Сынып сағаты "Мамандықтар әлемінде"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сынып сағаты "Мамандықтар әлемінде"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып сағаты "Мамандықтар әлемінде"
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: Мамандықтар әлемінде


Мақсаты: Оқушыларға мамандық таңдау, олардың негізгі түрлері, классификациялық белгілері, мамандықтар тобы, таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта- ықыласын арттыру. Өзін-өзі тану аумағын кеңейту, мамандық әлемінен ақпараттар беру.


Көрнекілігі: слайд, бейнеролик

Әдіс-тәсілдері: «Ми шабуылы», психологиялық тест,  дидактикалық ойындар, тренингтер.


Барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

Бәріміз де алдымен мынадай «Бұл кім?» тренингін ойнайық. (Оқушыларға  интерактивті тақтада белгілі бір кәсіп иелері көрсетіледі)

— Бұл кім?

Мұғалім Кітапханашы Наубайшы Заңгерлер Шекарашылар Футболшылар

Әртістер Суретшілер Күзетшілер Құрылысшылар , т.б. Сіздер қалай ойлайсыңдар,  бұларды не біріктіреді? Жалпы түрде қалай айтуға болады?


ІІ. Негізгі бөлім:

«Ми шабуылы» — ой қозғау: Мамандық дегеніміз не? (Кластер әдісі арқылы). Әр топ өз ойын өрбітіп жауабын айтады.

 

«Мамандық» сөзіне  анықтама беру.

Профессия- латын сөзінен шыққан , “professio”- анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді.

Мамандық- қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.

Мамандық таңдау- тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау.. Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай- ақ өз мамандығының 10-20 жылға дейін өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. Бұл мамандықтарға деген бірқалыпты тұрақты сұраныс деп аталады. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару  мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтары жатады. Қоғамның дамуында  біздің өңірде, қазба-байлықтарын игеретін мамандық  иелері қажет.


«Әріпті мамандық»- ойыны. Әр топқа бір әріптен беріледі. Қай топ сол әріптен басталатын мамандық аттарын көп тапса, сол топ жеңіске жетеді. Сонымен қатар өздері тапқан мамандықтарының   қыр- сырын айту керек. І- топ: «А», ІІ- топ: «К», ІІІ- топ: «Ж »


«Қол мидың жалғасы». Алақан бойынша мамандық саласын анықтау. Саусақтарымызды кеңірек ашып, ақ параққа  алақандарымызды түсірейік. Бас бармақпен  шынашақтың орта О нүктесімен белгілеп,  әрбір саусаққа түзу сызық жүргіземіз. Осы  жүргізілген сызба бөліктерін сызғышпен олшеп шығарыңыз.

Жауап.

Егер алақан  сызығыңызда  бас бармақ пен О нүктесі арасында сызба бөлігі ұзын болса, сіз басқарушысыз.

2О нүктесі  мен сұқ саусақ  нүктесінің арасындағы сызық басқармаларынан ұзын болса, сіздің қорғаушы  әскери қабілетіңіз мол.

3. Ортаң қол сызығы ұзынырақ болса, сіз дін адамы,  саясаткер болуға бейімсіз.

4.  Аты жоқ саусақ сызығы үлкенірек болса, сіз өнерге бейіміңіз мол, суретші, музыкант, архитектор, дизайнер  болуға қабілеттісіз.

 .Шынашақ  сызығы үлкенірек  болса,  сіз-дәрігерлік, шипагерлікке  бейімсіз.



Өзің келіспейтін тұжырымдарды таңдап алып, ойыңды дәлелде

Мамандық бір-ақ рет біржола таңдалады

Мамандық таңдау қалтаның қалың болуына байланысты

Отбасы және достарынның ақылына сүйеніп мамандық таңдауға болады

Қартайғанда да мамандық таңдауға болады

Жақсы білім алу үшін қымбат оқу орнына түсу керек

Ақша болса, мамандық қажет емес

Мамандық таңдауда психологтің  көмегі қажет

Мамандық таңдаудағы басты өлшем – қызығу мен қоғамдық сұраныстың сәйкестігі

Таңдайтын мамандығымды болашақ табысым анықтайды

Мамандық таңдау – күн көріс қамы


3. «Ең жақсы» ойыны.

Қатысушылар екі командаға бөлінеді. Әрбір командаға мынадай нұсқау беріледі, оқушылар берілген мінездеме қай мамандыққа сай екендігін айтулары керек. Мысалы, ең ақшасы көп мамандық. Қай мамандық ең ақшалы болып табылады.

Қатысушыларға келесі мамандық мінездемелері ұсынылады:

Ең ақшасы көп- бухгалтер, экономист.

Ең жасыл- эколог, географ, бақташы, гүл өсіруші.

Ең тәтті-аспазшы, кондитер.

Ең күлкілі- клоун, карикатурашы.

Ең жауапты- сот, бухгалтер.

Ең салмақты-мұғалім,заңгер.

Ең қарым-қатынасы күшті-бизнесмен


Психологиялық сәт: «Психогеометрия»- өзін- өзі тану.

Оқушылар өзіңе ұнаған геометриялық фигуралардың кез келгенін таңдауы тиіс. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік.

Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналана адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетін баршылық. Сенен үздік администратор шығады

 Зигзаг.  Сенде әсемдікті көре білу қабілетін жоғары қалыптасқан, сондай- ақ  шығармашылық қабілетін, ой- өрісін дамыған. Сенде табиғи өткіройлылық бар, өз айналана қабілетті адамдарды жинай аласын. Сені шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды.

 Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен  өз әріптесінді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесін , басқаның ауарпатылығына жәрдемдесу қабілетін жоғары қалыптасқан.Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың Сенен үздік психолог шығуы мүмкін.

 Үшбұрыш . Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныннан шықпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігін бар. Әр топ өз жауап нұсқаларын береді.


 

Тренинг “Сиқырлы қарындаш”:  Менің қолымдағы сиқырлы қарындаш кімнің қолына түссе, сол қатысушы бүгін қалай жұмыс істеді, жақсы және кемшіліктері туралы әңгімелеп беруі тиіс.


Талдау: Осы күннен не алдыңыз?

Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз, ойландыратын жағдай болды ма?


Ж. Аймауытов айтқандай «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» егеменді еліміздің ертеңі — маман  иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін!


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.11.2024
198
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі