Сынып сағаты

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сынып сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс іс-шара
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Мен өз елімнің патриотымын.
Мақсаты: Балаларды Отанға деген мақтаныш, патриоттық сезімін дамыту. Балалардың пікірлерін тыңдау. Рәміздер туралы білімдерін тереңдету.
Көрнекіліктер: суреттер. Өтілу барысы
Кіріспе:
Психологиялық сәт:
Үлкенге де “СІЗ”,
Кішіге де “СІЗ”.
Бар адамға құрметпен,
Бас иеміз біз!
1 сыныпқа алғаш келген бүлдіршіндерді бір-бірімен таныстыру.
Сұрақ: Балалар, Отан деген не, кім қалай түсінеді? (Оқушылардың ойы)
Мұғалім түсіндірмесі:
-Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.
Отан –сенің туған елің, туған жерің, дос –жарандарың, туған туысқаның. Отан- бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің.
Отан адам үшін біреу ғана.
Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді.
Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз.
Біз, Қазақстанның патриотымыз!
Әнұран орындалады.

Балалар, сендер қандай ән орындадыңдар?

-Қазақстан Республикасының ән орындадық.

Дұрыс айтасыңдар, балалар. Әрбір республиканың өз  ерекшелігін білдіретін әнұраны, туы, елтаңбасы болады. Біз оны рәміздер деп атаймыз.  Осы рәміздер туралы  жеке-жеке түсінік беріп өтейік.

-Мынау –біздің  туымыз. Тудың  түсі аспанның түсіне  ұқсас көк аспандай көгілдір, ортасында күн, астында бүркіт ұшып келе жатыр.

-Мынау – елтаңбамыз. Елтаңбада шаңырақ, күн сәулесі, бес бұрышты жұлдыз. «Қазақстан» деген жазуы бар.

Егеменді елдің басты белгісі- тіл, қазақ тілі мемлекеттік тіл болып саналады. Қазақ тілі біздің –ана тіліміз.
Сұрақ:

  • Балалар «патриот» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

  • «патриот» қандай болу керек деп ойлайсыздар?

  • Біз қай республикада тұрамыз?

  • Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?

  • Астанада нелер бар?

  • Рәміздерді ата.

  • Президентіміз кім?

  • Біз қай қалада тұрамыз?


Қорытынды

-Балалар қанекей, көк туымыз мәңгілікке асқақтап, желбірей берсін деген  ниетпен , мына күн  сәулелерін сендерге  таратып беремін.Ал, сендер, өз тілектеріңді, отанға деген сүйіспеншіліктеріңді айтып, күн сәулесін құрап жасаймыз.
Міне енді осының барлығын біз кішкене жүрегімізге тоқып алсақ келешекте жақсы да сенімді Қазақ еліміздің нағыз “АЗАМАТТАРЫ” боларсыңдар деп үміттенемін.
Бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды. Сау болыңдар!





























Щучинск қаласы

П. И. Морозов атындағы №3 орта мектеп





Білім күніне арналған сынып сағаты

Тақырыбы:

«Мен өз елімнің патриотымын»









1 «Ә» сынып

Өткізген: Байшалова А. Т.





2018-2019 оқу жылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.01.2019
517
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі