Гранитогор санаториялық мектеп-интернаты

«Құқықтық тәрбие,құқықтық жігер»
Тәрбие сағаты
Сынып жетекші:Нұрпейсова Қ. Нұран А
Турабекова Ж
2016 - 2017 оқу жылы
Тәрбие сағаты: «Құқықтық тәрбие,құқықтық жігер.»

Мақсаты: а) Адам құқықтарын сақтау, өз
құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға дайындық қабілеттілігін
қалыптастыру.
ә) Оқушыларға адам құқығы, бала құқығы, құқықты алаң, оқушының
құқығы мен міндеті ұғымдарын меңгерту, проблемалық жағдаяттарды
құқықтық тәсілмен шешуге үйрету.
б) Оқушыларға өз құқықтары мен еркіндіктерін шектеп ұстау
міндеттілігі туралы, құқықтық нормативтік актілерді орындай,
құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық
сауаттылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ата Заң, тәртіп туралы нақыл сөздер, Қазақстан
Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заңы, интерактивті
тақта.

Сабақтың түрі: құқықтық сауаттандыру
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру
кезеңі
ІІ.
Негізгі бөлім
«Бала құқығы туралы халықаралық
конвенция»
Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заңы
Заң сөздікшесі
Балаларды қорғауға арналған халықаралық күндер
«Әрекет-қабілеттілік пирамидасы»
«Өз құқығыңды біл!». Баланың құқықтары мен
міндеттері
Үндеу
Жас жеткіншек! Сен өзіңді құрметтеуге тиіссің. Бойындағы бар
қабілетіңді тек жақсылыққа бағыттай біл. Зиянды әдеттерден,
ішімдіктен, шылымнан, есірткіден аулақ
бол. Ар-намысыңды биік ұста. Өз тағдырың-өз қолыңда. Өзіңе сен.
Өзіне сенімді адам ғана өзгелердің теріс әсеріне бағындай өзін
сақтай алады.Тәртіпті бол, өз құқығыңды дұрыс пайдалан. Сен ел үшін
керексің, өйткені сен- тәуелсіз еліміздің
болашағысың.
1.Гимн орындалады.

Заң
дегеніміз- қоғамның негізгі тірегі. Қоғам деп отырғанымыз-мына
біздер. Ата Заңымыз- еліміздің рәміздерінің бірі. Елбасымыз
Нұрсұлтан Назарбаев «Конституция — бұл да ел рәміздерінің бірі.
Сондықтан негізгі Заңды елдің Туы, Әнұраны, және Елтаңбасы секілді
қадірлеу, құрметтеу-біздің парызымыз» деген. Сондықтан әрбір
адамның заң талабына бағынып жат қылықтар, өрескел тәртіп
бұзушылыққа бармауы, өзіне жүктелген міндетті уақытылы орындаудың
өзін еліміздің Ата Заңын, халықты құрметтеуі деп білуімізге
болады.
Конституция- елдің барлық ережелері жинақталған мемлекеттің негізгі
құжаты. Сондықтан да біз оны Ата Заң деп құрметтейміз. Әрбір адам
өзінің де, өзге елдің заңына бағынуға міндетті. Әр мемлекеттің
өзіне тән заңы бар. Олай болмағанда дүние астаң-кестеңі шығып,
небір жан түршігерлік нәрселер болар еді. Сан мыңдаған жылдар бұрын
адамзат пайда болды. Міне, сонымен қатар түрлі мәселелер де туындай
бастады. «Адамдар не істеуге
болады, не істей алады?» деген сұрақтар туындай бастады. Міне, осы
кезде әр елдің заңы, ережелері шыға бастады.
Міне, балалар, адамның шыр етіп жерге түскен минутынан бастап оның
өмірін, денсаулығын, тыныштығын қорғап отырған заң бар. Бұл
заң- 1948 жылы 10-желтоқсандақабылданған «Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы»,
сонымен қатар 1959 жылы қабылданған «Бала
құқықтары декларациясы». Міне осы декларациядан кейін 61 ел қол
қойған 1989 жылы 20-қарашада «Бала құқығы туралы конвенция»
қабылданды. Қазірде бұған 91
мемлекет кірген.
Конвенция дегеніміз- арнаулы мәселелер жөніндегі келесім шарт.
Осы Конвенция негізінде 2002 жылы тамызда Қазақстанда «Бала құқығы
туралы» Заң қабылданды. Бұл Заң 10 тарау, 53 баптан
тұрады. 2002 жылы 2-қыркүйекте
Қазақстан «Бала құқығы туралы конвенцияға» қол
қояды, сөйтіп қазақстанның «Бала
құқығы туралы заңы» енгізілген.
Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары
туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылығы 8 тамызда № 345
Заңы
«Бала құқығы туралы халықаралық конвенциядан»Конвенцияға кіретін
құқықтардың бәрі барлық балаға бірдей тарайды. Конвенцияға қол
қойғаннан кейін балаларды кемсітуден қорғауға және олардың
құқықтарын жүзеге асыруға жәрдемдесу үшін белсенді шаралар қолдану
міндетін мемлекет өзіне алады.
«Бала құқығы туралы
халықаралық конвенциядан»
— Мемлекет әрбір баланың аман-сау өсіп, жан-жақты дамуын қамтамасыз
етеді.
— Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен
азаматтық алуға құқылы.
— Әрбір бала өз отбасында ата-анасымен бірге өмір сүруге
құқылы.
— Бала мектепте кінәлі болғанда да оны ешкім ұрып жазалауға,
кемсітіп қорлауға құқығы жоқ.
— Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы.
— Әрбір баланың ой-пікір, ар-ождан және дін еркіндігіне құқығы
бар.
— Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы.
— Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы.
— Бала өз ойын еркін айтуға құқылы.
Балалар адамға қатысты
барлық құқықтарға ие, бірақ ересектерге қарағанда өз құқықтарын
қорғау мүмкіндіктері аз болғандықтан ерекше құқықтық қорғауды қажет
етеді. Қазақстанда балалардың құқығын қорғау үшін арнайы күндер
берілген.
1-маусым Балаларды қорғаудың халықаралық күні
20-қараша Балалардың дүниежүзілік күні
10-желтоқсан Адам құқығы күні
10-желтоқсан 1948 жылы Адам құқықтарының жалпыға ортақ
Декларациясын БҰҰ қабылдады.
1959 жылы Әлемде бала құқығының халықаралық күнін
мерекелеу Декларацияны жариялаудан басталды.
1979 жылы Балалардың халықаралық жылы өтті
20-қараша 1989 жылы БҰҰ-да Бала құқықтары туралы Конвенция
қабылданды
28-қазан 1993 жылы Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы
қабылданды
8-маусым 1995 жылы Қазақстан Бала құқықтары туралы Конвенцияны
бекітті.
«Әрекет-қабілеттілік пирамидасы».
40 жас- Президент
30 жас -Сенат депутаты
25 жас – Полиция, сот
20 жас- Маслихат депутаты
18 жас- Сайлау, үйлену құқығы
17 жас- Өсиет жазу құқығы
16 жас- Төлқұжат, еңбек ету құқығы, қылмыстың барлық түрлері
бойынша жауапқа тартылу
15 жас- Жұмыс істеу (рұқсатпен)
14 жас- Қылмыстық ісі үшін жауапқа тартылу, еңбекақыға иелік
ету
10 жас- Асырап алуға, қорғаныш болуға келісім беру, ата-аналардың
бірімен тұруын
таңдау құқығы
6-7 жас-Тұрмыстық келісім шааралар, мектепке оқуға баруға
0 жас- Туу, құқық қабілеттілікке ие болу
Келесі кезекте бейнетаспаны тамашалайық

«Менің құқығым»
(Әрбір бала-орындарынан тұрып бір-бір құқықтан айтады)
Сұрақ: Сен өз құқығың туралы не айтар едің?
Сұрақ: Бала құқығының қандай түрлері таныс?
Сұрақ: Күнделікті өздерің қолданып жүрген құқықтарыңды
ата?
Мұғалім: Әрбір адамзат құқықтырын пайдаланып
қана қоймай өз міндеттерін де білуі, орындауы керек.
Ал Қазақстан Республикасының азаматтарының
міндеттері мыналар:
Заңдарға бағыну
Басқа азаматтардың құқықтарын, бас бостандықтарын, арын
құрметтеу.
Мемлекет рәміздерін құрметтеу
Салықты төлеу
Тарихи және мәдени байлықтарды сақтау
Табиғатты және табиғат байлықтарын сақтау
Ата-аналардың балаларына қамқорлық ету міндеттерін орындауы
Орта мектеп білімін алу
Қазақстан Республикасын қорғау
Ал азаматтар өз міндеттерін дұрыс орындамаса, ол құқық бұзушылық
болып табылады.
-Балалар, құқық бұзушылық деген қылмыс екен. Ал біздің өз арамызда
қылмыс жасау жағдайлары болған жоқ, бірақ тәртіп бұзушылықтың өзі
қылмысқа апарып соғары белгілі. Қандай бала тәртіп бұзады? Әрине, тәртіпсіз бала. Ал
тәртіпсіз бала деп қандай баланы айтар едіңдер.
/Оқушылар жауаптары тыңдалады/

Мақал-мәтелдердің жалғасын табу
«Ой
жалғау»
Заңның құрығы……. (бәрінен ұзын)
Өш алғаннан гөрі…….. (кешірген жөн)
Ақырын жүріп………….. (анық бас)
Асыл тастан………… (өнер жастан)
Ұрлық түбі………….. (қорлық)
Әдепті бала……………….(арлы бала)
Тәрбие………(отбасынан басталады)
Әділ істің……..(арты игі)

Кім
тапқыр?
Мемлекет билігінің қайнар көзі Халық (3-бап)
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері қашан қабылданды?
1992 жылы
Қазақстан азаматы екінші, басқа елдің азаматтығын алуға құқықты ма?
Жоқ (10-бап)
Өз дінім мен ұлтымды айыптауға құқығым бар ма? Иә (19-бап)
Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін таңдауға
құқығы бар ма? Иә (23-бап)
Президент кәсіпкерлік қыметпен айналыса ала ма? Жоқ (43-бап)
Елімізде жоғары өкілетті орган Парламент (49-бап)
Қазақстан азаматы болуға қашан құқылысыз? Дүниеге келген кезде
(12-бап)
Еліміздің төл мейрамдарын атаңыз? Конституция күні
Республика күні
Тәуелсіздік күні
Қорытынды: Ата
Заң- қорғанымыз. «Азамат жолы-ар жолы» демекші, ешкімнің ала жібін
аттамай, өз құқымызды да, өзгенің құқығың да бұзбай тәуелсіз елдің
арқа сүйер айбынды, ақылды ұл-қызы болып өсейік.
«Еліміздің ертеңгі тағдыры сіздермен байланысты» деген еді
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев.

Тәрбиелік шара
тақырыбы: «Үлкенге - құрмет, кішіге –
ізет»
Мақсаты:
Оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, үлкенді сыйлауға, кішіге
қамқор болуға үйрету.
Міндеттері:
- Өзара
сыйластық қарым-қатынастарының адам өміріндегі мәнін
түсіндіру;
- жағымды
қарым-қатынас жасау іскерліктерін
дамыту;
- жақсылыққа,
имандылыққа, адамгершілікке, шыншылдыққа, қамқорлыққа
тәрбиелеу.
Шара түрі:
Топтық сайыс
Көрнекі
құралдар: Өнегелі сөздер, мақал-мәтел,
суреттер.
Шаттық
шеңбері
Мұғалім: -
Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Оқушылар: -
Сәлем саған алтын күн,
Сәлем саған жер
ана.
Сәлем саған
достарым,
Сәлем саған
ұстазым!
Мұғалім: -
Көңіл күйлерің жақсы ма?
Оқушылар: -
Үлкенге де «Сіз»,
Кішіге де
«Сіз».
Бар адамға
құрметпен,
Бас иеміз
біз.
- Мен сендерді
көргеніме қуаныштымын. Бүгін бәрің әдемі болып кетіпсіңдер. Мынау
менің қолымдағы сақа жай сақа емес, естеріңде болса, Данышпан ата
сендердің білімдеріңе риза болғандықтан сыйға тартқан «сиқырлы
сақа». Әрбірің осы «сиқырлы сақаны» ұстап, өз достарыңа,
құрбыларыңа, сыныптастарыңа адал ниеттеріңмен әдептілік-әдемілік
туралы жақсы тілек айтсаңдар, сол тілектерің
орындалады.
Ендеше, «Алтын
сақа» ойынын ойнайық!
- Кәне, бәріміз
бір-бірімізге жақсы тілек
тілейік!
- Әдепті
бол!
- Мейірімді
бол!
- Кішіпейіл
бол!
- Қамқоршы бол!
т.с.с.
Ендеше:
Ойы терең
мұхиттай дана болғым
келеді,
Көңілі аппақ
сүттен де бала болғым
келеді.
Адалдықты
сүйетін жүрегімен, жанымен,
Бал бұлақтай
мөп-мөлдір таза болғым
келеді.
Отты, ойлы жыры
бар ақын болғым келеді,
Қиындықтан
қайтпайтын асыл болғым
келеді,
Адамдардың
бәрінен кіші болғым келеді,
Ең бастысы
өмірде – кісі болғым
келеді.
Мұғалім:
Халқымызда «Үлкенге - құрмет, кішіге – ізет» деген мақал бар. Бұның
өзі өсіп келе жатқан әрбір жас ұрпақты имандылыққа,
мейірім-қайырымдылыққа тәрбиелеу. Адам бойында жақсы –жаман
қасиеттер болады екен. Біздің халқымызда үлкенді құрметтеп , кішіге
қамқор болуға бала кезден көп көңіл бөлінеді. Ол ананың сүтінен,
үлкеннің ақылынан, ұстаздың үйреткенінен, кез келген адамның
кісілігінен білінеді.
Мәселен: жасы
үлкенге иіліп сәлем беру, алдын кесіп өтпеу, алдынан барып есік
ашу, үйге бұрын кірмеу, дастарханға бұрын қол созбау, үлкеннің
сөзін бөлмеу, сөз жарыстырмау- жастарымыз үшін бұлжымас заң
болатын. Сені өмірге әкелген, мәпелеген, өсірген сенің анаң мен
әкең. Ең алдымен соларды
сыйла.
Әке – асқар
тау,
Ана – аққан
бұлақ,
Бала –
бауырындағы құрақ.
Мен де
сендердің әдепті де, ақылды, адамгершілігі мол, үлкенді сыйлай
білетін, кішілерге қамқоршы аға, ата-анаға көмекші, адамдарға
мейірімді бола білетін оқушы болады деп сенім
білдіремін.
Бүгін, «Үлкенге
құрмет, кішіге ізет» топтық сайысын өткіземіз, әділ қазыларымызды
сайлап алайық
1 топ:
Әдептілер
ІІ топ:
Ізеттілер
ІІІ топ:
Кішіпейілділер
1 –тур: Әдеби
монтаж
2 –тур:
Мақал-мәтелдер сайысы
3 – тур: Пікір
сайысы (педагогикалық
ситуация)
4 – тур:
Ойындар ойнату
1. Не істеуге
болмайды?
2. Не істеу
керек?
5 – тур:
Капитандар сайысы
6 – тур:
Ақылдыдан шыққан сөз
І – тур: Әдеби
монтаж
1 оқушы: Атаң
болса анаңмен-
Алтыннан соққан
қорғаның.
Ағаң болса
ақылды-
Ешкімнен кем
болмадың.
Інің болса
жанашыр-
Семсер қылыш
білегің.
Ақылды қыз,
ақылды ұл
Өкпе, бауыр,
жүрегің.
Не
қасиетсіз?
Бал салмаса –
ара қасиетсіз,
Жанбай қалған
шала қасиетсіз.
Әдепсіз болса –
бала қасиетсіз,
Әділетсіз болса
– дана қасиетсіз.
Көк шықпаса –
жер қасиетсіз,
Ойсыз болса -
ер қасиетсіз,
Жылу болмаса –
түбіт қасиетсіз,
Жігері болмаса
– жігіт қасиетсіз.
Ақылдыдан
шыққан сөз
Ұл – қызың
өссе, масыл боп,
Жүретін жолың
тарылар.
Ұл – қызың
өссе, асыл боп,
Іздеген жоғың
табылар.
Жақсының ісі –
береке, құт әкелер.
Жаманның ісі –
келеке, жұт әкелер.
Бетімен кетсе,
ұл – қызың,
Арыңа түсер
дақпен тең.
Жолыңа қақпан
құрғыздың,
Жамандық етер
жатпен тең.
Үлкенді
сыйлағаның,
Өзіңе құрмет
жинағаның.
Үлкендерді
сыйлайтын,
Кіші қамын
ойлайтын.
Сүймейтін жат
әдетті,
Бауыржандай
досым бар,
Өзі сондай
әдепті.
Ата сөзі –
қасиетті, киелі,
Ата сөзі –
жанға жылы тиеді.
Ата сөзі –
өміріме өнеге,
Ата сөзі – тек
шындықты сүйеді.
Жақсы перзент
марқайтар,
Жаман перзент
қартайтар.
Дөрекі сөз
айтпаңдар,
Жақсы істі
жақтаңдар,
Сыйлап сынып
қыздарын,
Әдепті бола
бастаңдар,
Бүгіннен бастап
бар бала,
Үлгілі мінез
көрсетсін,
Сынайын достым
досыңды-ай,
Мін түзейік,
осылай.
Мен әдепті
баламын
Мені үлкендер
әдепті деп мақтайды,
Мінезімнен
теріс қылық таппайды.
Ал егер сен
жалқау болсаң тілазар,
Ондай әдет
жақсылыққа жатпайды.
Айтқан тілді
аламын,
Айтқан жерге
барамын,
Мен әдепті, мен
әдепті баламын.
Қарсы алдынан
кесіп өтпей көлденең,
Қашанда мен
үлкендерге жол берем.
Абайсызда қалса
біреу сүрініп,
Сол заматта
сүйеніш боп қол берем.
Адамдарға
кешіріммен қарайтын,
Жан жылуы
жылылық боп тарайтын.
Кішіпейіл бала
болғым келеді,
Айналасын нұрлы
күнге бөлейтін.
Жақсылықтан
үйреніп,
Боламыз біз
жақсы адам.
Жамандықтан
жиреніп,
Үлгі аламыз
жақсыдан.
Жабырқауды
білмейміз,
Жалқаулықты
сүймейміз.
Біз талапты жас
ұлан,
Үлгі аламыз
жақсыдан.
Үлкендерді
сыйлаймыз біз,
Үй тазалап
жинаймыз біз,
Біз қолқанат
баламыз.
ІІ – тур: Мақал
– мәтелдер сайысы
ІІІ – тур:Пікір
сайысы
1.
Педагогикалық ситуация
Топтық төбелес
болып жатыр, ағасы інісін байқап қалып (оны қатты соққан): - Әй,
мұрынбоқтар, жаппай менің ініме тиіскенді көрсе - тейін... Мә,
саған, пәле... деп бір–соққыға екеуін жықты. Сосын інісіне – жүр
үйге, жуынайық, былай-былай тұмсықтан дұрыстап ұрмайсың ба? -
дейді.
Осы миниатура
жөнінде Сіз аға ретінде өзіңізді қалай ұстар едіңіз?
Пікірлеріңіз...
2.
Педагогикалық ситуация
Екі бала
кездесті. Бір бала біреуіне күш көрсетіп, «екінші рет айтыл –ған
ақшаны әкелмесең, мен саған көрсетемін» - дейді. Оның үстіне ағасы
келіп қалды.
- Не үшін? –
деді.
- Біз анада күш
сынастық, ол жеңіліп қалды, енді 200 теңге ақша әкелуі керек,-деді.
Ағасы:
- Ол дұрыс
екен, жеңілдің бе, төле онда! Бар,бар жылтырат табаныңды,-деді де
құйрықтан бір теуіп
жіберді.
Осы ситуация
жөнінде Сіз ағасы болсаңыз не істер едіңіз?
Пікірлеріңіз.
3.
Педагогикалық ситуация
4 сыныпта
оқитын бала бір қыз баланың сумкасын лақтырып, өзін жылатып қойды.
Қыз бала ұрған баланың ағасын көріп: «Сәкен аға, сәкен аға,
тоқтатыңызшы анау Маратты, сіздің ініңіз мені мазақтап, «кетші»деп
едім, мені ұрды... «Қой» деп
айтыңызшы!»
Сәкен
(ағасы)
- Не,
мазақтаса, сен де мазақта, не, ұрса, көзің шығып, қолың сынды ма?
Сонша айқайлап, бар, баршы өзің, жабысқақа пәлесің
ғой.
Осы ситуация
жөнінде Сіз не айтар едіңіз?
Пікірліріңіз...
Ән – шашу: мен
әдепті баламын
4 – тур.
Ойындар ойнату
1. Не істеуге
болады?
2. Не істеу
керек?
5 – тур:
Капитандар сайысы
1. Дер кезінде
тамақтан, Оқуда зейінді
бол,
Кешікпей кел
... (сабақтан) ... бейімді бол.
(еңбекке)
2. Кір шалмасын
беттерін, Алдын тосып
дүкеннің,
Таза болсын ...
(дәптерің) Жолын кеспе ... .
(үлкеннің)
3. Мәңгі есте
сақта, Жұлқылама бұтақты,
Көптің жолын
... .(кеспе) Жұлқылама ... .
(кітапты)
6 – тур:
Ақылдыдан шыққан сөз
1-топ: Бетімен
кетсе, ұл – қызың,
Арыңа түсер
дақпен тең.
2-топ: Үлкенді
сыйлағаның, 3-топ: Жақсы перзент
марқайтар,
Өзіңе құрмет
жинағаның. Жаман перзент
қартайтар.
Қорытынды
1. Әділ-қазылар
шешімі
2. Мен әдепті
баламын
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сынып сағаты .Өз құқығыңді біл

шағым қалдыра аласыз