Сынып сағаты Бала өмірдің гүлі, көңілдің нұры

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сынып сағаты Бала өмірдің гүлі, көңілдің нұры

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт — дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу. Жүргізуші: Армысыздар, бүгінгі кештің көрермендері! Баршаңызды Көктем мерекесімен құттықтаймын! Кемеңгер, кең жүрек, мол мейірлі асыл әжелер, тіршіліктің қайнар көзі, мейірімнің кәусар бұлағы-Аналар, Қырмызы гүлдер-Арулар мерекелеріңіз құтты болсын! Мағыналы ғұмыр, бақытты болашақ тілеймін. Бүгінгі күні асыл әже, аяулы ана, ақылшы жеңеше, сүйкімді қыз болып, «Өмірдің гүлі, өмірдің нұры-өздерің» атты пікіралмасуға қош келдіңіздер.Бүгінгі аналар мерекесіне арналған кешімізге тарту ретінде мектеп оркестрінің орындауындағы күйлерді ұсынамыз. Орындалатын күйлер: «Тойбастар», «Балбырауын»
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Бала өмірдің гүлі, өмірдің нұры

Мақсаты:  Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт — дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.

Жүргізуші: Армысыздар, бүгінгі кештің көрермендері! Баршаңызды Көктем мерекесімен құттықтаймын! Кемеңгер, кең жүрек, мол мейірлі асыл әжелер, тіршіліктің қайнар көзі, мейірімнің кәусар бұлағы-Аналар, Қырмызы гүлдер-Арулар мерекелеріңіз құтты болсын! Мағыналы ғұмыр, бақытты болашақ тілеймін. Бүгінгі күні асыл әже, аяулы ана, ақылшы жеңеше, сүйкімді қыз болып, «Өмірдің гүлі, өмірдің нұры-өздерің» атты пікіралмасуға қош келдіңіздер.Бүгінгі аналар мерекесіне арналған кешімізге тарту ретінде мектеп оркестрінің орындауындағы күйлерді ұсынамыз.

Орындалатын күйлер: «Тойбастар», «Балбырауын»

Жүргізуші:  

Көз керек-ананың өнерін, парасатын көруге,

Көз керек-арудың, әйелдің, ананың сұлулығын көруге,

Көз керек-ұйқысыз түндер мен уайымды түндер салған,

Әжімдердің сырын ұғуға.

Көз керек-бесік жыры мен ана әлдиінің

Құдіретін толық біліп, ұғынуға.

Сөз керек-ару, әйел, ананың сұлулығын айтып жеткізуге,

Сөз керек-дүниенің алтын діңгегі

Ана екенін әйгілеуге.

Сөз керек-жылына бір рет болса да,

Ана мен әйелдің көкіректі кернеген

Сезім мен көңіл- күйін білдіруге –деп ортаға

Алтын, Күміс алқа иегерлері, көп балалы аналарды, яғни сүйікті әжелер мен ардақты аналарды шақырамыз. (аналар ортадан орын алады)

Жүргізуші: Әжелеріміз бен аналарымызды қатыстыра отырып, қыз бала, отбасындағы ана туралы ой өрбітсек. Ол үшін мына сұрақтарға жауап іздеп көрелік.

Аналарға қойылатын сұрақтар.

  1. «Қызым- үйде, қылығы-түзде» деген ойға сіздің көзқарасыңыз?

2.«Немерені бауырға басу» дегенді қалай түсінесіз?

  1. Қыз баланың басына ақ, қара орамал тартқызбаған, неге?

  2. Балаға бас, шеміршек ұстатпаған, неге?

5.Анасының аясында қамсыз өскен қыз, бүгін міне келін болды. Енді оның көңілін мұң торлап, көкірегіне қасірет сызы ерте түспесін, күрсінбесін. Осындай болмауына тек өзің ғана баскөз бола аласың, ене! Сіздің ой-пікіріңіз.

6. Бесік жырын айтып берсеңіз.

Жүргізуші: Осындай ақыл- кеңестеріңіз бен өз ойларыңызды айтқандарыңыз үшін сіздерге рахмет айта отырып, мерекелік сый-сияпатымызды ұсынамыз.

Жүргізуші: Бүгінгі әже, аналарымыздың айтқанынан ой қорытқанымыз:

 

Ардақты               дана                      сүйікті

әже, ана                     кемеңгер

 

жол көрсетуші       ақылшы       тірек

 

Әжелерге, аналарға арналған әндер орындалады.

Жүргізуші:

Сырымды айттым, ойымды айттым,

Құлағың сал, жеңеше.

Ақыл қосып, ойыңды айтшы,

Айдай ару жеңеше,-деп, өз ойларын ортаға салу үшін асыл жеңешелер мен қымбатты келіндерімізді шақырамыз.

(ортаға келіндер мен жеңгелер шығады)

Жүргізуші: Енді бір сәт бүгінгі тақырыбымызды жеңгелер мен келіндердің ой-пікірлері арқылы дамытайық.

Сұрақтар:

1.Келіні жақсы үйдің керегесі алтын.

2.Ақырған алмас, иілген қалмас.

  1. Сіз қандай жеңгесіз?

Жүргізуші:

Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы,

Аласы аз қара көзі нұр жайнайды.

Жіңішке қара қасы сызып қойған,

Бір жаңа ұқсатамын туған айды.

Сөйлесе сөзі әдепті һәм мағыналы,

Күлкісі бейне бұлбұл құс сайрайды.

Жұп-жұмыр, ақ торғайдай мойыны бар,

Үлбіреген тамағын күн шалмайды.  (Абай)


Тұщыбек негізгі орта мектебі ММ







Бала- өмірдің гүлі, өмірдің нұры





Өткізген : Надирова Сәния

Уақыты: 23.11.2016ж.













2016-2017

оқу жылы



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.01.2019
918
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі