Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сынып жетекшінің кәсіби құзіреттілігін дамытудағы инновациялық бағыттары.

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшіге әдістемелік көмек. сынып жеткшінің инновациялық бағыттағы жұмысын жетілдіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып жетекшінің кәсіби құзіреттілігін дамытудағы

инновациялық бағыттары.



Әр сынып шағын ұйым, оның өзіндік ерекшелігі, ортақ жоспары, қабылданған ержелері мен дәстүрлері қалыптасуы қажет. Сынып жетекші мемлекеттік оқу-тәрбие стандарындағы міндеттерінен бөлек сынып оқушыларымен жұмыс жобаларын жаңашылдықпен жүргізуі маңызды. Сынып жетекшінің барлық болмысы мен қарым-қатынасы сынып ахуалын реттеуші күшке ие. Сынып жетекші- әлеуметік ортадағы мінез-құлық үлгілері мен құндылықтары , көп мәдениетті қарым-қатынас дағдылары және толерантылықты қалыптастырушы және дамытушы тұлға.

Сынып жетекшінің кәсіби құзіреттілігін дамыту- шәкірттердің тұлғалануындағы тұтас оқу-тәрбие процесін қалыптастырудың негізгі шарты. Сынып жетекші қандай болуы қажет? сауалын оқушыларға қойып көрсеңіз, олардың көпшілігі «Мені түсінетін» деп жауап береді. Бала сынып жетекшіні өзіне қамқор, қорғанышы мен үлгі тұтар тұлға ретінде қабылдайды. Сынып жетекшінің ескертуі оқушы үшін маңызды тәрбие құралы.

Қазіргі таңда сынып ахуалын тану, әр бір оқушының әлеуметтену қалыптарын реттеу және дәстүрлі емес жаңашылдық негіздегі тәрбие құралдарын қолдануды талап етеді. Инновациялық әдістер мен тәрбие құралдарын өзгерту, ол- жаңа заман ұрпақтарының ерекшеліктерін ескеруді талап етеді.

XXI- ғасырдың осы кезеңде альфа ұрпақтардың өсуімен көрінеді. Олар толықтай цифрлық тумалар, әрбір әрекеттерін интернетсіз елестете алмайтын, вертуалды өмірге тәуелді. Ересектердің қадағалуынан тысқары болса эмоционалдық әлемі жұтаң болу қауіпі бар ұрпақтар. Алайда жақсы жақтары аналитикалық ойлауға бейім, жасампаз идеяларға жақын, ақпараттарды тез қабылдау және тәуелсіз әрекеттерге бейім ұрпақ. Дәстүрлі оқу-тәрбие оларды жалықтырады. Сондықтан да сынып жетекші заман талабына бейімделген ұрпақты тәрбиелеуде шәкірттерінен озық болуы маңызды. Себебі бұл ұрпақтар үлгі тұтуда мықтыларды мойындайды.

Сынып тәрбие сағаттарында оқушылардың өзіндік шығармашылығына түрткі болатын әрекеттерді ұйымдастыру, көп ақпараттарды алгоритімдеп ұсыну, аналитикалық талдамлармен оқушының өз пайымын жасауына әсер ету т.б инновациялық оқу-тәрбие әдістері тиімді нәтиже береді. Оқушылардың эмоционалдық интеллектісін дамытушы тәсілдерді жиі қолдану, өзін-өзі тануына мән беру және өзіндік аймағын дұрыс құруына маңызды көңіл бөлінгенде оқушылар тәрбиелік негіздерді дұрыс қабылдайды.

Сынып жетекші оқушыларымен алдын ала келісілген ішкі ержелерді жасауы қажет. Бұл оларды жауапкершілік пен тәртіпке үйретеді. Б.Момышұлының «Тәрбиелі-тәртіптің құлы, тәртіпті-елдің ұлы», деген аталы сөзі тәртіп-тәрбиенің егіз екенін ұқтырады.

Инновациалық технологиялар әлемдік озық елдердің өз ұрпағын қалай тәрбиелеп отырғанын бағдарлау , игілікті үлгісін ендіруді талап етеді. Жаңаша әдістердің түп тамырында ұлттық болмыс пен ғасырлар бойғы тәрбие мәйектері бар. «Ескісіз жаңа туындамайды, жаңа дүние ескінің ізін өшірмейді, керсінше маңызын арттырады», деген жапон пәлсапасына сүйенер болсақ. Жапония елдерінде «еңбек-тәртіп- ереже» қағидаттары толық тәрбиенің алгоритімі болып табылады.

Сынып жетекші өзінің кәсіби құзіреттілігін дамыту үшін төмендегі қағидаттарды өзінің кәсіби кредосы ретінде қарастыруы маңызды:

  • Өзін-өзі дамытудағы педагогикалық құралдарын жетілдіру; Тәжірибелер мен оқулар, кәсіби қатынастар мен жаңашыл идеяларға бейім болу.

  • Ұжыммен педагогикалық бірлігін арттыру; Кәсіби желілік, қарым-қатынастық өрісті қалыптастыру, тұлғаралақ қимыл және ынтымақтастықты жетілдіре алу.

  • Кәсіби менеджментік қабілеттерін арттыру; ата-ана, оқушы, әлеует, ұжым т.б орталардағы өзіндік құрмет пен этиканы толық қабылдау және үйренулер жатады. «Басқа адамдар, әріптестер, оқушы мені қалай көреді?», деген сауалды қоя алу.

  • Кәсібилікті жетілдіру; Өзіндік құрал, жаңа бастамалар мен педагогикалық ізденіс аймағының мақсаты мен миссиясының болуы маңызды.

Сонымен қатар сынып жетекшінің өзіндік жұмыс моделінің құрылуы оның нақты миссиясын жасауына негіз болады. Жұмыс моделі оның жаңашылдығы мен кәсібилігін арттыратын сара жолы болып табылады.

Әр сыныптағы 25-30 оқушы жеке әлем. Бала әлемін тану және сол әлемге сай тәрбие негізін құра алу сынып жетекшінің терең еңбегін, сабыр мен стратегиялық ойлауын талап етеді. Ұрпақ аманатын мойнына жүктеген сынып жетекшінің еңбегі бірден көрібейді. Сынып жетекшінің еңбегі қоғамның бет бейнесінен көрініс табары анық.




Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Козлов И.Ф Педагогический отып А.С Макеренко.- М.: Просвещение, 2007.- 159с.

  2. Амоношивли Ш.А Өмір мектебі. –М.: Издательский дом Ш.Амоношивили, 2000.-144с.

  3. Сарыбекова Ж.Т Болашақ мұғалімдерді оқушы қыздарға ұлттық тәрбие беруге даярлау. – Астана, 2004.- 29 б.

  4. Бегалиев Т.Б. Педагогика. Қысқа лекциялық курс.-Тараз 2017. 45-67б.


  1. Ахметова Г.К., Исаева З.Ә., Әлқожаева Н.С. Педагогика: Оқулық.-Алматы: Қазақуниверситеті, 2016.-220 бет.

  2. Әбенбаев С., Әбиев Ж. Педагогика: Оқу құралы.-Астана: Фолиант, 2019.-336 б.

  3. Андреев В.И. Жоғары мектеп педагогикасы. Иноовациялық болжамдық курс.: оқу құралы – Казань: Центр инновационных технологий, 2008. – 500 с.




КеАҚ Республикалық физика-математика

мектебінің педагог-психологі


Динсаламова Бақыткүл Муқағалиевна

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.03.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11