400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сынып сағаты «Жүсіпбек Аймауытов шығармаларының тәрбиелік мәні» Жүсіпбек Аймауытовтың 135 жылдығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жазушы Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы туралы терең түсінік беру. Жазушының әдеби мұрасын негізгі ерекшеліктерін ұғындыру. Оқушылардың қазақ зиялыларының өмірі мен шығармаларымен жете танысып, ізденімпаз, шығармашыл болуға, сөз өнерін қадір - қасиетімен танысуға білімдерін жетілдіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағатының жоспары


Педагогтың аты-жөні:


Күні:


Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Жүсіпбек Аймауытов шығармаларының тәрбиелік мәні» Жүсіпбек Аймауытовтың 135 жылдығы

Сабақтың мақсаты:

Жазушы Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы туралы терең түсінік беру. Жазушының әдеби мұрасын негізгі ерекшеліктерін ұғындыру. Оқушылардың қазақ зиялыларының өмірі мен шығармаларымен жете танысып, ізденімпаз, шығармашыл болуға, сөз өнерін қадір - қасиетімен танысуға білімдерін жетілдіру.


Сабақтың барысы:


Сабақ кезеңі

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру бөлімі

Сәлемдесу.

Білімді жан - жақты тексеру.

- Қазақ әдебиетіндегі өзіндік орны бар жазушылар кімдер?

- М. Дулатовтың қандай танымал шығармасы бар?

-«Көкшетау» поэмасының авторы кім?

- Көкшетау поэмасындағы халық аңыздарды ата?

- М. Жұмабаевтың поэмаларын ата?

-«Қойлыбайдың қобызы»поэмасының тақырыбы не?

- С. Торайғыровтың «Қамар сұлу»романының тақырыбы мен идеясы.

- 1916ж Ұлт - азаттық көтеріліс жырларын ата?

XX ғасырдың басында алмасқан қоғамдық құрылыстар жіктелген екі дәуірдің шекарасында өмір сүріп, сол қоғамның аласапыран шындығын әдебиет әлемінде үлкен суреткерлікпен бейнелеген қаламгердің бірі – Жүсіпбек Аймауытов еді. Бүгінгі сабағымыз қаламгердің шығармашылығы жайлы болмақ.


https://youtu.be/7Pmf5MXK6Gg





Ойға шақыру.

Жүсіпбек – жазушы, ақын, сыншы, драматург, аудармашы, публицист.

1. Жүсіпбектің туып - өскен жері? (Павлодар облысының, Баянауыл ауданы)

2. Жүсіпбектің ата - тегі кімдер?

3. Жүсіпбектің ауыл молдасынан ескіше оқыды?

(Жүніс қожа, Шәймерден қожа, Қожахмет молда, Қапар қажы, Мұхамеджан деген кісіден сабақ алады.)

4. Баянауылда оқыған жылдары?(1907ж)

5. Екі классты орыс - қазақ мектебінде қай қалада, қай жылы оқиды?(Кереку, 1911ж.)

6. Семейдегі мұғалімдер семинариясында оқыған жылдары?(1914 - 1919ж)



Сабақтың ортасы


Бейнеролик. "Адалдықты үндеген - Жүсіпбек Аймауытов"

Қ. Сатбаев - пен, М. Әуезовпен танысып бірге оқиды.

Семинарияда оқыған жылдары «Абай»атты журнал шығарып, «Сарыарқа» газетімен қызметтес болды.

Семинарияны бітірген соң (1919 - 1920ж) Семей губерниялық Атқару комитетінің бөлім меңгерушісі, «Кедей таңы»атты газетінің редакторы болып жұмыс істейді. 1921ж. «Қазақ тілі»газетінің редакторы, 1922ж. Мұғалімдік қызметке ауысқан.

Пьесалары туралы түсінік

Жүсіпбектің сан саналы шығармашылық мұрасының салмақты жағының бірі - оның драматургиясы. Ол қазақ әдебиетінде төңкеріс қарсаңында ғана туа бастаған осы жанрдың да негізін салушылардың қатарында аталады. Сонымен қатар Жүсіпбек - қазақтың ұлттық театр өнерінің де бастауында тұрған адам.

1916ж. Алғаш 5перделі пьесам (Нұрғали Құлжанов ұнатпаған соң) жарыққа шықпады, оған 1916 - 1917ж. Туған пьесалары.

«Қанапия - Шәрбану»1916 - 1917ж. Пьесалар.

«Қанапия - Шәрбану»пьесалары 1926. Кітап болып басылып шыққан.

«Салиқа қыз»(1922),»Ел қорғаны»(1926ж), «Шернияз»(1926ж), «Мансапқорлар»(1922ж), «Рәбиға»(1926ж), «Қанапия - Шәрбану»(1925ж)

Ж. Аймауытов пьесалары идеялық бағыт - бағдары жағынан да, көркемдік ізденістері тұрғысында жиырмасыншы жылдар әдебиетіндегі жаңа құбылыс болып табылады. Ол жаңаның жеңісін, ескінің күйреуін суреттей отырып, өз дәуірінің жаңа адамдарын ашты, қазақ ауылындағы әлеуметтік тартыстың сырын шынайы бейнелейді.

Топпен жұмыс. «Жүсіпбектің әдеби мұралары – ұлттық құндылығымыз»

1топ. Жүсіпбек – ақын

2 топ. Жүсіпбек – прозашы

3топ. Жүсіпбек - драматург тақырыбында слайд жоба қорғайды

https://youtu.be/4ZqhdepDimM









Сабақтың соңы


Қорытынды. Жазушы Жүсіпбек өз еліне көп еңбек сіңірген. Аудармашы есебінде Жүсіпбек орыстың және дүние жүзілік классикалық әдебиеттің туындыларын қазақ тілінде сөйлеткен. Н. В. Гоголдің «Ревизорын», А. С. Пушкиннің «Тас мейман», «Сараң серісін», Ф. Дюшеннің «Дәмелі», С. Чуйковтың «Тау еліндегі оқиға»сияқты туындыларды аударған.

Жас ұрпақты жаңа рухта, адамгершілікке, жақсы мінез – құлыққа тәрбиелеуде «Тәрбиешіге көмек», «Психология», «Жан жүйесі және өнер таңдау» атты педагогикалық еңбектерін мен ғылыми зерттеулері мәні зор болған. Жүсіпбектің әдеби мұрасы қазақ әдебиетінің тарихи қорынан ерекше орын алатыны сөзсіз

Тәрбие сағаты жөнінде өз ойларымен бөліседі.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
372
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі