Материалдар / Сынып сағаты. Дұрыс тамақтану-денсаулықтың кепілі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сынып сағаты. Дұрыс тамақтану-денсаулықтың кепілі

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып сағатына ҚМЖ,көрнекі құралдарымен.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қараша 2024
55
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Педагогтің аты-жөні

Садыбаева И.С.

Күні:

Сынып: « »

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сынып сағатының тақырыбы

«Дұрыс тамақтану денсаулықтың кепілі» сынып сағаты

Қауіпсіздік сабағы №12

Сынып сағатының мақсаты

Дұрыс тамақтану -денсаулықты сақтаудың, нығайтудың негізгі факторы екенін ұғындыру.

ҚАРАША – ӘДІЛДІК ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК АЙЫ


4-апта дәйексөзі:

Әділетте берік болсаң аяғың таймайды!

Құндылық

Әділдік және жауапкершілік

Индикаторлар

Адамның қоғамдағы құқықтары мен жауапкершілігі туралы алғашқы көзқарастың болуы • Басқалар үшін маңызды тапсырмаларды орындаудың қажеттілігі мен маңыздылығын түсіну

Іс-әрекетті жоспарлау және ұйымдастыру дағдыларының болуы

Моральдық нормаларға сәйкес өзінің және басқалардың іс-әрекеттерін талдай білу

Сабақтың барысы

Кезең

дері

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурс

тар

Басы

6 мин

Психологиялық дайындық










Мұғалім сұрақ қояды:

-Балалар, денсаулық дегеніміз не?



Ойқозғау

Жұптық жұмыс Сәйкестендір

Мұғалім: Балалар, денсаулықты сақтау үшін жасалатын іс-әрекеттер мен денсаулыққа кері әсерін тигізетін іс-әрекеттерді анықтау үшін мына сызбаны толтырайық:

Іс- әрекеттер:

спортпен шұғылдану,

ұялы телефоннан

ойындар ойнау,

дұрыс тамақтану,

денені таза ұстау,

өте көп тамақ ішу

күн тәртібін құру,

кешке дейін ойнау,

ауа райына сай киіну, достарыңмен ренжісу,

дене еңбегімен айналысу, газдалған сусындар ішу.

Денсаулықты нығайту үшін жасалатын іс-әрекеттер

Денсаулыққа кері әсерін тигізетін іс-әрекеттер



Балалар бірге қайталайды

Оқушылар денсаулық туралы өлең шумақтарын оқиды.

1-оқушы:

Оқу үшін мектепте,

Ашу үшін тәбет те,

Құру үшін сен сауық

Керек жақсы денсаулық.

Жұптық жұмыс Сәйкестендір

Балалар денсаулықты сақтау үшін жасалатын іс-әрекеттер мен денсаулыққа кері әсерін тигізетін іс-әрекеттерді тиісті сөйлемге сәйкестендіреді.

Іс- әрекеттер:

сShape1 портпен шұғылдану,

Shape2 ұялы телефоннан

Shape3 ойындар ойнау,

дShape5 Shape4 ұрыс тамақтану,

денені таза ұстау,

өShape6 те көп тамақ ішу

күн тәртібін құру,

Shape7 кешке дейін ойнау,

Shape8 ауа райына сай киіну, достарыңмен ренжісу,

дене еңбегімен айналысу, газдалған сусындар ішу.

Денсаулықты нығайту үшін жасалатын іс-әрекеттер

Денсаулыққа

кері әсерін тигізетін іс-әрекеттер




























сызбалар










Ортасы

27 мин

Мұғалім:

-Адамның ең үлкен байлығы-денсаулық.Дана халқымыз әрқашанда денсаулықты бірінші орынға қойып, бірінші байлық - денсаулық деп санаған. Дені сау, еңбекқор, ақылды азамат болып өсу үшін, дұрыс тамақтанудың маңызы өте зор.
Тамақтану –адам ағзасы үшін аса маңызды қажеттілік. Біздің күнделікті жасайтын ой және дене еңбегімізге өте көп күш –қуат кетеді. Күш пен қуатты адам астан,яғни жейтін тамақтан алады. Ол үшін күнделікті ішетін асымыз құнарлы, пайдалы, дәрумендерге бай болу қажет. Сонымен қатар, тамақтану ережелерін де сақтауымыз керек.
Ендеше, бүгінгі сабақта дұрыс тамақтану туралы толығырақ білетін боламыз.

Алдымен Тамақтану пирамидасына назар аударайықшы.

Сұрақ- жауап

1.Әр топқа тиісті азық түліктерді атап өт.

2.Азық-түліктер неге бұлай топтарға бөлінген?

3. Сенің отбасың таңертеңгілік, түскі, кешкі асқа қандай тағамдарды пайдаланады?

4.Бұл азық –түліктерді қайдан аламыз?


Бейнефильм көру

-Енді бейнефильмге назар аударайық.


Мұғалім:

-Балалар, осы азық түліктер мен тағамдар дастарханға келу үшін біздің ата –аналарымыз еңбек етеді, ал, еңбек етіп, жұмыс істеу үшін адамға күш пен қуат, мықты денсаулық керек. Дұрыс тамақтану арқылы адамдар күш- қуатын қалпына келтіріп, өнімді еңбек ете алады. Пайдалы тағамдар мен жемістер-дің, көкөністердің құрамында денсау-лыққа қажетті түрлі дәрумендер бола-ды. Сондықтан уақытында тамақтанып, күн тәртібін сақтау өте маңызды. Өйткені, әр адамның денсаулығы –өз қолында.



Енді қызықты ертегіні тамашалайық.

«Жемістер мен көкөністердің

айтысы» ертегісі

































Мұғалім: -

-Енді суреттерден қандай тағамдарда дәруменнің түрлері бар екенін анықтайық.


















































































Сергіту сәті



Қауіпсіздік сабағы №2

«ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ТУЫНДАҒАН КЕЗДЕ ЖЕДЕЛ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ҚОҢЫРАУ ШАЛУ СКРИПТЕРІ»

Сабақтың мақсаты: оқушыларды қауіпсіздік жүйесіне кіретін қызметтерді шақыру кезінде ақпараттың мазмұнымен таныстыру және туындаған қауіпті жағдай туралы қауіпсіздік қызметіне телефон арқылы дұрыс хабарлауға үйрету.

Сабақ барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі Жағымды мотивациялық көзқарасты қалыптастыру (1-2 мин).

2. Мақсат қою. Тақырыптың анықтамасы Педагог: Телефонмен сөйлескен кезде бір маңызды ереже бар, оны өздерің болжап көріңдер. Нақты ережені анықтау үшін «Бүлінген телефон» ойыны өткізіледі. Педагог оқушыларды қатарға тұрғызып, бір сөзді бір-біріне сыбырлап жеткізуді, содан кейін бірінші және соңғы сөздерді салыстыруды ұсынады. Педагог: - «Бұзылған телефон» ойыны арқылы бізге қандай маңызды ережені білу керек? - Телефонмен сөйлесуде сөзді дұрыс түсіну үшін анық сөйлеу керек. - Бүгін сабақта біз шұғыл қызметтерді шақыруды және негізгі ережелерімен танысамыз.

3. Білімді өзектендіру «Есте сақта!»


4. Бастапқы білімді игеру және түсінуді тексеру Қауіпсіздік қызметтерін шақыру ережелері Педагог: қауіпсіздік менеджері қоңыраудың себебін тез түсініп алу үшін дұрыс хабарлап айту керек. Жедел қызметке қоңырау шалған кезде диспетчерге нені хабарлау керек: 1. Мекенжайды хабарлау керек. Себебі байланыс үзілсе де, құтқарушылар қайда бару керектігін біледі.

2. Бұл қайда болды: аулада, пәтерде, қоймада және т.б.

3. Не жағдай болды: өрт шықты, газдың иісін сездіңіз, төбеден су кетті және т.б. Диспетчерге үйдің, пәтердің нөмірін және аты-жөніңді, телефон нөміріңді хабарлау керек. МАҢЫЗДЫ! Төтенше қызметтерге жалған қоңырау шалуға, алдауға болмайды!

Топпен жұмыс. Рольдік ойын Пәтердің есігін бейтаныс адам кетпей қағып тұрса, полицияға хабарлау керек. Сіздің пәтеріңізден өрт шықса, өрт сөндірушілерге хабарлау керек. Топтық жұмыс. Рольдік ойын - Карточкада жағдай сипатталған, сіз бұл жағдайда көмекке қоңырау шалуыңыз керек телефон нөмірін атауыңыз керек. - Сіздің пәтеріңіздің есігін бейтаныс адамдар бұзады. Сізбен бірге полиция шақырайық. - Сіздің пәтеріңізден өрт шықты. Өрт сөндіру бригадасын шақырайық. - Сізде жоғары температура болды. Жедел медициналық көмекке шақырайық. - Сіз пәтерде газдың иісін сездіңіз. Біз газ қызметін шақыру жағдайын ойнаймыз.

Бекіту. Өзіндік жұмыс Тапсырма. Жағдайды анықтап, төтенше қызметтерінің телефон нөмірін кестеге жаз. • Егер сізде немесе көршілеріңізде өрт болса, қоңырау шалыңыз • Егер сіз немесе жақын адамыңыз ауырып қалса, қоңырау шалыңыз • Егер сіз газдың иісін сезсеңіз, қоңырау шалыңыз • Бұған жол бермеу үшін сізге қызмет көмектеседі

5. Қорытынды - Қауіпті жағдайда бізге қандай қалалық және аудандық қызметтер көмектесуге дайын? - Телефон арқылы қажетті көмек туралы қалай дұрыс хабарлауға болады. Рефлексия. «Қажет, қажет емес, қызықты» (ауызша немесе жазбаша түрде болуы мүмкін). «Қажет» бағанына сабақ туралы ұнаған пікірін, жағымды эмоциялар тудырған ақпарат. Қажет Қажет емес Қызықты

Балалар Тамақтану пирамидасы бойынша адамның денсаулығына ең қажетті , пайдалы тағамдардың үлесіне қарай ретімен атайды.Сұрақтарға жауап береді

1-топ. Жармалар, күріш, картоп,нан өнімдері.


2-топ.Көкөністер мен жемістер


3-топ.Сүт пен сүт өнімдері.


4-топ.Ет, балық, жұмыртқа, бұршақтар.


5-топ. Сиыр майы, майлар, қант.

Азық түліктердің денсаулыққа пайда-сы мен құнарына байланысты топқа бөлінгені туралы әңгімелеп айтады.



Балалар дұрыс тамақтануға

байланысты бейнефильмді көреді.



«Жемістер мен көкөністердің

айтысы» ертегісі

Балалар рольдерге бөлініп ертегіні сахналап көрсетеді.

Автор: Ерте, ерте ,ертеде көптеген жеміс ағаштары мен көкөністер далалы жерде тіршілік етіпті.Олар өзен бойындағы құнарлы жерге таласып, дауласып қала береді . Өйткені далалы жерде жауын аз жауатындықтан бұл өсімдіктердің өсуіне қажетті су жетіспейді екен

Сәбіз: -Өзен бойында мен өсуім керек, адамзатқа ең пайдалы көкөніс менмін. Менің құрамымда А дәрумені бар.Ал А дәрумені Теріні жұмсартып тұрады және сүйектер мен тістердің қатаюына қажет.

Менің шырыным ағзаны қалыпқа келті-руге әсер етеді. Қанды тазартып, улы және зиянды заттарды ағзадан жоямын.

Күнбағыс:-Ал менің құрамымда Е дәрумені бар. Ол дене жасушаларын қартаюдан қорғайды, бас терісінің қан айналымын жақсартады, бұл өз кезегінде шаштың түсуіне жол бермейді және сынғыш, әлсіреген шашты нығайтады. Сондықтан өзен бойы менің орным.

Құлпынай: Ал менде С дәрумені.Ол ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұра алу әрекетін арттырады. Сүйекке және тіске беріктік қасиет береді. Адамның денсаулығына мен пайдалымын.

Автор:- Бұл дауға басқа жемістер мен көкөністер де араласады. Осы сәтте Адам келіп:

Адам: -Босқа дауласпаңдар. Сендердің барлықтарың да пайдалысыңдар. Жүріңдер мен сендерге үйімнің жанынан жер берейін, суғарып, күтіп баптайын,- дейді.

Автор:Сол күннен бастап жемістер мен көкөністер адамзатпен дос болыпты.

Барлығы бірге

Өрлеу үшін елің,
Түлеу үшін жерің,
Болу керек мықты
Денсаулығың сенің.

Дәрумендер тобы –
Мол қуаттың қоры.
Табиғат та емші,

Біліп жүр сен оны!


Суреттермен жұмыс

1.Балалар суреттерге қарап қай тағамдарда қандай дәрумендер бар екенін анықтайды.

А дәрумені

Теріге, шырыштың бөлінуіне, сүйектер мен тістердің қатаюына қажет. Малдардан алынатын тағамдарда болады: бауырда, сары майда, ірімшікте, жұмыртқада, балықтың майында, сары-қызыл, жасыл түсті көкөністер мен жеміс-жидектерде: шабдалы, итмұрын, қара қарақат, қарбыз, бұрыш, қырыққабат, ақжелкен, сәбіз, көк жуа т.с.с.

В дәрумені.

Ағзадаға зат алмасуды реттейді, қанның түйіршіктерінің қалыптасуына, асқазан –ішек қызметін қалыптастырады және т.б. В тобы дәрумендерімен қаныққандар: жармалар, астық тұқымдастар, атбас бұршақ, сүт және ет тағамдары, жұмыртқа, көкөністер, жаңғақтар.

С дәрумені.

Немесе аскорбин қышқылы, қан түйіршіктерінің қалыптасу процесіне қатысады, зақымданған тері мен шырыштың бөлінуін қалпына келтіреді, иммунды жүйенің белсенділігін арттырады.

Д дәрумен

Сүйектер мен тістердің қатаюын, ағзадағы кальции мен фосфордың алмасуын реттейді.

Е дәрумені.

Барлық зат алмасу процесіне қатысады. Өсімдік майларының құрамында: күнбағыс, жүгері, соя. Сонымен қатар жұмыртқа сары уызы, бауыр, атбас бұршағы, қарақұмық сұлы дәруменіне өте бай.

К дәрумені.

Қанның ұю процесінеқатысады. К дәруменінің негізгі көздері: итмұрын, орамжапырақ, сәбіз, қызанақ, мыңжапырақ.

Темір

Эритроциттер клеткаларын қалыптастыруға қатысады. Бауырдың, атбас бұршақтың, көкөністердің, шабдалының, қойбүлдіргеннің құрамында болады.

Кальций

Сүйектердің және тістердің, нерв жүйесінің, жүрек және бұлшықеттердің қалыптасуына қажет. Сүт тағамдарының, көкөністердің, жеміс-жидектердің құрамында болады.

2.Тағамдарды кестеге бөліп орналастырады.



Пайдалы тағамдар



Зиянды тағамдар




Сергіту сәті

Жұмбақ шешеді:












Есте сақта!























Өзіндік жұмыс .

Балалар жағдайды анықтап, төтенше қызметтерінің телефон нөмірін кестеге жазады.

Егер сізде немесе көршілеріңізде өрт болса, қоңырау шалыңыз


Егер сіз немесе жақын адамыңыз ауырып қалса, қоңырау шалыңыз


Егер сіз газдың иісін сезсеңіз, қоңырау шалыңыз


Бұған жол бермеу үшін сізге қызмет көмектеседі








слайд



















Сурет

Тер







https://www.youtube.com/watch?v=FgLou94O9RQ



https://www.youtube.com/watch?v=jWklhxwlxmA



















слайд






























Слайд

























Сызбалар







































слайд








































Кесте


























кесте




Соңы

5 мин


Топтық жұмыс

Мақалдың мағынасын түсіндір, қорытынды жаса.

Ас атасы-нан

Ас тұрған жерде ауру тұрмайды.

Тату үйдің тамағы тәтті.

Ас – адамның арқауы.


Мұғалімнің қорытынды сөзі:





Топтық жұмыс

Балалар топқа бөлініп, мақалдың мағынасын түсіндіреді,қорытынды жасайды.

1-топ. Ас атасы-нан

2-топ. Ас тұрған жерде ауру тұрмайды.

3-топ. Тату үйдің тамағы тәтті.

4-топ. Ас – адамның арқауы.











Мақал

дар




Сабаққа қажетті көрнекі құралдар:












Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!