Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сынып сағаты Адам болам десеңіз

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып оқушыларына сынып сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мерзімі: 22.10.2018ж.


Сабақтың тақырыбы: Бес нәрседен қашық бол!


Сабақтың мақсаты: Адамдарға жақсылық жасауға үйрету, оқушының

ой-өрісін, дүниетанымын дамыту, әдептілікке тәрбиелеу.


Сабақтың көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер



Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

-Оқушылармен амандасу, түгендеу


Мұғалімнің сөзі: Абай Құнанбаев 1845 жылы 10 тамызда Семей облысы, Шыңғыстау ауданында туған. Абайдың ынта-талабын сезген әкесі Құнанбай оны 9 жасынан бастап Семей медресесіне оқуға береді. Медреседе Абай өз бетінше орыс тілін оқып үйрене бастайды. Бірақ ел билеу кезінде өзіне қолқанат – серік ету мақсатын көздеген Құнанбай оның ұзақ оқуына мүмкіндік бермей, 13 жасында оқудан шығарып әкетеді. Өзінің көптеген тұстастарының айтуына қарағанда, Абай 13 жасынан өлең шығарған. Абай қазақтың таза ұлт тілінде өлең жазумен ғана қанаттанып қойған жоқ. Ағартушы-ақын, жаңашыл композитор-бір басына осындай сирек дарын қонған.


Адам болам десеңіз

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба

Ойнап босқа күлуге.

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ –

Бес дұшпаның білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой –

Бес асыл іс көнсеңіз.

-Абайдың бізге айтқан қандай бес асыл ісі бар?

-Ал қандай бес дұшпанды айтып кетті?

-Бес асыл іс: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рахым.

-Бес дұшпан: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ.

-Өте жақсы, балалар! Бес асыл іс пен бес дұшпанның ара жігін ажыраттық.

-Оқу, білім туралы мақал-мәтел білеміз бе?

1.Білімді мыңды жығады,

Білекті бірді жығады.

2.Оқыған озады,

Оқымаған тозады.

3.Оқусыз - білім жоқ

Білімсіз күнің жоқ.

4.Оқу – білім бұлағы,

Білім - өмір шырағы.

5.Ақыл азбайтын тон,

Білім таусылмайтын кен.


Сабақты қорытындылау

Абай атамыз айтқан екен:

Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

Ыстық қайрат – бұл еңбек, егер кім көп еңбек етсе,соның қайраты мол.

Нұрлы ақыл – сенің ақылынның нұрынан басқалар шуақ алу керек.

Жылы жүрек – бұл қайырымдылық.

Біз осы қасиеттерді бойымызға сіңіре білсек, жақсы адам боламыз.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2019
1053
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12