Сынып сағаты “Мектебім - мейрім мекенім”

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сынып сағаты “Мектебім - мейрім мекенім”

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып сағаты


«Мектебім - мейірім мекенім» тәрбие сағаты

Мақсаты: Балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
— мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
— өзара сыйластық қарым — қатынастарын дамыту;
— мейірбандылыққа тәрбиелеу.

Біз бүгінгі тренингімізде адамның жақсы құндылықтарының бірі мейірімділік жайлы әңгімелесеміз. Адамдардың бір — біріне деген мейірімділігі — әдептілік белгісі.

Мейірімділік — адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі. Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық, кең пейілділік, жанашырлық, ізгі ниет секілді қасиеттерге негізделеді. Мейірімділік адамның жоғары адамгершілік белгісі ретінде оның бүкіл тыныс - тіршілігін, жан дүниесін жадырататын, шат - шадыман тіршілігі үшін қажетті аса маңызды қасиеттің бірі болып саналады.

“Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық секілді ақ жүректен шығады” (Шәкәрім)

Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде мейірімділік адамдар арасындағы адамгершілік, ізгілік пен ізеттілік, имандылық пен инабаттылық секілді асыл қасиеттермен үндестік тапқан. Ж. Баласағұн “кір тигізбей ұста ойыңның өресін, мейірім етсең - мейірімділік көресің” деп, мейірімділікке зор мән берген.

«Мейірімді адам» бойындағы қасиеттерді атар өтсек: жақсы адам, ақкөңіл, жаны таза, шыдамды, рақымшыл, жылы жүректі. Енді осындай адам деп кімді айтар едіңдер?
— Әрине мейірімді жандардың қатарында ең бірінші біздің аналарымыз тұрады екен.
— Адамзат ненің мейіріміне бөленген?
— Күн, табиғат, ана, ұстаз, дәрігер және тағы басқалардың мейіріміне бөленеді. Ендеше мына сұрақтарға жауап беріп көрейікші:

Ойланайық, пікірлесейік

1. Мейірімділік деген не?
2. Сенің ойыңша мейірімді адам қандай болу керек?
3. Өздерің қандай мейірімді іс жасадыңдар?

Үлкендер еркелеткенде қандай күйде боласыңдар?
Жақсы көретін адамдарға қандай тілек айтқың келеді?
Өздеріңе мейірімділік көрсеткен кезде қандай сезімде болдыңдар?
Мейірімділікті қалай көрсетуге болады?

Адамдар бір - біріне жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлау, игілік жасау арқылы мейірімділік таныта алады.

Суреттерге қарап жағдаяттарды шешу.
Нақыл сөздер
«Мейірімділік - жүректен» (Халық даналығы)
“Мейрімділікті анадан үйрен” ( Халық даналығы)

Ана халық ұғымында жаратушы. Олай дейтініміз табиғатты да, адамды да дүниеге әкелуші ана. Табиғаттың қай жаратылысын алып қарамайық, бәрі де адамдарға мейірімін сыйлайды. Мәпелеп, аялап бар жақсылығын мейірімін бәріне бірдей көрсетеді. Адамдар да дәл солай жасауы тиіс. Сондықтан да халық даналары «Мейірімділікті анадан үйрен» деген.

Мақал - сөздің мәйегі

1. Ата - асқар тау Ана(бауырыңдағы бұлағың)
2. Ұлың өссе, Ұлы (үлгілімен ауылдас бол)
Қызың өссе (Қызы үлгілімен ауылдас бол.)
3 Бала жас шыбық сияқты -(қалай исең солай иіледі).
4. Бала жақсы болса -(қуаныш, жаман болса - қиналыс.)
5. Ерлі - зайыптылар тату болса -(үйге береке, араз болса - елге келеке)
6. Анасы қандай болса -(баласы сондай)
7. Әкеге қарап ұл (өсер, шешеге қарап қыз өсер)

“Мейірімділік” кестесі
Мейірімді істер
Мейірімді адамның қасиеттері
Шығармашылық жұмыс

“Мейірімділік шуағы” тақырыбында ақын, жазушы ретінде өлең, әңгіме жазу, суретші ретінде сурет салу.

«Мейірімділік шуағы» сөзін топтастыру
(Тақтаға оқушылар осы сөздің мағынасын ашатын сөздерді қойып шығады)
Сүйіспеншілік, қамқорлық, жарастық, ынтымақ, бауырмалдық, махаббат, ынтымақ, бірлік достық.

Күлімдеген күн мейірімді!
— Кіршіксіз ақ қар мейірімді!
— Бәрімізді көтеріп тұрған жер мейірімді!
— Аяулы анам мейірімді!
— Қадірлі әкем мейірімді!
— Әлпештеген әжем мейірімді!
— Еркелеткен атам мейірімді!
— Жылы жүзді ұстазым мейірімді!
— Тату — тәтті достарым мейірімді!

Мейірімділік дегеніміз:

Мейірімділік рахметті күтпейтін, өз істерінің бағалауын,
аталуын талап етпейтін сезім;

Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық,
кең пейілдік, жанашырлық.
Ізгі ниет секілді қасиеттер;

Мейірімділік – адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі;
Мейірімділік - адамдар бір - біріне жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлау, игілік жасау арқылы мейірімділік таныта алуы;
Мейірімділік адамның ізгілігін анықтайды;
Мейірімділік махаббат, қайырымдылық,
Адалдық секілді ақ жүректен шығады;
«Жылы сезім жүректерде сақталады, Мейірімділік тек жүректен басталады».- деп балаларды жүректен жүрекке шеңберіне шақырады. Балалар шеңбер құрып тұрады. Бір — біріне деген жақсы тілектерін білдіреді. Балалар бәрі қосылып: «Балалардың мейірімді жүрегі,
Сіздерге бақыт, шаттық тілейді» — деп қонақтарға өздері жасаған жүрекшелерді ұсынады.




















Заря жалпы орта білім беру мектебі.









Тәрбие сағаты



«Мектебім - мейірім мекенім»

























6 «А» сынып


Сынып жетекші; Ховдабай Инабат Сарсенбаевна









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.12.2023
263
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі