Материалдар / "Шын жүректен алғыс айтамыз"

"Шын жүректен алғыс айтамыз"

Материал туралы қысқаша түсінік
1. Кіші қызметкерлерді ІІ қабаттың фойесіне үйірме педагогтары «Живой коридор» арқылы қошеметтеп жүргізіп отырады. 2. АКТ залға кіреді 3. Жүргізуші сөзі 4. Директордың құттықтауы 5. Қызметкерлерге арналған «Слайд шеру» 6. «Ән» шашу
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Қызылорда қаласының оқушылар мен жасөспірімдер үйі МКҚК

1-наурыз Алғыс айту күніне арналған «Шын жүректен алғыс айтамыз» атты мекеме қызметкерлеріне алғыс айту іс- шарасының сценарийі

Өтетін күні: 1.03.20223жыл

Сағат: 10.00-де

Өтетін орны: Қызылорда қаласының оқушылар мен жасөспірімдер үйі АКТ зал

Қатысушылар: Үйірме педагогтары мен кіші қызметкерлер


«Шын жүректен алғыс айтамыз» іс-шарасының бағдарламасы


  1. Кіші қызметкерлерді ІІ қабаттың фойесіне үйірме педагогтары «Живой коридор» арқылы қошеметтеп жүргізіп отырады.

  2. АКТ залға кіреді

  3. Жүргізуші сөзі

  4. Директордың құттықтауы

  5. Қызметкерлерге арналған «Слайд шеру»

  6. «Ән» шашу


Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті әріптестер! Құрметті мекеме қызметкерлері! 1-наурыз Алғыс айту күніне арналған «Шын жүректен алғыс айтамыз» атты мекеме қызметкерлеріне алғыс айту іс- шарасына қош келдіңіздер!!!


Жүргізуші: Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні. Осы орайда мекеме қызметкерлерін мерейлі мерекемен құттықтап, ыстық ықыласы мен жылы лебізін білдіру үшін ортаға «Қызылорда қаласының оқушылар мен жасөспірімдер үйінің» директоры Құдайбергенова Гаухар Отарәліқызын шақырамыз!!!


Директордың құттықтау сөзі

Марапаттау

(Кіші қызметкерлерді марапаттау 12 қызметкер марапат алады)


Тілейміз бақытты өмір, ашық аспан,

Жалғанда тілек бар ма одан асқан!?

Аман боп жанұяң мен бауырларың,

Алғыс айтып әріптестер құшақ ашқан!- дей отырып, ұзтаздар қауымының атынан Сіздерге деген ән-шашуды қабыл алыңыздар!!!

Серікжан мен Ақжүністің орындауында «Алғыс» әні

«Алғыс» әні

Шүкір деп әрбір атқан ғажап таңға,

Құлпырар мектеп ішін тазартқанда.

Мектептің шаруасын дөңгелеткен,

Мың алғыс тазалықшы озаттарға!

Жақсыны әрқашанда қолдар АЛЛА ,

Адамды жетелейді арман алға.

Жарқырап біздер мүлде көрінбес ек,

Сіздердей асыл жандар болмағанда.

Қайырмасы

Алғыс Сіздерге, Алғыс Сіздерге

Алғыс тер төккеніңе!

Алғыс бәріңе! Алғыс бәріңе!

Алғыс Еңбектеріңе!


Еденді айнадай қып жалтыратқан,

Бағалап еңбегіңді жалпы мақтан.

Тап- таза көңіліңнен айналайын,

Нұр шашып мектебімді жарқыратқан.

Жастармыз көкке самғап қалықтаймыз,

Ешқашан жақсы сөзден тарықпаймыз,

Біздерді тазалықпен тамсандырған,

Сіздерді құрметтеуден жалықпаймыз!!

Қайырмасы

Алғыс Сіздерге, Алғыс Сіздерге

Алғыс тер төккеніңе!

Алғыс бәріңе! Алғыс бәріңе!

Алғыс Еңбектеріңе!


Осы әуен аясында апайларымызға жүрекшелер табысталады!!!


Ән: Сіздердің құрметтеріңізге «Вокал» үйірмесінің оқушысы Серікбай Дамир көңілді әндерден поппури орындайды!!!


Жүргізуші: Құрметті апайлар, ағайлар біздің дәстүрлі айдарымыз бар. Ол айдарымыз «Құттықтау» деп аталады.


Мекеме қызметкерлеріне слайд шеру

СІЗДЕРГЕ арналған өлең шумақтарын қабыл алыңыздар!!!

Тілейміз бақытты өмір, ашық аспан,

Жалғанда тілек бар ма одан асқан!?

Аман боп жанұяң мен бауырларың,

Алғыс айтып әріптестер құшақ ашқан!

Тазалықтың жаршысы Гүлжан апай,

Завхоз бар ма бұл қалада Сізден асқан!


Ерлердің тыным таппай қызмет еткен,

Еңбегіне барша жұрт бас иеді.

Салқын қанды Мергенбай ағамыздың

Сабырлылық туа біткен қасиеті.


Мұратбек біздің сегіз қырлы, бір сырлы,

Жаңа жылды Аяз Ата болып қыздырды.

Қайда жүрсе, қолынан бәрі келеді,

Алдына келген жұмыстың бәрін тындырды.


Күзетіп түнде кірпік қақпай тұрады,

Әскердей қатал. Төзімді мықты шыдамы.

Таң атқанша ұйқы көрмей бір минут

Даулет, Қайырбек, Ербол ағалар – қырағы.


ШАТТЫҚ десе, шат көңілді атына сай,
Позитивті көңіл сыйлап, баршаға жай.
Кіріп келген кісіге жылы ұшырап,
Көрінер жаңа туған асыл айдай.


Кішіпейіл, ақкөңіл, мәдениетті,

Еңбекқор, елгезек жан қасиетті.

Ақбәтес - өз ісіне тиянақты,

Ұжымдағы қызметкер ең қажетті.


«Компонист, көпшіл» болып атандыңыз,

Құтты болсын, Аралгүл, атағыңыз.

Алғыс күні мың рахмет айтамыз біз,

Салиқалы АҚ ӘЖЕ атаныңыз!


Алғыс күні аталыпты 1-наурыз,

Парыз екен бəріне айту алғыс.

Асыл ана, адал жар, шын әріптес!

АЙСҰЛУҒА айтамыз біз шексіз алғыс!



Таң атпай жұмысына түрегелген,

Титовтан қатынаған кімді көрген?!

Алғысым шексіз саған, Гүлзинажан,

Жар құлағы жастыққа тимей жүрген!


Түрлі-түрлі матаны,

Көйлек етіп жатады.

Барлық адам біледі,

Киім тіккіш апаны.

Жіптің – қызыл, ағы бар,

Жасыл, көгі тағы бар.

Бір көйлектің өзінен,

Түрлі өрнек табылар.

Алып жіпті, инені,

Жарқырауық түймені.

Сәуле апай өнерлеп,

Костюмдерді тігеді


Кіріс, шығыс есептеп,
Сандары сөйлер кесектеп.
Есепші деген мамандық,
Сандарды жүрер жетектеп.
Ел ауқатын көтеріп,
Ерлікті істер етелік.
Ақботаға зор құрмет
Қошеметтеп кетелік
,

Қаржылық есеп-қисаптан

Кетпесін ешбір қателік


Жүргізуші: Мерекелік ән шашу «Асыл мұра» дәстүрлі әншілер ансамблінің орындауында «Қызылқұмда ауылым», «Гүлдерайым» әні


Жүргізуші: Бала қауіпсіздігі басты назарда десек, қауіпсіздігіміздің кепілі болып жүрген қарауыл ағайларымызға, білім алушыларға қолайлы орта туғызып, тазалықтың жаршысы болып жүрген ардақты апайларымызға мың алғыс айтамыз!!!

Жүргізуші: «Вокал» үйірмесінің оқушы Еркежанның орындауындағы «Мерекем» әнін қабыл алыңыздар!! Әсем әуен аясында естелік суретке түсуге шақырамыз!

Соңы



01 Ақпан 2025
201
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі