Материалдар / сынып сағаты «Адалдық жолынан айнымайық» 8 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

сынып сағаты «Адалдық жолынан айнымайық» 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сынып сағаты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Маусым 2021
2808
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Адалдық жолынан айнымайық» тақырыбындағы сынып сағаты

Мақсаты:
1.Рухани адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу,сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту,оқушылардың заң талаптарын сақтауға ынтасын қалыптастыру.

2. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттері дамиды; дүниетанымдары кеңейеді.

Көрнекілігі: слайдтар, таратпа қағаздар.
Өткізудің формасы: Тәрбие сағаты
Өткізудің технологиясы мен әдістер: баяндама,мәнерлеп оқу, сұрақ - жауап, видеоролик

Сабақтың барысы:



1 - жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар мен оқушылар. Бүгінгі біздің «Адалдық жолынан айнымайық» атты ашық тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!!!
Бүгінгі біздің ашық тәрбие сағатымыздың мақсаты өскелең жас ұрпақты адал жолмен жүруге, адалдыққа үйрету.
Адамның  ниеті,  ойы,  іс-әрекеті  шындыққа негізделгенде адам  өзіне  де,  өзгеге  де  адал  болады. Адал  болу  кез-келген  адамның  өз  қолында.  Ол  біздің ішкі  жан-дүниемізден  бастау  алады.  Адамның  көңілі  таза,  пейілі кең,  адал,  шыншыл  болғанда  әділдікке  қол  жеткізеді.

Адалдық  өмірінде  керек  нәрсе,

Ол да  гүлдеп,  нұрланар  көңіл  бөлсе.

Халыққа  өз  пайдасын  тигізе  алмай,

Адам  боп,  өзін-өзі  меңгермесе,-  демекші  әр  адам  дүние  есігін  ашып  шыр  етіп  өмірге  келген  күннен  бастап жүрек қалауымен  ,  ата-анасының  берген  тәрбиесімен,  жақсылық  жамандықты  көре  жүріп  өмір  сүре  бастайды. Келген  қонақтар,  оқушылар  адалдық,  адамдық  жайында  ойымызды  ішімізге  бүкпей  ортаға  сала  отырайық. Бүгінгі  сағатымыз  үш  бөлімнен  тұрады.

Балалар бүгін біздің мектебімізде қонақта ____________________________________________________________

____________________________________________________________


  тәрбие сағатымыз  үш  бөлімнен  тұрады.

І-бөлім-  сұрақтарға  өз  ойын  білдіру.

ІІ-бөлім- адалдық,  адамдық  туралы  мақал-мәтелдерге  түсінік  беру.

ІІІ-бөлім- ситуациялық  сұрақтарға  өз  ойын  білдіру.

І-бөлім.

  1. Жалпы адалдық  дегенді  қалай  түсінесіңдер?

  2. Адал дос  дегенді  қалай  түсінесіңдер?

  3. Адал болу  кез-келген  адамның  қолынан  келмейді?  Неліктен?

  4. Ата-анаға, бауырға,  ортаға  жалпы  өмірде  адал  болу  дегенді  қалай түсінесіңдер?

  5. Сен өзіңді  адал  жанмын  деп  айта  аласың  ба?

ІІ-бөлім.

Мақал-мәтел- халық  даналығының  бір  түрі.Олардың  тақырыптары  да  әр  алуан.  Мақал-мәтелдің  мағына  -мәні  де  терең,  аз  сөзбен  көп  мағынаны,  үлкен   ойды  жеткізеді.  Ендеше  бүгінгі адалдық  тақырыбындағы  мақал-мәтелдерді   айта  отырып,  мағынасын  түсіндіріп  өз  ойымызды білдірсек.

1.Адамгершілік болмай,

Әділдік болмас.

2.Адамның ұяты бетінде,

Адамгершілігі ниетінде.

3.Адалдық — ардың ісі.

4.ШЫНДЫҚ ЖОҚ ЖЕРДЕ СҰМДЫҚ КӨП.

5.Адамның әдемілігі шыншылдығында.

6.Ақихат сөзде алалық жоқ.

7.Әділ айтқан жеңер.

8.Әділдікке жығылмайтын адам жоқ.

9.Әкімің әділ болмаса жұрт бұзылады,

Саудаң әділ болмаса нарық бұзылады.

ІІІ-бөлім.Дайындаған  ситуациялық  сұрақтарымыз  бар. Ендеше  кезек  берейік.

1.Сенің  Айнұр  шын  сырлас, мұңдас  досың.  Ол  сыныбыңдағы  Айгүлмен  ренжісіп  қалады  да  саған келіп  Айнұрдың кемшіліктерін  айтып  досыңды  жамандады. Сенің  әрекетің?

  1. Ажар мен  Алмагүл сабақтан келе  жатыр  еді. Ажар  жарнамадан  жаңа  фильмнің  басталғанын  көрді. Менің  қалтамда  апамның «самса алып  жерсің» деп берген  ақшасы бар.  Кеттік,  кино  көрейік,- деді.  Алмагүл: Үйден  сұранып  шыққан  жоқпыз. Іздеп  қалады  ғой,-  деп  іркіліп  қалды. Ештеңе  етпес, «мектепте болдық»  деп  айта  саламыз.  Ажардың  ұсынысына  сен  қалай  жауап берер едің?

  2. Менің ең жақын  досым  мектепте  бір  баламен достасқан,  ол  күнде кешке  қарай  мені өзімен  бірге  серуендеп  жүруге  шақырады. Ол:  «менің  анам, сенімен  бірге  жүргенімді  білсе,  ол  қарсы  болмайды»,-дейді. Досым  үйінде ата-анасы ұрыспауы  үшін,  мен  бірнеше  рет  телефон  арқылы  оларға  өтірік  айттым..  Басында  мен  қиналмастан,  оларды  жасырып  жүрдім,  ал  қазір  олар  мені  пайдаланып  жүр,  ал  мен  күнде  өтірік  айтуды  ұмытпайтын  болдым.  Менің  досымнан  ажырағым  келмейді.  Сонда  менің  не  істеуім керек?

Сендер  баланың  сұрағына  қалай  жауап  берер  едіңдер?

Құрметті оқушылар әрқашанда адамдық жақсы қасиеттерді сақтап,мақсатты нәтижелерге жету үшін,өз мүмкіншіліктеріңізді пайдалануға тырысыңыздар .

  • Ал енді, сөз кезегін біздің қонақтарымызға береміз.

Кері байланыс: Жүректен жүрекке

Мұғалім балалардың шеңберге тұрып, сыныптас достарымен қол ұстасып өз бойларындағы жақсы қасиеттерін таныту мақсатында және алған білімдерін қорытындылау үшін бір-біріне жүрекжарды тілектерін айтуды ұйымдастырады. 

Сонымен бүгінгі біздің «Адал жол »тақырыбындағы тәрбие сағатымызды жабық деп жариялауға рұқсат етіңіздер. Назар қойып тыңдағандарыңызға Рахмет.

Сынып жетекшілер: Мусталдинова С.К

Тексерілді: ДТіЖО:

Искакова И.М







































1.Сенің  Айнұр  шын  сырлас, мұңдас  досың.  Ол  сыныбыңдағы  Айгүлмен  ренжісіп  қалады  да  саған келіп  Айнұрдың кемшіліктерін  айтып  досыңды  жамандады. Сенің  әрекетің?














  1. Ажар мен  Алмагүл сабақтан келе  жатыр  еді. Ажар  жарнамадан  жаңа  фильмнің  басталғанын  көрді. Менің  қалтамда  апамның «самса алып  жерсің» деп берген  ақшасы бар.  Кеттік,  кино  көрейік,- деді.  Алмагүл: Үйден  сұранып  шыққан  жоқпыз. Іздеп  қалады  ғой,-  деп  іркіліп  қалды. Ештеңе  етпес, «мектепте болдық»  деп  айта  саламыз.  Ажардың  ұсынысына  сен  қалай  жауап берер едің?











  1. Менің ең жақын  досым  мектепте  бір  баламен достасқан,  ол  күнде кешке  қарай  мені өзімен  бірге  серуендеп  жүруге  шақырады. Ол:  «менің  анам, сенімен  бірге  жүргенімді  білсе,  ол  қарсы  болмайды»,-дейді. Досым  үйінде ата-анасы ұрыспауы  үшін,  мен  бірнеше  рет  телефон  арқылы  оларға  өтірік  айттым..  Басында  мен  қиналмастан,  оларды  жасырып  жүрдім,  ал  қазір  олар  мені  пайдаланып  жүр,  ал  мен  күнде  өтірік  айтуды  ұмытпайтын  болдым.  Менің  досымнан  ажырағым  келмейді.  Сонда  менің  не  істеуім керек?













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!