«Шын жүректен кітап сыйла» челлендж

Тақырып бойынша 12 материал табылды

«Шын жүректен кітап сыйла» челлендж

Материал туралы қысқаша түсінік
«Шын жүректен кітап сыйла» челлендж
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты

«Шын жүректен кітап сыйла» челлендж

Күні


Сынып жетекші:


Сынып:



Сабақтың тақырыбы:

«Шын жүректен кітап сыйла» челлендж

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

20-САБАҚ

9- сыныптар: «Кәмелетке толмаған бала заңды жауапкершілікке тартылуы мүмкін бе?»

Сабақтың мақсаты:

- Тақырып бойынша негізгі ойды анықтау және өз ойын еркін жеткізу.

- Кітаптың маңыздылығын түсіндіру, сыни ойлау дағдыларын дамыту.

- Оқушыларды кітап оқуға ынталандыру, сыйластық пен қамқорлыққа баулу

Қауіпсіздік мақсаты :

Сабақтың мақсаты: кәмелетке толмаған баланың қай жастан бастап заңды жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін және не үшін екенін анықтау.

Қауіпсіздік міндеті:

Негізгі міндеттер:

1. Құқықтық жауапкершіліктің не екенін түсіндіріңіз.

2. Кәмелетке толмағандар үшін құқық бұзушылық түрлері мен жазалар туралы айту.

3. Құқықтық мәселелерден қалай аулақ болу керектігін көрсетіңіз.

Дәйексөз

«Жасампаздық – бәрімізге өнеге»

Құндылық

Жасампаздық және жаңашылдық

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар


Ұйымдастыру кезеңі (3 мин)


Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу.

Шаттық шеңбері: Балалар бір-біріне жылы тілектер айтып, сабақты жағымды атмосферада бастайды.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.


«Сиқырлы кітап» әдісі: әр оқушы өзінің ең жақсы көретін кітабын айтады және оның несімен ұнағанын қысқаша сипаттайды

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді.

Психологиялық ахуа

Компьютер








Сабақ басы (10 мин)












ҚАУІПСІЗДІК САБАҒЫ

10 САБАҚ. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН БАЛА ЗАҢДЫ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛУЫ МҮМКІН БЕ?

Материалдар мен ресурстар:

- Кәмелетке толмағандардың құқықтық жауапкершілігі туралы презентация.

- Заңды сақтау ұсыныстары бар үлестірме материалдар.

Сабақтың барысы

1. Кіріспе (2 минутқа дейін):

-Талқылау: құқықтық жауапкершілік дегеніміз не және ол неге маңызды (кәмелетке толмағандардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігі біреуге мүліктік зиян келтіргені немесе денсаулығына, ар-намысы мен қадір-қасиетіне зиян келтіргені үшін туындайды)?

2. Негізгі бөлім (6 минутқа дейін):

Құқық бұзушылықтар үшін заңды жауапкершіліктің 4 түрі бар:

Қылмыстық жауапкершілік – қылмыстық кодексте көзделген заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілік. Қылмыстық заңда көзделген қоғамдық қауіпті, қоғамдық жүйеге, меншікке, жеке тұлғаға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, қоғамдық тәртіпке қол сұғатын қылмыс. (кісі өлтіру, тонау, зорлау, қорлау, ұсақ ұрлық, бұзақылық). Қасақана бұзақылық, ұрлық, зорлау үшін қылмыстық жауапкершілік 14 жастан басталады.

Әкімшілік жауапкершілік әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексте көзделген құқық бұзушылықтар үшін қолданылады. Әкімшілік бұзушылықтарға мыналар жатады: жол ережесін бұзу, өртке қарсы қауіпсіздікті бұзу. Әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін 16 жастан бастап жауапқа тартылады. Жаза: айыппұл, ескерту, түзету жұмыстары. ҚР азаматы 16 жасқа толса, Әкімшілік кодекске (ӘҚБтК) сәйкес белгілі бір теріс қылықтары үшін айыппұл салынады. Бірақ Кодекстің 66-бабында жаза сомасы 10 АЕК немесе 34 500 теңгеден аспайтыны көрсетілген. «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 271-IV Заңы, «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы және балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 591 Заңы.

Тәртіптік жауапкершілік дегеніміз – Еңбек міндеттерін бұзу, яғни Еңбек заңнамасын бұзу, мысалы: жұмысқа кешігіп келу, себепсіз сабаққа келмеу.

Азаматтық-құқықтық жауапкершілік мүліктік қатынастарды реттейді. Құқық бұзушыға жаза: зиянды өтеу, залалды төлеу.

Презентация: кәмелетке толмағандар үшін құқық бұзушылық пен жаза түрлері (кәмелетке толмағандар құқық бұзушылық жасаған кезде, құқық бұзушылық субъектілері, ең алдымен, оның ата-анасы. Әкімшілік жауапкершілік 16 жастан бастап, ерекше жағдайларда (ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабы бойынша ұсақ бұзақылық жасағаны үшін – 14 жастан басталады. Қылмыстық жауапкершілік 16 жастан, ауыр және аса ауыр түрлерді жасағаны үшін – 14 жастан басталады).

Топтық талқылау: құқықтық мәселелерден қалай аулақ болуға болады (заңдарды білу, ата-аналармен қарым-қатынас жасау, ережелер мен нұсқауларды сақтау, заңсыз әрекеттерден аулақ болу, келісімдер мен рұқсаттар алу, көмек сұрау)? 3. Қорытынды (2 минут):

- Сабақты қорытындылау.

- Заңды сақтау ұсыныстары бар жадынамалар тарату.















Пайдалы сілтемелер:

https://youtu.be/UemLbhBjDLg?si=XBSTt5oEB2ZKY9uA


https://drive.google.com/file/d/1LfkYbutUBJZz-Z8Pfl0YWH39FaQWGEKI/view


https://drive.google.com/file/d/1kCDJjSxctHcbpmyKdpYhADL0AAplMIL4/view












Ортасы (30 мин)


Талқылау сұрақтары:

  1. Кітап адамның өмірінде қандай рөл атқарады?

  2. Біреуге кітап сыйлау нені білдіреді?

  3. Сізге сыйға берілген кітап бар ма? Ол туралы не айта аласыз?


Мәтін: «Кітап » (қысқаша әңгіме немесе эссе)

Кітап – адамзаттың ең жақын досы және ақылшысы, даналық пен білімнің қайнар көзі. Кітап – білім қазынасының кілті һәм ойдың бұлағы болғандықтан, халқымыз оныкиелі, қадірлі санаған. Кітап арабтың «жазу» деген сөзінен шығып, тарих шежіресі, оқу тәрбие құралы болып табылады. «Оқымасаң – ой тоқырайды»,- деген сөз кітап оқымағанның ойы таяз, өмірі қараңғы болатындығын дәлелдейді. Сондықтан да, кітапты бағалау, оқуға деген құштарлық, оны сүю халқымыздың қанына сіңген. Алайда, заманауи техникалар даму үдерісі жоғарылаған сайын жастарымыздың кітаптың бетін парақтап, онда жазылған дүниелерді ақ параққа түртіп алу деңгейі төмендеуде. Білім алуға талпыныс жасап, кітап оқудың орнына алтыннан да қымбат уақыттарын бос әурешілікке жұмсап, сана-сезімінің, дүниеге деген көзқарасының бір беткейлі болуына әкеліп соғуда. Бір ескере кетерлігі, кез келген әлеуметтік желі, бұқаралық ақпарат құралдары, бейнетаспалар да кітап секілді туындыны алмастыра алмайды.

Шығармашылық тапсырма:

  • «Менің ерекше кітабым» тақырыбында шағын эссе немесе әңгіме жазу.

  • Немесе «Егер мен досыма кітап сыйласам...» деген тақырыпта постер жасау.


«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісімен оқушылар өз ойларын ортаға салады




  • Мәтінді оқу және негізгі ойды анықтау.

  • «Бес жолды өлең» әдісі арқылы оқушылар мәтін бойынша ой түйіндейді.













Оқушылар постер жасайды.









Соңы


(2 мин)





Балаларға сұрақ:

"Бүгін не үйрендіңдер?"

2. Бағалау:


Мұғалім оқушылардың жұмыстарына баға береді.

Мадақтау сөздері: "Жарайсың!", "Керемет!", "Тамаша түсіндірдің!"



Рефлексия жасайды.

Сабақтан кейін қандай әсер алғанын, не сезінгенін, не ұнағанын айтып, алған әсерімен бөліседі


презентация



















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.02.2025
438
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі