400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сынып сағаты 6 сынып Туған жер-тұмса тарих

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал өзін-өзі тану пәні мұғалімдерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаңаөзен қаласындағы №1 Төлесін Әлиев атындағы орта мектеп мемлекеттік мекемесі













Сынып сағаты


Тақырыбы: «Туған жер-тұмса тарих»



Дайындап өткізген: Б.Б.Дармагамбетова

6 «А»сыныбы





















2018/2019 оқу жылы


Сабақтың тақырыбы: «Туған жер- тұмса тарих»

Сабақтың мақсаты:   Туған жерін, елін сүюге, халқына қызмет етуге тәрбиелеу.  Туған жер тарихын зерттеуге қызығушылықтарын ояту. Оқушылардың «Отан», «туған ел» туралы түсініктерін кеңейту, өз елін, туған жерін сүюге, патриоттық сезімге тәрбиелеу, отансүйгіштік сезімін қалыптастыру, рухани адамгершілікке тәрбиелеу.

Тәрбиелік мақсаты: Туған жеріміз Жаңаөзен қаласының тарихы туралы  түсінік беру, өз Отанын сүюге,  халқымыздың әдет-ғұрып, салт –дәстүрін сақтап,  әрі қарай  жалғастыруға тәрбиелеу. Қаламыздың 50 жылда жеткен жетістіктері туралы айтып түсіндіру

Дамытушылық мақсаты: Туған еліне, жеріне деген  сүйіспеншілігін  арттыру, Қазақстанды  өркендетуге  білімді адамдар керек  екенін  түсіндіру.


Әдісі: Ой шақыру, телеойын.

Пәнаралық байланыс:

Көрнекілігі: Түрлі- түсті қима қағаздар, Әнұран, Қазақстан жалауы, Елтаңба, карта т.б


Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады.


Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалім: Кіріспе (мұғалім сөзі) Құрметті оқушылар сіздерді «Алғашқы қоңырау» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!Құттықтай отыра,бүгінгі әрқайсысымызға ерекше «Туған жер-тұмса тарих» тақырыбындағы алғашқы сабағымызды бастаймыз.

«Қазақ деген мал баққан елміз,
Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз,
Жерімізді жау баспасын деп,
Елімізден құт – береке қашпасын деп,
Найзаға үкі таққан елміз,- деген екен рухы мәңгі өлмейтін Қазыбек би.
Біздің Отанымыз – Тәуелсіз Қазақстан! Қазақстан дегенде көз алдымызға кең байтақ дала, шексіз жазира дала елестейді. Яғни дала бейнесі көз алдыңа келеді. Бұл кең дала - қазаққа қымбат дала.
Жүрегім, жырым сенікі,
Кеңісті далам, кең далам.
Тудым, өстім есейдім...
Ен далам – анам, мен балаң!- демекші, бұл өлең шумақтары не туралы айтылған?
- Туған жер
- Әрине, олай болса, «Отан» деген ұғым, біздер үшін айқын ақиқат, Отан - өзің туған қала, өзің өскен ауыл, өзің оқыған мектеп, қысқасы өзіңді өмір азаматы етіп қалыптастыруға әсер жасаған орта. Ендеше, солар жайлы білу ауа мен судай қажет нәрсе – деп ұлы жазушымыз Мұхтар Әуезов айтқандай менің бүгінгі өткізгелі отырған тәрбие сағатым осы аталы сөздердің желісімен өрбиді. Туған жеріміз, туған Отанымыз Қазақстан болса, кіндік қаны тамған туған өлкеміз киелі Маңғыстау өлкесі яғни Жаңаөзен қаласы туралы.
Ендеше, құрметті ұстаздар, ата – аналар, оқушылар «Туған өлке – тұнған шежіре» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын балалар сендермен бірге бейнебаянға назар аударайық.

Мінеки, балалар, бұл сендердің тамашалағандарыңыз біздің туған өлкеміз Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы.

ІІ. Қызығушылықты ояту.

Оқушыларды топқа бөліп алу үшін мұғалім оларға сұрақ қояды: «Туған жер» дегенде ойыңа қандай сөздер келеді? Бұл сұраққа оқушылар әртүрлі жауап береді. Мысалы: Жаңаөзен, Мұнай т.с.с. Оқушылар ретіне қарай осы бес сөзді қайталап айтып шығады. Кім қай сөзді айтса, сол топқа кіреді.


Жаңа сабақ.

Кіріспе сөз: Туған жеріміз туралы мағлұмат беру. /слайдтан көрсету/

Жаңаөзен қаласы — Маңғыстау облысындағы жаңа дамып келе жатқан жас қала. Облыс орталығы — Ақтау қаласынан 150 км қашықтықта орналасқан. Қала 1968 жылы қаланған. Биыл қаламызға 50 жыл толып отыр. Тұрғындар саны 130 мыңға жуық. Қалада жалпы 17 шағын аудан бар: оның 6 шағын ауданы – көп қабатты үйлер, қалғандары жер үйлерден тұратын шағын ауылдар. Және осы аудандарға іргелес Теңге(қазақ ауыл депте айтады) деген үлкен ауыл бар. Қаламызда 22 мектеп және жаңадан биыл 3 мектеп қосылады, 20 — дан астам балабақша, «Мұнайшы» мәдениет үйі, 2 спорт кешені, музыкалық мектеп, қалалық, аудандық емханалар, медициналық колледж, 4кәсіптік оқу орны, кітапханалар бар. Қаланың экологиясы шөлейтті, жазық дала. Негізгі шаруашылығы - мұнай және газ өндірістері. Ауыл шарушылығынан түйе, жылқы, қой шаруашылықтары дамыған. Бұдан басқа тігін фабрикалары, сүт зауыттары,нан зауыттарыда бар..


1-мектеп туралы мәлімет беру. (оқушы)

1968  жылдан бастап  «Шаңырақ» шағын  ауданда жаңа № 1 орта мектеп салынды. Кейінірек  оған №1 Төлесін Әлиев атындағы  орта мектеп атағы берілді. Ең алғаш  мектеп директоры болып Қарабалина Сақыш болып тағайындалды. Жыл сайын мұғалімдер қатары жас мамандармен толықтырып отырады.

  1. Тренинг «Жүректен шыққан жылы сөз».

Оқушылар сабақты бір - біріне жылы сөз айтып, жаңа сабақты меңгеру барысында көңіл - күйлерінің жақсы болуына тілек білдіреді. 
- Балалар, қазақта мынадай сөз бар «Жылы сөз жанға қуат береді» дейді. Ендеше бүгін сабағымызды бастамас бұрын бір - бірімізге жылы сөз айтып, бүгінгі күнге жақсы тілек айтып бастайық. 


  1. Ой шақыру.

Оқушылардың назарын сабақтың тақырыбына аударады. Бүгінгі сынып сағатымыздың тақырыбы «Туған жер-тұмса тарих». Еліміздің ертеңі өздері екенін айта отырып, «Туған жерін, отанын сүйетін еліміздің ертеңі болар патриот ұрпақтар қандай болу керек?»- деген сұрақ қойылады. Бұл сұраққа әр топ ақылдаса отырып, өз ойларын үшбұрышталған қима қағаздарға жазады.Барлық топтар тыңдалып, ортақ қорытынды тақтаға ілінеді.


білімді

Тілін құрметтейтін.

ақылды


Shape1

Shape2 Shape3

Shape4

Туған жерін, елін сүйетін еліміздің потриот ұрпақтары


Дені сау

намысты




Shape5 Shape6


Shape7 Shape8

Адамгершілігі мол

Отанын сүйетін




Shape9

1.1 Келесі кезегімізді «Өз қалаңды білесің бе?» айдарына береміз.

Алпысыншы жылдардың басында Өзен кенорнына барлаушы-геологтар түпкілікті қоныстанып, өздерінің зерттеу-барлау жұмыстарын жоспарлы жүргізді. Қызылсайда алғашқы мекен-жайлар пайда болып, жан-жақтан халық жинала бастады. Алғашында жертөлелер мен вагондар орналастырылып, соңынан сол маңдағы жерқабақтардағы жұмыс тастарды тұрғын үй тұрғызуға пайдаланады. Сөйтіп барлаушы-геологтар мекені Өзен поселкесі пайда болды. Түбекті игерушілердің жанқиярлық еңбегі босқа кетпеді. Алпысыншы жылдары Өзен кенорнынан газ бен мұнайдың көзі ашылды. 1964 жылы қазіргі мұнайшылар қаласының қазығы қағылып, қала типтес жұмысшы поселкесі пайда болды. Онда Маңғыстау жарты аралында тұңғыш рет мұнай кәсіпшілігі басқармасы құрылды, бұл өлкеде екпінді құрылысшы бригадалары жасақталып, тұрғын үйлер мен мәдени нысандарды салу жұмыстары жүргізілді.

1968 жылы 21 қазанда Қазақ КСР Жоғары Кеңес Президиумының қаулысымен Гурьев (қазіргі Атырау) облысы құрамында Өзен ауданы құрылып Жаңаөзен поселкесі қала статусын алды.


Сұрақтар:

1. Маңғыстау облысының қалалары (Ақтау, Жаңаөзен, Форт – Шевченко).
2. Маңғыстау облысының құрамына кіретін аудандарды ата (Қарақия, Маңғыстау, Бейнеу, Түпқараған, Мұнайлы).

3. «Ұйқыдағы арудың оянуы» еңбегінің авторы кім? (Әбіш Кекілбаев).
4. Маңғыстау облысы қай жылы құрылды? 1973 жылы 20 наурыз).

5. Маңғыстау облысында орналасқан қорық қай қорық? Нешінші жылы құрылды?

(Үстірт қорығы, 1984ж.)

6. Дүние жүзіндегі ең үлкен ағынсыз көл (Каспий теңізі).

7. Маңғыстаудың байтақ даласында кездесетін емдік шөптерді ата? (адыраспан, бәйшешек, бозжиде, жантақ, изен, сүттіген).
8. Түпқараған ауданының орталығы (Форт – Шевченко)
9. Маңғыстаудан шыққан батырлар Иса, Шотан, Құлбарақ, Досан батырлар.
10. Маңғыстаудағы қандай тауларды білесің? (Айрақты, Шерқала, Ақмыштау, Ақтаулар, Отпан, Бесшоқы, Қаратау, Оғыланды, Маната, т. б)


- Балалар күні бұрын қандай мерекені тойладық? Контитуция күні


Осы туралы сіздерге қысқаша мәлімет беріп өтейін.

Ата заңымыз Конституция күні 22 жылдық мерекесі тойланды.

Қазақ халқы еркіндікке жетуі үшін қаншама қиын кезеңдерді бастан кешірді.1991 жылы Қазақстанның тәуелсіздігі туралы заң қабылданды.Қазақстан Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда референдумда қабылданды.9 бөлім,98 баптан тұрады. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Конституция-бұл да рәміздердің бірі,сондықтан негізгі заңды елдің туы,әнұраны және елтаңбасы секілді қадірлеу,құрметтеу-біздің парызымыз,»-деген. Сондықтан әрбір адамның заң талабына бағынып,жат қылықтар,өрескел тәртіп бұзушылыққа бармауы,өзіне жүктелген міндетті уақтылы орындаудың өзін еліміздің Ата заңын,халықты құрметтеуі деп білуімізге болады. Адамның өмірін денсаулығын тыныштығын мемлекетімізді Ата заңы қорғайды.


ІІІ Кім шапшаң? (Қораптың ішінен бір әріп суырып, сол әріптен келетін Маңғыстаудың , Жаңаөзеннің жер-су аттарын айтады


ІV Сурет көрмесі (Оқушылар болашақ Маңғыстаудың, Жаңаөзеннің суретін салып сол туралы әңгімелейді)


V Жыр шашу (Оқушылар өздерінің дайындаған ән билерін көрсетеді)


Сергіту сәті.


І топ: Маңғыстауым туған өлкем сен едің,

Өз елімде еркін өсіп келемін

---------------------------------------

----------------------------------

ІІ топ: Жаңаөзен мұнайлы қалам

-------------------------------------------


ІІІ топ: Маңғыстау – ер Бекеттің туған жері,
Кетіріп кіндік қанын жуған жері.
------------------------------------------

---------------------------------------------



5.Ойтолғаныс.

1.Тапсырма. Мен елімнің ертеңімін. Мен бүгіннен бастап ....( Оқушы өзіне өзі міндеттер жүктейді.) Мысалы: мен бүгіннен бастап туған жерімді аялаймын, тәртібімді жөндеймін, туған елңмнің көркеюіне үлес қосамын, дәлізде жүгірмеймін, жаман сөз айтпаймын т.с.с.

2. Автор орындығы. Жазған тапсырмаларын орындыққа отырып оқиды.

Қорытынды:

Мұғалім : Маңғыстауым туған өлкем сен едің,

Өз елімде еркін өсіп келемін

Ата – баба аманатын арқалап

Өз елімді көркейтсем мен деп едім! – деп ақындар айтып өткендей осы біздің ата бабамыз мекен еткен қасиетті әулиелі Маңғыстау өлкеміздің Жаңаөзен қаласына туып өскенімізді мақтан тұтайық! Осы өзіміздің туған өлкемізді одан әрі көркейтуге, табиғатын қорғауға баршамыз атсалысайық. Туған өлкеміздің тұнып тұрған шежірелері өте көп соны одан көріп, біліп зерттеуге ұмтылайық.






























Shape11 Shape10







Shape12

Shape13

















































Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: мемлекеттік рәміздер суреттері.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Психологиялық дайындық.

Қазақ ақыны М.Мақатаев өлеңін еске түсіріп бүгінгі сабағымызды бастайық.

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.


ІІІ. Негізгі бөлім.

Құрметті оқушылар сіздерді «Алғашқы қоңырау» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!Құттықтай отыра,бүгінгі әрқайсысымызға ерекше «Мен өз елімнің патриотымын» тақырыбы аясында өтетін сынып сағатын бастауға рұқсат етіңіздер.

Балалар өлеңде не туралы айтылды. (Туған жер, Отан туралы)

Біздің Отанымыз қалай аталады екен?

Қазақстан.
Қазақстан жері қандай?
– Қазақстан жері үлкен, әдемі, әрі бай. Дұрыс айтасыңдар, балалар, Қазақстан жері батыстан шығысқа қарай 300 000 шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1700 шақырымға созылып жатыр.(ҚР – ның физикалық картасынан көрсету)

Біздің еліміз – жерінің кеңдігімен қатар, табиғи байлығы да мол мемлекет. Өріс толы малы, тайдай тулаған балығы, теңіздей толқыған егіні, дала толы аң – құсы, таусылмас кен байлығы да жеткілікті, мол)


Сіздермен«Қазақстанды білесіңбе?» ойынын ойнайық

Оқушыларға сұрақтар қойылады:

-         Отан дегеніміз не?

-         Отан дегеніміз туып-өскен жеріміз. Әр халықтың өз Отаны болады.

-         Біздің Отанымыз қалай аталады?

-         Біздің Отанымыз Қазақстан Республикасы деп аталады.

-         Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?

-         Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет.

Қазақ хандығы құрылғанына неше жыл? (550 жыл)

Туған жерін, елін, жақсы көретін адам. ) Патриот

-         Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы.

-         Балалар, желтоқсан айының 16-сы күні қандай мейрам?

-         16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні.

-         Биыл Қазақстан тәуелсіздігіне неше жыл болады?

-         Биыл Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл болады.

- Балалар күні бұрын қандай мерекені тойладық? Контитуция күні


Осы туралы сіздерге қысқаша мәлімет беріп өтейін.

Ата заңымыз Конституция күні 21 жылдық мерекесі тойланды.

Қазақ халқы еркіндікке жетуі үшін қаншама қиын кезеңдерді бастан кешірді.1991 жылы Қазақстанның тәуелсіздігі туралы заң қабылданды.Қазақстан Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда референдумда қабылданды.9 бөлім,98 баптан тұрады. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Конституция-бұл да рәміздердің бірі,сондықтан негізгі заңды елдің туы,әнұраны және елтаңбасы секілді қадірлеу,құрметтеу-біздің парызымыз,»-деген. Сондықтан әрбір адамның заң талабына бағынып,жат қылықтар,өрескел тәртіп бұзушылыққа бармауы,өзіне жүктелген міндетті уақтылы орындаудың өзін еліміздің Ата заңын,халықты құрметтеуі деп білуімізге болады. Адамның өмірін денсаулығын тыныштығын мемлекетімізді Ата заңы қорғайды.


Мұғалім:Әрқайсысымыз “Отан” деген сөз ыстық естіледі. «Отансыз адам – қанатсыз құспен тең» демекші, әр адамның Отаны өзі үшін ыстық. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны – тәуелсіз Қазақстан Республикасы. Сондықтан отанға деген махаббатымызды әртүрлі тапсырмаларды орындау арқылы жеткізейік.


Сұрақ – жауап. Блиц – турнир.

  1. Қазақстан қандай мемлекет? (Тәуелсіз)

  2. Қазақстан мемлекеті өзінің тәуелсіздігін қашан жариялады?
    (16 желтоқсан 1991жыл).
    3. Қазақстанның тұңғыш президенті кім?
    4. Қазақстанның рәміздерін атаңыз. ( Елтаңба,Ту, Әнұран) Қ.Р. мемлекеттік рәміздері қабылданды. Олар: Елтаңба, Әнұран, Ту.

Елтаңба- Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасында да көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген.. Шаңырақты айнала күнсәулесіндей тарап, уықтар шаншылған, Бес жұлдыз қанатты тұлпар бейнеленген. Бидай сабақтары тоқшылық, молшылықты білдіреді.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы. Ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, тік бұрышты бейнеленген мата. Алтын күн, қыран және қыран және ою-өрнек біздің халқымыздың ашық келешегі мен береке тыныштық пен байлықтың белгісі.

Әнұран кез-келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздасы Гимн. Гимн мемлекеттік ән. Ол халықты әйгелі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірмен келешек арманы айтылған.


5. Қазақ тілі қандай тіл? (қазақ тілін білу әрбір Қазақстандықтың азаматтың борышы)
6. Қазақстан қандай мемлекеттермен шектеседі?
(Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Қытай, Ресей)
7. Қазақстанда қандай ресми мерекелер бар? ( 30тамыз Конституция күні, 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні т.б)


Сергіту сәті.

3. Анаграмма шешу.
НАТО (Отан)
НАТСАҚЗАҚ (Қазақстан)
ТЕКЛЕМЕМ (Мемлекет)
ЗІСЛЕӘУТ (Тәуелсіз)
ДІМЕНЕГЕ (Егеменді)
ДАОЛМИПИА (Олимпиада)

- Балалар осы «олимпиада» сөзіне қатысты не айта аламыз, қанеки өз ойларымызды ортаға салайық.

- Олимпиада қайда өтті?

- Біздің еліміз қанша жүлде алды?

- Осы олимпиада жүлдегерлер арасында кім деген жерлесіміз бар?


«Жас ақындар» сайысы
(Отан, туған жер туралы бір шумақтан ақындардың өлеңдерін еске түсіру немесе өз ойларыңнан бір шумақ өлең құрастыру)
Әрбір адам өз отанын, туған жерін ғажайып табиғатын, сұлулығын, өлең шумақтар арқылы да білдіріп отырған. Оқушылар ақындар өлеңдерін немесе өз ойларыңнан өлең шумақтарын құрастырып, айтып шығыңдар.


«Кім жылдам) ойыны

Мұғалім: Ия балалар, елін, жерін сүйетін азамат болып шығу үшін қандай бала болуымыз керек?

Білімді, өнерлі, ақылды, еңбексүйгіш, бала болуымыз керек.

Дұрыс-ақ, ендеше Отан, туған жер туралы қандай мақал- мәтелдер білеміз.

Мақалды жалғастыру
1. Туған жердей жер болмас, (туған елдей ел болмас).
2. Туған жер - (алтын бесік).
3. Батыр ел үшін туады, (ел үшін өледі.).
4. Отансыз адам - (ормансыз бұлбұл).
5. Бейбіт елде, (береке бар).

6.Туған жердің қадірін

… … … (Шетте жүрсең білерсің)

7.Отан үшін отқа түс, … (күймейсің)

8.Туған жердің күні де ыстық, … (түні де ыстық)

9.Кісі елінде сұлтан болғанша

… … …. (Өз еліңде ұлтан бол)

10. Тыныштық пен байлықтың белгісі (күн)

11. Айбындылық, еркіндік, дархандық, қырандылықтың белгісі. (қыран, бүркіт)

12. Әлемнің біртұтас, мемлекет бастауы –отбасы ошағының белгісі(Шаңырақ)

Қорытынды.

Әрбір адам бала жасынан “Қазақстан – менің Отаным, ол мен үшін жауапты болғаны сияқты, мен де ол үшін жауаптымын ” деген қарапайым ойды меңгеруі керек. Қорыта келгенде “ Өз Отанының патриоты болу – Қазақстанды өз жүрегінде ұялату ”деген сөз.

Сабағымызды жақсы оқып, еліміздің адал, еңбекқор, патриот азаматы болайық. Ер жетіп, еліміздің одан әрі көркеюіне , гүлденуне өз үлесімізді қосайық дей отыра бүгінгі «Мен өз Отанымның потриотымын» атты ашық сабағымыз өз мәресіне жетті.






























Shape15 Shape14

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
02.04.2019
964
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі