Материалдар / Сынып сағаты 2 сыныптың қмжсы Ананың аялы алақаны. Қауіпсіздік 10 мин

Сынып сағаты 2 сыныптың қмжсы Ананың аялы алақаны. Қауіпсіздік 10 мин

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып сағаты 2 сыныптың қмжсы Ананың аялы алақаны. Қауіпсіздік 10 мин
Авторы:
20 Ақпан 2025
58
2 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты


Күні


Сынып жетекші:


Сынып:



Сабақтың тақырыбы:

Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы

«Ананың аялы алақаны» челленджі /

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

25-САБАҚ

2- сыныптар:«5 секунд» ережесі, бейтаныс адаммен диалогты қалай дұрыс құруға болады?»

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға анаға деген құрмет пен алғыс сезімін қалыптастыру.

Ананың қамқорлығы, мейірімі, еңбегі туралы түсінік беру.

Қауіпсіздік мақсаты :

Сабақтың мақсаты: балаларды бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезінде болатын қауіптермен таныстыру, дұрыс әрекет жасауға үйрету.

Дәйексөз

«Тәуелсіздік – тәтті сөз ғана емес, ұлттық жауапкершілік»

Құндылық

Тәуелсіздік және отаншылдық айы

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар


Ұйымдастыру кезеңі (3 мин)


Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу.

- Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.

- Психологиялық ахуал қалыптастыру.

- Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижелерді түсіндіру.

- Мұғаліммен амандасады.

- Сабаққа дайындалады.

- Тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.

Компьютер





Сабақ басы (10 мин)












ҚАУІПСІЗДІК САБАҒЫ

5 САБАҚ. «5 СЕКУНД» ЕРЕЖЕСІ, БЕЙТАНЫС АДАММЕН ҚАЛАЙ ДҰРЫС ДИАЛОГ ҚҰРУҒА БОЛАДЫ?»

Сабақ барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі

Жағымды мотивациялық көзқарасты қалыптастыру (1-2 мин).

Бір – бірімізге күлімдеп қарайық. Сенің күлімдеп қарағаның, жағымды, жақсы көңіл күй сыйлайды.

Мақсат қою. Тақырыптың анықтамасы

Суретке зейін қойып қарайық. Ойыңмен бөліс.

Балалар, қауіп-қатер кез келген жерде күтіп тұруы мүмкін. Біз қоғамда өмір сүреміз және адамдардың барлығы әртүрлі (тақтада сөз бар). Кез келген адам нағыз дос бола бермейді. Бұл нақыл сөздің мағынасын қалай түсінесің? (Барлық адам мейірімді емес). Ендеше, бүгінгі сабақта бейтаныс адаммен қарым-қатынас туралы білетін боламыз.

3. Білімді өзектендіру. Өткенді қайталау

- Бейтаныс адам деген кім? (Балалардың жауабы).

4. Білімді бастапқы игеру және оны тексеру

Топтық жұмыс. Кез келген қиындықты болдырмау үшін бірнеше қадамдардан тұратын қарапайым және сенімді әрекетті сақтау керек. Еркін жүруге және жағдайды бақылаудан шығаруға болмайды. Ол үшін төмендегі ережелерді есте сақта!

1-қадам. Жағдайды бағалау

Сіздің алдыңызда бейтаныс адам бар екенін және ол ықтимал қауіп төндіруі мүмкін екенін түсінуіңіз керек. Сондықтан одан сақтану керек. Бұл адамның кім екендігі маңызды емес – қыз, ұл, ата, жас әйел. Егер ол бейтаныс адам болса, онда олардың барлығымен бірдей әрекет ету керек.

2-қадам. Қашықтықты сақтаңыз! Сіз бен бейтаныс адам арасындағы қашықтық кемінде екі метр болуы керек. Бұл өте маңызды! (балаларға осы арақашықты көрсету керек).

3-қадам. Бейтаныс адаммен сөйлесу уақыты 5-10 секундтан аспауы керек. Содан кейін сөйлесуді тоқтату керек. Біреудің сізбен сөйлесуіне немесе сізді әңгімеге тартуына жол бермеңіз. Қылмыскерлерді керемет психологтер деп айтуға болады және олар кез келген адамның, тіпті ересек адамның сеніміне кіре алады. Мұндай жағдайда адам әңгімеге кіргенде, қырағылығын жоғалтады. Тәжірибелі қылмыскерлер ересек адамдарды қауіпті іс-әрекеттерді жасауға сендіре алады. Мысалы, қаңырап қалған жерге бірге бару және т.б. (Балалардан 5 секундтан кейін сөйлеуді тоқтатуды сұраңыз, оларға осы уақыт ішінде қанша сөз тіркесін айтуға болатынын көрсетіңіз).

4-қадам. Қауіпсіз жерге бар. Бұл дегеніміз, өзіңіз танитын ауладағы адамдар, достарыңыз, анаңызға не әкеңізге қоңырау соғыңыз. Бейтаныс адам сіздің артыңызда қалғанына көз жеткізіңіз. Егер жақын жерде таныс ересектер болмаса, онда дүкенге, дәмханаға, мектепке кіріп көмек сұраңыз.

Есіңізде болсын! Бейтаныс адам сізді аңдуын тоқтатпаса, үйге қарай жүгіруге асықпаңыз! Подъездге бірге кірмеңіз!

5. Бекіту.























Ортасы (30 мин)



"Ананың мейірімі дегеніміз не?"

"Анаң саған қалай қамқорлық жасайды?"

"Қоғамдық көлікте өзіңді қалай ұстау керек?"

Оқушылардың жауаптары тыңдалады.


8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні – аналарды, әжелерді, апалар мен әпкелерді құрметтеу күні. Бұл мейрамда балалар аналарына алғыс айтып, жылы сөздер айтып, сыйлықтар дайындайды.


Ана – өмірдің шуағы, мейірім мен махаббаттың символы. Ананың қамқорлығы мен сүйіспеншілігі әр баланың жүрегінде ерекше орын алады.


1. «Ананың аялы алақаны» челленджі

-Оқушылар анасына арнап ашықхат жасайды (алақанын қағазға бастырып, ішіне тілек жазады).

- "Менің анам" тақырыбында әңгімелесу (балалар аналары туралы айтып береді).

-Ана туралы өлең немесе ән айту (мысалы, "Ана туралы жыр").

Шығармашылық жұмыс:

Сурет салу: "Мен және анам" тақырыбында.




Оқушылар сұраққа жауап береді



Оқушылар тыңдайды








«Ананың аялы алақаны» челленджіне қатысады















Соңы


(2 мин)




Рефлексия:

"Анаңа бүгін қандай жылы сөз айтқың келеді?"

"Бүгін сабақтан не үйрендің?"


презентация





















Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі