жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сынып жетекші папкасы
СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІНІҢ
ПАПКАСЫ
2021-2022 оқу жылы
сынып
жетекшісінің аты –жөні
Сынып жетекші
Сынып жетекші тек ұйымдастырушы ғана емес, ол сол ұжымның ұйытқысы. Сынып жетекші білімді, бала көңілін түсінетін жан.
Сынып жетекшінің негізгі міндеті – ұйымдастыру, оның негізі баланың өзін –өзі дамытуға және бала мен үлкендер арасындағы бірлікті сақтау
Сынып жетекші ерекшеленетін қасиеттер:
-
Педогогикалық біліктілігі;
-
Ақпараттылы;
-
Ұйымдастырушылық нашығы мен біліктілігі;
-
Рухани байлығы жоғары маман;
Сынып жетекші жұмысының негізгі бөлімдері:
-
Баланы жан –жақты зерттеу
- Сынынтағы әр баланы жеке бақылау барысында әрбіріне ерекше көзқарас пайда болып, жұмыс барысында өзгерістер енгізіледі.
- Сынып белсенділерінің жұмысын ұйымдастыру.
- Сынып жетекшінің жеке бөлімі. Оқушыларды бір ұжымға біріктіре отырып, оқу –тәрбие жұмысын сапалы жүргізуге жағдай жасайды. Ол өзінің беделінің арқасында жеке оқушыға ғана емес, сонымен қатар жалпы ұжымға да ықпалын тигізеді.
-
Оқушылардың білім сапасы мен сыныптың тәртібін нығайту.
- Жоғары білім сапасы мен тәртіп оқу- тәрбие жұмысының дұрыс жолға қойылғандығын дәлеледейді. Білім сапасы арқылы нашар оқитын оқушылар мен екінші жылға қалған оқушыларға қамқорлық жасайды..
-
Сыныптан тыс тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастыру.
- Сабақ барысында қосымша жұмыстар арқылы сыныптан тыс жұмыстар арқылы толықтырылып отырады. Қоршаған ортада бейімделіп кетуге патриоттық және рухани –адамгершілік тәрбиенің көмегі зор.
-
Өзін өзі басқару жұмыстарына көмек.
- Осы оқушылар арқылы барлық сыныпқа және әр балаға жеке ықпал жасайды.
-
Оқушылардың ата –анасымен жұмыс.
- Сынып жетекші ата –анаға баланың сабағы мен тәртібі жайлы ақпарат бере отырып, бірлесіп жұмыс істеу жолдарын қарастырады.
-
Оқушылармен жекелей жұмыстар.
- Сынып ішінде сабақ үлгерімі нашар, қияңқы, өзімшіл балалар болады, олардың өмірінде сынып жетекші ең негізгі орынды алады. Сонымен қатар ұялшақ және басқамен қарым –қатынасқа түсе алмайтын оқушылар қосымша назар аударуды қажет етеді. .
Сынып жетекші мына қағидаларды ұстануы керек:
-
Әрқашан шындықты айтып дағдылан.
-
Баланы мақтауды ұмытпа.
-
Баланың өзін мақтамай, оның қылығына сын көзбен қара.
-
Әр бала жүрегінің кілтін аша біл!
-
Баламен сөйлескенде, әрдайым оның көзіне қара.
-
Бала қиялына шектеу қойма.
-
Баланың бойынша қабілеті жоқ деп айтпа, оның қабілеті жасырын тұр дегенді ұмытпа!
-
Қателік жасаған баланы лезде жазалама.
-
Балаға ұрыса берме.
-
Баланы өзіңе тарту арқылы, оның адамгершілік қасиетін шығара аласың.
Папка құрылысы:
-
Сынып жетекшінің құжаттары .
1.1. Сынып жетекшінің міндеттері
1.2. Сынып жетекшісінің функциялары
1.3. Сынып жетекшісінің құжаттар жинағы
2. Бала жайлы дерек
2. 1. Мекен- жайы және телефон нөмірі және сыныптың тізімі
2.2. Бала денсаулығы жайлы дерек.
2.3. Үйірмелер мен факультатив сабақтарының есебі
3. Сыныппен жүргізілетін жұмыстың мақсат – міндеттері
3.1. Сыныптың психология- педогогикалық мінездемесі.
3.2. Өткен жылда жасалынған жұмыстардың жылдық есебі.
3.3. Сыныптың әлеуметтік паспорты.
3.4. Әр балаға және оның жанұясына арналған әлеуметтік паспорт.
4. Бағыттар бойынша жасалынған жұмыс жоспары
4.1. Сынып жетекшінің тәрбие жұмысының мақсат- міндеттері.
4.2. Тоқсанға құрылған жоспары .
5. Баланың жетістіктері мен үлгерімі жайлы есеп
5.1. Оқу үлгерімі жайлы .
5.2. Оқушы жетістігі.
6. Сыныптың өзін- өзі басқару жұмысы
6.1. Сынып белсенділері.
6.2. Әрбірінің міндеті.
6.3 Жеткен жетістіктері.
7. Ата –аналар комитеті
7.1. Ата –аналар комитетінің тізімі.
7.2. Ата –аналар жиналысының хаттамасы (іс –шара құжаттары)
7.3. Ата –ананың жиналысқа қатысуын тексеру парағы.
7.4. Жанұя жағдайы.
7.5. Ата –анамен жүргізілетін жекелей жұмыстар.
8. Сынып жетекшілер есебі
8.1. Сынып жетекшілердің тоқсандық есебі
8.2. Жарты жылдық мониторинг
8.3. Қиын оқушылармен жұмыс түрлері
9. Қауіпсіздік ережесі
9.1. Қауіпсіздік ережесінің нұсқаулықтарымен журналы
10. Сынып жетекшінің жинағы
10.1. Ашық сынып сағаттары
10.2. Сыныптан тыс жұмыстар
1.Сынып жетекшінің құжаттамасы

1.1. Сынып жетекшінің міндеттері
1.2. Сынып жетекшісінің функциялары
1.3. Сынып жетекшісінің құжаттар жинағы
1.1 Сынып жетекшінің міндеттері
-
Бала жайлы мағлұмат жинау
-
Сынып ішіндегі қарым –қатынасты бағыттау , саралап, сараптау (сынып оқушыларының өздерінің арасындағы, өзге сынып оқушыларымен және мұғалімдермен қарым –қатынасты жолға қою)
-
Сыныппен жұмыс істейтін мұғалімдермен жұмысты бағыттау
-
Жоспарлау, дайындық, сынып ұйымының, ұйым жұмысының өміршеңдігін , бір –бірімен қарым –қатынасын, айлықтар, сайыстарды жоспарлау
-
Сынып ішіндегі оқушылардың өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру
-
Сынып оқушыларының күнделіктерді жүргізуді қадағалау
-
Оқушыны әлеуметтік қорғау
-
Оқушының ата –анасымен жасалынатын жұмыс түрлері
I. Сынып жетекшінің жұмысын ұйымдастыру:
1. Сынып ұжымын ұйымдастыру жұмыстарды бөліп беру, сынып белсенділерімен жұмыс түрлері, әр жұмысты сапалы жоспарлау, кезекшіге көмек көрсету.
2. Сынып ішінде кезекшілікті ұйымдастыру.
3. Сынып бөлмесінің тазалығын сақтау.
4. Сырт киімдерінің тазалығын тексеру.
5. Тамақтануды қадағалау.
II. Сынып ұжымымен және жеке оқушылармен жұмыс түрлерін ұйымдастыру.
1. Сабаққа қатысуды қадағалау. Сынып жетекші баланың сабақ босатқаны үшін қатаң жауап береді.
2. Сабақты денсаулығына байланысты босатқан балаларға көмек көрсетіп, қадағалау.
3. Сынып ішінде сабақ оқуға оңтайлы жағдай жасау.
4. Сыныппен жұмыс істейтін ұстаздармен жұмысты ұйымдастыру.
5. Баланың күнделігін уақытында тексеру және ата –анаға баланың сабақ үлгерімі жайлы айтып, кеңесіп отыру.
6. Сыныптағы оқушылардың дарындылығын және ой- қабілетін дамытатын (үйірме, факультатив, оимпиада ) жұмыстарына тарту.
7. Мектептегі психологпен жұмыстарын ұйымдастыру
8. Оқушының көркем әдебиетті оқуына жағдай жасау.
III. Оқушының оқудан тыс жұмыстарын ұйымдастыру.
1. Сынып ішіндегі ұйымшылдық пен оқушылар арасындағы қарым –қатынасты жақсартып, қадағалау.
2. Сынып ұжымы мен жеке оқушылардың шығармашылықпен айналысуына жағдай жасау.
3. Оқушыларға рухани –адамгершілік және инабаттылыққа тәрбиелеу..
4. Оқушылармен спорттық сайыстар, үйірмелер арақылы денсаулықтарын жақсарту..
5. Сынып ішінде өтілетін сынып сағаттарының тақырыптарын әртүрлі және қызғылықты етіп таңдау.
IV. Оқушының жеке қасиеттеріне қарай зерттеу.
1. Оқушыларды жеке әдістемелер, ұстаздар пікірі, ата –ана кеңесі арқылы зерттеу,.
2. Оқушыға берілген мінездеме арқылы , әр оқушыға өзіндік көзқараспен қарау..
3. Рухани –адамгершілік тәрбие.
4. Баланың қоршаған ортаға бейімделуі.
5. Эстетикалық тәрбие беру.
6. Еңбекке баулу..
7. Жеке гигиенасын сақтауға үйрету.
V. Ата –анамен жұмыс.
1. Тақырыптық ата –аналар жиналысын өткізу.(1 тоқсан)
2. Жанұя жағдайы тексеру.
3. Ата – анамен жеке жасалатын жұмыстар.
4. Сыныптың сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстарына ата –ананы тарту.
5. Ата –ана және бала арасындағы қарым –қатынасты бақылап, сараптама жасау.
VІ . Бала құқығын қорғау.
1. Оқушылардың өздерінің құқықтарымен таныстыру.
2. Мектеп ережесімен таныстыру.
3. Баланың құқығын дұрыс сақталғандығын қадағалау.
4. Сыныптан тыс жұмыстар барысында оқушылардың денсаулығына жауап беру.
VІІ . Құжаттармен жұмыс.
Қажет құжаттар:
1. Сынып жетекшінің тақырыптық жоспары
2. Сынып жетекшінің папкасы.
3. Оқушылардың сабаққа қатысу журналы.
4. Оқушылар күнделігі.
5. Оқу үлгерімі жайлы есеп.
6. Оқушының жеке құжаттары.
1.2 Сынып жетекшінің функциясы
Оқу жылының басында :
-
Сыныптың тізімін, оқушылардың сабаққа қатысу журналын, тәртіп дәптерін дайындау
-
Мектеп кітапханасынан кітаптармен қамтылуды ұйымдастырады
-
Оқушының жанұядағы тәрбиесін зерттеу
-
Сыныптың әлеуметтік паспортын жасау
-
Қосымша білім беретін орыннан бала жайлы қосымша дерек жинайды
-
Жеке қасиеттерін табу үшін баланы қосымша іс-шараларға қатыстыру
-
Сыныптың өміршеңдігін ұйымдастыру
-
Тәрбие жұмысының жоспарын құру, тәрбие ісінің меңгерушісіне тексертіп, бекіттіру
Күнделікті:
-
Оқушының сабаққа қатысуын қадағалап , себептерін анықтау
-
Сынып ішіндегі өзін –өзі басқару жұмысына мұғалімдер тарапынан көмек беру
-
Оқушының мектеп ережесіне сай киінуін қадағалау
-
Мектепішілік іс –шаралардың барысында баланың тәртібін бақылау
-
Сынып ішіндегі кезекшілікті және сынып ішінің таза ауамен тазарту жұмыстарын қадағалау
Жұма сайын :
-
Оқушы күнделігін тексеру
-
Сынып сағаттарын өткізу
-
Мектеп жанынан бөлініп берген жерлердің санитарлық жағдайын бақылау
Ай сайын :
-
Мектептің қоғамдық жұмыстарына сынып оқушыларын ұйымдастыру
-
Сынып ұжымының өміршеңдігін өзін –өзі басқару жұмыстары негізінде тексереді
-
Жол жүру ережелері , жаппай біліммен қамту, қауіпсіздік ережелері бойынша сынып сағаттарын өткізу
-
Сыныпқа бөлініп берілген мектеп ішіндегі орынды тазалау жұмыстары
-
Мектепішілік іс –шара барысында кезекшілік өткізу
-
Оқушылардың үйірмелерге қатысуын қадағалау.
Тоқсан соңында:
-
Оқушылардың оқу үлгерімі мен өмірлерінің қауіпсіздігіне жауап береді
-
Оқу үлгерімдері туралы ақппараты оқу ісінің меңгерушісі мен тәрбие ісінің меңгеруішісіне есеп негізінде береді.
Демалыс кезінде :
-
Сынып жетекшілердің әдіс бірлестігімен демалыс кезіндегі жұмыстарға белсене араласады.
-
Ата –анамен демалыс кезіндегі баламен жұмысты ұйымдастыру.
1.3. Сынып жетекшісінің құжаттар жинағы
Негізгі құжаттар:
- Тәрбиелік жоспар.
- Оқушылар жайлы берілген мәліметтер құжаты.
- Үйірмелердің кестесі.
- Өзін –өзі басқару жұмысының жоспары.
- Сынып ішіндегі белсенділер тізімі.
- Отбасы жағдайы төмен оқушылардың тізімі.
- Қиын оқушылармен жұмыс жоспары:
* Тізім.
* Үй жағдайы жайлы акт.
* Оқушының үлгерімі, сабаққа қатысуы, тәртібі.
* Ата –ана комитетімен жұмыс.
* Оқушылардың мінездемесі.
* Мектепішілік іс –шараларға қатысу белсенділігі.
- Жол ережесі бойынша жұмыс түрлері.
- СӨС, Қауіпсіздік ережесі жұмыстары.
- Бағыттар бойынша сыныптан тыс тәрбие жұмысы.
* патриоттық тәрбие;
* рухани –адамгершілік тәрбие;
* өзін –өзі басқару;
* эстетикалық;
* экологиялық;.
Тиісті құжаттар:
-
«Білім туралы заң»;
-
Бала концепциясы;
-
Жаппай біліммен қамту концепциясы;
-
Бала құқығы жайлы декларация;,
-
Бала құқығы конвенциясы;
-
ҚР Конституциясы;
-
Ел рәміздері (екі тілде);
-
Кешендік тәрбие жоспары;
Сынып жетекшінің жеке құжаттары;
-
Тоқсандық жұмыс жоспары.
План- сетка арнаулы бетте немесе сынып жетекшінің журналына тіркеледі..
Сынып жетекші журналына сынып жұмысына қатысы жоқ жұмыстар енгізілмейді..
План – сеткаға қосымша жұмыстар кіргізуге болады.
2.Оқушы жайлы дерек

2. 1. Мекен- жайы және телефон нөмірі және сыныптың тізімі
2.2. Бала денсаулығы жайлы дерек.
2.3. Оқушының үйірмелерге қатысуын тексеретін парақ.
2.1. Сынып тізімі, мекен- жайы, телефон нөмері
-
№
Аты- жөні
Мекен- жайы
Телефон
1
2
3
4
5
6
7
8
9
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген