Материалдар / Сынып сағаты "Мен елімнің патриотымын"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сынып сағаты "Мен елімнің патриотымын"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздік күніне арналған сынып сағаты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қырқүйек 2024
75
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мен, елімнің патриотымын!

Мақсаты:

Білімділік: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай – қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту;
Дамытушылық: Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата – бабаларымыздың өнгеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
Тәрбиелік: Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.
Көрнекілігі: Елбасы суреті, рәміздер, қанатты сөздер, шарлар.
Әдісі:  сұрақ-жауап,әңгімелеу, түсіндірмелі, көрнекілік

Барысы:

1.Ұйымдастыру.(Амандасу оқушылармен).

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Бүгін біздің өтетін тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Мен өз елімнің патриотымын!» Балалар, сіздер алдымен «патриот» деген кім, ол қандай адам деген сұраққа анықтама беріп кеткеніміз жөн болар.

(Оқушылар тақтада тұрған ақ плакатка «Патриот» сөзіне ой шақырады).

(Патриот: тарихын білу, ұлтжандылық, тілге құрмет, отан сүйгіш, намысшыл, қайраттылық, құндылықтарды бағалау, салт-дәстүрді дәріптеу, отан қорғау.)

Патриот – ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт – дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір – қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға. Туған елі үшін үнемі тер төге қызмет етіп, халқымыздың мол рухани құндылықтарын бағалай білетін асыл тұлға.

Сынып оқушыларын еліміздің рәміздері бейнеленген қима қағаздар арқылы 3 топқа бөлу.

  1. топ: Елтаңба

  2. топ: Ту

  3. топ: Әнұран

І тапсырма. Ендігі кезекте әр топ өз топ аттары туралы мәлімет беру. (А4 қағазына маркермен жазып шығу.)

Елтаңба

Ту

Гимн





ІІ тапсырма. Картамен жұмыс жасату. (Картадан аты аталған қалаларды белгілеу)

Біздің еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ал біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыз жерін жаудан қорғап, бүгінгі ұрпақ, бізге жеткізді. Қазақстан жер көлемі бойынша 9 орында тұр. Қазақстанда үлкен қалалар көп. Олар: Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, Көкшетау, Қостанай, Ақтау, Павлодар, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Өскемен, Семей, Талдықорған. Бұлар – әдемі қалалар. Аталған қалаларда қазақтар, орыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украйндер және тағы басқа ұлттардың өкілдері тұрады. Олар тату-тәтті, бірлікте өмір сүріп жатыр.



ІІІ тапсырма. Астананың 20 жылдығы. (Бейнеролик тамашалау).

Астана - Отанымыздың бас қаласы, астанасы. Әр елдің баласы өз отанын, туған жерін қадірлей білуі керек. Біз елдің болашақ патриоттарымыз. Үлкендеріміз жасап берген ұлы жолды алдағы уақытта жалғастыруымыз керек. Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайы Елбасымыздың тікелей бастамасымен 2007 жылдың желтоқсанында алғашқы кірпіші қаланған сарай құрылысы бір жылдың ішінде толық аяқталды. Астана қаласының он жылдық мерейтойына арналып салынған бұл ғажайып ғимарат Есіл өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан.


Викториналық сұрақтар.

"Сен білесің бе?"

1. Қазіргі кезде Астана қаласының тұрғындарының саны қанша адамға жетті?

2. стана рәмізі Бәйтеректің ұзындығы не себептен 97 метр ? (Бұл сан астананың Алматыдан Астанаға 1997 жылы көшірілуіне байланысты)

3. Жаңа көпірдің ұзындығы (214 метр)

4. Жаңа көпірге қандай ат берілді? (Сарыарқа)

5. Астанадағы ең басты қатынас жолы. (Республика даңғылы)

6. Көпірдің оң жағалауында тұрған биік ғимарат. (Астана - Тауэр)

7. Қазақстанның схемалық картасы іспретті парк қалай аталады? (Атамекен)

8. "Думан" океанариумына теңіз суымен толтырылған қанша аквариум сыйып тұр? (13 үлкен аквариум)

9. 1900 жылы Ақмола уезінің ең мықты болуына және қара күш иесі кім еді? (Қажымұқан Мұңайтпасов)

10. Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан ғарышқа самғаған қазақ ғарышкері кім? (Талғат Мұсабаев)

Жақсылық –рефлексия

(Балаларды ортаға шақырып, шеңбер құрастыру)

Менің қолымда ақ түсті бір шүйке жіп. Қазір мен оны шеңбер бойы жіберемін. Қолға түскен жіпті саусаққа орап, алысқа жетелейтін армандарыңды тілеңдер. (Жіп мұғалімге келеді.)

Бізбен жіп не істеді?

Қалай ойлайсыңдар, бұл жақсылықтың белгісі ме? (Балалардың пікірі)

Дұрыс, жіп бізді біріктірді. Әрқашанда бірге болуымыз керек, бір-бірімізге көмектесуіміз керек. Бір шаңырақ астында тату өмір сүруіміз керек. Мектепте болып жатқан әр түрлі шаралардан қалыспауға, өзіміздің үлесімізді қосуға ұмтыламыз. Қазақ халқының дәстүрін, тілін құр¬меттеп, еліміздің өсіп-өркендеуі жолында тынбай еңбек еткенде ғана, еліміз де көркейіп, гүлденеді.

Жіп орамасы тасили керек.

Қазақстаным Болашағым! Окушылар устап турады.










Қортынды:  Сабағымызды жақсы оқып, еліміздің адал, еңбекқор азаматы болайық. Ер жетіп еліміздің одан әрі көркеюіне, гүлденуіне өз үлесімізді қосайық.

Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев:

Өткеніңді еске алсаң,

Өскеніңнің белгісі.

Өткеніңді ұмытсаң,

Өшкеніңнің белгісі,

деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай-ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Атазаңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтап мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Еліміздің жанашыр патриоты болайық.

















































Астана қаласы №63 мектеп-лицей







Shape1



Тәрбие сағаты











Өткізген: Байкенова М.Ж.













2018-2019 оқу жылы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!