Ашық тәрбие
сағаты тақырыбы: Менің
Отаным – Қазақстан!
Мақсаты:
Білімділік: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін
қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған
еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін
ояту;
Дамытушылық: Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың
талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнеге етіп
қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, ата
мекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге
тәрбиелеу;
Тәрбиелік: Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс
жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын
дамыту.
Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
Біз бүгін «Менің Отаным - Қазақстан»
тақырыбында ашық
тәрбие сағатын
өткелі отырмыз.
- Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады екен?
- Қазақстан
- Қазақстан жері қандай?
- Қазақстан жері үлкен, әдемі, әрі бай.
- Дұрыс айтасыңдар, балалар, Қазақстан жері батыстан шығысқа қарай
300 000 шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1700 шақырымға
созылып жатыр.
- Біздің еліміз - жерінің кеңдігімен қатар, табиғи байлығы да мол
мемлекет. Өріс толы малы, тайдай тулаған балығы, теңіздей толқыған
егіні, дала толы аң - құсы, таусылмас кен байлығы да жеткілікті,
мол.
- Осы айтылған ойларымыздың дұрыстығына көз жеткізу үшін қазір
мынадай өлең шумақтарын тыңдап
көрсек.
ЗУЛЕЙХАН:
Отан - жерім, Отан -
суым,
Отан - қуат, нәр
береді.
Отан - ұран, Отан -
туым,
Отан мәңгі
гүлденеді.
САНЖАР:
Сүйемін мен
Отанымды,
Гүл жайнаған
жерімді.
Сүйемін мен ата -
анамды,
Мені өсірген
елімді.
ӘНУАР:
Отан деген -
Атамекен,
Отан деген -
туған жер.
Отан - ана,
Отан - пана,
Қазақстан -
туған ел.
НҰРТАС:
Отанды біз
Атамекен,
Деп аялап
айтамыз.
Өйткені оны
мекен еткен
Бабамыз бен
атамыз.
ЕСТАЙ:
Отанды жас -
кәріміз де,
Туған жер деп
сүйеміз.
Өйткені онда
бәріміз де,
Туып, өмір
сүреміз.
АРЗА:
Отан - менің өзегім,
Қиының болса төземін.
Алдағы бақыт шақтарды,
Жүрегіммен сеземін.
ЗЕРЕ:
Отаным - менің өзегім,
Қырыңды шарлап, кеземін.
Білу керек әр ұрпақ,
Бес саусақтай өз елін.
ГҮЛСІМ:
Отаным - мәңгі қорғаным,
Қалаймын бақыт қонғанын.
Сүйемін және сондықтан,
Өзенін, көлін, орманын.
АЯУЛЫМ:
Бақытты боп жүргенім,
Сенің арқаң, Ұлы Отан.
Елім менің тірегім,
Құшағыңда гүл атам.
НҰРЛЫАЙЫМ:
Ата, Әжем, Әкем, анам -
Төртеуі де «Отан!» маған
Төртеуі де «Ботам» дейді
«Ер азамат атан!» дейді
Мақтанамын Отаныммен,
Отаныма «Ботамын»мен
НАРГИЗА:
Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің сен, Отан!
Мәңгі соғып тұратын,
Жүрегімсің, сен Отан!
Ән «Туған жер» орындайтын: Төлеубек
Аяулым
Туған жерін сүймейтін адам жоқ. Олай болса,
туған жер туралы қандай мақал - мәтелдер біледі
екенбіз?
Оқушылардың туған жер, Отан туралы жазған шығармалары
тыңдалады.
Отан дегеніміз - адамның туып өскен жері,
туған - туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын ата мекені.
Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны - Қазақстан
Республикасы.
Қазақстан - Туымен
тұғырлы,
Елтаңбасымен
еңселі,
Әнұранымен
айбатты.
Мұғалім:-
Балалар, 1992 жылы 4 маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер - Елтаңба,
Ту бекітілді. Міне, бүгінгі таңда Қазақстан өз алдына Тәуелсіз
мемлекет. Біздің өзіміздің Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бар.
Егеменді Қазақстанбыз.
Қорытынды:
Қазақстан - сен
заңғар биіксің, кеңсің. Біздің жанымыз өзіңе деген мақтанышқа
бөленген. Біз сенің атыңды жер бетіне жар салар перзентіңбіз,
тәуелсіздікті мықтап қолға ұстайтын
балаңбыз!
Біз - тәуелсіз
қазақ елінің ең жас жеткіншектеріміз. Сондықтан өз жерімізді, өз
елімізді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге,
қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық дегім
келеді.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сынып сағаты Менің Отаным Қазақстан
Сынып сағаты Менің Отаным Қазақстан
Ашық тәрбие
сағаты тақырыбы: Менің
Отаным – Қазақстан!
Мақсаты:
Білімділік: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін
қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған
еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін
ояту;
Дамытушылық: Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың
талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнеге етіп
қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, ата
мекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге
тәрбиелеу;
Тәрбиелік: Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс
жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын
дамыту.
Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
Біз бүгін «Менің Отаным - Қазақстан»
тақырыбында ашық
тәрбие сағатын
өткелі отырмыз.
- Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады екен?
- Қазақстан
- Қазақстан жері қандай?
- Қазақстан жері үлкен, әдемі, әрі бай.
- Дұрыс айтасыңдар, балалар, Қазақстан жері батыстан шығысқа қарай
300 000 шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1700 шақырымға
созылып жатыр.
- Біздің еліміз - жерінің кеңдігімен қатар, табиғи байлығы да мол
мемлекет. Өріс толы малы, тайдай тулаған балығы, теңіздей толқыған
егіні, дала толы аң - құсы, таусылмас кен байлығы да жеткілікті,
мол.
- Осы айтылған ойларымыздың дұрыстығына көз жеткізу үшін қазір
мынадай өлең шумақтарын тыңдап
көрсек.
ЗУЛЕЙХАН:
Отан - жерім, Отан -
суым,
Отан - қуат, нәр
береді.
Отан - ұран, Отан -
туым,
Отан мәңгі
гүлденеді.
САНЖАР:
Сүйемін мен
Отанымды,
Гүл жайнаған
жерімді.
Сүйемін мен ата -
анамды,
Мені өсірген
елімді.
ӘНУАР:
Отан деген -
Атамекен,
Отан деген -
туған жер.
Отан - ана,
Отан - пана,
Қазақстан -
туған ел.
НҰРТАС:
Отанды біз
Атамекен,
Деп аялап
айтамыз.
Өйткені оны
мекен еткен
Бабамыз бен
атамыз.
ЕСТАЙ:
Отанды жас -
кәріміз де,
Туған жер деп
сүйеміз.
Өйткені онда
бәріміз де,
Туып, өмір
сүреміз.
АРЗА:
Отан - менің өзегім,
Қиының болса төземін.
Алдағы бақыт шақтарды,
Жүрегіммен сеземін.
ЗЕРЕ:
Отаным - менің өзегім,
Қырыңды шарлап, кеземін.
Білу керек әр ұрпақ,
Бес саусақтай өз елін.
ГҮЛСІМ:
Отаным - мәңгі қорғаным,
Қалаймын бақыт қонғанын.
Сүйемін және сондықтан,
Өзенін, көлін, орманын.
АЯУЛЫМ:
Бақытты боп жүргенім,
Сенің арқаң, Ұлы Отан.
Елім менің тірегім,
Құшағыңда гүл атам.
НҰРЛЫАЙЫМ:
Ата, Әжем, Әкем, анам -
Төртеуі де «Отан!» маған
Төртеуі де «Ботам» дейді
«Ер азамат атан!» дейді
Мақтанамын Отаныммен,
Отаныма «Ботамын»мен
НАРГИЗА:
Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің сен, Отан!
Мәңгі соғып тұратын,
Жүрегімсің, сен Отан!
Ән «Туған жер» орындайтын: Төлеубек
Аяулым
Туған жерін сүймейтін адам жоқ. Олай болса,
туған жер туралы қандай мақал - мәтелдер біледі
екенбіз?
Оқушылардың туған жер, Отан туралы жазған шығармалары
тыңдалады.
Отан дегеніміз - адамның туып өскен жері,
туған - туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын ата мекені.
Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны - Қазақстан
Республикасы.
Қазақстан - Туымен
тұғырлы,
Елтаңбасымен
еңселі,
Әнұранымен
айбатты.
Мұғалім:-
Балалар, 1992 жылы 4 маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер - Елтаңба,
Ту бекітілді. Міне, бүгінгі таңда Қазақстан өз алдына Тәуелсіз
мемлекет. Біздің өзіміздің Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бар.
Егеменді Қазақстанбыз.
Қорытынды:
Қазақстан - сен
заңғар биіксің, кеңсің. Біздің жанымыз өзіңе деген мақтанышқа
бөленген. Біз сенің атыңды жер бетіне жар салар перзентіңбіз,
тәуелсіздікті мықтап қолға ұстайтын
балаңбыз!
Біз - тәуелсіз
қазақ елінің ең жас жеткіншектеріміз. Сондықтан өз жерімізді, өз
елімізді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге,
қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық дегім
келеді.
шағым қалдыра аласыз













