400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал сабақ барысында жаңа технологияларды пайдалану жөнінде айтылған.Сабақ беретін кез келген оқытушыға қажет деп ойлаймын.Өйткең қазңргң таңда жаңа технологияларды сабақта дұрыс қолдану кез келген ұстазға қажет№
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кәсіби біліктілік –заман талабы

Рахматуллина А.Р.

Абай атындағы Қаз ҰПУ нің қаржы және бухгалтерлік есеп кафедрасының оқытушысы



Жаңа ХХІ ғасыр талаптарына сәйкес білім беруді ұйымдастырудағы педагогикалық ұжымдардың заманауи іздестіретін еліміздің педагогикалық қауымдастығына кеңірек таныстырып отыру қажет.. «Білім туралы» заң, мемлекеттік «Білім» бағдарламасы, тағыда басқа үкімет қабылдаған маңызды қаулылар білім беру жүйесін нарық ұстанымдарын талаптарын ескере отырып дамытуына жаңа жол ашуда. Қазақстан Республикасының білім жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасында: «Орта білім берудің мақсаты- жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешім-дер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» -деп нақты көрсетілген.

ХХ ғасырдың ірі өкілі,белгілі ағартушы Ж.Аймауытов ұстаз қызметін былай сипаттайды: «балаларға білім берумен, тәрбиелеумен мұғалімнің қызметі тәмәм болмайды. Ол балаларды тәрбиелеуге, үгіттеуге міндетті, басқаша айтқанда, мұғалім қарапайым қызметкер емес, ол шәкіртінің алдағы өмірін өз басынан кешірген тәжірибесіне таянып, оларға келешекте өмірде аяғын шалыс басып, соққы жеп өкінбеске күні бұрын сақтандыратын қорғаушысы, қамқоры.» Оқу-тәрбие үрдісін ұйымшылдықпен жүргізуде-мұғалім басты тұлға. Осындай талапқа сай қызмет істеу үшін алдымен мұғалім өзінің теориялық және әдістемелік білімін ұдайы толықтырып, үздіксіз ізденуі, өз мамандығын барынша жетілдіру және қызметі саласындағы жаңалықтар мен өз тәжірибені үнемі пайдалануы тиіс. Сонда ғана мұғалім қызметі бүгінгі күннің талабына сай болады. Үздіксіз іздену - бүгінде мұғалімдерге қойылып отырған басты талаптардың бірі.Мұғалім шеберлігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі – әдістеме саласындағы ғылыми жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік игеру. Оларды өзінің күнделікті қызметінде пайдалана білу, осы орайдағы мұғалімнің шығармашылық еңбегі, ең алдымен, сабақпен байланысты. Демек сапалы, тиімді әрі нәтижелі жүргізген әрбір сабақ – ұстаздың тынымсыз еңбегінің айғағы.

Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір білімгердің сапалы және терең білім мен іскерліктің болуын, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуін, ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Оқыту технологиясы оқыту үрдісіне қажетті әдіс, тәсіл, амал, дидактикалық талап секілді психологиялық іс-әрекеттердің жүйелі кешені ретінде пайдаланылады. Қазіргі кездегі білім беру сапасы білімгердің әртүрлі әрекет саласында өз бетінше шешім қабылдауға мүмкіндікті қамтамасыз ететін қалыптасқан негізгі құзіреттілік түріндегі білім нәтижелерімен түсіндіріледі.

Сондықтан, бүгінгі таңда ұстаздардың алдында тұрған міндет: табысты және тиімді әрекетке дайын, өзінің пікірін білдіруге және өзінің іс-әрекеті мен өмір сүріп отырған қоғам үшін жауапкершілігін түсінуге қабілетті, отбасындағы, қоғам-дағы, еңбек ұжымындағы әлеуметтік рөлін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру.Жалпы құзіреттіліктің сипаты қандай екендігіне тоқталып өтсек, кейбір сөздіктерде құзіреттілікке белгілі бір зат, құбылыс жөнінде пайымдауға, салмақты да беделді пікір айтуға мүмкіндік беретін білімді игеру ретінде түсіндірме берілген. Ал, орыс тілінде құзіреттіліктің аудармасы компетентность. «Компетенция» ешқандай білімге де, біліктілікке де келіп тірелмейді. Кең ауқымды білімге ие, бірақ, оны қажет болған кезде іске асыра алмайтын адамдарды кездестіруге болады. Компетентті болу деген оқымысты немесе ғалым болу деген сөз емес. Компетенция адамның білімі мен практикасындағы іс-әрекеттер арасында болатын қатынас ортасы болып қалады» деп жазады орыс ғалымы М.В. Рыжаков өз еңбегінде («Ключевые компетенции в стандарте», М., 1999).Кейбір сөздіктерде құзіреттілік құзырлылық деп те қарастырылып, оған төмендегідей анықтама берілген. «Құзырлылық адамның стандарттан тыс жағдайда нәтижелі әрекет ету қабілеті. Құзырлылықтың пәндік дағдыдан айырмашылығы, жаңа тапсырманы шешуде бұрын сабақта қалыптаспаған дағды пайда болады». Тұлға құзыреттілігін дамыту үшін ұстаздың құзыреттілікті тәсілдерді меңгеруі, білім беру мазмұнын жетілдіруі қажет және жаңа инновациялық әдіс – тәсілдердің ең тиімдісін пайдалануда жоғары нәтиже береді деген сенімдеміз. Дәрісті басқаратын талқылау, кітап оқу, бейнетаспа, өнер қойылымдары немесе басқа да нұсқау әдістерінің қайсысы болмасын жаңа білімді бұрынғымен біріктіре отырып және ақпараттың жаңа мазмұнға қолданбалылығы мен қолайлылығын қарастыра отырып, белгісізден белгіліге қарай жүретін ақпарат пен идеяның маңыздылығы жөнінде шешім қабылдауларына әсер етеді.Осы арқылы білімгерлер жаңа идеяны қабылдайды, ескі мен жаңаны ұштастырады, ойлау қабілетін кеңейтіп, не түсінгенін анықтайды.Білімгерлер берілген тапсырмаларды топта талқылап, ұжымда өз ой-пікірлерін ортаға салады.

Қазіргі уақытта педагогика ғылымның бір ерекшелігі- білімгерлердің тұлғалық дамуына бағытталған жаң оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.Жаңа педагогикалық технологияларға ынтымақтастық педагогикасы, білім беруді ізгілендіру технологиясы, мәселелік оқыту технологиясы, тірек белгілері арқылы оқыту технологиясы, түсіндіре басқарып озат оқыту технологиясы, деңгейлік саралап оқыту технологиясы, міндетті нәтижелерге негізделген саралап оқыту технологиясы, модулдік оқыту технологиясы және жобалап оқыту технологиясы кіреді.

Жаңа оқыту технологиясының негізгі мақсаты – білімгерді өз бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту. Қазіргі кезде,тірек белгілері арқылы оқыту технологиясы жиірек пайдаланылып жүр.Мұның мақсатты білім,білік,дағдыны қалыптастыру, оқытуды жежелдету.Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясының ерекшеліктеріне тоқталсақ:

  • Үнемі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, жоғары деңгейдегі қиыншылық, блокпен оқыту, тіректі қолдану;

  • Жеке бағдарлы қарым-қатынас, ықпал;

  • Ізгілік,еркімен оқыту;

  • Әр білімгердің жобасының жариялылығы, түзетуге, өсуге, табысқа жетуге жағдай жасау;

Тағы бір тоқтала кететін оқыту технологиясы модулдік технология дамыта оқыту идеясына негізделген. Мұның негізгі мақсат – білімгердің өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту арқылы оқу материалын өңдеудің жекелеген тәсілдерімен жұмыс істеуге үйрету. Модулдік оқыту білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқытудың әдісі мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді..Мұның мазмұнына:

  1. Оқытудың жалпы мақсатын қою;

  2. Жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу;

  3. Білімгердің білім деңгейін алдын-ала (диагностикалық) бағалау;

  4. Оқу әрекеттерінің жиынтығы (бұл кезеңде жедел кері байланыс негізінде түзету жүргізілуі керек);

  5. Нәтижені бағалау енеді.

Ал,оқытушының алдын ала жұмысы төмендегідей әрекет- қадамдардан тұрады:

1-қадам: Берілген тару, блок немесе тақырып бойынша бағдарламада меңгерілуі тиіс деп көрсетілген міндетті білім, білік және дағдыларды, сондай-ақ оқыту мақсаттары мен міндеттерін айқындау.

2-қадам: Берілген модуль бойынша оқу материалының тұтас мазмұнын оқып - зерттеу.

3-қадам:Берілген модуль бойынша негізгі мағынаны білдіретін түйінді ұғымдарды, тақырып бойынша негізгі ақпарат беретін рельефтік (код сияқты) сөздерді табу. Олардың өзара байланысы мен өзара бағыныштылығын анықтау.

4-қадам: Тұтас тақырып бойынша тірек сызбаларын құрастыру.

5-қадам: Берілген модульдегі оқу материалын тұтас мазмұны бойынша сынаққа қажетті сұрақтар мен тапсырмалар блогін құрастыру.

6-қадам: Оқу материалының мазмұны бойынша әрбір білімгерге арнап бірінші күрделілік дәрежесіндегі, орташа күрделілік дәрежесіндегі тапсырмалар және оқытудығ ізденушілік (зерттеушілік) элементтері бар аса күрделі дәрежедегі тапсырмалар әзірленеді.

Қазіргі таңда қоғам сұранысын қанағаттандыру үшін білімді ғана емес, танымдық ізденісі жоғары деңгейдегі мамндарды даярлау қажет. Мұндай мамандарды даярлау үшін,жаңа оқыту технологияларын кеңінен пайдалана отырып,жаңашылдық деңгейдегі танымдық,ғылыми зерттеу жұмыстарын жолға қою.

ӘДЕБИЕТТЕР

1.Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңы». 05.06.1999г.

2. Кенжебеков Б. Маманның кәсіби құзіреттілігінің теориялық негізі. Бастауыш мектеп 2006 ж,. № 7.

3. Профессиональное развитие из опыта учителей, Алматы, 2005ж.

4.Әбілқасымова А.Е., Омарова Р.С. Мұғалімдердің танымдық іздемпаздығын қалыптастыру негіздері. Алмат6ы, 2003ж.

5.Жанпейсова М.М. Модульдік оқыту технологиясы.Ақтөбе,1999ж.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
23 мамыр
428
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі