Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сынып сағаты. Қарттар күні. Қарты бар үйдің-қазынасы бар

Материал туралы қысқаша түсінік
Қарты бар үйдің-қазынасы бар. Қарттар күніне арналған кураторлық сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кураторлық сағат

Тақырыбы: «Қарты бар үйдің-қазынасы бар»


Уақыты:

Куратордың аты-жөні:

Сыныбы: 8

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Мақсаты

  • Оқушыларға қарттарды құрметтеуге үйрету;

  • Оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру,үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға жəне аталы сөзден ғибрат алуға тəрбиелеу

  • Ойлау, сөйлеу, ойын еркін жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру;

  • Туған еліне, жеріне деген патриоттық және жауапкершілік сезімдерін арттыру

Кураторлық сағатта қамтылатын білім беру құндылықтары

  • Қазақстандық патриотизм;

  • Құрмет;

  • Ынтымақтастық;

  • Жауапкершілік;

  • Адалдық

Мәңгілік ел құндылықтары

  • Қоғамымыздағы ұлттық бірлік бейбітшілік пен келісім

  • Зайырлы қоғам және жоғары руханият

Ресурстар

  • Бейнебаян, флипчарт, маркер, смайликтер, т.б.

Жоспар

Уақытты жоспарлау

Сабақтың барысы



Жиынның басы

5 минут











Жиынның ортасы

30 минут







Ұйымдастыру кезеңі.

Қайырлы күн, Зияткер оқушылар! Бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын төмендегі сұрақтарға жауап берулеріңізді сұраймын:

  • -Қарттарды құрметтеу дегенді қалай түсінесіңдер?

  • -Қарттар асыл қазына дегеніміз не мағына береді?

  • -Қарттарды сыйлау не үшін қажет деп ойлайсың? Себебін түсіндіріңдер.


Бүгінгі біздің кураторлық сағатымыз Қазыналы Қарттарымыз туралы болмақ.


Бейне-баян көрсетіледі.

https://youtube.com/watch?v=m2xLU-oboyo&si=ISdjIRqnm7cK_0Rc


Куратор: Иə,алдымызда өткен 1-қазан қарттар күні мерекесі болып атап өткізді. Қазақстанның өсіп-өркендеуіне , еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз.Саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектермен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын атаəжелеріміздің еңбегі ерекше.Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.


Халықаралық қарттар күні-1 қазан

Қарттар күні – халықаралық мерекесі 1990 жылдың 14–інші желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясында ресми бекітілген. Халықаралық қарттар күні 1991 жылдан бері 1 қазанда тойланып келеді.


Осы күндері елімізде 2,3 миллионнан астам қарт бар. Аталған мерекенің мақсаты – қарттардың қоғам мен мемлекет алдындағы еңбегін құрметтеу, олардың мәселелері мен қажеттіліктеріне және өмір сапасын арттыруға назар аудару әрі қамқор болуды көздейді.


Жыл сайын аталған мереке күні құзырлы органдар және облыс, қала, аудан әкімдері қарттарды құттықтап жатады, түрлі форматта мерекелік шаралар ұйымдастырылып келеді.

Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын ата- әжелеріміздің төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.


Қарттарды құрметтемейтін, олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындамайтын, әдептілік, кішіпейілділік, сергек сезімталдық көрсетпейтін, бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр?! Адамның өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Үлкендіктен ешкім құтыла алмаған. Бірақ кәріліктің өзінің сәні – мәні бар.

Қарт кісіні құт-береке деп танысақ-ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты.


Топтық сайыс

І тур. «Кім тапқыр» ойыны (Мақал-мәтелдің жалғасын тап).

  1. Қарты бар елдің……….. бар,(Қазынасы)


  1. Күлсең ……күл (Кәріге)


  1. Ананың көңілі ………,

Баланың көңілі ……...(Балада,Далада)


  1. Ата-ананың …….. балалы болғанда білерсің.(Қадірін)


  1. Ата-ананың қарызы,

Ұрпақтың өмірлік …….. (Парызы)


  1. Ананың сүті— ……,

Баланың тілі — ……(Бал)


  1. Әзілің жарасса………. ойна. (Атаңмен)


  1. ……. не қылсаң,алдыңа сол келер. (Атаңа)






ІІ тур. Видеоролик көрсету

https://youtu.be/9Ihn3UySyAc?si=8X9joVYXI0HFxqUe

«Əке қадірі» анимация


Сұрақ-Жауап


-Әкесінің ұлына қапты берудегі айтқысы келген ой не болды?

-Роликте көрсетілген сәтті қазіргі заманда не нәрсемен теңей аласыңдар?



ІІІ тур. Дебат (І топ және ІІ топ нақты сұрақтар бойынша еркін пікір-талас жасайды)


Қарт десе, әркімнің көз алдына өз шаңырағына құт-береке кіргізіп отырған ақ жаулықты әже мен ақ сақалды қария елестері анық. Тілеуімізді тілеп, балалары мен немерелерінің қызығын көріп, ортамызда аман-есен отыра берсе екен дейміз. Өкінішке қарай, перзент атаулының бәрі ата-анасын, ата-әжелерін алақандарында аялап отырған жоқ. Түн ұйқысын төрт бөліп, махаббатын, жан шуағын аямаған ата-анасына қатыгездікпен қарайтын адамдар көбейіп келеді.


Бүгінгі таңда елімізде қарттарға арналған жүзге жуық мекеме тіркелген. Ал оларды пана етіп отырған адамдар саны 35 мыңнан асып түседі. Олардың басым бөлігі қазақтар. Осы орайда «миллиондаған бюджет қаржысын қажет ететін қарттар үйі керек пе?» деген сауал туындайды.


-Қарттар үйі жайлы не білесіңдер?

-Қарттар үйінің көбеюінің себебі неде деп ойлайсыңдар?

-Қарттар үйі керек пе?




Рефлексия

5 минут








Қорытынды сөз:

«Бабаларым, рахмет сендерге!

Балаларым болмасын деп бос кеуде,

Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің,

Өмірге мен мылқау болып енгенде

Бабаларым, рахмет сендерге!»,- деп Мұқағали Мақатаев атамыз айтқандай міне, балалар, біз өзіміздің ата-әжелеріміз алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз.

Қарттарымызды ардақтап өтейік! Оларды сыйлаңдар, қадірлеңдер!


Ұстазға хат:Оқушылар берілген қағазға өткізілген тәрбие сағаттан не түсінгендігі жайлы кері байланыс береді


Shape1



Кураторлық сағаттың қандай аспектілері жақсы жүзеге асты (оқу мен оқытудың өмірмен байланысы болдыма, ойланыңыз

1:

2:

Кураторлық сағатты жақсартуға не ықпал етуші еді (оқуды да, оқытуды да қарастырғанда)?

1:

2:

Кураторлық сағат барысында сынып туралы немесе оның жетістіктері туралы нені анықтадым/жекеленген оқушылардағы қиындықтар (көшбасшылық), келесі кураторлық сағатта неге баса назар аударылу қажет?

1:

2:






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.12.2025
14
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12