Материалдар / Сынып сағаты: Әр отбасы бір әлем
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сынып сағаты: Әр отбасы бір әлем

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып сағат жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Мамыр 2019
8244
19 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Сыныптан тыс шараның тақырыбы «Әр отбасы бір әлем»


Мақсаты:

  • Оқушыларды жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабат тылыққа тәрбиелеу;

  • Үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, отбасының бірлігін сақтап, ата ана алдындағы қарызын өтеуге, жанұяның мақтанышы болуға тәрбиелеу.

Жоспары:

  1. Менің жанұямның бейнесі \ слайдпен қорғау\

  2. Біз өнерлі отбасы

  3. Сұрақтар орталығы

  4. Қызықты викториналар

  5. Біздің жанұяның қасиетті бұйымы

  6. Жанұяммен мақтанам...


Бүгін біз бір ғажайып әлем туралы сыр шертеміз. Қалай ойлайсыздар ол қандай әлем болуы мүмкін. Ол сіздер өскен шағын мемлекет, яғни жанұя бірлігі, ынтымақтастығы, достығы, өзара сыйластықтары.

Алғашқы қадамда «Менің жанұямның бейнесі» \Бұл арада сынып жетекшінің шеберлігі ата анамен байланысы сыналады\

Біз өнерлі жанұя бөлімінде жанұяның барлық мүшелері қатысып өнер көрсетеді

Сұрақтар орталығында жанұя мүшелері нөмерленген карточка суырып сұрақтарға жауап береді

І топқа

  • Толқыны кемелері ырғап ағар

Жыртқыш құс , жабайы аңдар су жағалар.

Аққулар мәңгілікке мекен тепкен

Теңіздің жағасында бір қала бар. \Ақтау\

  • Отбасынан тәрбие алған

Бата алып, үлкендер мен игілерден

Бокстан чемпион боп елге оралды,

Түркістанда туған ұл Сиднейден \Бекзат Саттарханов\

  • Томаға деген не?\ қыран құстың басына көзін бастыра кигізіп қоятын былғары қалта\

  • Көл бетінде қалқиды

Мақтасындай үйілген

Үні әсем сан қилы

Су бетін сызып

Аққұман жүр жүзіп \Аққу\

  • ...тоғыз ұлым бар, соған тоғыз келін іздеп жүрмін. Тоғыз ұлымның бір әкеден туғаны сияқты тоғыз келіннің де бір шешеден туғанын қалап едім. Керегенің басындағы көп сырғаны көргенде тілегіме жеттім деп қуанып едім, санасам біреуі жоқ екен соған жылап отырмын ... Қай үзіндіден алынған. \ Ер төстік\

ІІ топқа

  • Аралап бір көрсең ғой бұл араны

Көкейіңде Мұхиттың тұрады әні

Қаланың көркемдігі таң қалдырар

Ескі аты төрт әріптен құралады \ Орал\

  • Тер төгіп еңбектенер бағы бар ұл

Жігерін қайратына жаныған ұл

Бұл боксшы Бейжіңде жеңімпаз боп

Шырқатқан Қазақстан әнұранын \ Бақыт Сәрсекбаев\

  • Зерен деген \ ағаштан жасалған қымыз құятын ыдыс\

  • Биікке салған ағаш үй

Сол ғой оның мекені

Жаздай сайран салып ап

Қыста алысқа кетеді \ қараторғай\

  • Өзі есепсіз бай бола тұра күн сайын бір мезгіл ескі құсқы киім киіп отынын кесіп шөп тасып жұмыс қылады екен, бір күні жақын таныстары да сұрады: құдай берген дәулетіңіз бар ақша тамақ жалаңашқа киім үйсіздерге үй болдыңыз сөйтіп тұра өз басыңызды кемшілікке салып жете алмаған жарлыша отын кесіп шөп тасығаныңыздың мәнісі не? \ Атымтай Жомарт\

ІІІ топқа

  • Бұл қаланың басталады жыры жаңа

Қазақстан төрінен мұны қара

Бітінші буынында тамақ аты

Екінші буынында ірі қара \Астана\

  • Деп әзілдер жетеді әзірге айлам

Шаршы алаңда өтеді нағыз майдан

Бокстан болды әлем жеңімпазы

Ақтөбенің жігіті азербайжан \Галиф Жафаров\

  • Қасаба деген не? \ әйелдердің арты түсіп тұратын бас киімі\

  • Жайнаған бақтың әншісі

Тамсанған оған сан кісі \бұлбұл\

  • Мына ойыншықтарды кім істеді деп сары бала? Деп сары балаға жылы амандасып күлімсірей қарады. Өзімдікі өзім істедім деп танауын бір тартып кішкене көкшіл көзі шүңірейіп Мысық ойыншықтарын бауырына қарай икемдей берді \С. Бегалин «Бала Шоқан»\

ІУ топқа

  • Өз орны бар заман үлесінде

Бұл шаһар ие болған мың есімге

Жібек жолы бойында жатқан осы

Ең ежелгі қаланы білесің бе? \Тараз\

  • Бапкердің әрбір сөзін мақұлдаған

Жеңіс үшін жасаған батыл қадам

Олимпиада болғанда бұл боксшы

Жеңімпаз боп оралған Афиныдан \ Бақтияр Артаев\

  • «Керсен» деген не? \ағаштан жасалған үлкен ыдыс \

  • Түсі қара мақпалдай

Мойны ақ сыр жаққандай

Ұшса оқтай зулайды

Көкте жұлдыз аққандай \Қарылғаш \

  • Хат танымайтын оған балуандық өнердің ең ауырларын үйренуге тура келді Ең жеңілі лом темірді мойнымен иіп үш пұттық екі тасты екі қолымен жоғары көтеру.Ауырлары он екі пұттық рельске жиырма бес адам мінгізіп иығымен көтеру , төрт пұттық тасты кеудесіне қойып , балғамен ұрып уату \Қалмақан Әбдіқадыров «Қажымұқан»\

У топқа

  • Деп Фараби жолынан үлгі аламын

Мұнда Мұхтар ұштаған жыр қаламын

Жасыл желек жамылған әр көшесі

Халқынан терегі көп бұл қаланың / Шымкент\

  • Өнеріне өзінің сай талғамы

Қай адам аты жөнін айтар кәні

Кім депутат сайланған мәжілісте
Грек рим күресінің майталманы \ Даулет Тұрлыханов\

  • «Шалма» деген не? \ түбіт жүннен тоқылған ер адамның мойынорағышы\

  • Бір құс бар үлпілдеген жүні жұмсақ

Тұяғы бейне болат алмас пышақ

Тұмсығы имек, көрмейді күндіз көзі

Шарықтап көкте кезіп түнде ұшар \ Үкі\

  • Күн артынан күн, ай артынан ай өтіп жатты. Хантауының жатаған шоқыларын талай рет ақ мамық қар басты, әлденеше рет көз жауын алатын қыр гүліне оранды. Қазына іздеуге уақыт та азая берді Келе келе сол мүлдем есімнен шығып кетті. Тек сонау сұрапыл соғыстан кейін алтын құрал сайманы бар мамандарды шақыртып Хантауының барлық шатқал шатқалын қараттым. \Алтын іздеген адам\



Қызықты викториналар

  1. Қай өзенді дүкеннен сатып алуға болады? \Сағыз\

  2. Бөрі баласымен дос болған бала. \Құрмаш\

  3. Әлемдегі банкир мемлекет қай мемлекет?\Швейцария\

  4. Заттың бағасын балғамен белгілейтін шара?\аукцион\

  5. «Қыз Жібек» фильміндегі қай кейіпкердің бейнесі саудаға қатысты? \Базарбай\

  6. Қай базарда ушу көп? \ «Құс базарында»\

  7. Жарыста да бар, дүкенде де бар. Ол не? \Сөре\

  8. Құс базарының мал базарынан айырмасы не? \Мал базарында мал сатылады, ал «құс базарында» ештеңе сатылмайды\

  9. Шелекті қай кезде жасырмау керек? \айран сқрап барғанда\

  10. Балалар фильміндегі сусын атымен аталатын бала. \Қожа\

  11. Бақа қыста не жейді \ ұйықтайды\

  12. Қай жолмен адам жүре алмайды \ құс жолы\

Біздің жанұяның қасиетті бұйымы бөлімінде әобір жанұя өздерінің шаңырағында ата бабаларынан қалған қасиетті де құнды бұйымын әкеліп көрсетеді,

Мен жанұяммен мақтанам бөлімінде балалар жанұясы туралы эссе жазады. Қорытындысында әр жанұяға түрлі аталымдар беріп ұйымдастырушылар тарапынан алғыс хат табысталды.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!