Шындық пен адалдық

Тақырып бойынша 22 материал табылды

Шындық пен адалдық

Материал туралы қысқаша түсінік
Адалдық пен шындық атты тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Шындық пен адалдық»

Мақсаты:

  • Оқушыларға адалдық, шындық туралы түсінік беру;

  • Оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды т. б адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету;

  • Бірін - бірі сыйлап, мейіріммен қарауға тәрбиелеу.

Міндеттері:

  • Оқушыларға дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым - қатынасын нығайту;

  • Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету;

  • Оқушылардың адамгершілік қасиетін, бір - біріне деген достық сезімдерін нығайту.

Ресурстар: Ұлы тұлғалардың ойлары, нақыл ұлағатты сөздері, адалдық, шындық туралы мақал - мәтелдер, суреттер

Тәрбие сағатының түрі: дамытпалы саяхат сабақ.

Тәрбие сағатының барысы:


1. Ұйымдастыру


Мұғалім сөзі:

  • Сәлеметсіңдер ме оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатымызды бастайық.

  • Бүгін біз әдептілік, адалдық, адамгершіліктің асыл қасиет екені туралы пікірлесіп, өз ойларымызды ортаға саламыз. 

Сергіту сәті:

  • Ия/Жоқ

Ия жауабы – тұру

Жоқ жауабы – отыру


  1. Сен өзіңді адал адаммын деп есептейсің бе?

  2. Қорыққаннан өтірік айтқан кездерің болды ма?

  3. Ата-анаңа жалған айтып, берген уәдеңді бұзған кездерің болды ма?

  4. Сен өзіңді адал доспын деп санайсың ба?

  5. Адалдықты адами қасиеттердің ішінде 1 ші орынға қоя аласың ба?

  6. Сенің адал достарың бар ма?

  7. Біреудің көңіліне қарап, шындықты жасырған кездерің болды ма?

  8. Сенің шынайы айтқан сөздеріңді өтірікке санаған кездер болды ма?


Мұғалім сөзі:

  • Адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен.

Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайым - кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты үлкендер үйретеді. Ол - біздің ата - анамыз, ақсүтін бере отырып, ана тілімен үйретеді. Біз оны түсініп, ата - баба салт, әдеттерін үйренеміз.


«Миға шабуыл». Сұрақтарға жауап бер

1.Адалдық дегенді қалай түсінесіңдер?      

2.Шыншылдық дегенді қалай түсінесіңдер?


Оқушыларға “Уақыт“ тренингін интерактивті тақтадан көрсету.

  1. Сыпайы болу үшін біреудің жымиуын күтпеңіз...  

  2. Жақсы көру үшін, біреудің жақсы көргенін күтпеңіз..

  3. Досыңыздың қадірін түсіну үшін, жалғыз қалуды күтпеңіз...

  4. Жұмыс істеуді бастау үшін ең жақсы жұмысты күтпеңіз...

  5. Кішкене бөлісу үшін көп болғанын күтпей-ақ бөлісіңіз...

  6. Ақыл-кеңесті еске түсіру үшін қателесуді күтпеңіз...

  7. Көмектесу  үшін реті келуін күтпеңіз...

  8. Кешірім сұрау үшін біреудің жылауын күтпеңіз...

  9. Шындықты айту үшін қолайлы жағдайды күтпеңіз…

  10. Күтпеңіз... Өйткені қанша уақыт қалғанын білмейсіз.


«Ой талқы»:

  • Даналық сөздерді оқыңдар;

  • Ойларыңды ортаға салыңдар;


  • Өз пікірлеріңмен бөлісіңдер;

  • Өз көзқарастарыңды білдіріңдер.


  1. «Адалдық - адам бойындағы таза ниет, бағалы қасиет, адамның сана-сезімі мен ар-ұжданына қайшы келмейтін әрекеттер.»            

                                                                                                                      Абай 

  1. Шешен кісі сөз бастар,

Адал кісі - ел бастар. 

Жамбыл Жабаев

  1. Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен

М.Әуезов

  1. Адалдық қайда болса, тіршілік сонда. 

Қаюм Насыри

  1. Адал болғың келсе, жаныңда адал достар болсын. 

Менандр

  1. Әділет тілесе, атаңның болсын айыбын айт

М.Әуезов


«Топтық жұмыс»

Жағдаяттарды шеш


1 топ – Адалдық

2 топ – Шындық

3 топ - Парасаттылық

1 топқа арналған жағдаят:

Ажар мен Алмагүл сабақтан келе жатыр еді. Ажар жарнамадан жаңа фильмнің басталғанын көріп:    

-Менің қалтамда апам “самса алып жерсің” деп берген ақша бар. Кеттік, кино көрейік, -деді.     

 Алмагүл:Үйден сұранып шыққан жоқпыз.Іздеп қалады ғой,- деп іркіліп қалды.   

-Ештеңе етпес, “мектепте болдық” деп айта саламыз....    

Ажардың ұсынысына сендер қалай жауап берер едіңдер?


2 топқа арналған жағдаят:

Сенің Айнұр шын сырлас, мұңдас досың. Ол сыныбыңдағы Айгүлмен ренжісіп қалады да саған келіп Айнұрдың кемшіліктерін айтып досыңды жамандады. Сенің әрекетің?


3 топқа арналған жағдаят:

Менің ең жақын досым мектепте бір баламен достасқан, ол күнде кешке қарай мені өзімен бірге серуендеп жүруге шақырады. Ол: «менің анам, сенімен бірге жүргенімді білсе, ол қарсы болмайды»,-дейді. Досым үйінде ата-анасы ұрыспауы үшін, мен бірнеше рет телефон арқылы оларға өтірік айттым.. Басында мен қиналмастан, оларды жасырып жүрдім, ал қазір олар мені пайдаланып жүр, ал мен күнде өтірік айтуды ұмытпайтын болдым. Менің досымнан ажырағым келмейді. Сонда менің не істеуім керек?


«Мақал-мәтелдердің жалғасын тап»


  1. Адамгершілік болмай,

  2. Адамның ұяты бетінде ,  

  3. Әдептілік белгісі –

  4. Әділ айтсаң ағайынға жақпайсың, 

  5. Әділ сөздің зілі жоқ,

  6. Әділін айтсаң —

  7. Өтіріктің құйрығы


А. Әділдік болмас. 

Ә. Адамгершілігі ниетінде. 

Б. иіліп сәлем бергені. 

В. Әзіл айтсаң маңайыңа жакпайсың. 

Г. Көп көзінен өткен істің міні жоқ.

Ғ. әдемі айтқаның.

Д. бір ақ тұтам


Өлеңді оқып, мазмұнын талдау


Шындық шырайы

Шындық – біреу,

Ол он емес, жүз емес.

Шындық - көктем!

Боз қыраулы күз емес.

Шындық деген,

Өмірдің нақ өзіндей,

Оның ең бір,

Толықсыған кезіндей.

Қағидадай

Қарапайым шындықты,

Дауласпай – ақ,

Дейміз дәйім: шын мықты!

Шындық – қайсар,

Жұлмалауға көнбейді!

Шындық – қайсар,

Бұрмалауға көнбейді!

Шындық – сұлу,

Бәрінен де шырайлы.

Сөйлер болсаң,

Сөйле шындық атынан.

Жарты елі де

Түспе тұғыр сатыдан

С.Сейітов

«Үш елек»

Бір адам Сократтан былай деп сұрапты.

- Сенің досыңның маған не айтқаның білесің бе?

- Сәл кідір, - деп оны Сократ тоқтатты, алдымен айтқалы тұрғаныңды үш рет електен өткіз.

- Үш електен?

- Бірдеңе айтпас бұрын, алдымен оны електен өткізу керек. Алдымен шындық елегінен. Оның шындық екеніне көзің жете ме?

- Жоқ, мен тек естідім.

-Онда сен ол шындық па, жоқ па, оны білмейсің. Онда екінші елек жақсылық елегінен өтейік. Менің досым туралы жақсы нәрселер айтпаөқшысың ба, әлде жоқ па? Соны ойлан.

- Мен тек естідім.

- Бірақ ол шындық па, жоқ па өзіңде білмейсің. Үшінші електі қолданып көрейік. Сен айтқың келгенді менің тыңдауым соншалықты қажет пе?

- Жоқ, ондай қажеттігі жоқ.

- Сонымен, - деді Сократ, сен айтқың келгендеріңде шындық та, жақсылық та, пайда да жоқ. Оны айтудың қажеті не?



Қорытынды

  • Сабағымызды қорытындылай келе, Адал ұрпақ – ел ертеңі екенін тағы бір мәрте айта кету артықтық етпейді. Адалдық қасиеттеріңді жоғалтпаңдар, шынайылыққа ұмтылыңдар. Тура жолдан адаспаңдар. «Адалдық пен шындықты» өздеріңнің Темірқазық жұлдыздарың етсеңдер, ешқашан адаспайсыңдар, «Адалдық пен шындықты» ту етсеңдер, ешқашанда жеңілмейсіңдер.

Кері байланыс

«Адал жүрек»

  • Бүгінгі сабақтан түйген ізгілік қасиеттерді қолымыздағы стикерлерге жазып, оны тақтада ілініп тұрған жүрегімізге ілу арқылы оны ізгілік нұрымен нұрландырып, осы асыл қасиеттерімізді жүректерімізге орнықтырып, оны таза күйінде сақтайық.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.03.2024
243
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі