"Сынып аруы-2018" сыныптан тыс шара

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Сынып аруы-2018" сыныптан тыс шара

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сыныбына арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы


Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы

Ақсай қаласының №4 ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі

Ахишева Мулкат Бауыржановна


Тақырыбы: «Сынып аруы – 2018»

Мақсаты:Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы аналар мен әжелерді мерекемен құттықтау. Балаларды білімге, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға, ата – анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.Қазақ қызының бойында қарапайымдылық, әсемділік, өнерге қызығушылық, сахна мәдениетін, шығармашылық қабілеттерін арттырып, салт – дәстүрімізді ары қарай жалғастыруға себепші болуға баулу.

Түрі: сайыс

Көрнекілігі: ана туралы тамаша сөздер, қабырға газеттері, сынып шармен, гүлдермен безендіріледі.

Барысы:

-Құрметті асыл аналар, қыз- қызғалдақтар, қадірлі ұстаздар! Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан. Ана – тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі.

-Аналар, көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған гүл мерекелеріңіз, күн мерекелеріңіз құтты болсын! Бүгінгі күн аяулы аналар сіздер үшін де сәбилеріңіз біздер үшін де ерекше күн болмақ, барлық уақытта

Шыдамдылықпен,

Мейіріммен,

Ақылмен,

Ыстық құшағында аямай мәпелеп,

Еркелігімізді кешіре жол сілтеген ардақты аналар бүгінгі балалық сезіміміз,

Әсем әніміз

Көңілді күйіміз

Әдемі сайысымыз

Бірге: сіздерге арналады!Сіздерден өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейрамыңмен,

Аяулы біздің аналар!

-Бүгін бізде қыздар арасында «Сынып аруы - 2018» сайысы өтеді.Бұл сайыс қыздарымызға эстетикалық тәрбие беруді көздейді. Өйткені қыздарға жан сұлулығымен қоса тән сұлулығы бірдей болғандығы жарасады. Сондықтан ибалы, инабатты қыздарымыз көбейе берсін дейік.

Кімдер жүйрік, өнерпаз, білейікші

Аруы деп сыныптың жүрейікші

Әділқазыларға тек әділдікті,

Ал аруларға тек сәттілік тілейікші деген ниетпен бастауға рұқсат етіңіздер.

Аруларға әділ баға беретін әділқазы мүшелерімен таныстыру.

-Сайысымыздың бөлімдерімен таныстырып өтейін:

1.«Менің ата-тегім» (Өз – өзін таныстыру)

2.«Кім ойға жүйрік?» (жұмбақ шешу)

3.«Шебер қолдар» (анасымен бірлесіп жасаған қолөнер жұмыстары)

4.«Өнерліміз біз»өз өнерлерін көрсету

5.«Кім жылдам?» аналармен ойын

6.«Әсем біздің арулар» (сән үлгісін көрсету)


-Ал енді ортаға бүгінгі сайысқа қатысушы аруларымызды шақырайық.


1.Сексенбай Аружан

2.Сағынғалиева Альбина

3.Ишмухамбетова Алина

4.Акберлиева Галина

6.Истаева Ақерке

7.Жантас Айжан

8.Көбеген Айман

9.Досмағамбет Мадина

10.Хасен Нұрай

1. Таныстыру

-Таныстырсын өздерін,

Тамылжытып сөздерін- деп кезекті аруларымызға берейік. Өз – өздерін таныстырып өтсін.

1.Тең түсіп өзгелермен терезесі Аружан

Дарыған ата – баба өнегесі

------------атым, ---------қызымын мен

Сексенбай тегі, Серікбай немересі


2.Бүр жарған бүршігіндей лала гүлдің Айжан

Жастайымнан жалындап жана білдім

Өнер менен білімге жаны құштар

-------------------------мен боламын.


3.Руым -----------,мен қазақ,

------------------- немересі.

Тақпақ-өлең айтамын

Апайдың берген өнегесі


4.Алғаш аштым мектеп есігін Галина

------------қызы,-----------менің есімім

Туып – өстім Ақсайда

Алтын ұя бесігім


5.-------------қызы ----------атым менің, И.Алина

Мақтан етер жанұя еркесімін

Әкем----------,анам бар -------------атты

Үлгі тұтар ағам-----------деген


6.Әке – шешем мақтаған, Нұрай

------------қызың мен болам

Осы күнге арнаған

Өнерім бар сақтаған


7.Сайыс десе жайнаймын, Айман

Намысымды қайраймын.

Тоты құстай құлпырып,

Сандуғаштай сайраймын


8.Құрбыммен бұл сайыста тең боламын Альбина

Қызымын өсіп – өнген кең даланың.

Бүгінгі ханшайымдар сайысында

Деп ойлаймын жеңімпаз мен боламын.


9.Бір үйдің кішкентай қызы бар, Мадина

Раушан гүлдің үзігі.

------------деген әкемнің

------------- Мадина атты қызымын.

Дөңгеленіп билеймін,

Шырқап ән де саламын.

Анам менен әкемді

Тыңдайтұғын баламын.


Әділқазылар алқасы баға береді.


2. «Кім ойға жүйрік?»

-Келесі бөлім «Кім ойға жүйрік?» жұмбақтар шешу.

Ортаға аруларды шақырып , ұнатқан жеміс – жидектерін алғызып, соның жұмбақтарын шешкізу.

  1. Ағаштан ағашқа секіреді,

Жеміс жеп жетіледі. (маймыл)

  1. Мамықтай ұлпа, қанттай ақ

Қыста жер бетін басады

Жазда сайға қашады. (қар)

  1. Аяғы біреу, қолы жоқ,

Шиыр – шиыр жолы көп,

Өзі сөйлей білмейді,

Салған ізі сөйлейді. (қарындаш)

  1. Отыз екі орағым бар ғажайып,

Әттең, кейін кетеді ғой азайып. (тіс)

  1. Кезекті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар. (түйе)

  1. Қалың киімді ұнатады,

Шешіндірсең жылатады. (пияз)

  1. Күнді жабады,

Жаңбыр боп жауады. (бұлт)

  1. Сырт – сырт соғады, уақыт озады. ( сағат)



Әділқазылар алқасы баға береді.


-Жарайсыңдар қыздар, келесі бөлімге көшпес бұрын біздің сыныбымыздың ұлдарының қыздарға арнаған достық жырлары бар.Кезекті ұлдарға берейік.Қошеметтеп ұлдарымызды ортаға шақырайық.

Бірге: Достықты біз ойлаймыз,

Бірге күліп ойнаймыз.

Мерекеде қыздарға,

Достық жырын арнаймыз!


Ербол: Үздік оқып сабағын,

Бәрімізге жағатын.

Альбина кейде қырсықса,

Түйіп алар қабағын.

Жанарыс: Алар дәйім бестігін

Аққұба қыз кескінін.

Орта бойлы Алина

Ақылды деп естідім.


Санжар: Ыңғайы көңіл – күйінің,

Кеггенде байқап бейімін.

Айтарымыз Ақерке,

Еркесі ғой үйінің.

Амир: Жақсы оқуды бастады,

Сауат ашу ашқалы.

Томпиған қыз Мадинаның,

Ұзын – ұзын шаштары.

О.Бекзат: Сабағы ылғи үздікті,

Шығарса есеп ызғытты.

Арамызда Алина,

Өзі ширақ қыз тіпті

Ербол:Ай секілді өзі де,

Сыңғыр – сыңғыр сөзі де.

Аружанның сыныпта

Әдемі ғой көзі де.

Диас:Сабағынан қалмайды,

Жалқаулыққа бармайды.

Мерекеде Айжанға,

Ұлдар жырын арнайды.

Амир: Сабағын жақсы оқиды,

Көңілге бәрін тоқиды.

Үндемей жүрген Айман

Нені ойлап тоқиды?

Б.Бекзат:Сабағын да меңгерген,

Жақсылықты жөн көрген.

Ата – анасы Галинаға

Әдемі есім теңгерген.

Санжар:Айтқанда әнді әуелі

Ерекше шығар әуені.

Биязы қыз Нұрай,

Өзі де ұяң әдемі.

Даурен:Жақсы оқып сабағын,

Бәрімізге жағатын

Ашуланса Камилла

Шеттерінен қыратын


3. «Шебер қолдар»

-Көрсетті өнер әр салада сайысып,

Қимылдары бір жүргендей жай ұшып.

Мерекелік қолөнерін жасапты,

Қыздарымыз аналармен бірлесіп – деп аруларымыздың аналарының көмегімен жасаған қолөнерлерін тамашалайық.


Әділқазылар бағаларын береді


4. «Өнерліміз біз»

Өз өнерлерін көрсетеді.

Әділқазы өз бағаларын береді.


5. «Кімжылдам?»

- Келесі бөлім «Кім жылдам?» ойыны,бұл бөлімде аруларымыздың аналарын шақырсақ деймін.

Ойын ойналады.


6.«Әсем біздің арулар»

-Сымбатына сән киім жарасатын,

Аспандағы ай менен таласатын.

Өнеріне сай келіп тұрған,

Аруларға қызығып қарасасың- деп келесі кезекті сән үлгісіне береміз.


Қыздар дайын болғанша аналармен «Кім тапқыр?» ойыны ойналады.


Әділқазы өз бағаларын береді.

Қорытынды баға дайын болғанша «Орындық» ойыны ойналады.

-Сөз кезегі әділқазы алқаларына да келіп қалды, олай болса сөз кезегі өздеріңізде.

Әділқазы алқасы өз пікірлерін білдіріп, аруларға жинаған ұпайларына сай атақтары мен мақтау қағаздарын береді.


Берілетін атақтар:1. «Сынып аруы - 2018»

2. «Өнерлі ару»

3. «Сүйкімді ару»

4. «Сымбатты ару»

5. «Шебер ару»

6. «Мейірімді ару»

7. «Биші ару»

8. «Көрермендер көзайымы»

-Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары жаны жаздай жайраңдаған.

«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам?! – дей келе бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.Әрқашанда

аналарымыз аман, дендері сау болсын дейміз.Келгендеріңізге көп- көп рахмет.


Ата – аналарға сөз беріледі.










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2019
706
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі