Материалдар / Сынып сағаты; Қоқысты қайта өндеу.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сынып сағаты; Қоқысты қайта өндеу.

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаттың ақпараты Сынып: Өткізілген күні: Тақырыбы: Қоқысты қайта өндеу Сабақтың мақсаты: қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға үйрету; өскелең ұрпақтың бойына экологиялық мәдениет дағдысын қалыптастыру; экологиялық білімді насихаттау. Әлемнің өркениетті елдерінде қалдықты өңдейтін зауыттар салынған. Сол арқылы қоқыстан қаржы тауып отыр. Бұл тәжірибені біздің елімізде де қолданып келеді. Алайда әлі де мардымсыз. Өңір басшылығы, кәсіпкерлер бұл мәселен бірлесіп шешу керек деп ойлаймын. Сөзімді қорытындыылай келе әрбір қалдықты қоқыс шәшіктеріне сұрыптап тастауды әдетке айналдыруымыз керек. Және оны әрбір тұрғын өз міндеті деп сезнгені дұрыс. Бұл туралы айтып, ескертіп, көпшілікке жеткізуді мен де өз міндетім деп санадым. Менің ұсынысым: Қаламыздың тазалығын сақтау үшін барлық тұрғындар өз үйіндей қарап тазалығына мән берсе; Тұрмыстық қалдықтарға қайта өмір сыйлап пайдаға жаратуға болатынын түсінсе; Қалдық жинайтын, өткізетін орындарды әр аудандардан ашып қойса ол да
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Наурыз 2024
1490
90 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
250 тг 188 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Педагогтің Т.А.Ә.


Күні:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

«Қоқысты қайта өндеу»

Құндылық

Ұлттық мүдде, Ар-ұят

Мақсаттары

қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға үйрету; өскелең ұрпақтың бойына экологиялық мәдениет дағдысын қалыптастыру; экологиялық білімді насихаттау.

Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті


Ресурстар

Сабақтың басы




















Сабақтың ортасы






















































































































Сабақтың соңы

Оқушылармен амандасу.

Оқушыларды түгендеу.

Қызығушылықты ояту.

Қазіргі уақытта қауырт технологиялық дамумен ұласа келген адамның табиғаттан алшақтануы және табиғатқа тұтынушылық көзқараспен ғана қарап, бейберекет пайдалану орны толмас зардаптарға соқтыратыны белгілі болды.

XXI ғасырда табиғатқа көзқарас өзгеріп, табиғат, адам, қоғам араларындағы қарым-қатынастың аса күрделі де жауапты екендігі айқындалып, табиғатты қорғау, аялау, сондай-ақ зерделі, парасатты қарым-қатынас қалыптастыру сияқты идеялар пайда болуда. Менің ойыма келген осындай ойдың бірі тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдесе оған жан бітіріп қайта қолдануға болады.

«Тазалық - саулық негізі» дейді дана халқымыз. Тазалық жоқ жерде елдің болашағы бұлыңғыр, келешегі күмәнді болары хақ. Қаламыз (ауылымыз) күн санап көркейіп өсіп келеді. Қаламыздың (ауылымыздың) келбеті тек сәнді де сәулетті ғимараттармен, жасыл желекті саябақтармен өлшенбейтіні белгілі. Күн сайын кемел келешекке құлаш сермеп, көркейіп келе жатқан қаламыздың ажары оның тазалығына да тікелей байланысты. Ал тазалық пен ұқыптылық әрбір адамның туған жеріне деген сүйіспеншілігі мен жанашырлығын қажет етеді. Сондықтан да тазалық - қоғамдағы маңызы зор мәселе болып табылады. Себебі, қоршаған орта мен экологиялық тазалық - тұрғындар үшін аса қажетті құндылықтардың бірі. Қоршаған ортаны таза ұстаумен қоса, біз өзіміздің денсаулығымыздың дұрыс болуына жағдай жасаймыз. Қоғам үшін пайдасы зор осынау істі әрбір жан азаматтық борышым деп санауы керек.

Міндеттері: Қоқысты жеке контеинерлерге жинаса, қоқысты қайта өңдесе табыс әкелетіні туралы сауалнама жүргізіп, үн қағаздар тарату

1. Қаламыздың тазалығына үн қосу

2. Қалдықтардың қайта өңдеуге келетін түрлерімен таныстыру.

Бүгінгі мен сөз еткелі тұрған мәселе біздің өңірді ғана емес, бүкіл әлемді алаңдатып отыр. Ол –жердің бетін жайлап бара жатқан қоқыс мәселесі. Сондықтан алдымен әлемдік деңгейдегі мәселеге аз ғана тоқталып кетсем. Жер бетіндегі әрбір адам күн сайын 0,74 келі қоқыс шығарады. Өткен жылғы статистикалық мәліметтер бойынша әлемде жиналған қоқыстың жалпы көлемі 2,5 млрд тоннаға жетеді. Бұл қарқын тоқтамаса, 2050 жылға қарай, оның көлемі 3,4 млрд-қа дейін баруы мүмкін. Осы орайда, белгілі физик Нильс Бор: «Адамдар атомнан емес, өзі шығарған қоқыстардан өледі» деген екен. Бордың сөзі шындыққа айналмас үшін жер тұрғындары дүниежүзілік сипатқа ие акциялар өткізіп, экологиялық проблемаларды шешуге барынша тырысып келеді.

«Планетаны қоқыстан тазартамыз» акциясы алғаш рет Австралия тұрғын дарының белсенділігімен басталыпты. Олар 1993 жылдың қыркүйек айында мұхит жағажайларын тазартуға шыққан. Кейін келе бұл идеяны басқа мемлекеттің еріктілері қолдап, акция әлемдік сипатқа ие болды. Қазір жүзден аса елдің миллиондаған белсенділері қыркүйектің нақты бір аптасын белгілеп, өз аймағындағы қоқыстарды жинап, оларды сұрыптайды.

Адамдар көбінесе демалыс орындарын, саябақты, жағажайларды, орманбақтарын, су қоймаларын, қаласыртындағы өзен жағасын қоқыстан тазартады. Жер бетіндегі әр бір тұрғынға жылына орта есеппен алғанда 20 тонна шикізат жұмсалса, оның 97%-ы қоқысқа айналады екен. Соның кесірінен «ХХІ ғасырдың құбыжықтары» деген атауалған тау-тау қоқыстар пайда болуда. Олардың тек көлемі емес, тірітабиғатқа тигізер зияны да шашетектен.

Алдағы жылдары елімізде сұрыпталмаған қоқысты көмуге жаппай тыйым салынбақшы. Жалпы сарапшылардың дерегі бойынша, жыл сайын елімізде 700 миллион тонна өнеркәсіптік қоқыс пен қалдықтар жиналатын болса, оның 250 миллионы денсаулыққа қауіпті улы заттар көрінеді

Жоғарыда айтылған мәліметтерге сүйенсек, Үйдегі қоқыстарды жыл сайын сыртқа шығару арқылы үлкен қоқыс болып жиналатынын білдім.

Қазіргі уақытта біздің қаламызда да қоқысты өңдеу мәселесі күн тәртібіне қойылған.

Әйтсе де қоқысты сұрыптау мен қалдықтарды қайта өңдеу әлі де кемшін тартып тұр. Қаламыздың әрбір бұрыштарында қоқыс үйіндісі күннен күнге артып барады.


Сіз білесіз бе?

10 адамнан тұратын кеңсе қызметкерлері бір жылда бір тоннадай қағаз қалдықтарын жинайды. Егер осы шикізатты қайта өңдеп, екінші рет пайдаланса:

10 ағашты сақтайды (100 кг макулатура

1 ағашты сақтайды);

20000 литр суды үнемдейді;

1000 кВт электр энергиясын алуға болады;

Қаламызда осындай контейнерлер санын көбейту керек


Халықтың ортасында бұл бағытта үгіт-насихат жұмыстары жүргізілмейді. Көпшілік жұрт қандай қалдықты қай контейнерге салу керектігін де дұрыс білмейді. Тіпті мұндай жәшіктер болғанымен, тұрғындардың енжарлығынан оларда әртүрлі тұрмыстық қалдықтар бірге араласып жатады. Сондай-ақ жұрт қалдықтарды ақшаға қабылдайтын арнайы орындардан да бейхабар. Тіпті ондай орындарды білген адамның өзі күн сайын қала аралап, қоқыс тасып жүруге құмар емес.

Егер әрбір азамат бұған мән берсе мәселе шешіледі. «Мен бір қоқысты дұрыс тастамағаннан не өзгерер дейсің» деген көзқарастан арылуымыз керек. Керсінше, «осыған мен мән бермесем кім мән береді» деп өзімізге жауапкершілік алуымыз керек. Егер менің осы шағын жобам арқылы 10-15 адам ойын өзгертіп, бұған бейжай қарамайтын болса онда менің мақсатым орындалды деп түсінемін.


«Құпия хаттарға» жауап беру
Әр топқа құпия хаттар жазылған конверттер таратылып беріледі. Жауабын әр топ ойланып, ақылдаса отырып айтады.




Соңғы тыныштық сәтi.

Балалар,бүгінгі сабағымыз аяқталды.

Әлемнің өркениетті елдерінде қалдықты өңдейтін зауыттар салынған. Сол арқылы қоқыстан қаржы тауып отыр. Бұл тәжірибені біздің елімізде де қолданып келеді. Алайда әлі де мардымсыз. Өңір басшылығы, кәсіпкерлер бұл мәселен бірлесіп шешу керек деп ойлаймын. Сөзімді қорытындыылай келе әрбір қалдықты қоқыс шәшіктеріне сұрыптап тастауды әдетке айналдыруымыз керек. Және оны әрбір тұрғын өз міндеті деп сезнгені дұрыс. Бұл туралы айтып, ескертіп, көпшілікке жеткізуді мен де өз міндетім деп санадым.

Менің ұсынысым:

Қаламыздың тазалығын сақтау үшін барлық тұрғындар өз үйіндей қарап тазалығына мән берсе;

Тұрмыстық қалдықтарға қайта өмір сыйлап пайдаға жаратуға болатынын түсінсе;

Қалдық жинайтын, өткізетін орындарды әр аудандардан ашып қойса ол да бір табыс көзі болар. еді .

Сабақтан алған әсерлеріңізді стикерге жазып тақтаға жабыстырамыз.

Деп сабағымызды аяқтаймыз!

Қош, сау болыңыздар!



















Оқушыларға сұрақтар ұсынылады.





















Оқушыларға сұрақтар ұсынылады.






























Оқушыларға сұрақтар ұсынылады.





























Оқушыларға сұрақтар ұсынылады.































Оқушылар хатты талдап сабақты қорытындылайды.





























Оқушылар стикерлерді тақтаға жабыстырады.






Плакаттар



















Презентация


















Таратпа қағаздар



















Презентация






























Презентация






































Хаттар































Стикерлер


























Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!