Тәрбие
жұмысының теориясы мен әдістемесі
«СЫҢҒЫРЛА,
АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ»
АТТЫ
БІЛІМ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН
САЛТАНАТТЫ
ЖИЫН ӘЗІРЛЕМЕСІ
Әзірлеген:
Ахмет Талғар
Тексерген:
Тайболатов Қ.М.
Павлодар
– 2020
Мақсаты:
оқушыларға
1-қыркүйек білім күні екендігін түсіндіре
отырып, мектеп қабырғасында саналы да
сапалы білім алу керектігін түсіндіру.
Білімге деген құштарлықтарын ояту.
Еліміздің білімді, тәрбиелі азаматын
елжандылыққа тәрбиелеу.
Міндеттері:
Білімділік:
оқушыларға 1-қыркүйек күні – білім күні
жайында түсінік беру. Өз туған елдеріне,
жерлеріне, мектепке деген сүйіспеншілікке
тәрбиелеу.
Дамытушылық:
оқушылардың
жеке қасиеттерін дамыту, тақпақ, өлең,
әндерді нақышына келтіріп айтуға үйрету.
Тәрбиелік:
бір – бірін сыйлауға, адамгершілік
қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеу.
Өткізу
формасы: Салтанатты
жиын
Көрнекіліктер:
Шарлар,
гүлдер, жалаулар, білім күніне арналған
плакаттар мен білім туралы заңның
стендері.
Барысы:
1-
жүргізуші: Құрметті
ұстаздар, қонақтар, ата-аналар, аяулы
оқушылар! Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа
толы «Сыңғырла, алғашқы қоңырау» атты
білім күніне арналған салтанатты жиынды
ашық деп жариялаймын!
ҚР
гимні
Салтанатты
жиынға қатысушы қонақтармен таныстыру.
2-
жүргізуші: Салтанатты
мерекелік жиынды ашу үшін мектебіміздің
директоры ____________беріледі.
1-
жүргізуші:
Нұрлы
үмітін көтеріп ол арқаға,
Жан
сәулесін тарататын баршаға.
Шын
пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Қонақтарды
шақырамыз ортаға,- дей келе сөз салтанатты
жиынның қадірменді қонақтарына беріледі.
2-
жүргізуші:
Мектеп
деген білім күні, жыр күні
Мектеп
деген ғылымның ең үлкені
Мектеп
деген тәрбиеші адамға
Мектеп
деген даналардың мекні- дей отыра келесі
кезекті мектебіміздің түлегі_____________
«Мектебім» әсем әнімен қабыл алыңыздар.
1-
жүргізуші: Халқымыз
«Ата-баба дәстүрі - асы мұра» дегендей
«Бала - бауыр етім» деп баласы шыр етіп
дүниеге келгеннен бастап, әрбір қадамына
қуанып, шілдехана, бесік той, тұсау
кесер, ашамайға отырғызу сияқты тойларын
жасаған. Ал бүгінгі тойымыз бүлдіршіндердің
6-ға келіп, 1-сыныпқа қабылданып Алғашқы
қоңырау мерекесіне қатысу сәті. Бұл той
баланың бал дәурен шағымен қоштасып,
білімге талпынған қадамы. Құрметті
халайық, олай болса, оқушыларымыздың
тойын бастауға рұқсат етіңіздер!
(1-
сынып оқушыларын қарсы алу, арнайы
дайындалған тақпақтар оқу.)
2-
жүргізуші:
Күтіп
тұр, алда сан қызық,
Асулар
асқақ, неше сын
Кеудеңе
үміт жанғызып,
Азамат
болып өсесің.
Үміттің
отын жандырған
Қызырдан
болсын қолдаушың
Хош
келіпсің, балдырған
Қадамдарыңа
нұр жаусын! – келесі «Әсем» би тобының
орындауында испан биі өздеріңе арналады.
1-
жүргізуші:
Жаңа
оқу жылы құт болып,
Ізгілік
оты жағылсын.
Бөбек
пен түлек жұп болып,
Алғашқы
қоңырау соғылсын – алғашқы қоңырауды
күмбірлете соғу үшін ортаға мектебімізден
биыл түлеп ұшатын және мектеп табалдырығын
алғаш аттағалы тұрған оқушыларды
шақырамыз.
Алғашқы
қоңыру соғылу кезеңі.
2-
жүргізуші:
Жаңа
оқу жылы басталды.
Шаттықпен
шалқып толғана
Ой
толқытқан жүрегін
Өмірге
алмақ жолдама
Сыр
шертсін енді түлегің.
Бітіруші
түлектердің бүлдіршіндерге тілектері.
1-түлек:
Кеше
ғана аттаған,
Мектеп
табалдырығын
Бүлдіршін
едік бастаған
Ақ
бантикті тұлымың
Иә,
кеше, кеше еді,
Сәби
едік балдырған
Азамат
болып көшелі,
Табылмақпыз
сан қырдан
Сусындап
білім нұрына
Өткеріппіз
он жылды
Қанығып
өмір қырына,
Зердеге
түйдік мол сырды.
2-түлек::
Оқыған
әпке, ағаңыз,
Қадірлі
мектеп бұл мектеп.
Сендердей
біз де болғанбыз,
Есейдік,
міне, қараңыз.
Құт
болып алғаш қадамың,
Жағарсың
білім шырағын.
3-түлек::
Биылғы
жыл ерекше,
Ұғарсың
оның шын мәнін.
Құттықтап
білім күнімен,
Сыйланар
сізге әліппе.
Бар
білімнің бастауы,
Қадірле
оны дәріпте.
1-
жүргізуші:
Егемен
елдің төсінде,
Шуағын
шашсын арай күн.
Азамат
болып өсіңдер.
Қызыға
жұрттар қарайтын – дей келе «Алға
Қазақстаным » әнімен _________________қабыл
алыңыздар!
2-
жүргізуші: Осымен
1- қыркүйек білім күніне арналған
«Сыңғырла, алғашқы қоңырау» атты білім
күніне арналған салтанатты жиынымызда
өз мәресіне жетті. Салтанатты жиынымызды
жабық деп жариялаймыз. Білім күні құтты
болсын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш
болсын!
1-
жүргізуші:
Жаңа
оқу жылы баршаңызға құтты болсын! Алғашқы
қоңырау мерекесі сыныптарда білім күні
сабақтарымен жалғасады. Ақ жол сіздерге,
мектеп оқушылары!