«От басылық
жарыс»
Шынығу денсаулық
кепілі
Мақсаты: Өсіп келе жатқан жас ұрпақтың денсаулығын сақтау және нығайту,
дене жаттығуларын жасауға қызығушылықтарын
арттыру,
қимылдық іскерлігін жақсартуға тырысу,
оларды дұрыс және нақты орындай білуге үйрету.
Балалардың
ынталы іскерлігін арттыру,
ата –
анамен жақсы достық қатынасын қолдау.
Балаларды спорттық ойындармен,
жаттығулармен
таныстыру арқылы ойын техникасын меңгерту.
Жүргізуші
Құрметті қонақтар,
ұстаздар, балалар сіздерді өсіп келе жатқан жас ұрпақтың
денсаулығын сақтау және нығайту барысында өткізгелі отырған «Шынығу
денсаулық кепілі» атты көңілді сайысына қош келдіңіздер!
Бүгінгі сайысқа әділ баға беретін әділқазылар алқасымен
танысайық.
1. Балабақша менгерушісі:
2. Әдіскер: И
3. Аға тәрбиеші:
Жарысқа 4 топ қатысады. Әр бір сайыстың ең жоғарғы балы 5 – тік
жүйемен бағаланады.
Кіріспе бөлім
Топтарды ортаға шақыру.
1 – топ «Барыс»
Жеңсек тасымаймыз,
Жеңілсек тасымаймыз.
Бірлігіміз жарасқан,
барыс тобынан жалынды сәлем!
4 – топ «Қыран»
Қыран құстай самғаймыз,
Топтардан біз қалмаймыз.
Көк аспанда қалықтап
қыран тобы тек алға
Негізгі
бөлім
1)ойын доппен
жүгіру
Шарты: қолдарына доп
ұстап кеглиді айналып келеміз
2) Қаппен секіру
Балалар қаптың ішімен жүріп өтіп, мәредегі қапты барып алып келіп
әкесіне береді, әкесі қаппен секіріп барып, секіріп келіп келесі
ойыншыға береді, ойын ары қарай жалғасады. Қай топ бірінші береді,
сол жеңімпаз атанады.
3) Ендігі сайыс «Арба
сайысы»
Спорттық сақиналармен допты итеріп, арасында тұрған кедергі
фишкаларды құлатпай мәреге жетіп қайта спорттық сақинамен допты
итеріп қайту керек.
4)«Көңілді доптар» сайысы. Секіргіш доптармен секіріп мәре сызығына
жетіп, қайта секіріп қайту.
5)
Аунау
Шарты: марастан аунап
турып кеглиді айналып келеміз.
6) Егер пингвиндер
Антарктидада ғана мекендейді десеңіздер қателесесіздер. Қазір бізде
«Үлкен пингвиндер» сайысы. Допты екі аяғының арасына қыстырып,
арада кедергі болып тұрған фишкаларға тимей жүгіріп
өту.
7) Келесі сайыс
«Фудбол»((
Допты екі аяқпен кезек-кезек кеглилер арасымен теуіп алып
жүру.
8)Тунель
Шарты: Жүгіріп келіп
тунельдін ортасымен еңбектеп өтіп кеглиді айналып
қайтамыз
9) Ұлттық ойын «Арқан тартыс» арқанның екі жағынан екі топтан
бөлініп тартысады.
Енді әділ қазылар алқасынан сайысқа түскен екі топтың әділ
еншілеген ұпай санын сұрайық. Қорытынды
ұпай
Қорытынды: Жеңімпаз қатысушыларды марапаттау. Барлық қатысушыларға
алғыс айту.
Қош дейміз әлі талай сайыстар бар,
Өнерлерің шыңдай берсін қалыспа