Материалдар / Сынып сағаты 8 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сынып сағаты 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып са5аты жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Сәуір 2024
19
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
250 тг 188 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ӨМІР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН БАҒАЛАЙЫҚ!


Адибаева Маржан Мухтаровна

Ғани Мұратбаев атындағы гимназиясының биология пәні мұғалімі,

Жамбыл облысы Байзақ ауданы


Сабақ түрі: тәрбие сағаты

Тәрбие сағатының мақсаты: оқушылардың өмір құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Тәрбие сағатының міндеттері:

  • «өмір» ұғымына тереңірек үңілуге ықпал жасау;

  • өмірге деген жағымды көзқарасын қалыптастыру;

  • жастар арасында суициалды мінез-құлықтың алдын алу;

  • өзінде бар құндылықтарды бағалай білуге үйрету.

Сабақтың жабдықталуы: мультимедиялық құрылғы, презентация материалдары, аудио және бейне жазбалар, плакаттар, қосымша материалдар.

Пән аралық байланыс: педагогика, психология, этнопедагогика, философия, әдебиет, тарих, сурет.

Сабақ тәсілі: Іздендіру тәсілі, анализдеу, синтездеу, жүйелеу, талқылау, дәлелдеу, топтастыру,

қорытындылау.

Сабақ типі: Шығармашылық сабақ .


Сабақ барысы:

Мұғалім сөзі: Н. Ә. Назарбаев: «Біз құрап жатқан қоғамның ең жоғарғы құндылығы – адам, бүкіл өзгерістердің бәрі сол үшін, соның игілігі үшін жасалып жатыр». Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Өмір құндылықтарын бағалайық!». Сабағымыздың мақсаты - «өмір» ұғымына тереңірек үңілу, өмірге деген жағымды көзқарасын қалыптастыру, өзінде бар құндылықтарды бағалай білу.

- Құндылық туралы не айтуға болады?

- Адамзат үшін не құнды, кім құнды?

- Сіздің қандай құндылықтарыңыз бар?

- Әдетте құндылық деген сөзді естігенде ойыңызға не келеді? Құнды заттар, құнды ақпарат, басқа адамның құнды қасиеттері. Әр нәрсенің өз құндылығын білгенмен, біз өз құндылықтарымызға назар аудара бермейміз - жан-дүниеміздің құндылықтарына. 

Психология бойынша құндылық дегеніміз - өзін қоршаған ортада жеке тұлғаның бағалайтын заттары не құбылысы. Ол ынталандыру ұғымымен тығыз байланыста.

Адам бар жерде құндылық та қатар жүреді. Ол адамға ғана емес, оны қоршаған ортаға да тікелей байланысты. Құндылық - әлдебір дүниенің маңыздылығын аңғартатын сипаты іспетті. Ол әр затқа табиғатынан тиесілі емес. Әр адамның таным-түсінігіне, көзқарасына байланысты әр түрлі сипатта болмақ. Қоғамда "рухани құндылықтар", "материалдық құндылықтар", "мәңгілік құндылықтар" сынды ұғымдар қалыптасқан[1, 165б.].

*Әңгімелесу.


« Ойлануға арналған балықтар» жаттығуы.( сұрақ-жауап түрінде).

  • Өмір дегенім не,қалай түсінесің?

  • Өмір сүру жақсы ма,жаман ба?

  • Сен бақыттысың ба?

  • Сені не қобалжытады, сондай кездерің болады ма?

  • Өз-өзіне қол жұмсау ерлік пе,әлде әлсіздік пе?

  • Егер саған біреу қатты дауыс көтеріп ұрысса, сен не істейсің?

  • Сенің мінезіңнің жаман,жақсы жақтары қандай?

  • Келешекте сен өз өміріңді қалай құрар едің?

Адам тастай берік,

Гүлдей нәзік.

( оқушылар өз ойларын ортаға салады).

  • Ендеше, балалар, адамды тастай берік ететін де,гүлдей нәзік ететін де өмір екен.

Өмір-ол адамға бір-ақ рет берілетін баға жетпес қымбат сый.Осындай сыйды саған сыйлаған кім ?...

Әрине, саған осындай баға жетпес сый сыйлаған ең қымбат адамдарың, ол сенің ата-анаң. Сондықтан оларды ренжітпеуіміз керек. Айтады ғой, «Анаңды үш рет Меккеге арқалап апарсаң да борышыңды өтей алмайсың»-деп. Себебі, ол саған «өмір» сыйлады, саған жарық дүние көрсетті, сені өсірді, сенің ыстығыңа күйіп, суығыңа тоңды, түн ұйқысын төрт бөліп сені аялады, тәрбиелеп өсірді. Егер саған анаң осындай баға жетпес сый сыйласа, сен соған лайықты өмір сүруге тиіссің. Өз өмірің өз қолыңда! Біреуге ренжіп,біреуді кінәлап, мін тағу дұрыс емес. Өмірдегі қайғыны,сәтсіздікті көтере білу керек. Жаңа, жақсы ойлар ойлау керек.

Адам өмірі жеңіс пен жеңілістен, сәттілік пен сәтсіздіктен,қайғы мен қуаныштан құралады.Міне, өмірдің өзі,біле білсең сонысымен қымбат [2, 7б.].

Мұғалім сөзі: Енді осы өмір туралы ойларымызды ары қарай жалғастырайық. (оқушылар ойларымен бөліседі)


Мұғалім сөзі: Сонымен өз ойларыңмен бөлісіп, пікірлестіңдер, өмір сүру үшін күйретуші ойлардан аулақ болуымыз керек екен. Мазасыз жаман,жағымсыз,мағынасыз ойлар адамды психикалық,тәндік жарақатқа шалдықтырып,тіпті өлімге әкеліп соқтырады. Өздерің ойлаңдаршы? Сонда не өзгереді? Одан сен не ұтасың ?Оның кімге пайдасы, кімге зияны тиеді?...

(оқушылар ойларымен бөліседі)

Ештеңе де өзгермейді, ештеңе де ұтпайсың, еш пайдасы жоқ, керісінше өзіңе жақын адамдарыңа зияныңды тигізесің. Әрине, дұшпаныңа күлкі, достарыңа, ең қымбат адамыңа, ата-анаңа, бауырларыңа орны толмас қайғы, қасірет әкелесің, одан басқа ештеңе жоқ. Өмірдегі кездесетін сәтсіздіктерді уақытша қиындық деп қабылдау керек. Әр нәрсенің ақырын шыдамдылықпен күтіп, не істесең де ойланып істеуге үйрену керек. Сабырлы, шыдамды, төзімді болуды үйрен [3, 216 б.].


Өмір мен әділдік./І.Есенберлин/ (Бақытгүл)

Өмір деген үлкен той. Адам өкінішін той үстінде емес,той өткен соң айтады. Өкініш кімді болса да қайғы-азапқа апарып соғады. Ал ондай жанды күйзелтер өмір, қараңғы үйде сықсиған білте шам тәрізді, тек еміс-еміс сәулесі бар,жарқыраған жарығы жоқ. Мұндай күйге ұшыраған кісінің тек арманы ғана жолын көрсетер нұрлы шырағы. Бірақ арман қанша қусаң да жеткізбейтін бір қиял, түнгі от тәрізді, жақындаған сайын алыстай береді.

Демек, өмір кейде сырын білмес тентек жылқы секілді, теуіп жібермес үшін қай жағынан келеріңді білмейсің.

Аспанда жұлдыз,жерде құндыз көп,бірақ қайсы оның қолға жеңіл түсіп жатыр? Ия жақсылық істеу қиын,жамандық-оңай.Әркімнің-ақ қолынан келеді.Дүние неге бұлай жаратылған? Ал адам баласы дүниеге бір-біріне тек жақсылық жасау үшін ғана келеді емес пе? Неге адал жолдан таяды?

Кей кісілер өмір қызығына аш қасқырдай қомағай,Бүлдіргіш жаратылатыны несі? Өмірді неге аямайды,неге мәпелеп құрметтемейді?Бұл шіркін бір-ақ рет беріледі ғой.Ал түлкі тәрізді өзгелерді алдап-арбап, үнемі рахатта өткісі келетіндер де көп.Бұлар тіпті адалдықтың не екенін білмейді [4, 320 б.].


14-қара сөз. Абай (Сержан)

Тірі адамның жүректен аяулы жері бола ма? Біздің қазақтың жүректі кісі дегені - батыр кісі дегені. Онан басқа жүректің қасиеттерін анықтап біле алмайды.Рақымдылық, мейірбандылық, әртүрлі істе адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді демек, бұлар жүрек ісі. Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды. Амалдың тілін алса- жүрек ұмыт қалады.

Қазақ та адам баласы ғой, көбі ақылсыздығынан азбайды, ақылдың сөзін ұғып аларлық жүректе жігер, қайрат, байлаулылықтың жоқтығынан азады. Білместігімнен қылдым дегеннің көбіне нанбаймын. Білімді білсе де, арсыз, қайратсыздығынан ескермей, ұстамай кетеді.


Қызық өмір./М.Мақатаев/ (Аружан)

Қызық өмір,кім білсін,сонысымен,

Аласы мен құласы,торысымен.

Тағдыр түрлі болғанмен,өмір біреу,

Ұнатамын өмірді сол үшін мен.


Ұнайды өмір ынтымақ,күресімен,

Құр қалмайды ешкімде үлесінен.

Өліп-талып жеткенде бақытына,

Шорт үзіліп кей тағдыр түгесілген.


Өміріме өзімнің таңданамын,

Қалмаймын деп қатардан қарманамын.

Бүгінімді өткізсем қиындықпен,

Ертеңіме үмітпен алданамын.


Ұнатамын өмірдің ой-қырларын,

Сауық құрып,сайрандап,той қылғанын.

Өмір керек көлеңке,шуағымен,

Өмір керек!

Басқаның қойдым бәрін...


Мұғалім сөзі: Даналық білімнен нәр алады. Даналыққа апаратын  жол ұзақ  әрі қиын. Сондықтан  жастарға басты қиындықтарды көре білетін, әлеуметтік ақыл-ойға сәтті кіруге көмектесетін жолбасшы қажет. (Моцей Тапась, Варшава)


«Сөйлемді жалғастыр» жаттығуы. ( жазылған сөйлемді өз сөзімен толықтырып жазып, ой қорыту).

  • Жақсы өмір- бұл ...........

  • Бақытты адам-ол .........


Мұғалім сөзі: Әрине өмірдің барлық сәтсіздіктері бақытсыздық емес.

Өмір.......

Күлдіртіп тұрып, жылатады,

Көтеріп тұрып, құлатады.

«Уф» еткен желге дірілдей көрме,

Шыдамдылықты ұнатады,

Өмір !- деп жырлағандай, Өмір – арнасы кең өзен, сол өзеннен өз арнаңды тауып ағу сенің басты мақсатың. Ал өз мақсатыңа жету оңай емес, ол үшін қандай да бір қиындықтарға, кедергілерге кездесуің мүмкін. Ал енді біреулерге қиындықтар кездеспеуі де мүмкін. Сондай кездерде біреулерге қызғаншақтық, көреалмаушылық танытпа, өз мақсатың үшін күресе біл. Өзіңнің күшті жақтарыңды көрсет, әлсіздік, шарасыздық танытпа. Сен өз өмірің үшін өмір сүруге тиіссің.

« Егер сен ағаш болсаң» тренинг.

Балалар (жапырақ ,діңгек , тамыр) біреуін таңдауы керек, неге таңдағандарын айтып түсіндірулері қажет.

жапырақ – ол көктейді, гүлдейді;

діңгек – барлық ауыртпашылықты, жауапкершілікті көтереді;

тамыр – ол арқылы бүкіл ағаш қоректенеді.

Ник Вуйчич /Тренинг/ видеосы


Виржджини Сатирдің мына бір кеңесіне құлақ асайық: « Мен – ол мен. Бар әлемде маған ұқсайтын адам жоқ. Менің барлық жеңісім мен табысым тек маған тиесілі. Менің барлық жеңілісім, менің қателігім өзімдікі. Мен өзіме жеткіліктімін, мен өзімді жасай аламын. Мен өте тамаша адаммын» [5].


Мұғалім сөзі: Қымбатты балалар !

Өмір – көпір, от үстіне салынған,

Діңгектері зәндем отқа малынған.

Қорқу білме, аяқтарың таймасын,

Ойнап отпен, шарпу көрме жалыннан! –дей келе сендерге мынадай кеңес беремін естеріңе ұстаңдар.


Қызықты өмір сүру үшін.....


  • ай сайын жаңа кітап оқы, оқығаныңды көңіліңе тоқы;

  • икемің бар іспен айналыс;

  • әрбір демалыс күніңе жоспар жасап, қызықты өткізуге тырыс;

  • ертеңгілік жаттығу жаса, сергек жүресің;

  • ата-анаңа, бауырларыңа, жақындарыңа көмектесіп тұр;

  • әр айдың әрбір күнінде өзіңді басқа біреудің орнына қойып көр, содан өзгеше ойлап, тәлім алуға тырыс;

  • әр күні кешке «мен бүгін не істедім?» деп өзіңе есеп беріп үйрен;

  • күнделік жазуға дағдылан, ол сенің ең сенімді серігің бола алады.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Кітаптар, монографиялар, жинақтар:

  1. С.Ұзақбаева. Тамыры терең тәрбие (қазақтың халық педагогикасындағы эстетикалық тәрбие) // Алматы, 1995.-165б.

  2. Пірәлиев С. Ұлттық тәрбие және жаһандану // «Егемен Қазақстан».2021 ж7 №12-7 б.

  3. Құдайбергенова.К.Құзырлылық табиғаты-тұлғаның өзіндік дамуында // Алматы, 1996. – 216 б.

  4. Есенберлин І. Жанталас. - Алматы, 1973. - 320 б.

Электрондық ресурстар:

  1. https://infourok.ru/synyp-sa%D2%93aty-%D3%A9m%D1%96r-%D2%9B%D2%B1ndyly%D2%9Btaryn-ba%D2%93alajy%D2%9B-4399883.html

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!