттің жолдасымен ұзақ сөйлесіп, ақырында жігіттің өзін шықырыпты. Жігіт келген соң, қарт: 
- Шырағым, жаман жігіт емессің, - депті. 
Қалайша олай дейсіз? Мені бұрын көрген жоқсыз ғой? – депті жігіт. Қарт күліп: 
- «Жігіті жолдасына қарап бағала» дейді халық, - депті.

І)Оқиды,өзара талдап түйінін табады, қарсы топқа үш сұрақ дайындайды.

ІІ) Жұмыстарын алмастырады, оқиды,сұрақтарға жауап жазады.

ІІІ) Әр топ өз жұмыстарын алады, жауаптарын оқып, толықтырады.


Қорытынды: Дос ақылшы, көмекші, сырлас, жақын, адал, шыншыл деген ұғымды білдіреді. Өмір адамға бір - ақ рет беріледі, сондықтан да дос өмірдегі қиыншылық пен қызық кезеңдерді бөлісу үшін қажет. Достықтың екі түрі болады: адал дос, амал дос.
Достасу, серік табу адамның бақытына бақыт қосады. Достасудан бірлік, бірліктен тірлік, тірліктен жеңіс, жеміс, қуаныш, бақыт туады.
Дос болу – киелі ұғым. Достық аспандағы жарық жұлдыз, теңіздегі гауһар тас. Жұлдыз да, асыл тас та кіршіксіз мөлдір. Бұл екеуін ешкім де, еш құдірет те кірлете алмайды.

І)Екі топ та өздеріне берілген әңгімені оқиды,әңгіменің түйінін тауып жазады, қарсы топқа үш сұрақ дайындап балықтың қаңқасына жазады.

ІІ) Әр топ жұмыстарын алмастырып қарайды,жауаптар жазады.

ІІІ) Қорғайды.

Кім көп біледі?

Достық туралы мақал мәтелдер


.

Қорыту

Ойын «Сиқырлы орындық» ортаға бір оқушының жақсы қасиетерін айтып мақтайды


Қорытынды:Достық - адамдардың бір-бірін жаны қалап, шын жақын көріп, қалтқысыз сеніп, тілектес, мұраттас болуы. Қай кезде, қай жаста болса да, адам өміріндегі достықтың орны бөлек. Сондықтан оған өте жауапкершілікпен, байсалды қарау қажет. Достықтың алғашқы белгілері мектептен, сыныптан басталады. Сондықтан барлық уақытта да достығымызғы адал да берік болып оны мәңгілік сақтай білейік.


Әр топ өз бетімен шығармашылық тапсырма орындайды.

1 топқа «Досымсыз өмірімді елестете алмаймын»

2 топқа «Менің сыныптастарыма және достарыма тілегім»

3 топқа «Дос дегенім... өлең құрастыру»

Екі топта өздеріне берілген заттардан «достық» үйін құрастырады,ойларын қорытады.

Бағалау

Бір бірінің жұмыстарын «От шашу», «Бас бармақ» әдістерімен бағалайды



Рефлексия

«Бір ауыз айтайын» әдісі арқылы сабақты қорытындылау

Қорытынды:


Қиын кездерде бір-біріне көмек көрсетіңдер.

Досыңды алдамай, оған адал бол.

Досыңды қорлама.

Досыңмен қызықты шақтарды бөлісе біл.

Досыңды барда да сына, жоқта да сына.

Досыңның кемшілігін кешіре біл.


Әр оқушы бір сөйлеммен сабақта алған әсерлерін,тақырып жайлы ойларын айтып шығады.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.01.2019
981
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12