Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
сынып сағаты Дос
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Бекітілді ___________
Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар
Тәрбие сағаты |
«Шын дос асыл қазына» |
|
Күні |
|
|
Класс жетекші: |
|
|
Класс: |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын) |
«Шын дос асыл қазына» |
|
Сабақтың мақсаты: |
Адамның бойында болатын достық сезім қасиеттері де қастерлі сезім екендігіне көз жеткізу. Достық сезімді бойларына сіңіріп, оған басшылық жасай білуге тәрбиелеу, досқа деген адалдық, шексіз ықылас сезімдерін бағалай білуге және адал достықты жалған достықтан айыра білуге тәрбиелеу. |
|
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды шынайылыққа, адамгершілікке, әдемілікке, қарапайым болуға тәрбиелеу. |
|
Ресімдеу |
Слайд,презентация |
|
Музыкалық және бейне көркемдеу |
интерактивті тақта, слайд |
|
Үлестірмелі материалдар |
мақал – мәтелдер жазылған плакаттар |
|
Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер |
Презентация |
|
Дайындыққа арналған әдебиет |
Интернет материалдары |
|
Сабақтың барысы |
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Мұғалім әрекеті |
Оқушы әрекеті |
Ресурстар Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары |
Ұйымдастыру кезеңі (7 мин) |
Түрлі түсті қағаздарға жазылған сөздер арқылы бір біріне игі тілектерін айтады, қағаз түстеріне қарай топқа бөлінеді. Дүниедегі ең ұлы сезімдердің бірі – достық. Әр адам дүниеге келгеннен кейін, ес білгеннен-ақ жан дүниесіндегі сырын, мұң-шерін тарқатып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін дос іздейді. Қандай да бір қиындыққа тап болсаң, оны досыңмен бөлісіп, досыңның ақылын тыңдап, шешім таба аласың. |
Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады.
|
Компьютер Бір біріне тілек айтады,қағаз түсіне сәйкес екі топқа бөлінеді.Топ басшыларын сайлап, топтарына ат қояды. |
Сабақ басы (13 мин) |
Достық - сыйластық, мейірбандықтың мөлдір көзі. Оны уақыт та, қиындықта үзе алмайды. "Достық" деген сөздің мәні кең. Ол туралы өте ауқымды айтуға болады. Дос деген кім? 1.Сыр бөлісетін адам. 2. Мені өте жақсы түсінетін адам. 3. Көмекке ардайым дайын адам. 4. Қандай жағдай болмасын бірге болатын адам. 5. Сенімді адам. |
Өз ойларын ортаға салады, ортақ шешімдерін постерге түсіріп,қорғайды. |
Бейнежазба |
Ортасы (20 мин) |
Әр топ берілген мәтінді оқып түсінгенің айтып береді І топ: «Достық» туралы нақты ой айтқан философ А.Шопенгауэр өзінің «Өмірлік данышпандықтың афоризмдері» деген еңбегінде: «Нағыз шынайы достық адамдардың бір-бірімен терең, таза және адал қарым-қатынасын қажет етеді. Бұл дегеніміз – досыңыздың қайғысы мен қуанышына ортақтаса білу деген сөз. Осының бәрі адамның табиғи өзімшілдік, өркөкіректік қасиеттерін жояды» деген. ІІ топ: Парсы жазушысы Кабустың әйгілі «Қабуснама» кітабында былай делінген екен: «Ей, перзентім! Мынаны білгейсің: адамға тірісінде доссыз болмайды. Адамның доссыз болғанынан ағайынсыз болғаны жақсы. Бір данышпаннан: «Дос пен ағайынның қайсысы жақсы?» – деп сұрапты. Данышпан «Дос жақсы»,- депті. |
І)Екі топ та өздеріне берілген әңгімені оқиды,әңгіменің түйінін тауып жазады, қарсы топқа үш сұрақ дайындап балықтың қаңқасына жазады. ІІ) Әр топ жұмыстарын алмастырып қарайды,жауаптар жазады. |
презентация |
Соңы |
Достық - адамдардың бір-бірін жаны қалап, шын жақын көріп, қалтқысыз сеніп, тілектес, мұраттас болуы. Қай кезде, қай жаста болса да, адам өміріндегі достықтың орны бөлек. Сондықтан оған өте жауапкершілікпен, байсалды қарау қажет. Достықтың алғашқы белгілері мектептен, сыныптан басталады. Сондықтан барлық уақытта да достығымызғы адал да берік болып оны мәңгілік сақтай білейік. |
Әр топ өз бетімен шығармашылық тапсырма орындайды. 1 топқа «Досымсыз өмірімді елестете алмаймын» 2 топқа «Менің сыныптастарыма және достарыма тілегім» |
презентация |
Досынның суы – жаудың балынан жақсы. Дос алдынан – дұшпан артынан сөйлейді. Досты іздеме – табылса жіберме. Дос басына – дұшпан аяғына қарайды. Досы жоқ адам – тамыры жоқ ағашпен бірдей. Шын дос қиыншылықта білінеді. Жаман жолдас көлеңке сияқты: аспан ашық кезде құтыла алмайсын, жаңбырлы күні таба алмайсын. Ақылды – өзін, ақымақ жолдастарын айыптайды. Ақылды жау – ақымақ достан жақсы. Жолдасынды жоғалтқын келсе – оған қарызға ақша бер. Үлкен жанжалдан – кішігірім достық жақсы. Достарды іздеңіз, ал жаулар өздері табылады. Досынның үйіне баратын жол, ешқашан ұзақ емес. Достар шарапқа ұқсас, қаншалықты ұзақ болса, соншалықты күшті болады. Сенімсіз жолдас – қауіпті жау. Құстар қанатымен, адамдар достарымен мықты. Достық шыны сияқты, егер бұзылса жинай алмайсыз. Досына құпиянды ашпа – оның да досы бар. Егер жолдасын соқыр болса, сенде бір көзінді жап. Мықты достарды балтамен де шаба алмайсын. Бір саусақ – жұдырық емес. Жақсы дос – жаман туыстан жақсы. Жел тауды, ал сөз достықты бұзады. Ұқсас: Отбасы туралы мақал-мәтелдер Біреуі барлығы үшін, барлығы біреуі үшін. Достарды ақшаға сатып ала алмайсыз. Досты табудан гөрі, жоғалту оңай. Досынмен қуанышта бірге болсан, қайғыда қалдырма. Ескі дос – екі жаңадан жақсы.
Толығырақ: https://faktiler.kz/dostyk-turaly-makal-matelder/
Айырылмастай досыңа,
Қайырылмастай сөз айтпа.
Есіктен орын тапсаң, төрге озба.
Тойсаң тоба қыл.
Көкшіл болма, епшіл бол.
Әдептілік белгісі – иіліп сәлем бергені.
Жасы кішінің, ақылы асса, аға тұт.
Сыйласаң, сыйлы боласың.
Көпті сыйлағаның, өзіңді сыйлағаның.
Ары таза, нар жүгін көтереді.
«Кел» демек бар, «кет» демек жоқ.
Адамгершілік болмай,
Әділдік болмас.
Адамның ұяты бетінде,
Адамгершілігі ниетінде.
Пышақты өзіңе сұқ
Ауырмаса өзгеге сұқ.
Ана алдында - құрмет,
Ата алдында қызмет.
Кішіпейілділік - кісінің көркі.
Ақылың болса, арыңды сақта,
Ар ұят керек әр уақытта.
Адам болып туған соң,
Адам болып өлу лазым.
Ынсап, ұят, терең ой -
Асыл зейнет ойлап қой.
Ұлық болсаң, кішік бол.
Мал сақтама, ар сақта.
Еңкейгенге еңкей,
Атаңның қара құлы емес.
Шалқайғанға шалқай,
Пайғамбардың ұлы емес.
Кішіпейілділіктен - кішіреймессің.
Таспен ұрғанды, аспен ұр.
Қолыңмен істегенді, мойныңмен көтер.
Түріне қарама, қасиетіне қара.
Өз қадірің - өз байлығың.
Жақсы атың «мәңгіге қалсын» десең,
Сүрінгенді сүйеп қой.
Азаматтық жасай алмаған адам –
Бұл өмірге келмеген адаммен бірдей.
Көпке күл шашпа.
Әке тұрып, ұл сөйлегеннен без,
Ана тұрып, қыз сөйлегеннен без.
Ана сүтін ақтамағанды, ешкім жақтамайды.
Жақсылық еткен, алғыс алады.
Саудың асын жеп
Жындының ісін істеме.
Аз сөз алтын, көп сөз көмір.
Анығын айту адалдық,
Ала сөйлеу арамдық.
Кедейге қарыз бер де,
Амандығын тіле.
Жақсы ниет - жарым ырыс.
Асыңа тойғызбасаң да,
Ақ ниетіңе тойғыз.
Су бермегенге, сүт бер,
Ақ ниетіңді білсін.
Кең болсаң, кем болмайсың.
Қолы ашықтың, жолы ашық.
Игіліктің ерте, кеші жоқ.
Жүзігің алтын болғанша,
Жүзің жарқын болсын.
Қайырымдылық жасасаң,
Қайырын өзің көресің.
Иілген басты қылыш кеспес.
Кешірерсің кешерсің,
Жетілерсің жетерсің.
Алдыңа келсе атаңның құнын кешір.
«Сіз» деген әдеп,
«Біз» деген көмек.
Өзіңді өзің сыйламасаң,
Өзгеден сый күтпе.
Мақалды жалғастыр
1. «Кемшіліксіз.... іздеген адам.... қалады».
2. «Дұшпан.... айтады, дос.... айтады».
3. «Жаңылмайтын... жоқ, сүрінбейтін тұяқ.......».
4. «.... жаңасы жақсы,... көнесі жақсы.».
5. «.......... ақшаң болғанша, көп досың...».
6. «Досы көппен....,
Досы жоқпен...».
7. «Досы..., өзі де жақсы».
8. «.... басқа қарайды,
... аяққа қарайды».
9. «Ақылсыз.... ақылды дұшпан....».
10. « Досың мың....,
... біреу болса да көп».
11. «... адам тамыры жоқ... тең»
12. «... дос болсаң,
Сасқанда ақылың айтар.
... дос болсаң,
Топ ішінде бетің қайтар».
Жауаптары
1. «Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады».
2. «Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады.
3. «Жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ».
4. «Киімнің жаңасы жақсы, достың көнесі жақсы».
5. « Көп ақшаң болғанша, көп досың болсын».
6. «Досы жоқпен сырлас,
Досы көппен сыйлас».
7. «Досы жақсының - өзі де жақсы».
8. «Дос басқа қарайды,
Дұшпан аяққа қарайды».
9. «Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық».
10. «Досың мың болса да - аз,
Дұшпаның біреу болса да - көп».
11. «Доссыз адам тамыры жоқ ағашпен тең»