Сын тұрғысынан ойлауды дамыту
технологиясы
Сын
тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы арқылы жеке тұлғаны
әлеуметтендіру және зерттеу
Қазіргі мектептің оқыту үрдісінде білім берудің
тенденциялары мен даму бағыттарын қамтамасыз ететін 50 - ден аса
педагогикалық технологиялар қолданыс табуда.
Осы жаңа педагогикалық технологиялардың ішінде сын тұрғысынан
ойлауды дамыту технологиясының орны ерекше. Бұл технологияны
жарыққа шығарған американдық педагогтар
Дж. Стил, К. Мередит, Ч. Темпл, С. Уолтер. Олардың пікірінше оқу
міндетті түрде белсенді болуы керек. Оқушының әр нәрседен бір мән
табуға мүдделі және білуге құмарлығы болса ғана белсенділік пайда
болады.
Өткен ғасырдың 90 жылдарында
бүкіл әлемдегі философтар, психологтар және педагогтар озық
тәжірибелерге сүйене отырып оқыту технологиясын жасады. Біздің
еліміз үшін бұл технология жаңа технология деп
есептелінеді. Дегенмен, кейбір ұстаздардың іс - тәжірибелерінде
осы технология қолданылуда. Осыған орай біз сын тұрғысынан ойлау
технологиясын егжей - тегжейлі қарастырып, оны бастаушы сынып
пәндерін оқытудағы мүмкіндіктерді көрсетуді мақсат
еттім.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту
деген ұғымды кез - келген жаңа идеяны сол күйінде қабылдау немесе
оған түбегейлі сенім арту емес, ол идеялардың негізгі себептерін,
жүзеге асыру жолдарын және нәтижесін білу, оларды өз ортаңа, өз
мүмкіндігіңе, өз керегіңе, өз іс - әрекетіңе лайықты кіріктіру,
талдау, ой елегінен өткізу, яғни проблемаға сыни тұрғыдан қарап, өз
мақсатына пайдалана білу.
Зерттеу барысында сын тұрғысынан ойлау технологиясын меңгерту
бағытында оқушыларға үйрете жүріп, педагогикалық әдіс – тәсілдерді,
және жеке тұлға бойында болатын мынадай қасиеттерді зерттеу арқылы
сын тұрғысынан ойлау технологиясын тиімді қолдану қажеттігін
түсіндім.
Жеке тұлғаны сын тұрғысынан ойлауды меңгеру үшін мынадай қасиеттері
болуы шарт:
- жоспарлауға дайын болуы;
- бейімделгіштігі (басқалардың идеяларын қабылдай алуы);
- қайсарлығы (қиын тапсырмаларды кейінге қалдырмауы);
- жете түсінуі (өзінің және басқа адамдардың пікірін
қадағалау);
- ымыралы келісімді іздеуі;
- коммуникативтілігі.
Жеке тұлғаны сын тұрғысынан ойлауды дамыту шарттары:
- сын тұрғысынан ойлауда тәжірибе жинау үшін уақыт және мүмкіндік
беру;
- оқушылардың ойлауына жағдай туғызу;
- әртүрлі идеялар мен пікірлердің тууына мүмкіндік жасау;
- оқыту үрдісінде оқушының белсенділігін қолдау;
- әрбір оқушы сын тұрғысынан ойлауға қабілетті;
- оқушының өз пікірін білдіруге жетелеу және оның пікірін
бағалау.
Технология бойынша әр сабақ үш кезеңнен тұрады:
- қызығушылықты ояту;
- мағынаны ашу;
- ой толғаныс.
Бірінші кезең «Қызығушылықты ояту»
Кезеңнің мақсаттары:
- оқушы өзінде қалыптасқан білімі мен түсініктерін өзектендіру;
- оқылатын тақырыпқа танымдық қызығушылықты ояту;
- оқушының белсенділігін ояту;
Жеке тұлғаның іс - әрекеті қолдануға болатын әдістер мен
тәсілдер
оқылатын мәселелер бойынша не білетінін еске түсіреді, ақпаратты
жүйелейді, жауап алуға қажетті сұрақтар қояды. Өзге мақсатын
тұжырымдайды. «Белгілі ақпараттар» тізімін түйін сөздер бойынша -
әңгіме, кластерлер, дұрыс және дұрыс емесін мақұлдау және т.
б.
Бірінші кезеңде алынған ақпараттар тыңдалады, жазылады,
талқыланады, жеке, жұп және топ бойынша жүргізіледі.
Екінші кезең «Мағынаны ашу»
Кезеңнің мақсаты:
- жаңа ақпаратпен танысу;
- жаңа ақпараттармен өз білімімен ара - қатынас белгілеу.
Жеке тұлғаның іс - әрекеті қолдануға болатын әдістер мен
тәсілдер
- мұғалім ұсынған белсенді оқыту әдістерін қолданып, жаңа тақырып
материалдарын тыңдайды, оқиды;
- жаңа ақпараттардың мәнін түсіну барысында мәтін шетіне белгі
қояды немесе жазып алады;
- қарастырылған материалдармен жұмыс істеу барысында өз түсінгенін
қадағалайды, алдына қойған мақсаттарына жету үшін белсенді әрекет
етеді.
Белсенді оқу әдістерін қолдану:
- инсерт;
- екі жақты күнделік;
- қосымша журнал;
- сабақтың бірінші кезеңінде қойылған сұрақтарға белсенді түрде
жауап іздеу және т. б.
Бұл кезеңде жаңа ақпараттармен, ойлармен танысады, тиісті тақырыпқа
байланысты кино көру, дәріс, әңгіме, тыңдау немесе тәжірибе -
эксперимент жасау, мультимедиялық құралдарды пайдаланады. Сабақта
жұмыс дара және жұп түрінде жүргізіледі.
Үшінші кезең «Ой толғау»
Кезеңнің мақсаты:
- қабылданған жаңа және ескі түсініктердің ара қатынасын ашу.
- оқылған материалды талдау және қорытындылау.
- тақырыпты мұнан әрі меңгеру бағытын анықтау.
- Мағынаны тану кезеңінде білімге сүйене отырып, бұрын және сабақ
барысында не үйренгенін салыстырады.
- Қарастырған тақырыптың мәнін толық түсіну және өзіне қойылған
мақсатты іске асыру үшін жаңа тақырыпты талдайды, қажеттісін
іріктеп алады.
- өзіне қойған сұрақтарға мағыналы жауап алғандарын бағалайды.
- Алған білімдерін өмірмен байланыстырады, қорытынды нәтиже
шығарады, өз бетімен жаңа идеяларды ойластырады. - кластер құру
- әртүрлі кезеңдегі ақпараттардың өзара қатынасын сипаттайтын
кестелер толтырады.
- түйін сөздерге қайта оралу.
- дұрыс және дұрыс емесін мақұлдауға қайта оралу.
- рефлексивті сұрақтар
- пікір алмасу.
- шығармашылық жұмыстар жазу (синквейн, эссе) және т. б.
Оқылған ақпаратты талдау, түсіндіру, шығарманы өңдеу жұмысы топ
бойынша жүргізіледі.
Технологияны оқыту
стратегиялары (тәсілдері)
Технологияны жетік меңгеру үшін бірнеше тәсілдер қолданылады.
Оқытуда жақсы нәтижеге жету үшін осы стратегияларды оқыту үрдісінің
әр кезеңінде сабақтың мазмұнына қарай пайдаланған жөн.
Кластер (топтастыру). Бұл тәсілдің авторы американдық Гудлат.
Стратегияның мәні оқу материалын график түрінде жүйелеу, яғни
мәтіннің маңызды бөлігін бөліп, график түрінде белгілі бір
тәртіппен шоқ тәрізді орналастыру. Мысалы, сын тұрғысынан ойлауды
дамыту технологиясының кезеңдерін кластер түрінде былай келтіруге
болады.
Бұл тәсілді қызығушылықты ояту және ой толғау кезеңдерінде
қолдануға болады.
Инсерт (түртіп алу) жүйесі. Бұл тәсіл бойынша оқу материалы дайын
күйінде беріледі, мәтінді оқып отырып оның бір жақ шетіне немесе
кесте түрінде жазылады:
«V» - білемін «+» мен үшін жаңа «-» басқаша ойлаймын «?» -
түсінбедім, тереңірек білгім келеді
Кестені мәтіннің фрагменттері
немесе толық абзац түрінде толтырады. Сонан соң оқушылар жұп болып
немесе топпен өзара пікір алмасады. Түсініксіз болған ұғымдарды
мұғалім түсіндіреді немесе басқа ақпарат көздерінен іздеуге үйге
тапсырма беріледі. Мұнда оқушыларға аз таныс, қызықтыратын,
энциклопедиялық сипаттағы, яғни құбылыстар туралы мәліметтер
жинауға болады. Бұл тәсіл дәстүрлі оқытудағы «оқулықтан пәлен
парагрофты оқыңдар» деген тапсырмаға қарағанда
тиімді.
Венн диаграммасы – екі затты алып, олардың ерекшеліктері мен
ұқсастықтарын салыстыру.
«Синквейн» тәсілі. Мұны бес жолдан тұратын өлең деп те атайды. Бұл
әрбір ой толғау кезеңінде қолданылады.
Синквейн жазу ережесі:
1) Бірінші қатарға бір сөзбен тақырып жазылады (газ заңдары)
2) Екінші қатарға тақырыпты екі сөзбен келтіруі (газ заңдарының
процесстері).
3) Үшінші қатарға үш сөзбен осы тақырып бойынша іс - әрекет
жазылады (азаяды, артады, өзгермейді).
4) Төртінші қатарға төрт сөзден тұратын осы тақырыпқа қатысты
сөйлем немесе сөз тіркесі.(изобара, изохора, изотерма,
адиабата)
5) Соңғы қатарға тақырып мәнін сипаттайтын бір сөзден тұратын
синоним (изопроцесстер) жазылады.
Эссе стратегиясын ой толғау кезеңінде қолданған тиімді. Мұнда
оқушылар тақырыптық ішкі сырын терең түсініп, өз пікірін, өз ойын
дұрыс жеткізіп, оқу материалының негізін анықтап, сол арқылы оларды
өмірмен байланысын жазады. Сонымен қатар
Кубизм стратегиясы – кубик жасалынып, оның 6 қырына 6 түрлі
тапсырма жазылады. Мұғалім кубті ортаға тастап, қай қыры түссе,
оқушы сол қырындағы тапсырмаға жауап береді.
Білемін. Үйрендім. Білгім келеді. Бұл стратегияны 1984 жылы Чикаго
университетінің профессоры Донна Огл шығарған.
Оның мақсаты – таным үрдісінде рефлексивтілікті
дамыту.
Ол үшін төмендегі кестені толтыру керек.
Білемін
|
Үйрендім
|
Білгім
келеді
|
|
|
|
Топтың мүшелерін дамыту мақсатында уақытты үнемдеу арқылы
оқушылардың барлығын тыңдауға мүмкіндік береді. Кестені толтыру
барысында ұсыныстар және жаңа ойлар қосуға болады.
Концептуалдық дөңгелек стратегиясы кластерге ұқсас, бірақ мұнда бір
шоқтан таралуы керек. Мысалы 10-сыныпта
физика пәні бойынша жүргізген «
Газ
заңдары»
тақырыбында өткізген сабағымда «изопроцесстер»
ұғымына осы стратегияны қолдандым:
Бұл
тәсіл оқушылардың назарын оқылатын тақырыпқа аударуға, сабақ
жоспарын жасауға мүмкіндік береді.
«Ирек» стратегиясы. Оқушылардың танып білу қызметін арттыру үшін
қолданылады. Мұғалім алдын ала мәтінді мағынасына қарай бөліктерге
бөліп тастайды. Бүкіл сыныптағы оқушыларды топқа бөліп, әр топқа
мәтін үзінділерін береді. Әр топ сынып оқушыларға, өздеріне
берілген мәтіндерін түсіндіріп шығады. Мұндағы басты мақсат - әр
оқушы осы тақырыпты түгелдей қамтуында. Осы орайда
«Газ
заңдары» тақырыбын топ бойынша бөліктерге бөліп тастап
және интереактивті тақтадан процесстердің графиктерін құрастыру
арқылы мәтін құрастыруына жол сілтедім.
«Болжам»
стратегиясы. Оқиға мазмұны арқылы оқушыны қиялдату, ойын, сыни
көзқарасын дамыту, проблемалық мәселе туғызу.
Осы орайда әр топқа тапсырмалар бере отырып қиялдауына еркіндік
бердім. Оқушылар арасынан қиялы жүйрік бала дараланып шығатыны
сөзсіз. Тапсырмалар мына тұрғыда жүргізілді.
«Ампер» тобы –қысым тұрақты болғанда, изобаралық процесстің графигі
қалай кескінделеді?
«Вольтметр» тобы – көлем тұрақты болғанда, изохоралық процесстің
графигі қалай кескінделеді?
«Ваттметр» тобы – температура тұрақты болғанда, изотермалық
процесстің графигі қалай кескінделеді?
«Пікір алысу» стратегиясы. Оқушылар бір қорытындыға келетін
мәселеге байланысты пікір таластырады, пайдалы, пайдасыз жақтарын
шешеді. Белгілі тақырыпты алып, әлеуметтік өмірмен байланыстыру, өз
көзқарасын дамыту, өзгені құрметтеуге үйретеді.
«Әңгіме» стратегиясы. Өзіне - өзі есеп беру, көзқарасты дамыту,
білімін анықтау, бағалау.
Технологияны оқытуда басқа да стратегиялар
белгілі: «Жұқа» және «қалың» сұрақтар стратегиясы, Кроссворд
стратегиясы.
Сонымен, сын тұрғысынан ойлаудың әдістемелік тәсілдерін оқу
үрдісінде қолданғандағы маңыздылығы мынада:
- мотивацияның артуы;
- дербес іс - әрекеттің артуы;
- ойлаудың белсенді болуы;
- оқушылардың білігі мен біліктілігінің жан - жақты дамуы;
- логикалық ойлаудың жүйелілігін меңгеру.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану нәтижесінде жеке
тұлғаның қабілеттері жандана түседі.