400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шындық шыңы - ақиқат

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы
  • 1Өзін  өзітанусабағыныңжоспары

Мектеп: Е.Айшуақұлы атындағы орта мектеп  Мерзімі  07.04.2018   

Мұғалімдер:Алхамова Ж.

Сынып:  6ә- сынып Оқушылар саны: 21

Тақырып:  Шындық шыңы – ақиқат.  Құндылық  Ақиқат.  

Қаиеттер:  Шыншылдық, шынайылық, адалдық

Мақсаты: Оқушылардың шындық туралы ұғымдарын кеңейтіп, ақиқаттың құндылығының  мәнін түсіндіру

Міндеттер:

-адами қарым-қатынастағы бүкпесіз шынайылық, қоршаған ортадағы шындық пен ақиқат туралы түсінік беру;

-оқушылардың шындықты жасырмай айта алу, өтірікпен шындықтың ара-жігін дұрыс ажырата білуін  дамыту;

-  оқушыларды  шыншылдыққа, шынайылыққа, адалдыққа тәрбиелеу;

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Белсендіргіш тақта, кейіпкерлер киімдері, бейнебаян

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi:

Топқа бөліп алу

Оқушылар үш ауылға бөлінеді. «Әйтеке би ауылы», «Қазыбек би ауылы», «Төле би ауылы»


5Т ережесі

  1. Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену»

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, балаларыңызға, мұғалімдерге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз…

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.


  1. Үй тапсырмасын тексеру:    Адамбаев. Б  «Сөздің атасы мен анасы» әңгімені оқып келу.

  • Саудагер биге қандай сурақ қойды?

  • Би қалай жауап берді?

  • Сөздің атасы, сөздің анасы деген сөздерді қалай түсінесіңдер?

  • Сендер саудагердің орнында болсаңдар, не істер едіңдер?


Ескерту

Дәйексөз.                                                                                     

Тура биде туған жоқ,

Туғанды биде иман жоқ.

Халық мақалы

 1.Қыздарға бөлек, ұлдарға бөлек оқыту

2.Хормен оқыту

3.Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?


Тақтаға күннің жады, жаңа тақырып жазылады.

Астына дәйексөз жазылады.


Оқулықпен жұмыс:

Поэзия минуты

Б.Айтуқызының «Мұрат етіп шындықты» өлеңін екі минут ішінде жаттап алу керек. Әр ауылға бір шумақтан беріледі.

Мұрат етіп шындықты,

Ақиқатқа жүгінем.

Адалдықты ардақтап,

Жалғандықтан түңілем.


Үлкендердің ақылын

Ақ бата деп ұғынам.

Шынын айтқан кішінің

Пәктігіне қызығам.


Өтірік айтып өрекпіп,

Жамандыққа бармайық.

Алдаймын деп өзгені,

Өзіміз ұятқа қалмайық!


Әр нәрсенің байламын

Шындықпенен шешейік.

Дақ түсірмей жүрекке,

Адал ғұмыр кешейік!

 


Шығармашылық іс әрекет

Сахналау

Қазыбек би жайлы әңгіме

Бір күні екі ана бала үшін дауласып қалады. Содан олар Қазыбек бидің алдына келіп жүгінеді. Біреуі: « Мен баламды есін білмейтін кішкентай кезінде жоғалттым. Соны мына адам тауып алды ма, әлде ұрлап алды ма білмеймін, әйтеуір асырап алыпты. Бүгін мен неше жылдан бері іздеп жүрген баламды тауып, танып, осы адамға мән-жайды айтып баламды қайтаруын сұрасам, мағана бермейді. Бала өзімдікі деп жеңістік бермей отыр» депті.

Екінші ана тұрып: «Бала өзімдікі, өзім таптым. Мына адам жалған айтып тұр.» деп өз сөзін айтыпты. Сонда Қазыбек би екі ананы да сөзін тыңдап болып, біраз ойланып отырады да: «Бірің балаңды жоғалтқаныңды, енді бірің тапқаныңды растап шығарлық мұнда басқа куә жоқ. Сондықтан мен мынадай шешім айтамын.- дейді де, баланың екі қолынан екі анаға ұстатып қойып, үлкен балтаны жоғары көтеріп; «Екеуіңе баланы қақ бөліп беремін.осыған ризасыңдар ма?,- депт37

Сонда балаға ие болып жүрегн ана: «Біреуге тірі кеткенше, жартысы болса да өзімен қалсын, бөлсең бөл!»,-деп безеріп тұрып алады.

Ал баласын неше жылдан іздеп жүрген ана: «Ойбай,биеке-ай! Қайда жүрсе де тірі болсын, баламды шаба көрмеңіз!»,- деп безек қағады. Сонда Қазыбек:

- Еееее, бала мына мына жоғалтқан ананікі. Өйткені, ол баласының амандығын тілеп тұр. Баласын өзіне қайтар!»,- деп әділ шешімін айтыпты.



Төле би жайлы әңгіме

Төле би жас кезінде талай жасы үлкен атақты абыз билердің алдынан өтіп, батасын алады. Бір күні Төле бала әкесіне барады. Жасы жүзге тақап қалған әкесі ел бірлігі жайлы әңгіме айтып отыр екен. Төле , «Әке, қалай еткенде, бірлік болады, оның күші қандай болмақ?» деп сауал қояды. Сонда әкесі жауап берместен бұрын : « Маған бір бума солқылдақ шыбық алып кел. Жауабын сосын берем» дейді.Төле бір бума шыбық алып келеді. Әкесі: « Балам, мынаны сындырып көрші.» дейді. Төле бала буылған шыбықты олай-бұлай иіп сындыра алмайды.

«Енді, осы шыбықтарды бір-бірлеп сындырып көр» дейді әкесі. Төле буылған шыбықтарды шешіп, біртіндеп пырт-пырт сындыра береді.Сонда әкесі: « Балам, бұдан не түсіндің?» - дейді. Төле бала:

- Түсіндім ,әке бұл мысалдың мәнісі мынада екен: Бірлігі, ынтымағы мықты елді жау да, дау да ала алмайды. « Саяқ жүрген таяқ жейді» демекші, бірлігі, ынтымағы жоқты жау да, дау да оп-оңай алады дегеніңіз ғой.

- Бәрекелді ,балам, дұрыс таптың.Ел билеу үшін елді алдымен ауызбірлікке, ынтымаққа шақыра біл. «Бақ қайда барасың десе, ынтымаққа барамын» дегеннің мәнісі осы,- депті әкесі.


Әйтеке би жайлы әңгіме

Әйтеке би бірде Қазыбек биге келіп сәлем береді. Бұл Әйтекенің әлі жастау кезі. Қазыбек би:

- Уа, бала,! «Атадан жақсы бала туса – елдің туы болады, жаман ұл туса, -соры болады.» деуші еді. Соның қайсысы боласы? – дейді.

- Ораздың кәрісі қартайғанда қазына болады, шиырлының кәрісі қартайғанда қазба болады деуші еді,- дейді Әйтеке де.

- Иншалла, қазынамыз, - дейді Қазыбек би.

-Ендеше біз туымыз, - дейді Әйтеке де .


Топпен ән айту.  «Домбыраның күмбірі» Ә.Кенжебаев




Марапаттау

Оқушы пікірі

Үш ауылдан бір-бір оқушыдан пікір айту


Үй тапсырмасы.

27 сабақ  «Ақиқат» мәтінін оқып келу



Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.

Қорытынды:

Әрбір адам - туысым, досым,жұрағат

Әрбір сабақ – үйрену, ұғу, ұлағат.

Әрбір сөзім – шындық, әділ, адалдық,

Әрбір ісім – бірлік, берік, адамдық.


Оқушылар, бүгінгі сабақта айтылған жақсы қасиеттерді жүректеріңе сақтап алыңдар. Сабақ аяқталды. Сау болыңдар!


































«Ақиқатты жақтаймыз »әні мұғалімдер шығармашылығы

«Көгілдір вагон» әні музыкасы желісімен


Шынайылық мұхитында кемеміз

Әділдікпен біздер алға жүземіз

Ұстазымыз ақиқатты айтқандай

Оны біздер құндылық деп білеміз


Қайырмасы:

Шындықты жақтаймыз, мақтаймыз, сақтаймыз

Жалғанды айтпаймыз, біздер айтпаймыз

Шындықты жақтаймыз, мақтаймыз, сақтаймыз

Жалғанды айтпаймыз, біздер айтпаймыз


Өтіріктің ісі өрге баспайды

Шыншыл достан ешкім сірә қашпайды

Ей, достарым, ар-ожданды таза ұста

Адал адам тура жолға бастайды


Қайырмасы:

Шындықты жақтаймыз, мақтаймыз, сақтаймыз

Жалғанды айтпаймыз, біздер айтпаймыз

Шындықты жақтаймыз, мақтаймыз, сақтаймыз

Жалғанды айтпаймыз, біздер айтпаймыз





«Ақиқатты жақтаймыз »әні мұғалімдер шығармашылығы

«Көгілдір вагон» әні музыкасы желісімен


Шынайылық мұхитында кемеміз

Әділдікпен біздер алға жүземіз

Ұстазымыз ақиқатты айтқандай

Оны біздер құндылық деп білеміз


Қайырмасы:

Шындықты жақтаймыз, мақтаймыз, сақтаймыз

Жалғанды айтпаймыз, біздер айтпаймыз

Шындықты жақтаймыз, мақтаймыз, сақтаймыз

Жалғанды айтпаймыз, біздер айтпаймыз


Өтіріктің ісі өрге баспайды

Шыншыл достан ешкім сірә қашпайды

Ей, достарым, ар-ожданды таза ұста

Адал адам тура жолға бастайды


Қайырмасы:

Шындықты жақтаймыз, мақтаймыз, сақтаймыз

Жалғанды айтпаймыз, біздер айтпаймыз

Шындықты жақтаймыз, мақтаймыз, сақтаймыз

Жалғанды айтпаймыз, біздер айтпаймыз


























    1. Еркеназ, Алтын, Зере үшеуі бір сыныпта оқиды, әрі бір аулада тұрады. Мектептен келген соң олар бірге ойнап, бірге серуендейді. Еркеназ кітап оқығанды ұнатады, Алтын үнемі үй шаруасына көмектесіп, анасына қолғабыс жасайды. Ал Зеренің уақыты көбінесе теледидар көрумен өтетін. Мінезі ашық болғандықтан ба, барлық істі алдымен Зере шештін. Үшеуінің мінезі үш түрлі болса да, олардың достығына бәрі қызығатын. Бірақ соңғы кезде достардың арасында бір келіспеушілік болған сияқты. Бұрынғыдай емес, Еркеназ өзінен-өзі Зереге қырын қарап, бойын одан алшақ ұстай бастады. Оның есессіне Алтын мен Еркеназ екеуі жұмбақтап сөйлейтін әдет шығарды. Бірде Зере Еркеназдан не болғанын сұрады. Еркеназ күмілжіп, онша нанымды жауап айта қойған жоқ. Оның бұл қылығана түсінбеген Зере шындықты айтуды өтінеді.

  • Балаларлың достығына неліктен қылау түсті деп ойлайсыңдар?

  • Оқиғаны әрі қарай өрбіте немесе өзгерет отырып, жағдаяттың шешімін табыңдар.

2.Марғұлан кеше анасына өтірік айтып, тарих сабағынан алған екілікті жасырып қалды. Ол тоқсанның аяғына дейін ата-ана жиналысы болмайтынынына сенімді еді. Бірақ сынып жетекшісі ертең ата-аналар жиналысы болатынын хабарлады және осы жолы барлық ата-аналардың қатысуы міндетті екенін ескертті.Журналдағы екілікті анасының көретінін ойлап, Марғұланның басы қатты.

  • Марғұлан жиналыс болатынын ата-анасына қалай айтады деп ойлайсыңдар?

  • Марғұланның орнында болсаңдар не істер едіңдер?

  • Өтіріктің арытнда шындық тұратынын қалай түсіндіруге болады?


3.Әнел әкесіне берген уәдесін ұмытып кетті. Жайлауға келген соң, ойынның қызығымен таңның қалай атып, кештің қалай батқанын байқамады. Өзімен ала келген кітаптары жайына қалды. Жазғы демалыста дайындалып, жас математиктер мектебіне түсем деген мақсатын да естен шығарды. Жаз да өте шықты. Қалаға келген соң Әнел уақыттың босқа өткеніне қатты қынжылды. Әкесіне шынын қалай айтуды білмеді.

  • Әнел шындықты қалай түсіндіреді деп ойлайсыңдар?

  • Әнелге қандай ақыл қосуға болады?



«Сен шындықты мойындай аласың ба?» Тест

    1. Сенің досың қиын жағдайда тұр:

А) сен онымен жолығудан қашқақтап аоаласпайсың

Ә) тез арада оған көмекке келесің

Б) өзге достарыңнан көмек сұрайсың


2.Сен біреумен келісім жасар болсаң:

А)оның сөзіне сенесің

Ә)сенімділік үшін қолхат дайындайсың

Б)ыңғайына қарай өзіңе зияны тимейтін жағын қарастырасың


3.Қиындық туындаған кезде:

А)істің жүзеге асуына сенімсіздік танытып, ойлағаныңнан бас тартасың

Ә)бәрі жақсы болады деп бірнеше уақыт үміт үзбей күтесің

Б)қиыншылықтарды жеңуге деген құщтарлығың жеңіске әкеледі


4.Егер саған күтпеген жағдайда күрделі сұрақ өойылса:

А)ойыңа келген ең бірінші дәлелге сүйеніп жауап бересің

Ә)ұзақ ойланып, содан кейін жауап бересің

Б)тез жауап бересің және шындықты айтасың


5.Егер сен пікірталас кезінде қателескеніңді түсінсең:

А)сол жерде қатеңді түзейсің

Ә)қателік жібергеніңді біле тұра, өзіңнің ойыңды қолдап жалғасытара бересің

Б)пікірталасты доғаруға тырысасың


6.Сенің ойыңша шындықты мойындау – бұл:

А)оңай емес, және барлығы жағдайға байланысты

Ә)жүйкенің қозу жағдайына және күйінішке әкеледі

Б)маңызды және қажет


7.Егер досың екеуіңнің пікірлерің бір-біріңе кереғар келсе:

А)әдетте сен оның көзқарасын өзгерте аласың

Ә)сен өз пікіріңде қаласың

Б)ол сенің көзқарасыңды өзгерте алады немесе жартылай өзгертеді


8.Өте қызу пікірталастан кейін:

А)қарсыласыңның барлық дәлелін есіңе сақтап қаласың

Ә)оларды ұмытқан жақсы деп ойлайсың

Б) өз пікіріңді қорғауға қажетті дәлелдепрді іздестіресің


9.Егер сенің досың бір нәрседен қателессе:

А)оған көмектесіп, қатесін түзету жолдарын ұсынасың

Ә)оның қателескенін біле тұра қолдайсың

Б)бұл тақырыпта сөйлеспейсің


Сұрақтар

А

Ә

Б

1

0

2

1

2

1

2

0

3

0

1

2

4

0

1

2

5

2

0

1

6

0

1

2

7

2

1

0

8

2

0

1

9

2

0

1


Оқушылар төмендегі ұпайлар санына қарай өздерінің шындықты қалай мойындай алатындықтарын сипаттай алады.

Жиналған ұпай саны 16- дан жоғары болса:

Сен шындық үшін күресетін адамсың. Сенің бойыңда жақсы жұмыс істеуге лайықты көптеген жақсы қасиеттер бар. Алайда сен оны тек абстрактілі ойлау кезінде, шындықты айту мен оны қорғау кезінде қолданасың және нақты іске көшесің.

12-ден 16 ұпайға дейін болса:

Сен әдеттежалған кінәтағылған адамды қорғайсың.Бірақ сенің еңбегің әрқашан ақтала бермейді. Әділеттік үшін күресу кезінде басқа біреудің көмегіне жүгінесің.

12 ұпайдан төмен болса:

Сен біреудің дауын шешуден аулақ жүресің. Бірақ бұл өте қиын, себебі көбіне сен үшін сәтсіз аяқталады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
04.04.2019
457
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі