Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшісінің туралы жалпы малимет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы



Сынып жетекшісі өте маңызды да әрі жауапты міндеттерді атқарады. Ол сыныптағы тәрбие жұмыстарының ұйымдастырушысы және оқушылардың ұстазы болып табылады. Сынып жетекшісін тәрбиелі және беделді мұғалімдерден мектеп директоры тағайындайды. Сынып жетекшісіне негізінен мынындай үш түрлі басты мінде жүктеледі:

  1. Өз сынып мұғалімдерінің жұимысын үйлестіріп отыру.

  2. Сыныпта оқушылармен бүкіл тәрбие жұмысын ұйымдастырып, жүргізіп, оған бағыт беріп отыру.

  3. мектеппен отбасының байланысын жасау.

Сынып жетекшісі өз жұмысын белгілі бір жүемен жүзеге асырған жағдайда ғана өзінің мақсатына жетеді және ең жақсы нәтижелерге ие болады. Жан – жақты тәрбиенің мақсаты мен міндеттернінен туындайтын өзара байланысты тәрбие щараларының жиынтығы сынып жетекшісі жұмысының жүйесі деп аталады.Жүйе сынып жетекшісінің оқушылармен жүргізетін барлық жұмысының бағыттарын қамтиды. Яғни саяси идеялық, адамгершілік, дене, эстетикалық, еңбек тәрбиесі т.б.

Сынып жетекшісі өз сабақтарында және басқа сабақтарға қатынасып, сынып жиналыстарында, сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға зер сала бақылау арқылы, оқушылардың өзімен және оның жолдастарымен, ата – аналарымен әңгімелесу арқылы және оқушылар жайлы неғұрлым толық, мағлұмат алады.

  1. Сынып жетекшісінің негізгі қызметі мен міндеттері және сынып жетекшісі жұмысының мазмұны.

Басты міндетті шешу үшін, сынып жетекшісі оқушыларды зерттеп, оларды жақсы білуі керек.

К.Д. Ушинский “Адам – тәрбие нысанасы ” – деген еңбегінде былай деп жазды: “Егер педагогика адамды жан – жақты етіп тәрбиелегісі келсе, онда педагогика ең алдымен сол адамды барлық жағынан білуі керек”.

Сынып жетекшісі жеке шәкірттер жайлы мынадай мәліметтерді білуі қажет:

А) Баланың денсаулығы;

Ә) Отбасындағы баланың өмірі мен тұрмыс жағдайы;

Б) Баланың ішкі жан дүниесі, рухани байлығы;

В) Мінез – құлқын, темпераментін, қабілетін, қызығушылығын, еркін, зейін т.б. психологиялық ерекшеліктерін;

Г) Үлкендермен, кішілермен, ата – анасымен, жолдас – жораларымен қарым – қатынасы;

Д) Морльдық бейнесін, адамгершілік қасиеттерін;

Е) Еңбекке көзқарасы;

Ж) Эстиетикалық талғамдарын, қызығуларын, өнерге, әдебиетке дем қоятындығы;

З) Интеллектуалдық дамуын;

И) Саяси сауаттылығын;

Сынып жетекшісі оқушыларды зеттеп, білуде әртүрлі тәсілдерді қолданады:

А) Бақылау тәсілі (сабақта, сенбіліктерде, сыныптан тыс жұмыстарда);

Ә) Әңгімелесу тәсілі (пән мұғалімдерімен, дәрігермен, ата – аналармен,

кітапханашымен, оқушылардың жолдастарымен, өзімен);

Б) Анкеталарды толтыру тәсілі;

В) құжаттармен танысу (оқушының жеке ісімен, күнделігімен, үлгерім

журналымен);

Г) Оқушының шығармашылық жұмысымен танысу тәсілі (шығарма, сурет);

Д) Табиғи экспиримент;

Сынып жетекшісі отбасымен жиі қарым – қатынас жасайды, ол ата – аналарға балалардың оқу – жұмыстарытуралы мәлімдеп отырулары керек.

Сынып жетекшісі ата – аналармен мынандай жұмыстар жүргізулері тиіс:

А) оқушының отбасына барып тұру, отбасы дағдайын зерттеу;

Ә) Ата – аналарды мектепке шақыру, жеке әңгімелесу ата – аналармен хат алысу, ата – аналар жиналысы;

Б) Сұрақ – жауап кештері;

В) Ата – аналарды педагогикалық әдебиеттермен таныстыру;

Г) Ашық есік күндері;

Д) Пікірталастар;

Е) Ата – аналар комитетімен жұмыс жүргізу т.б.

  1. Сынып жетекшісінің жұмысын жоспарлау және есепке алу.

Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының жоспары – педагогикалық құжат. Тәрбие жоспарын құру, оның орындалуындағы жауапкершілік сынып жетекшісіне жүктеледі. Жоспар мынандай имедагогикалық талаптарға жауап беруі керек.

  • Жоспардың белгілі мақсатқа бағытталуы;

  • Сыныптағы тәрбие жұмысы мазмұнының, формаларының, әдістерініің әртүрлі болуы;

3) Оқушыларды тәрбиелеудің сабақтастығын, жүйелілігін, дәйектілігін қамтамасыз ету.

4) Жоспардың нақты болуы;

5) Жұмысты келісіп жоспарлау;

Сынып жетекшісінің жоспары мынандай бөлімдерден тұрады:

1) Сыныптың қысқаша сипаттамасы және оқушылар жайында жалпы мәліметтер;

2) Сынып ұжымы қызметінің негізгі бағыттары мен формалары;

3) Тәрбие міндеттері;

4) Сыныпта сабақ беретін мұғалімдермен жұмыс;

5) Ата – аналармен жұмыс;

  1. Сынып жетекшісіне қойылатын талаптар.

Сынып жетекшісі басқа мұғалімдерге қарағанда оқушыларға тәрбие беруде өте маңызды міндеттер атқарады. Сондықтан оған педагогикалық талаптар қойылады. Сынып жетекшісіне қойылатын талаптар:

а) Жоғары идеялық және қоғамдық саналылық

ә) Жоғры моральдық бедел

б) Педагогикалық шеберлік

в) Мәдени өріс

г) Педагогикалық әдептілік

д) Балаларға деген сүйіспеншілік пен құрмет

е) Ұйымдастырушылық қабілет

ж) Сынып жетекшісінің мамандығын арттыру

з) Тәрбие жұмысына шығармашылық көзқарас



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.10.2020
768
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12