Шыншылдық- адамдықтың белгісі.

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Шыншылдық- адамдықтың белгісі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Шыншылдық -адамдықтың белгісі тақырыбындағы тәрбие сағаты.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бекітілді:


Білім беру ұйымының атауы

Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия

Пән аты:

Тәрбие сағаты

Педагогтың Т.А.Ә

Аниева А.М

Күні:

25.11.2024ж

Сынып: 1 «Г»

Қатысушылар саны:35

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

«Шыншылдық – адамдықтың белгісі»

Қауіпсіздік сабағы «Мұз үстіндегі қауіптер» (10 минут)

Сабақ мақсаттары:

Шындық ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу. Шындықпен өтірікті ажырата білу жайында ойларымен бөлісу, мейірімділік адами қасиетімен өзара адал қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту - шыншыл, адал болуға тәрбиелеу.

Құндылықтарды дарыту

Апта дәйексөзі: Әділетте берік болсаң аяғың таймайды!

Ай құндылығы: Әділдік пен жауапкершілік

Өз ісіне жауапкершілікпен қарауды үйрету, адалдыққа тәрбиелеу

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/

Педагогтің әрекеті

Оқушының

әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басталуы

Тыныштық сәті:
- Балалар денемізде түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар, көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Енді көзімізді ашайық.
- Тақтадағы сөйлемді оқыту. «Өтірік өрге баспайды»

Бұл бүгінгі біздің сабағымыздың дәйексөзі, халық даналығы.

Сұрақтарға жауап береді




Ортасы

- Балалар, адам өтірік айтқанда өтірігін біреу біліп қоя ма деп қиналады. Шындық ашылып қала ма деп сезіктенеді: Расында, өтірік ұзаққа бармайды, шындық қашанда жеңіп шығады, ол өтірік айтқан адам ұятқа қалады. Өтірік айтып ұятқа қалғанша шындықты айтып қателігімізді мойындаған дұрыс. Мұндай әрекет жасау – адамдықтың белгісі болып табылады. Міне, сондықтан да дана халық «Өтірік өрге баспайды» деп өсиет қалдырған. Сондықтан біз шыншыл болып, өтірік айтпауымыз керек. Шыншыл болу кез келген адамның өз қолында. Ол біздің ішкі жан дүниемізден бастау алады. Адамның көңілі таза, пейілі кең, адал, шыншыл болғанда ғана әділдікке қол жеткізеді. Елге сыйлы болады. Ал өтірік айтқан адамға көпшілік жақындағысы келмейді. Ол өзінің сыйын жоғалтады.

Кластер құрастыру:
- Балалардың алдына сөздер жазылған қағаздар тарату. Бақыт, қуаныш, ренжітеді, ұят, сенімділік, сенімсіздік, жамандық, жақсылық. Осы сөздердің орнын анықтап, орналастыру. Шындық неге жеткізеді? Өтірік неге жеткізеді?

- Өтірік айтып ұятқа қалғанша, шындықты айтып қатеңді мойындаған дұрыс. Мұндай әрекет адамдықтың белгісі. Халықтың «Шыншылдық жақсылыққа жетелейді» деген даналы ғынан, шыншыл адамның ары таза, жүзі жарқын болып, қуанышқа бөленіп, бақытқа кенелетінін түсінуге болады. Тіпті шындықты айтудың өзі адамға жақсылық жасауды білдіреді.
Әңгімелеу. \сұхбат\
Аңыз әңгіме: «Шындық пен өтірік»
Қоян мен түлкі дос болыпты. Бір күні қоян дүкенге бара жатып, анасы берген ақшаны жоғалтып алады. Ал түлкі ақшаны көріп тұрса да айтпайды. Қоян басы салбырап үйіне кетеді. Түлкі ақшаны алады да өзіне қажет нәрсені сатып алмақшы болады. Бірақ досының көңілсіз күйі есіне түсіп, түлкі ақшаны досына әкеліп береді. Қоян қатты қуанып, досын құшақтай алады.
- Түлкінің орнында сен болсаң не істер едің?
- Шындық неге жетелеп отыр?
- Қоянды қуантқан түлкі өзі де қуана ма?
- Түлкі ақшаны қайтармаса не болар еді?

Шығармашылық жұмыс. Оқушыларды 2 топқа бөліп, біреуіне «шындық», екіншісіне «ақиқат» деген сөздер беріп әр әріпке байланысты сөздер құрастыру тапсырылады.
Мысалы: Ш шана, Аалма т. с. С



«Мұз үстіндегі қауіптер»

Ең қауіпті жерлер

1. Мұз әдетте саяз және жұқа жерлерде болады. Бұтақтар, тақталар және басқа заттар, сондай-ақ бұталардың, ағаштардың және қамыстың жанында қатып қалады.

2. Мұз зауыттар мен фабрикалардың жанындағы су төгетін жерлерге жақын жерде, сондай-ақ ағындар қосылған жерлерде немесе бұлақтар маңында жұқа болады.

3. Қар басқан немесе қар үйінділері басқан жерлерден аулақ болу керек, өйткені қар астындағы мұз әрқашан жұқа болады.

4. Мұз жағаға іргелес жатқан жерлерде өте сақ болу керек.

5. Мұз әсіресе еріген кезде қауіпті, себебі ол ериді және оның үстінде жарықтар пайда болады.


Сонымен, қыста мұз үстінде мүлдем жүрмеген дұрыс па? Сенбесеңіз, бармаңыз!

Мұз үстінде жүру ережелері.

1. Мұзға аяқ баспас бұрын, жақын жерде төселген соқпақ немесе жаңа іздер бар-жоғын қараңыз.

- Неге деп ойлайсыз? (Бұл жолды біреу сынап көрді)

2. Егер іздер болмаса, мұз жұқа болуы мүмкін жерлерден аулақ болу үшін мұқият қарап, маршрутыңызды белгілеу керек.

3. Сіз өзіңізбен бірге күшті таяқ алып, оның көмегімен мұздың беріктігін тексеруіңіз керек. Егер мұзға таяқпен соғылғаннан кейін жарықшақ немесе су пайда болса, сіз дереу жағаға өз ізіңізбен оралуыңыз керек. Сонымен қатар табаныңызды мұздан шығармай, аяғыңызды сырғытуға тырысыңыз.

- Бұл не сияқты?

4. Шынында да, шаңғымен тоғаннан өту қауіпсіз. Неге? (Мұзға қысым аз.)

Ал қауіпті жерлерде және шаңғыда абай болу керек. Қажет болса, оларды тез тастау үшін шаңғы бекіткіштерін ашу немесе босату керек. Шаңғы таяқшаларын қолдарыңызға ілмектер салмай ұстаңыз.

5. Топпен мұз үстінде қозғалу кезінде бір-бірінен кемінде 4-5 метр қашықтықты сақтау қажет.

Өзін-өзі құтқару жолдары

1. Сіз дүрбелеңге салынбаңыз.

2. Мұзға шығу үшін. Біз кенеттен қозғалыстар жасамай, кеудемізбен мұзға мүмкіндігінше сырғып кетуге тырысуымыз керек, содан кейін бір аяқты мұздан тартып, содан кейін екіншісін алуымыз керек.

3. Судан мұзға шыққаннан кейін, ешқандай жағдайда сіз бірден аяғыңызға тұра алмайсыз. Сіз қайдан келгеніңізге қарап және мұз тексерілген жерге қарай жылжуыңыз керек.

Тек жағаға аяқ басып, жылы жерге тезірек жету керек.















Өз ойларымен бөліседі






















Сұрақтарға жауап береді





























































Презентация


































Аяқталуы


- Балалар, өтіріктің адамға пайдасы бар ма екен? ( Өтіріктің адамға пайдасы жоқ ) Ол саған уақытша ғана пайда әкеледі де, өмір бойы өтірікші деген атқа ие болады екенсің. Өтірік айтып өмір бойы жаман адам болғанша, шындықты айтып адал адам болған дұрыс. Шындық саған өмірлік қуаныш сыйлайды.

Жүректен жүрекке:
Тақтада күн тәріздес дөңгелек қағаз, ортасында « мен қандай баламын?» деп жазылған.(Жақсы сөздер жазу)
- Балалар, бәріміз бірігіп жақсы сөздерге толып жарқыраған, шуағы мейіріммен төгіліп тұрған «күнді» құрастырдық. Күн шуақтары бізге жылулық сыйлап тұр. Біз де сол күн сияқты достарымызға және өзімізге тек қана жақсылық сыйлай отырып, шындық жайлы өлең шумағын жүректен – жүрекке жеткізейік.
- Қанеки, қолдарымызды көтерейік бір – бірімізге алақанымызды жақындатайық, шындық жалынын сезінейік.
Әр нәрсенің байламын,
Шындықпенен шешейік.
Дақ түсірмей жүрекке,
Тәтті ғұмыр кешейік.
- Ал, балалар, сабағымызды жақсы сөздермен бастасақ. Енді жақсы тілекпен сабағымызды аяқтайық.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.06.2025
127
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі