жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сынып көшбасшысы
Тәрбие ісінің меңгерушісі:_________
Күні: оқу жылы
Тақырыбы:
«Сынып көшбасшысы»
атты интеллектуалды сайыс
Мақсаты:
1 Сабақта алған білімдерін жинақтап жүйелеу,
2 Танымдылықтарын,әр сабаққа деген қызығушылығын арттыру.
3 Өз ойын мәдениетті түрде жеткізе білуге,өзгені тыңдай білуге тәрбиелеу.
Көрнекті құралдар: плакаттар, интерактивті тақта.
Кіріспе:
Армысыздар құрметті оқушылар, аяулы
ұстаздар!
Армысыңдар, құрметті
қонақтар
Ағайын мен
халайық
Көпшіл болған ер
дана
Достары көп ер
бала
Өнерліден үлгі
алып,
Салдырар сәнді мол
қамал
Өнерлімен дос
болсаң,
Қиялыңды қорғайды
–
демекші, бүгінгі «Сынып
көшбасшысы» атты интелектуалдық сайысымызды
бастаймыз!
Бүгін сіздер үздік оқушылар арасында өтетін «Сынып көшбасшысы» атты интеллектуалды сайыстың куәгері боласыздар. Сайысымыздың бір ерекшелігі бүгін балалар жеке дара білімдерін сынамақшымыз, білім сайысына құлшынып тұрған білімді оқушыларымызды ортаға шақырамыз.
І оқушы __________________.
ІІ оқушы _________________.
ІІІ оқушы ________________.
ІV оқушы ________________.
V оқушы _________________.
VІ оқушы ________________.
Әр сайыстың қорытындысы бойынша бір оқушыдан шығып отырады.
Өнер мен
білімде,
Әркімнің өз жолы
бар.
Сайысарлық
бүгінде,
Өзіндік менің үнім бар –
деп сайысымыздың ойын шарттарымен
таныстырып өтелік. Сайысымыз 5 кезеңнен
тұрады:
Сайыстың кезеңдері:
І бөлім: «Бәйге»
ІІ бөлім: «Тіл өнер»
ІІІ бөлім: «Ғажайып төрттік»
ІҮ бөлім: «Тапқырлық»
V бөлім: «Жорға»
Сайысқа қатысатын оқушыларға іске сәт!
1 –
бөлім: «Бәйге». Бұл бөлімде 20 сұрақ қойылады.
Сол сұраққа ең бірінші қол көтерген оқушы жауап береді. Дұрыс
жауапқа 10 балл
1. Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар? ( 42 әріп бар)
2. Киіз үйдің қабырғасын қалай атайды? (Кереге)
3. Дыбыстар неше түрге бөлінеді? Қандай? (2 түрге, дауысты,
дауыссыз)
4. “Қ” қандай дауыссыз дыбыс? ( Қатаң дауыссыз)
5. Қыста түрін өзгертпейтін ағаш? (Шырша)
6. Қай құстың балапаны анасын танымайды? ( Көкек)
7. Бүлдіргенді жақсы көретін аң. (Аю)
8. Құрбақа қыста не жейді? (Ештене)
9. Ең мықты қандай ағаш? (Емен)
10. Жуан дауысты дыбыстарды ата. (а,о,ұ,ы )
11. б,в,г,ғ,д,ж қандай дыбыстар? (қатаң)
12. «Әнұран» сөзі қандай мағына береді? (салтанатты ән)
13. Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал (тұсбағдар)
14. Қыста түрін өзгертпейтін ағаш (Шырша)
15. Бір апта 2 күнде неше күн бар? (9)
16. Алмұрт алмадан ауыр, ал алма шабдалыдан ауыр. Қайсысы ауыр
алмұрт па әлде шабдалы ма? (Алмұрт)
17. Сантиметрмен өрнекте: 6 дм 8 см = cм (68)
18. 1 жылда неше күн? 365
19.
Жеті
күн (Апта)
20. Көше қиылыстарында жолды не
көрсетеді? (Бағдаршам)
Ұпайы аз 1 оқушы ойыннан
шығады.
2 – бөлім: «Тіл
өнер»
Бұл турда оқушыларға 13 сұрақ қойылып, дұрыс
жауапты үш тiлде яғни, қазақ, орыс, ағылшын тiлiндегi
аудармаларын айтады. Дұрыс жауапқа 10 ұпайдан қосылады.
1. Қолымды 4 алма,
Табақта 3 алма,
Барлығын қосқанда
Болады неше алма? Жауабы: бес – пять - five
2. Жылт – жылт етеді,
Жылғадан өтеді Жауабы:
су - вода -water
3. Сылдыр сұйық, су емес ,
Iшсең шөлiң қанады.
Ақ болса да, қар емес.
Шешуiн кiм табады? Жауабы: сүт – молоко -
milk
4. Алыстан қарасаң, аппақ,
Татып көрсең, тәтті - ақ
Жауабы: Қант – сахар-sugar
5. Мұртымен туады, Мұртын күнде жуады. Жауабы: Мысық
– кошка-cat
6. Бетін адам ашады,
Білім нұрын шашады. Жауабы: кiтап – книга –
book
7. Білімнен мол сый – асы,
Балғындардың ұясы. Жауабы: мектеп – школа –
sсhool
8. Айдалада ақ отау,
Аузы – мұрны жоқ отау
Жауабы: Жұмыртқа – яйцо-egg
9. Тіл
ұшында уы бар
Ол не екенін біліп ал. Жауабы: жылан – змея –
snake
10. Жұдырықтай қызыл
шар,
Тілді үірген шырын бал
Жауабы: алма – яблоко - apple
11. Он асықтың үшеуін
Досың сұрап алады.
Айтшы, сонда нешеуі,
Өз қолыңда қалады? Жауабы: жеті – семь -
seven
12. Бұл кім?
Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған? Жауабы: ана – мама – моther
13. Алманың түсі? Жауабы: қызыл– красный – red
Ұпайы аз 1 оқушы ойыннан
шығады.
3 – бөлім: «Ғажайып
төрттік»
Бұл тур бойынша ұпай санын (30,40,50) таңдау
арқылы әр пәннен сұрақтар қойылады. Дұрыс жауапқа таңдаған ұпай
саны берiледi.
Қазақ
тілі
30. Сөз таптарының неше түрі
бар?
Жауаптары: 9
40. «Үлкен» сөзі заттың қай сынын
білдіреді?
Жауаптары: –
Көлемін
50. Белгілі бір аймақта қолданылатын
сөз?
Жауаптары: Диалект
Әдебиеттік
оқу.
30. “Ғылым таппай мақтанба” өлеңінің авторы кім?
Жауаптары: А.Құнанбайұлы
40. Жыл мезгілдеріне арналған өлеңдерінің авторы
кім?
Жауаптары: Абай Құнанбаев
50. Шапшаң айтылатын бір шумақ өлең қалай аталады?
Жауаптары: Жаңылтпаш
Математика.
30. 8 - х = 6 қандай өрнек?
Жауаптары: теңдеу
40. Әлібек 1 айда 7 қызықты ертегі оқыды. Осы қарқынмен 1 жылда
неше ертегі оқиды?
Жауаптары: 84
50. Егер тырна 2 аяғымен тұрса 4 кг болады, ал 1аяғымен тұрса оның
салмағы қанша?
Жауаптары: 4кг
Жаратылыстану.
30. Жердің серігі?
Жауаптары: Ғаламшар
40. Стратосфера неше км алып жатыр ?
Жауаптары: 50 км
50. Тынық мұхитының ең терең жері?
Жауаптары: Мариан шұңғымасы
Ұпайы аз 1 оқушы ойыннан
шығады.
4 – бөлім:
«Тапқырлық»
Бұл турда оқушыларға бір сөз беріледі сол
сөзден бірнеше сөз құрастыру қажет.
Уақыты 1 минут.
Қ А З А Қ С Т А Н
Қаз, ақ, қазақ, ас, ат, ана, зат, нақ, сақ, сақа, тана, сана, қас,
қан, тас.
Ұпайы аз 1 оқушы ойыннан шығады.
5 – бөлім:
«Жорға»
Бұл турда ұпайы көп қалған екi оқушыға жеке-жеке 1 минутта 10 сұрақ
қойылып, дұрыс жауапқа 10 баллдан ұпай
жинайды.
1 –
оқушы
1. Бұтақта 50 қияр бар. Бір бұтақта 5 қиярдан өсіп тұр. Екі бұтақта қанша қияр өсіп тұр. ( Бұтақта қияр өспейді)
2.Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5)
3. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16)
4.
Аулада 7 шымшық отыр еді, оған тағы да бесеуі
қосылды. Бір мысық жайлап келіп 1 шымшықты ұстап алды. Сонда қанша
шымшық қалды?
( Мысық ұстап алған 1шымшық қалды. Басқа
шымшықтар ұшып кетті)
5. Екі адам шахматты 2 сағат ойнады. Бір адам неше сағат ойнайды? (2 сағат)
6.
Термометр аяз болғасын - үш градус көрсетіп
тұр. Осындай екі термометр неше градус
көрсетеді?
Жауабы:
үш
7.
Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Баспалдақтың
ортасында тұру үшін нешінші басқышты басу керек? (8
басқышта)
8. Күшіктер мен үйректер балапандарында 7 бас
пен 20 аяқ бар. Қанша ит күшіктері мен үйрек балапандары
бар?
Жауабы: 3 күшік және 4
балапан
2 –
оқушы:
-
Қос ат жегілген арба 40 шақырым жүрді. Бір ат неше шақырым жүрді? (40 шақырым)
-
Сиыр 4 аяғымен тұрса 200 кг, 2 аяғымен тұрса неше кг болады? (200 кг)
-
Ұзындығы 10 метр жіпті әр бөлігі 2 метр болу үшін неше рет қию керек? (4 рет)
-
Үш қыз бір сыныпта оқиды. Айгүл, Гүлназ, Айнаш. Айгүл Гүлназдан үлкен, Гүлназ Айнаштан үлкен. Кім сонда үлкені? (Айгүл)
-
Бақытжанның 4 ұлы, олардың әрқайсысының туған қарындасы бар. Бақытжанның неше баласы бар? (5 бала)
-
Қолымызда 10 саусақ бар. 10 қолда неше саусақ бар? (100)
-
Үш тауық үш күнде үш жұмыртқа салады. 12 тауық 12 күнде қанша жұмыртқа салады? (12 жұмыртқа)
-
Еменде үш бұтақ, ал әр бұтақта үш алмадан бар. Барлығы неше алма? (еменде алма өспейді)
6 – бөлім. Көрермендер сайысы. Бұл кезеңге көрермендер қатысады. Жұмбақтың шешімін тапсаңыз қол көтересіздер. Орнынан айтылған жауап қабылданбайды. Кезең шарты түсінікті болса, онда біз бастаймыз. Көрермендерге сәттілік тілейміз. Өлең –есептер шығару.
1.Су құйып ем астауға,
Үш қаз ұшты аспанға.
Үш қасқалдақ, бір қазан,
Екі үйрек, бір сазан.
Қосылды кеп бұларға
Бір көксерке,бір қарға,
Айт,неше құс ұшып жүр? (9 құс)
2.Портфелімде әуелі,
Он үш жаңғақ бар еді.
Науат пенен Маратқа,
Самат пенен Сағатқа,
Апасына Қанаттың,
Екі-екіден тараттым.
Қанша жаңғақ қалғанын,
Айта қойшы,ал жаным! (3жаңғақ)
3. Үйге жұмсап Жарқынды,
Алдырдық біз үш түйе.
Қос қап бидай артылды,
Әр түйенің үстіне.
Тапқыр болсаң ал,санап
Бидай алдық қанша қап? (6 қап)
4.Әсел шұлық тоқып отыр,
Ләйла сабақ оқып отыр,
Сара сырмақ сырып отыр,
Нұрлан өрмек құрып отыр,
Бекен отын тасып жатыр,
Дария қазан асып жатыр,
Қуыршағын жуындырып,
Ләззат отыр киіндіріп.
Алданбайды Мұрат бірақ,
Апасынан кәмпит сұрап,
«Жоқ» десе де қоймай жатыр,
Бірер талға тоймай жатыр.
Қанша бала ойнап отыр?
Қанша бала тоймай жатыр? ( 1бала ойнап отыр,1бала тоймай жүр)
Сайыстың қорытындысын шығарып болса, Әділ қазыларға сөз береміз.
Сайысқа қатысушы топтарды жеңістерімен құттықтаймыз. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге рахмет. Сау болыңыздар
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген