400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 27 материал табылды

Сынып сағаты "Экология ел аманаты" 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі әлемде ғылым мен техниканың қарыштап дамуы, халық санының артуы, қоршаған ортаның зиянды заттармен ластануы табиғатқа үлкен қауіп төндіруде, осы орайда жас ұрпаққа зкологиялық білім мен тәрбие беру-бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясы»













Сынып сағаты







Тақырыбы: Экология –ел амандығы.







Сынып:10 «А»

Сынып жетекшісі:Нурмагамбетова Г.А.
















Тақырыбы: Экология –ел амандығы.



Мақсаты: Қазіргі әлемде ғылым мен техниканың қарыштап дамуы, халық санының артуы, қоршаған ортаның зиянды заттармен ластануы табиғатқа үлкен қауіп төндіруде, осы орайда жас ұрпаққа зкологиялық білім мен тәрбие беру-бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.

Оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.

Оны қорғауға, аялауға деген көзқарасын қалыптастыру.



Көрнекілігі:Карта,слайд,нақыл сөздер:

1-жүргізуші: «Экология-ел амандығы» атты сайымызға қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: Сайымыз мынандай бөлімдерінен тұрады:

1) « Аталар сөзі-көненің көзі.»

2) «Кім көп біледі?»

3) «Экологиялық жағдаят»

4) «Таза ауа-жанға дауа»



1-жүргізуші:О, табиғат, тіршілікке ұйық болған мекенім,

Құшағыңнан нәр алып мұратыма жетемін.

Алақанға аялаймын ұл-қызыңдай үйдегі,

Адамзаттық боршым қорғаушың боп өтемін.



2-жүргізуші: Табиғаттың тарылтпаймын мөлдір,кәусар ауасын

Қастерлейік оның бар қазына, ырысын.

Ей, адамдар,қалай ғана қатігездік жасайсың.

Табиғат Анаң, аялаған ұлысың,-деп ақын ағамызР. Сәтімбеков жырлаған, біздің ата-бабаларымыздың тұрмыс-тіршілігі табиғатпен тікілей байланысты болған.

Енді сайысымыздың «Аталар сөзі-көненің көзі» бөліміне кезек береміз

( Әрбір топ табиғатқа байланысты мақал-мәтелдер айтады)



1-жүргізуші: Қасиетті сөз бар «Кие» деген,

Киеліге жоламас күйе деген.

Жерін, елін, Отанын сүйетіндер,

Ең алдымен бұл сөзді сүйеді екен.



2-жүргізуші: Тірі нәрсе-шөп деген,қоғал деген,

«Көкті жұлма болды обал» деген.

Ата-анамыз жыланға үйге кірген,

Ақ сут құйып басына «жоғал» деген.

Сайысымыздың келесі бөлімі-«Кім көп біледі?»





1-топқа сұрақ

а) Қорықтар дегеніміз не?

ә)Жылды 22-наурыздан бастау себебі неде?



ІІ-топқа сұрақ

а) Қазақстанда неше қорық бар?

ә)Ауаның ластануының негізгі себептерін ата.



ІІІ- топқа сұрақ

а) Экологиялық апат аймақтарын ата.

ә)Қазақстандағы табиғаты тамаша аймақтар.



1-жүргізуші: Отыра алмас ұл шыдап,қызың шыдап

Жоғалғандар тізімі-ұзын шұбақ.

«Қызыл кітап»- мезгілсіз кеткендердің,

Бастарына қойылған қызыл шырақ.



2-жүргізуші: Келеді кез,

Күрделі біздің-бұл кез,

Жаутаңдайды адамға түзде мың көз.

«Қызыл кітап»-опат боп кеткен аңның.

Бастарына қойылған қызыл күмбез,-деп ақын

Қадыр ағамыз жырлаған «Қызыл кітап» деген не?



1-жүргізуші:

Мынау «Қызыл кітаптың» парақтары,неге түрлі түсті?



Жауабы. Қызыл түсті парақ: аса қауіп төніп тұрған түрлер.

Ақ түсті парақ:саны азайып бара жатқан түрлер.

Жасыл түсті парақ:сирек кездесетін түрлер.

Қара түсті парақ:жойылып кеткен түрлер.

2-жүргізуші: Табиғатты адамзат аялаған,

Егін егіп,мал бағып саялаған.

Қара сындай көзінің қорғай жүріп,

Қамқорлығын ешқашан аямаған.

1-жүргізуші: Келесі бөліміміз- «Экологиялық жағдаят».Топ басшыларына саяхатқа қажетті заттар салынған сөмке ұсынылады.Онда көрпеше,ағаш жаңқасы,сіріңке,сусындар,консерві,полиэтилен қалталар,газет т.б. заттар бар.

Әр бір топ табиғат аясына серуенге шығып берілген заттрады пайдаланады.Саяхат аяқталғанда қалдық заттарды қалай жинақтағанына

2-жүргізуші:Міне,балалар,біз табиға аясындағы серуеннен оралдық,өзімізбен бірге біраз заттар апардық.Егер сол заттар табиғатта ашық түрде қалатын болса олар шіріндіге айналу үшін мынандай уақыт қажет екен.

1) Қағаз 2-10 жылда ыдырайды.

2) Консерві банкілері 80 жылда.

3) Полиэтилен 200 жылда.

4) Пластмасса 500 жылда.

5) Шыны 1000 жылда.





1-жүргізуші: Келесі бөліміміз «Таза ауа-жанға дауа» деп аталады.Алдарында өсімдіктердің жапыратары,гүлдері жатыр.Әрбір топ өсімдіктердің атауы,олар туралы не білетіндеріңді ортаға салындар.







2-жүргізуші:Табиғат-тіршіліктің бесігі.Адам-табиғаттың бір перзенті.

Табиғатқа зер салып қарайтын болсақ бізге беймәлім сырлары толып жатыр.Оған тереңірек үңілсек табиғат өз бойынан көп мөлшерде адамзатқа,жан-жануарларға қажетті заттар бөліп шығарып,үнемі өзінің тепе-теңдігін сақтап отырады,

Бұл-табиғаттың тазалық заңы.



1-жүргізуші: Мол қазыналы табиғатсыз адам өмірі де,адам құратын қоғам өмірі де тұл.

Бұл-табиғаттың мол қазыналық заңы.



2-жүргізуші:Қолмен жасағандай көркем табиғат айдынында жүзген қос аққу,бұрала өскен биші қайың,айта берсең таусылмайтын табиғат тамашалары.

Бұл-табиғаттын сұлулық заңы.



1-жүргізуші:Табиғатты аялау-адамазаттың перзенттік парызы.Табиғатты аялау-туған елді,жерді аялау.

Туған елді сүю-парыз,

Сүю үшін білу-парыз.

Қасиетін ұғу-парыз,

Күзетінде тұру-парыз.



Қорытынды.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
18 қараша
3450
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі