Алғыс айту күнінің Қазақстан халқы
Ассамблеясының құрылған күнімен сәйкес келуінде үлкен мән бар. Оған
себеп ата-бабамыз бастан кешірген, ауыр нәубет
жылдары.
Тарих беттерін ақтарсақ, екінші дүниежүзілік
соғыс кезінде Кеңес үкіметі көптеген халықты күштеп көшіруге шешім
қабылдады. Одан соң корей диаспорасын да айдауға салып, біздің
елімізге басқа да ұлт өкілдерін жер аударып отырды. 1946 жылы Кеңес
одағында жер аударылғандардың саны -2,5 миллионға жеткен. Ал ішінде
біздің елге қоныс аударғандар саны 1 миллион 200 мың адам. Кейін
өзге ұлт өкілдеріне өз отандарына қайтуға рұқсат беріледі. Дегенмен
көбі қазақ жерінде қалып қойды. Содан бері Қазақстан үшін еңбек
етіп келеді.
2015 жылдың 22 сәуірінде Нұрсұлтан Назарбаев
Ассамблеяның XXII сессиясында Алғыс айту күнін белгілеуді ұсынған
болатын.
Алғыс айту – адамдардың бір-біріне деген
ризашылығын білдіруі.
1 наурыз – Алғыс айту күні Қазақстандағы
барлық халықтар арасындағы достықты нығайту үшін
белгіленген.
Бұл күн елдің дамуына үлес қосқан
ата-бабаларымызға, тарихи тұлғаларға, туған жерімізге алғыс айту
күні болып саналады.
Шығармашылық
тапсырма:
1-тапсырма: «Еліме алғыс» атты өлең шығару.
«Синквейн»әдісі бойынша
шығару
2-тапсырма: «Елімізге, жерімізге, халқымызға
алғыс» тақырыбында хат
жазу.
3-тапсырма: Постер жасау ( Елім үшін
алғыс,жерім үшін алғыс,күнім үшін алғыс ,суым үшін алғыс ,орманым
үшін алғыс.)тақыптарн ашық постер
жасау
|