Сын есім Ашық сабақ 2-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сын есім Ашық сабақ 2-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: қазақ тілі

Сынып: 2

Тақырыбы: Сын есім

Мақсаты: сын есім туралы білімін тиянақтау; сөйлемнен, мәтіннен сын есімді табу дағдысын жетілдіру; сын есімнің зат есіммен байланысын анықтау; сөздік қорын молайту; лексикалық білім, білік, дағдыларын арттыру; ой - өрісін, танымын арттыру;

Сабақтың түрі: бекіту сабағы

Сабақтың әдісі: кубизм, синквейн, өзін-өзі бағалау,сұрақ жауап.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, әдебиеттік оқу

Көрнекілігі: интербелсенді тақта, бағалау парағы, карточкалар, суреттер.

Қажетті құралдар: АКТ, интерактивтік тақта, кубик, сандықша, кәмпиттер.

Қолданылатын жаңа педагогикалық технология элементтері: Дидактикалық тапсырмалар, флипчарт, ойын элементтерісәйкестендіру, схема.

І. Ұйымдастыру кезеңі. 2 мин

ІІ.Психологиялық дайындық. 2 мин

ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру. 2 мин

IV. Бекіту сабағы. 22 мин

V. Рефлексия . 8 мин

VІ. Бағалау. 6 мин

VІІ. Үй тапсырмасы. 3 мин

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:

  • амандасу

  • танысу

  • түгендеу

  • сабаққа дайындықтарын тексеру.

  • Сәлеметсіңдер ме балалар!

  • Отыра қойыңдар!

  • Бүгін қазақ тілі сабағын мен өткіземін. Менің аты-жөнім Гүлдана Болатқызы.

  • Кәне, бір-бірлеріне қараңдаршы, барлық сыныптастарын отыр ма!?

  • Жақсы!

  • Қане балалар, мені көріп тұрғандар 1 шапалақ, естіп тұрғандар 2 шапалақ, сабаққа дайын оқушылар 3 шапалақ.

  • Жақсы отырыңдар. Шапалақ даусынан сендердің бүгінгі сабаққа дайындықпен келгендерің сезіліп тұр.

ІІ.Психологиялық дайындық.

- Сабағымызды бастамас бұрын, көңіл күйіміз сабақ бойы көңілді болсын деген ниетпен сендерге өлең дайындадым. Мен осы өлең жолдарың оқимын, ал сендер қимыл іс-әрекетті орындау керексіңдер!

- Келістік пе!?

- Жұп-жұппен тұрамыз!

- Ал ендеше, бастайық!
Күлім қағып қолымды,

1,2,3 деп соғайын.

Қарап тұрған көршіме,

Қолымды мен бұлғайын.

Жылы, жылы жүзбенен,

Мандайыннан сипайын.

Жылы, жылы сөзбенен,

Жүрегімді сыйлайын.

Ыстық алақаныммен,

Қолыңды бер қысайын.

Амандасып өзіңмен,

Құшақтап бір қысайын.

  • Көңіл-күйлерін көтерілді ме?

  • Жарайсыңдар!

  • Осы көңіл-күй сабақ бойы көтеріңкі болсын деп тілеймін!

Топқа бөлу.

Балалар қазір қай мезгіл? (балалар жауабы

Балалар көктемде алғашқы болып қандай гүлдер гүл ашады кәне бәріміз бірге атап өтейік .

- Бәйшешек, қызғалдақ, мамыргүл,бақбақ гүл

Алдарында жатқан қағазға қараңдар! Әр балада бір гүл түрі берілген.

Қазір, әр отырған топқа мозайка беремін! Сендер мозайканы жинап, қай гүл шыққаның анықтап, сол гүлдер бойынша топқа бөліне қоясыңдар! (Мозайка таратылады, бәйшешек, қызғалдақ, мамыргүл)

Топқа бөлініп отыра қалыңдар! (әр топта гүлдің атауы жазылып тұрады)

І топ Бәйшешек

ІІ топ Қызғалдақ

ІІІ топ Мамыргүл

Міне, үш топқа бөліндіңдер! Әр топ, топ басшысын сайлай қойындар!

Сабақта өздерінді бағалау үшін, сендерге бағалау парағын таратамын. Әр оқушы, әр тапсырмадан кейін, сол тапсырма үшін сол қағазға, өзіне баға қояды. Сабақта соңында қорытынды бағасын айтып, түсіндіреді. Ал топты келген қонақтар бағалайды.

  • Келістік пе!?

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  • Өткен сабақта сендер қандай тақырыппен таныстыңдар?

  • Сын есім.

  • Үй тапсырмасына не берілді?

  • Сын есім ережесін қайталап келу, сөз таптарын қайталау.

  • Жақсы!».

  • Кубизм әдісі. (сол кубикта сұрақтар жазылып тұрады)

  1. Сын есім анықтамасы.

  2. Сөз таптарын ата.

  3. Сын есімге мысал келтір.

Қазір, әр топ басшысы кубикті лақтыру арқылы, сұрақ таңдап алып, топпен жауап қайтарады.

IV. Бекіту сабағы.

  • Ал, балалар барлығымыз тақтаға назар аударамыз!

  • Сабақтың тақырыбын табайық.

Схема бойынша сөзді тап.

і м с н е ы



= (сын есім)



  • Бүгінгі сабақ тақырыбы қандай? (балалар жауабы)

  • Тақырыбы: Сын есім

  • Енді, сабаққа мақсат қояйық! (балалар жауабы)

  • Дұрыс айтасыңдар! Сабағымыздың мақсаты: сын есімді білу, ажырата білу, зат есіммен байланыстыр білу.

  • Өлең оқу. Іс-қимыл орындау. (дәптер ашу, күнді жазу)

Көркем жазу. Сс, Сә, Сәуір

Кітаппен жұмыс.

1-тапсырма.

157-беттегі 444-жатығуды орындаймыз. Кәне, тапсырмасын оқиық.

444-жаттығу. Керекті сөздерді пайдаланып, заттарды салыстыр.



Дәмі бойынша: лимон мен бал

Биіктігі бойынша: биік ағаш және төмен ағаш

Көлемі бойынша: үлкен және кіші

Топтағы басшылар, орындарымен ауыса отырып, басқа топты тексереді.

Флипчарт. (Интербелсенді тақтамен жұмыс).

2-тапсырма. Дұрыс жауабын жаз.

Сөздер Дұрыс жауабы Сөз таптары

кілем ------------- Сын есім

сыбдырлады ------------- Зат есім

жаңбыр ------------- Етістік

салқын -------------- Зат есім

Әр топ бірлесе отырып орындайды. Қағаздарымен ауысып, тексереді.

3- тапсырма. Синквейн әдісі.

Төрт жолды өлең құрастыру.

Тақырыптары:

І топ Қызғалдақ

ІІ топ Көктем

ІІІ топ Мереке


Сын есімдерді ата.

Сергіту сәті. (Видео)

V. Рефлексия

Шығармашылық тапсырма.



4- тапсырма. Берілген суреттерге мәтін құрастырып, ат қой. Сын есімдерді белгіле.

І топ Бәйшешек,

ІІ топ Көкек

ІІІ топ Көктем

VІ. Бағалау. Берілген парақтар бойынша өз-өзін бағалау.

Ал енді сабақты бағаландар. Сабақ басында берілген гүлдердің артына сабақ ұнады ма? Не себептен? Екенін жаза қойындар.

VІІ. Үй тапсырмасы.

Күнделіктерінді ашып, үй тапсырмасын жаза ғойындар.

157 беттегі 445-жатығу.

Балалар барлықтарын сабаққа барлықтарын белсене қатысқандарын үшін рахмет! Тәтті тағамдар бақыт гармонын береді.Сондықтан, әрқайсысыларын сандықшадан кәмпит ала қойындар. Осылай төртінші тоқсан бойы көңілді жүріп, оқу жылын жақсы бітірулеріне тілектеспін.

Сау болыңдар!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.02.2019
763
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі