Материалдар / "Шын жүректен алғыс айтамын" мерекелік концерт сценарий

"Шын жүректен алғыс айтамын" мерекелік концерт сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
Алғыс айту күніне арналған мерекелік концертке өте керемет құрылған сценарий.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Ақпан 2024
1012
4 рет жүктелген
405 ₸ 450 ₸
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



«Шын жүректен алғыс айтамын» – атты Алғыс айту күніне арналған мерекелік концерт сценарийі


Асылхан: Қайырлы күн, қымбатты оқушылар, құрметті қонақтар және ұстаздар!

«Шын жүректен алғыс айтамын» атты мерекелік концертімізге қош келдіңіздер!

Би: (7-8 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ)


Асылхан: Мөлдір, алғыс айту күнін кім бекіткенін білесің бе?

Мөлдір: Иә, әрине. Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мәңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр» тақырыбымен өткен ХХІІ сессиясының ашылу салтанатында сөз сөйлеген Елбасымыз елімізде Алғыс айту күнін мерекелеу туралы айтқан болатын.

Асылхан: Осы бейбіт күнімізге жеткеніміз ата-бабаларымыздың арқасында емес пе?!

Мөлдір: Иә, шын мәнінде, қазақ халқының тарихындағы ащы қасірет, отан басына күн туған аса қайғылы кезең болды.

Асылхан: Қане, сол уақытты көз алдымызға елестетіп көрейікші.

Мөлдір: Мектебімізде өткізілген «Қарлығаш өлең қалықтап» атты сахналық қойылым байқауының жеңімпаздары 10 «А» сынып оқушылары Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама «Елім-ай» сахналық көрінісі.

Асылхан: Сонау 30-жылдардың соңында үдере көшу саясаты құрбандарының бүгінде үшінші ұрпағы елімізде, егемен елімізде өмір сүруде. Олар туралы әркез жылы сөздер айтылуда. Алайда, жан-жарасы әлі де ұмытылар емес.

Рас, сол жылдары бүкіл қазақ отбасы арып-ашып келген жандарды құшақ жая қарсы алып жатты. Олардың ұрпақтары бүгінде ержетіп, есейді. Мұндайда алғыс айтқанды ұмытпаған абзал. Бүгінде олардың бәрі «Мың алғыс, қазақ халқына!» дейді.


Мөлдір: 1 Наурыз Елбасының бастамасымен «Алғыс айту күні болып бекітілді» .   Жалпы, қазақ халқы алғысқа өзінің байырғы мән- мағынасына терең ой беріп, бойына сіңіргендігі анық. Оның себебі көп: біріншіден ислам дінін ертерек қабылдаған қазақ халқы алғыс айтуды әуел бастан әдетке айналдырған. Біз осы Алғыс айту күнінің мереке есебінде күнтізбемізге енгеніне өте қуаныштымыз.

Алдарыңызда мектебіміздің «Жас қыран» ұйымының оқушылары. Қарсы алыңыздар!





Асылхан:  Мөлдір, менің саған бір сұрақ қойғым келіп тұр. Алғысқа, рахметке кімдер және нелер лайық деп ойлайсың?

Мөлдір: Тізімді бірге құрайық!

Бастысы - алғыс айта білу...

Асылхан: Анаға – өмір сыйлағаны үшін,

Әкеге – қорған болғаны үшін,

Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін,

Сөзге – жанды жылытатыны үшін,

Жұлдызға - қараңғы түндегі жарығы үшін,

Досқа – құшағы мен иығы үшін

Әжеге – ыстық алақаны үшін

Суға – тіршілік көзі болғаны үшін

Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін \

Отқа – жылулығы үшін ...

БІРГЕ : Рахмет

Ән: «Қазақстаным алға!». Орындайтын мектебіміздің биология пәні мұғалімі

. Қарсы алыңыздар»


Мөлдір: Алғыс күні аталыпты 1-наурыз,

Парыз екен бәріне айту алғыс

Өмір берген, жан берген, қуат берген,

Аллахыма айтамын мен шексіз алғыс!


БИ: Сахна төрінде Темір қалалық клуб жанынан құрылған «Шаттық» бишілер тобы. Қарсы алыңыздар!

Мөлдір: 1 - наурыз Алғыс айту күніне арналған кешіміздегі сөз кезегін мектебіміздің директоры береміз.

/Демеуші болған кісілерді марапаттау/


Ән: «Бауырым-ай» Орындайтын кішкентай әншіміз Қанат Ғазиз. Қошеметтеп отырайық!


 Асылхан:  Қымбатты  оқушылар! Біздің арамызда күнбе-күн сұхбаттасатын, сұрақтар қойып, жетістіктер мен армандар жәйлі ойларыңызбен бөлісетін қонақтар бар. Ерекше құрметтей отырып, сахна төріне осы мектептің ардагер ұстазы - шақырайық. Балмагамбетова Айша апайымызды шақырайық!


Хор: «Рахмет саған туған ел» Орындайтын 4 «А» сынып оқушылары мен ата-аналары. Қарсы алыңыздар!











Мөлдір:

Сіздер  егемен  Қазақстанда  өмір  сүріп  жатқан  азаматтардың  ұрпағысыздар. Сондықтан да  сіздердің  алдарыңызда,  біз  қол  жеткізбек  болған  болашақты,  өздеріңіз  бен  балаларыңыз  үшін  өз  қолдарыңызбен  орнатудың  шексіз  мүмкіндіктері  ашылып  тұр. Ендеше, Қазақстанның  болашағы  сіздердің  қолдарыңызда. Отанды  сүйіңіздер, оны  қорғаңыңдар, оған  қызмет  етіңіздер. Халықтар  достығын  қадірлеңіздер! Себебі біз, тәуелсіз, егеменді, дамыған мемлектте өмір сүріп жатқанымыз, қан майданда жандарын қиған ата бабаларымыздың арқасы.

Би: Мектебіміздің мың бұралған биші қыздарын «Қазақ биімен» қарсы алыңыздар!


Асылхан:

Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн

Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын

Татулығын жырға қосам ұлттардың

Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін

Бүгінгі  қүн  —  нұрлы  күн

Жарық  шашқан  әлемге

Ескеретін  күн  бүгін

Ризашылық  қой  әр  елде

ӘН: Темір қалалық клубының шара ұйымдастырушысы Шабенова Райсаның орындауында « » әні. Қарсы алыңыздар!


Мөлдір:

Ұстаз, ұстаз!!!
Осы сөзде жатыр қанша ұлылық,
Осы сөзде таусылмайтын жылылық.
Әль — Фараби, Ыбырай мен, Ақаңды
Осы сөз ғой қойған бізге ұлы — қып.
Ұстаз шебер қисықтарды жөндейтін,
Тентектерді ақылмемен емдейтін,
Болса дағы малға кедей өмірде.
Бар байлығым шәкірттерім сен дейтін!


Ән: «Ұстазыма мың алғыс» Орындайтын мектебіміздің 8 «Ә» сынып оқушысы Сапуадинова Назгүл.. Қарсы алыңыздар!


Асылхан: Құрметті  қонақтар, сіздерді  бүкіл  мектеп  ұжымы  атынан, мектеп  оқушыларының  атынан  көрсеткен  қамқорлықтарыңыз  бен  аялы  алақан, жылы  лебіздеріңіз   үшін  басымызды  иіп, рахметімізді  айтамыз. Еңбектеріңізге  жеміс, отбасыларыңызға  бақыт  тілейміз.

Би: 8-9 сынып оқушылары. Қарсы алайық !





Мөлдір:  Бүгінгі мерекелік шарамызды  мынадай әдемі сөздермен қорытындылайық:

Асылхан :Дүниеде  тәуелсіз  қазақ  елі  бар; Мөлдір: Әлемде  Егемен  Қазақстан  бар; Асылхан: Оның  көп  ұлтты, тату, ынтымақшыл  халқы  бар; Мөлдір:Қуатты  экономикасы, сенімді  саяси  жүйесі  бар; Асылхан: Ең  бастысы —  бүгіннен  нұрлы, бүгіннен  кемел  болашағы  бар. Мөлдір: Сол  күнге  берік  сенім  бар!

Ән: «Алғыс». Орындайтын 4 А сынып оқушысы Алдаберді Жанбота. Қарсы алыңыздар!

Асылхан: Осымен «Шын жүректен алғыс айтамын» атты мерекелік кешіміз аяқталды. Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!











































С.Байшев атындағы ЖОББМ









«Алғысым шексіз»

мерекелік концерт сценарий











ДТІЖО: Нуралина С.Ж.



















2023 жыл







Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!