жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сынып сағаты "Жолда жүру ережесін білеміз бе?"
Сабақтың тақырыбы: Жолда жүру ережесін білеміз бе?
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру .
2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің
белгілерімен таныстыру
3.Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі :
Кіріспе : Жол заңы дұрыс жүріп , абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба , ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны , шаңғы тебетіні , жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны ,қалтарыстан жолға шығып келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып , кейбіреулері жарақат алады . Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады.
Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын » Жолда жүру ережесі » тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті .Үлгілі , тәртіпті оқушы көшеде, жолда жүру ережесін, заңын бұзбайды.
Сонымен қандай бала жол ережесін бұзбайды ?
Балалар : Үлгілі , тәртіпті бала .
Мұғалім : Ал енді » Жолда жүру ережесін сақтаймыз! » атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын .
ІІ. Негізгі бөлім:
Тақтадағы жұмбақтарды шешу:
Жұмбақтар
1. Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырықпен түзеткен. (Милиционер)
2. Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялдайды. (Автобус)
3. Көліктің қаншасын үстінен өткізген ,
Іргеден басталып , алысқа жеткізген. (Жол)
4. Жоқ өзінде бас та , ауызда да , құлақ та ,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)
5. Арқаным бар тым ұзын,
Ала-алмайсың бір үзім.
Табыңдаршы, балалар,
Бұл жұмбақтың шешуін. (Жол)
6. Өзі сөйлей білмейді,
Бірақ «Тоқта, жүр !» дейді. (Бағдаршам)
Мұғалім : Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз . Оның сырын біліп , тіліп алу баршамызға керек.
1. Неге ?
Біздің қаламызда , сол сияқты біздің еліміздің қала , ауылдарына бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да , үлкендер де , яғни барлық жүргізушілер , көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.
2. Балалар, сендер көшеде жүру ережесін білесіңдер ме екен , көрейік . Мынадай сұрақтарға жауап беріңдерші.
3. Жиек жол деген не ? Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол .
4. Жаяу адамға қай жермен жүруге болмайды ? Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.
Қызыл – Тоқта !
Сары – Сақтан !
Жасыл – Жол ашық!
Құндызай : Қызыл көзін ашқанда ,
Сынық сүйем баспа алға !
Диана : Сары көзін ашқанда ,
Қарап қалма аспанға !
Сұлупан: Жасыл көзін ашқанда ,
Өте бергін , жасқанба !
Оқушылар бағдаршам сигналдарын қолдарына ұстап , кезегі келгенде көрсетіп тұрады.
Мұғалім : – Бағдаршам жоқ көшелерден қалай өтеміз ?
Егер өтетін жерде бағдаршам болмаса көшеден өте бере әуелі сол жаққа қараймыз. Көшенің орта тұсына жеткенде , оң жағымызға көз саламыз. Егер ол жақтан машина келе жатса , өтіп кеткенше , сол орында күте тұрамыз.
Сақтандыру , ескерту белгісі :
Қып – қызыл үшбұрыш,
Қауіптен сақ бол деп сәт – сапар жолдаған.
Аман – сау жүреді жаяу да , көлік те ,
Мен берген белгіні сақтаған , қолдаған.
Тыйым салу белгісі:
Қызылмен боялған , шеңбермін аумақты,
Тыйымшыл белгімін , қаталмын салмақты .
Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,
Қауіп бар , бағдарла көз салып жан – жақты.
Міндеттеу белгісі :
Белгімін көрсетер жылдамдық бағытты,
Міндетті бұрылыс , әйтпесе қауіпті.
Барлығын анықтап тұрамын жолыңда,
Абай бол , шартыңды міндетті орында !
Ңұсқау белгісі :
Баратын жеріңнің бағытын , тұрағын,
Үн – түнсіз жол сілтеп , жол нұсқап тұрамын.
Күндіз де , түнде де от болып жанады,
Көк түске боялған төрт бұрыш шырағым.
Мұғалім: Балалар, біз әр белгінің не мақсатта қолданылатынын білдік.
Қорытындылау :
Мұғалім : Балалар, бүгінгі сабақты қорыта келе «Жас дәуірдің балалары» әнін айтайық. Деніміз сау, еліміз тыныш, жол тәртібін сақтап, аман – есен жүрелік.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген