Материалдар / Сынып сағаты "Дара тұлға Бейбарыс"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сынып сағаты "Дара тұлға Бейбарыс"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Дара тұлға Бейбарыс атты "Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына арналған танымдық сағаты 7-сыныптың танымдық сағаты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қазан 2022
20921
107 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Бекітемін»

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Ұ.Маманова


Күні: 27.09.2022

Сыныбы: 7


Тақырыбы: «Дара тұлға Бейбарыс»

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында

Мақсаты:

1.Оқушыларды Сұлтан Бейбарыстың өмірбаянымен таныстыру.


2.Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын молайту, ойлау,есте сақтау, сезіну қабілеттерін дамыту.


3.Сұлтан Бейбарыстың өмірбаяны арқылы тарихи тұлғаларымызға деген қызығушылығын арттыруға тәрбиелеу.Оқушыларды адамгершілікке, еңбекқорлыққа, отансүйгіштікке баулу. Білімге деген құштарлығын арттыру.


Көрнекілігі: Сұлтан Бейбарыстың суреті, презентация, бейнероликтер, нақыл сөздер, Сұлтан Бейбарыс туралы кітаптар көрмесі.

Қатысушылар: оқушылар, сынып жетекшісі, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ұ.Маманова, кітапханашы А.Балғабаева, психолог Г.Қожаметова



Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі


а) Психологиялық дайындық.

Ережені қалай сақтау керек.

Тыныштық сақтау,

Бір-бірімізді тыңдау.

Ойымызды толық айту.


ІІ. Кіріспе бөлімі:


Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар! Бүгінгі біздің "Дара тұлға Бейбарыс" атты атақты қолбасшы, даңқты билеуші бабамыз Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына арналған сынып сағатына қош келдіңіздер!

1-ші жүргізуші:

Сұлтан Бейбарыс туралы бейнероликке назар аударайық


https://youtu.be/LsXU_Uvx_5Y


Анель: Жамақұлы Бейбарыс  түркі әулеті Бахриден шыққан мамлюктердің Египетті билеген төртінші сұлтаны.


Нұрасыл:  Жазба деректерге қарасақ, Бейбарыс 1223 жылы монғолдар ойрандаған Дешті Қыпшақ даласында дүниеге келген. Жетім қалған жас бала өзге де тұтқындармен бірге Мысырдық сол кездегі курд текті сұлтаны Салих Наджм ад-Динге сатылған.


Адель: Оның шыққан тегі – қыпшақ. Бірақ қай жердің қыпшағы дегенге келгенде әр түрлі деректер айтылып, бірі – Хорезм, Дербент қыпшақтарынан десе, екіншілері маңғыстаулық еді дегенді айтады. Соңғы зерттеулер бұл дүдәмалдықтың түйінін шешіп, Бейбарыстың қыпшақ тайпасының Беріш руынан шыққан атақты әулеттің тұқымы екені анықтауға мүмкіндік берді.


Рақымжан: Араб елдерінің «Мың бір түнмен» қатар қоятын халық романы – «Бейбарыста» оның әкесі Жамақ, шешесі әйек деп, олардың нақты есімдерін атап көрсеткен. Бейбарыс өмір бойы қыпшақ тілінде сөйлеген, Алдыңғы Азиядағы араб тілдес халықтармен тілмәш арқылы түсініскен.


Ақбота : .Бейбарыс Дамаскінің базарында 800 дирхемге құлдыққа сатылғаннан кейін жаңа қожайыны Айдакин Бундукдаридің атымен әл-Бундукдари деген есімге ие болды.


Ерасыл:  Кейін Бейбарыстың ерекше қабілетін байқаған Айюби әулетінің сұлтаны Салих Нажумиддин оны өзінің жеке гвардиясының бір бөліміне сардар етіп алады. Сөйтіп ол енді жаңа әміршісінің атымен өзіне әл-Салихи деген есімді және қабылдайды. Ол осында жүргенде крест жорығына қатысушыларға қарсы күресте Египет әскеріне қолбасшылық етеді.


Арай: Египеттің жаңа сұлтаны Муиззәддин Айбек Айюби әулетінің соңғы бастаған кезде, Бейбарыс бас сауғалап, Сирияға қашып кетеді. Содан мамлюктер Айбекті өлтіргеннен кейін ғана ол Каирға қайта оралады


Рамазан: Бейбарыс медреселер салуға көп күш жұмсайды, каналдар мен бөгеттерді жөндетеді. Каир қаласында ол салдырған мешіттердің бірі қазір де «Бейбарыс мешіті» деп аталады.


Аягөз: Бейбарыс ойлы да кемеңгер мемлекет қайраткері, батыр да жігерлі қол басшы болған. Әуелі ол елдің әл-ауқатын көтерді. Мұсылман текті халықтардың ежелгі жауы — крест тағушыларды талқандады. Монғолдарды Мысырға қарай қия бастырмаған.


Мадияр: Араб халкы шығарған Бейбарыс жайлы аңыздар, кисса, әңгімелер бір емес, бірнеше ғасырдың жемісі. И. М. Фильштинский Бейбарыс туралы халык романдарына негіз болған деп қыпшақ батырының хатшысы әрі оның ғұмырнамасын жазған Мухий ад- Дин ибн Әбд аз-Захир , тарихшы-шежірешілер әл-Мақризи мен Ибн Тагрибердилер қалдырған мағлұматтарды атаған.


Қожамберді : Бейбарыс заманында өмір сүрген тарихшы Вильгельм Тайпольский де оған: «Бейбарыс— жауынгерлігі жағынан Гай Юлий Цезармен терезесі тең тұратын қаһарман» деген баға берген.


Нұрқанат:

"Бейбарыс – дар тұлға, атақты қолбасшы. Оның өмірінен туған жерге деген ерекше ықыласы мен құрметін үлгі тұтуға болады.


1-жүргізуші:

Бейбарыс бабамыз қарапайым құлдан мемлекет билеушісіне дейін көтерілген.


Видеороликке назар аударайық


2-ші жүргізуші:

Туған елден жатқаныңмен тым алыс,
Өзің жәйлі тоқтамаған ой ағыс.
Кең әлемге Қыпшақ атын шығарған,
Египетте сұлтан болған Бейбарыс.


1-ші жүргізуші:

Жамау үшін өз нәсібең кесеңді,
Қайсарлықпен үзіп құлдық кісенді.
Жетімдіктен қара мұзды кешсеңде,
Жыға білдің жоқтық атты кеселді.

2-ші жүргізуші:

Өзге елде болғанменен тұрағың,
Боз жусанын төріңе іліп даламның.
Тұмар қылып топырағын бір уыс,
Исін жұттың ел қорғаған бабаңның.
Еске түсіп әлдилеген өз елің,
Өртенгенде сағыныштан өзегің.


Биыл елімізде Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығын атап өту жоспарлануда. Осыған сәйкес "Бейбарыс ізімен" атты халықаралық ғылыми экспедицияны ұйымдастыру, 1989 жылы жарық көрген "Сұлтан Бейбарыс" көркем фильмін араб және ағылшын тіліне аудару, телехикаялар түсіру, "Шетелдік аудиторияға арналған Қазақстанның қысқаша тарихы" басылымына мәмлүктерге арналған мәліметтерді енгізу, республикалық кітапханаларда тұрақты кітап көрмелерін ашу және әлем музейлерінде Сұлтан Бейбарысқа қатысы бар жәдігерлердің көшірмелерін жинақтау, Мысырға театр гастрольдерімен бару жоспарланып отыр.

1-ші жүргізуші:

Бес жасыңда кімдер сатты құлдыққа,
Таспа тілген тағдырыңды сезген кім?!
Желдей айдап мекен қылып тұраққа,
Жүргеннен соң дәм бұйырып жырақта,
Сездірместен жан азабын ешкімге.
Намысыңды армен байлап қанатқа.
Мұқалмастан қайсар қайрат жігерің,
Төзе біліп өмір күрес сынақта.
Ерлігіңмен елдің жүгін көтеріп,
Айналғансың алаулаған шыраққа!

2-ші жүргізуші: Достар, қолбасшы бабамыз туралы деректер жетерлік. Ендеше Сұлтан Бейбарыс туралы тағы бір бейнероликке назар аударыңыздар


Бейнеролик


https://youtu.be/H6sDBGJ9WPU



Анель:

Сен қорғадың мұсылмандық дінімді,
Крест таққан тым қатыгез жаулардан.
Аңыз болып әрбір басқан қадамың,
Тағылыққа найза болып қадалдың.
Кең әлемді жаулап алған Шыңғысқан,
Саған қарап ата алмады садағын.!
Өзіңе ерген қыпшақтарың болаттай,
Тұрды оны Египетке жолатпай.
Қалың бұлттай қанға құмар әскерін,
Мысын басып, илеп тастап тулақтай.
О,Бейбарыс! Ешкім төстеп жеңбеген,
Әулиенің әулиесі сен деген.
Сан ғасырлар өтсе дағы ерлікпен,
Ұран салған жеңіс атты мінбеден!
Қыпшақ атын мақтан қылып ғаламға,
Ойлар салып ұлттық таным санаға.
Қасиетіңнен өшпес мәңгі сый тартып,
Жетектейсің имандыны әлі алға.
Даналардың данасысың ақиық,
Әр ізіңнен жыр тыңдаймын мен ұйып.
Жүргендейсің туған елде жан баба,
Ұрпағыңның тамырына қан құйып!

Алғаш рет 1989 жылы жарық көрген "Сұлтан Бейбарыс" көркем фильмі араб және ағылшын тілдеріне аударылады.

Ендеше, "Сұлтан Бейбарыс" фильмінен үзінді тамашалайық!


https://youtu.be/TpaCLML5lYs


1-ші жүргізуші:  Достар, сынып сағатымызды мектеп кітапханасындағы саяхатпен жалғастырайық!


2-ші жүргізуші: Ендеше, кеттік!


Оқушылар кітапханада Сұлтан Бейбарыс туралы кітап көрмесін тамашалап, кітапханашыдан түрлі сұрақтарға жауап алады.

Сұлтан Бейбарыс туралы кластер қорғайды


Сабақты қортындылау

Оқушылар, осымен біздің қолбасшы бабамыз Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына арналған танымдық сағатымыз өз мәресіне жетті, сау болыңыздар!


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!