Материалдар / СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУ ҚҰРАЛДАРЫ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУ ҚҰРАЛДАРЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Методикалық жұмыс бойынша барлық мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Маусым 2021
1058
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУ ҚҰРАЛДАРЫ

Сын тұрғысынан ойлау

Сын тұрғысынан ойлау сұрақ қоюдың, дәлелдеудің басты дағдыларын және төмендегі қабілеттерді дамытуды көздейді:

  • айтқандарын негіздеуге және өмірлік тәжірибемізден «сабақ алуға» әзірлік;

  • күн ілгері кесіп-пішіп қоюға ұмтылмай, сұрақ қою, тапсырма беру және басқалардың идеяларын сыни бағалау;

  • өзіңнің пікірінді басқалардың сыни бағалауына және пікіріңіздің қате болуына ашық болу;

  • идеяларды тексеріп, «шындықты» іздеуге ұмтылу.

Балаларға негізделген, әділ сын тұрғысынан ойлауды қалай дамыту керектігін көрсету қажет. Оларға сұрақ қою, негіздеу, болжам жасау мен модельдеу дағдыларын жаттықтыру қажет. Сын тұрғысынан ойлауға оқыту:

  • қалай, қашан және қандай сұрақтарды қою қажет екендігі;

  • қалай, қашан және қандай негіздеу әдістерін пайдалану керектігі туралы негізді шешім шығаруға үйрету дегенді білдіреді

Бенджамин Блумның жіктеуінде сын тұрғысынан ойлау «бағалау» деген атпен ойлаудың алты дағдысының ең жоғарғысы болып табылады.

  1. Ақылдың алты қалпағы

Ақылдың алты қалпағы – Эдвард де Боно әзірлеген әдістеме, ол әртүрлі шешімдердің ішінен ойды бір мәселе төңірегінде шоғырландыруға мүмкіндік беретін қатарласып ойлау үдерісі болып табылады.

Ақ қалпақ бізге белгілі немесе қажетті ақпаратқа назар аудару үшін пайдаланылады.

Сары қалпақ айқындылық пен өмірге сеніммен қарауды бейнелейді. Бұл қалпақты киіп сіз идеяның жағымды жақтарын зерделейсіз және өз назарыңызды, күш-жігеріңізді оның жетістіктері мен жақсылықтарын іздеуге жұмсайсыз.

Қара қалпақ– бұл «әзәзілдің қорғаушысы» немесе неліктен кейбір тетіктер дұрыс істемейтінін бағалау.

Қызыл қалпақ сезімді, болжамды және ішкі түйсікті білдіреді.

Жасыл қалпақ креативтілікке, мүмкіндіктерге, баламаға және жаңа идеяларға бағытталады.

Көк қалпақ ойлау үдерісін басқару үшін қолданылады. Бұл бақылаушы тетік, ол барлық алты қалпақтың талаптары дұрыс орындалып жатқандығына кепілдік береді.


  1. «Дананың кілттері» (Thinker's Keys)

Тони Райан жасаған «Дананың кілттері» бірқатар ойлауды талап ететін тапсырмаларды орындауға оқушыларды қызықтыру және тарту үшін арнайы әзірленген жиырма шақты іс-әрекет (кілттер) кешені болып табылады.

Бірқатар көмекші сұрақтар немесе тапсырмалар оқушылардың талдау жасау, сын тұрғысынан және креативті ойлау қабілетін ашуға арналған кілт түрінде ұсынылған.

  • «Керісінше» кілті – сөйлемде «істей алмаймын», «ешқашан» және «істемеймін» сөздерін пайдалануды көздейтін тапсырма, мысалы, «Сіз Лондонда ешқашан таба алмайтын заттардың тізімін жасаңыз».

  • «Егер де» кілті – «егер де» деген сұрақ қойып, олардың ойларын графикалық органайзерге жазып отырыңыз.

  • «Әліпби» кілті – берілген тақырыпқа қатысы бар сөздердің тізімін А-дан Я-ға дейін әліпби ретімен тізбектеңіз.

  • «Жаңа дизайн» кілті (ағылшынның BAR аббревиатурасынан: (B - bigger) артық, (A - add) қосу, (R – remove, replace) алып тастау) – күнделікті заттарға жаңа дизайн беру үшін қолданылады.

  • «Конструктор» кілті – шектеулі құрылыс материалдарын креативтілікпен пайдалануды талап ететін мәселелерді шешу жөніндегі тапсырма.

  • «Кемшіліктер» кілті – нақты бір пән немесе тәжірибелік сабақ бойынша кемшіліктер тізімін жасаңыз.

  • «Тағы қалай?» кілті – күнделікті қолданылатын заттарды әртүрлі жағдайда пайдалану тізімін жазу үшін қиялыңызды пайдаланыңыз.

  • «Қиыстыру» кілті – үйлеспейтін екі объектінің қасиеттерін санамалаңыз, одан кейін жаңа және жақсарған өнім жасау үшін осы қасиеттерді біріктіріңіз.

  • «Жөнсіздік» кілті – ауани орындауға болмайтын жөнсіз пікірлер айтыңыз, содан соң оны дәлелдеуге ұмтылыңыз.


  1. Сананың әдеттері

Сана әдеттерін (Ойлау ерекшеліктерін) жасаған Арт Коста былай деген екен: «Сана әдеттері» - бұл шешімдері бірден туындамайтын проблемаларға тап болғанда ақылды адам жасайтын іс-әрекеттердің сипаттамалары.

Олар көптеген дағдылардан, қарым-қатынас пен бейімділіктерден тұрады, солардың ішінде:

  • Құндылық: өнімділігі шамалы үлгілерге қарағанда, зияткерлік мінез-құлық моделін қолдануды таңдау.

  • Бейімділік: зияткерлік мінез-құлықтың белгілі бір моделін пайдалану үрдісін сезіну.

  • Сезімталдық: зияткерлік мінез-құлық моделін орынды пайдалану мүмкіндіктерін сезіну.

  • Қабілеттілік: зияткерлік мінез-құлықтың түрлі модельдерін пайдаланудағы негізгі дағдылар мен мүмкіндіктерді меңгеру.

  • Адалдық: зияткерлік мінез-құлық модельдерін терең түсінуге және оны пайдалану дағдыларын жақсартуға ұдайы ұмтылу.


Сананың бірнеше әдеті белгілі:

  1. Табандылық таныту;

  2. Қызбалықпен күресу;

  3. Басқаларды тыңдау – түсіністікпен және тілектестікпен;

  4. Ойлау икемділігін таныту;

  5. Ойлау үдерісіміз туралы ойлау – метатану;

  6. Дәлдік пен шынайылыққа қол жеткізу;

  7. Сұрақ қою және проблеманы тұжырымдау;

  8. Бар білімін жаңа жағдайға қолдану;

  9. Анық және дәл ойлау және өз ойын білдіру;

  10. Барлық сезім азғаларыныңң көмегімен ақпарат жинау;

  11. Инновацияларды жасау, қиялдау және енгізу;

  12. Таң қалып, ілтипат білдіру;

  13. Тәуекелдер үшін өзіне жауапкершілік алу;

  14. Әзіл-оспақ іздестіру;

  15. Өзара байланыстырып ойлау;

  16. Үздіксіз оқу.


  1. Жауап беруді талап ететін сұрақтарды жазу

Жауап беруді та лап ететін сұрақтарды жазу әдісін Аризона университетінің профессоры, доктор Марилис Витт жасады деген пікір бар. Ол өз студенттерінің дерттер туралы беймәлім мәліметтер бізге белгілі мәліметтерден асып түсетіні жайлы білгенін қалады. Сондықтан оның студенттері өздері білмейтін нәрселер туралы сұрақтар жазды.

Бұл техника жетілдіріліп, пайдалы ойлау құралына айналды. Жазбаларды пайдалану тәсілдерінің бірі төмендегі кестеде көрсетілген. Тапсырма қарқынды болуға тиіс, яғни жаңа ақпараттың пайда болуына қарай оған үнемі толықтыру енгізіп, түзетіп отыру немесе жаңа сұрақтармен толықтыру қажет.


ББТЗО кестесі


Б

Ол туралы мен не білемін?

Б

Нені білгім келеді?


Т

Көбірек ақпаратты мен қайдан таба аламын?

З

Нені зерделеу керек?

О

Одан әрі не істеу керек?










  1. Ойлау карталары

Әмбебап ойлау үдерісін оқытуға арналған сегіз көрнекі құралдан тұратын кешен:

  • МӘНМӘТІНДЕ АЙҚЫНДАУ

  • СИПАТТАУ

  • САЛЫСТЫРУ ЖӘНЕ ҚАРАМА-ҚАРСЫ ҚОЮ

  • ЖІКТЕУ

  • БӨЛІК/ТҰТАС

  • САБАҚТАСТЫҚТЫ АНЫҚТАУ

  • СЕБЕП ПЕН САЛДАР

  • ҰҚСАСТЫҚТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

Ойлау карталарын доктор Дэвид Айрль әзірлеген. Олар ойлаудың жалпы көрнекі тілін көрсетеді және танымдық дағдыларды егжей-тегжейлі үйрену үшін пайдаланылады, ойлау карталарын барлық оқу салаларына және бүкіл жастағы топтарға қолдануға болады.

Ойлау карталары сынақтан өткізіліп, жастарға әртүрлі ойлау үдерістерін дамыту және оларды пайдалану жолдарын оқытуда тиімді болып шықты. Олар ойлау сапасын кеңейтеді және жетістікке жеткен оқушыларды қалыптастыруға септігін тигізеді. Бұдан басқа олар оқыту мен оқудың көптеген аспектілеріне елеулі әсер етеді, соның ішінде жазбалардың сапасына да ықпал етеді.


  1. Блум таксономиясы

Блум танымдық салада алты деңгейді бөлді, ол ең төменгі деңгей ретінде фактілерді қарапайым қабылдау мен танудан бастап анағұрлым күрделі және абстрактілі психикалық деңгейлерге қарай жылжи отырып, ең күрделісі бағалау деп жіктеді.


  1. ТНАОҚ (DATT - Direct Attention Thinking Tools)

Тікелей назар аударуға арналған ойлау құралы Эдвард де Боно ойлап шығарған.

  • С&Ж Салдарлары және Жалғастыру
    Бұл құрал кейбір іс-қимылдардың, шешімдер мен ережелердің салдарларын көру үшін болашаққа көз жүгіртуге мүмкіндік береді.

  • ҚАҚ Қосу, Алу, Қызықты
    Шешімдерді немесе міндеттерді қабылдағанға дейін сұрақтардың жан-жақты қаралғанына көз жеткізіңіз.

  • ТТБ - Тану, Талдау, Бөлу.

Тұжырымдаманы басқаруға ыңғайлы, неғұрлым кішірек бөліктерге бөліңіз.

  • БФЕ – Барлық факторларды ескеру
    Іс-қимылдарға, шешімдер мен жоспарларға байланысты барлық факторларды зерделеңіз.

  • ММЗ – Мақсаттар, Міндеттер, Заттар

Іс-қимылдарды қозғайтын ниеттерге толық және саналы түрде көңіл аударыңыз.

  • БМТ – Баламалар, мүмкіндіктер, таңдаулар

Баламаларды саналы түрде табуға тырысыңыз.

  • БАП – Басқа адамдардың пікірі
    Басқа адамдардың пікірлеріне назар аударыңыз.

  • БҚҚ – Басқа да қатысы бар құндылықтар

Біздің ойлауымыз құндылықтарымызға қызмет ететініне көз жеткізіңіз.

  • БМБ – Бірінші маңызды басымдықтар

Ең маңызды идеяларды, факторларды, заттарды, күтілетін нәтижелерді таңдаңыз.

  • ЖШҚӘІ – Жоба, Шешім, Қорытынды, Әдіс-тәсіл, Іс-қимыл

Бұл тәсіл ойлау барысында жасалған қорытындыларға, сол қорытындыдан туындайтын іс-қимылдарға тікелей көңіл бөлу үшін қолданылады.


  1. Ойлау бутерброды

Бұл – ойлау үдерістерін басқару стратегиясы.

Бастамастан бұрын тоқтап, ойланып алыңыз!

1-қадам

Дайындалыңыз.

Мыналарға уақыт бөліңіз:

  • Санаңызды таза ұстаңыз.

  • Соңғы рет не істегеніңізді еске түсіріңіз.

  • Осы жолы не істейтіңізді көз алдыңызға елестетіңіз.

Жаңа тапсырмаға кірісіңіз.

2-қадам

Мыналармен байланыс орнатыңыз:

  • Өзіңіз білетін басқа заттармен;

  • Өзіңіз жасап отырған басқа заттармен;

  • Өзіңіз зерделеп отырған басқа заттармен.

3-қадам

Өзіңізден сұраңыз:

  • Не жақсы шықты?

  • Не қиындық тудырды?

  • Нені жақсартуға болады?




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!