Материалдар / "Сыни тұрғысынан ойлау" есеп
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Сыни тұрғысынан ойлау" есеп

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қаңтар 2019
338
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



«Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модулі бойынша рефлексивті есеп Бүгінгі таңдағы білім беру –өсіп келе жатқан ұрпақтың ақыл-ойы мен дамуының, мәдениетінің деңгейін анықтаушы фактор. («Мектеп» журналы 2012 жыл, 12-бет) Сыни тұрғыдан ойлау- Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. (Мұғалімге арналған нұсқаулық 49-бет) Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды: біз, мұғалімдер жоғары және қосымша білім беру, біліктілікті арттыру жүйесі шеңберінде бұл дағдыларды қалайша дамытып, өз жұмысымызда қалайша қолданып жүрміз. Бұл ұғым оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. (Мұғалімге арналған нұсқаулық 49-бет) Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, мемлекетіміздің экономикасы қарқынды дамуы үшін қазіргі нарық қатынасы талаптарына жауап бере алатын, сыни ойлана алатын, шығармашыл адамдар қажет. Сыни тұрғыдан ойлау Бағдарламаның өн бойында екі мағынада қарастырылады: оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту және мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауын дамыту. Бағдарлама өзара байланысты бұл үдерістердің екеуін де дамытуды қарастырады. Оқушыларға қатысты сыни тұрғыдан ойлау ақпарат пен идеяларды синтездеу қабілеті, ақпарат пен идеяның шынайылығы мен салыстырмалы түрде маңыздылығы туралы ойлана білу қабілеті, өзінің оқуына қатысты таңдау жасау және басқалардың идеяларына күмәнмен қарау қабілеті ретінде түсіндіріледі. Мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауы өзінің жұмыс тәжірибесін, жаңа тәсілдерді қолдану және бағалау әрекеттерін сыни тұрғыдан бағалауды қамтиды. (Мұғалімге арналғын нұсқаулық 13- бет) Сыни тұрғыдан ойлай алатын оқушы, өмірдегі қиындықтарды шеше алатын болады. Олар мәтіндерді талдау арқылы және топпен жұмыс жасау кезінде, ойларын ортаға салу кезінде,өздерін мазалап жүрген сұрақтарға жауап іздеп табады. «Тәжірибедегі рефлексия» бағдарламасы негізінде менің ұғынғаным оқушылардың ойлау дағдысын дамытуда сыни тұрғысынан ойлаудың тиімді лігі ақпарат жинауда,дәлелдерді сын тұрғысынан талдау мен бағалауда,кепілдендірілген шешімдер мен жинақталған қорытындыларда, нақты ақпаратты анықтауда (МАН 43бет) маңызы зор екендігін түсіндім. Сұрақ дұрыс қойылған кезде ол сабақтың тиімді құралына айналады. (МАН 41бет) Оқушылардың зерттеу, талдау, талқылау, қорытынды, интерпретация жасату арқылы сыни ойлауын дамыту – қазіргі мұғалімдердің алдына қойған міндетті шешуде негізгі құрал болып табылады. Балаларды ХХІ ғасырда және кейінгі ғасырларда да өмір сүру үшін қажетті дағдылармен және қасиеттерімен қаруландыру – мұғалімдер үшін ынталандырушы күш болып табылады. Балалар күннен күнге қолжетімділік артып келе жатқан анағұрлым кең коммуникациялық үдерістерге тиімді және ойдағыдай қатысуға мүмкіндік беретін сыни тұрғыдан ойлау мен зерттеу дағдыларын дамыту керек.(Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 51 бет) Сыни тұрғыдан ойлау нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел - уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір - көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды. Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім. Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы «конструктивті» теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған. Сындарлы оқытудың мақсаты - оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерлерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.Сын тұрғысынан ойлау мәтіндерді есепке ала отырып бақылау және тыңдау арқылы дәлелдер келтіреді.Александр өз тәжірбиесінде жасап зерттеп балаларға білім берудің бес үлгісін анықтаған болатын.1. Механикалық есте сақтау-сабақ барысында айтылған фактілерді өмірде қолдана алуы.2.Декламация-сабақты қорытындылау кезінде тест сұрақтары арқылы тарауды қайталап еске түсіру.3.Нұсқаулық-оқушыларға қалай жұмыс жүргізуге түсіндіруге бағытталған.4.Талқылау-кез-келген мәселені шешу барысында оқушылар бір-бірімен Ой бөлісу.5.Диалог-түсінгендері мен ойларын тездетіп жеткізуге ықпал ететін құрылымдалған кумулятивтік әңгіме мен пікірталас арқылы мақсатқа жету.(мұғалімдерге арналған нұсқаулық-47бет ) Осы айтылған бес үлгі оқушы бойында табылса бұл ұстаздың ең биік жетістігі. Сын тұрғысынан ойлау -ашық қоғам негізі.Ол өз алдына сұрақтар қойып және оларға үнемі жауап іздеу, әр мәселеге байланысты өз пікірін айтып, оны дәлелдей алу,сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелерді қисынын зерттеу дегенді білдіреді.Сыни ойлау-адам өмірінің бір саласы. Олай делінетіні-бұл философия адамдарға көптеген жолдар мен шешімдер ішінен өздері үшін маңызды, әрі пайдалы екенін, тек қажетті ақпараттарды ғана жинап, жаңа білімді бұрынғыдан ажырата білуге көмектеседі.Сыни ойлауды дамыту технологиясяның дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы-білімнің дайын күйінде берілмеуі. Бұл жобаның мақсаты- демократиялық қоғамда өз көзқарасы, пайымдауы бар,өзін-өзі жетілдіріп отыратын, айналадағы үдерістерге сыни көзбен қарап, жауап бере алатын жеке тұлғаны қалыптастыру.СТО  жобасын пән ерекшелігіне қарай қолдана білу-білім беру сапасын арттырудың, оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы. «Сын тұрғысынан ойлау»- сынап қарау емес, оқушының шыңдалған ойлау әрекеті.Бұл  технологияның негізінде оқушылар  топпен жұмыс істеу арқылы өзара пікірлесіп, ұтымды жауаптарды тауып айтуға үйренеді, іздене отырып, өз ойын айтуға, дәлелдеуге мүмкіндік алады. Топпен бірігіп жұмыс жасау тұлға бойында шыдамдылық,  мейірімділік, ұжымдық жауапкершілік, бірігіп бір мәселені шешу  секілді жағымды қасиеттерді дамытады.Сонымен кез – келген сын тұрғысынан ойлаушы топпен немесе жұппен жұмыс істеп, ауқымды мәселелерді шешеді. Оқушы әр уақытта өзіндік ойлайды, өзінде бар білімнің барлығын қолдана алады және өзінің айтқандарын нақтылай түсу үшін дұрыс дәлелдер келтіре алады. Сыни тұрғыдан ойлаудың анықтамаларының негізінде құндылықтар мен амалдар жайында күрделі шешімдерді қабылдаудағы ақылға қонымды, сараланған қатынас жатыр. Роберт Эннис сыни тұрғыдан ойлауда «не істеп, неге сену керектігі жөніндегі ой елегінен өткен шешімдерді қабылдау» деп анықтама береді. Жалпы сыни тұрғыдан ойлайтын оқушы белсенді болады, сұраққа нақты жауап береді, мағынаны анықтау үшін стратегиялар қолдана біледі, олар жазбаша да ауызша да ойларын ашық түрде айта алады. (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 52-бет) Сын тұрғысынан ойлауды дамытуда сынып оқушыларын “ жақсы ” “ жаман ” деп бөлмей, барлық балаға бірдей жағдай туғызуды мақсат ету. Мен өз сабақтарымда нашар оқушылардың да өз шамасы келгенше, қабілеті жететін жерге дейін еңбек етуін ойластырамын. Бала сол арқылы өзінің шамасы келетін дәрежеге өзін дамыта алады. Бұл кезде бала қателеседі, жаңылады. Ондай жерде мұғалім өзіміз байсалды, сабырлы болуымыз керек. Сонда ғана нәтижесін көре аламыз. Сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдалана отырып, оқушылардың жұмысты дұрыс ұйымдастырып, өзінің алдағы мақсатына жетуін көздеймін. Сын тұрғысынан ойлаудың дағдыларын дамыту сыныпта тиісті орта жасауды талап етеді. Оқушыларға сын тұрғысынан оқыту сәттерінде ғана, мұғалім тарапынан қолдау көрсетіледі. Қолдау ашық түрде емес, ол астыртын, жетелеу сұрақтары арқылы жүзеге асады. Сондықтан да әр сабағымды оқушы не біледі, не айта алады соны анықтаудан бастаймын. Осы арқылы ой қозғау, ой жинақтау, қызығушылықты ояту жүзеге асады. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршімен бөліседі, тобында талқылайды. Бұл кезеңде оқушы тапсырма бойынша жұмыс жасайды, пікірлеседі, тыңдайды, ортақ шешімге келеді. Күнделікті өз сабақтарымда оқытудың тиімді тәсілдерін пайдалана отырып, оқушыға қойылатын сұрақтардың нақты болғанын қалаймын. Кез – келген сапалы білім мен тәрбие мұғалімнің шеберлігіне байланысты берілетіні бәрімізге аян.Сол себепті сабағымды жоспарлау барысында тиянақты бастан аяқ мұхият көз елегімнен өткізіп жоспарлаймын. «Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер.» Ж.Аймауытов.









































Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!