|
Армысыздар, құрметті
достар!. Наурыз- бұл ежелгі түркі халықтарының жаңа жыл мейрамы.
Бұл мейрам күн мен түннің теңелген мерзімі. Қазақ елі бұл күнді
«Ұлыстың ұлы күні» деп атаған. Наурыз көктемнің ең
көркем айларының бірі. Наурыз айын қазақ халқы ерекше
құрметтейді.
(Музыка ойнап
тұрады)

Наурыз тойын жұп
жазбай
Қошеметпен қарсы
алайық
Досқа құшақ
ашайық
Өлең жырға
басайық
Қазақтың бір салты
деп
Тойға шашу
шашайық (Шашу
шашылады)
Ән:
Наурыз
Баршаңызды ұлыстың ұлы күні
наурыз мерекесімен шын жүректен
құттықтаймыз. Жер жаһанға шуағын ала келген наурыз мейрамы
елімізге береке мен құт болып дарысын. Дүниені жандандырып
жарқыраған кезі ұлыстың ұлы күнімен барша адамзатты қуана
құттықтаймыз.
Олай болатын болса , ортада
тұрған қыздардан Наурыз мерекесінің қалай тойланатыны туралы
сұрайық:
1-оқушы:
Жаңа жылда Қызыр баба үйге
кірсе, ол үй ауру-сырқаудан, пәле-жаладан аман болады деген
сеніммен Наурызға дейін адамдар үйін қағып-сілкіп, тазартып қоятын
болған.
2-оқушы:
Ел арасында 21 науры:з
түні даланы Қызыр баба аралайды деген аңыз бар. Осыған сенген халық
дәулет дарып, бақ қонсын деген мақсатпен есіктерін ашып
қояды.
3- оқушы:
Наурыз мейрамы негізінен
адамдардың көрісуінен басталады. Жігіттер төңіректегі
бұлақтардың көзін ашып, бұлақ басына тал еккен. Жаңа шыққа күнге
иіліп сәлем берген. Ренжіскен ағайындар
татуласқан.
5- оқушы:
Ұлыстың ұлы күні кем
дегенде жеті түрлі дәмнен
тұратын
Наурыз көже дайындалады. Наурыз
көжеге соғымнан қалған сүр ет,
қойдың басы, қатық, сүт, бидай,
тұз, су қосылады.
Мұғалім
:- Сендердің наурыз тойы
туралы білімдерің біздің көңілімізден шықты.Келесі кезекті
көрініске берейік
Көрініс :
«Қымызмұрындық»
Дастархан басында қонақтар отырады. Ортаға
екі бала жүгіріп келеді .
- Сүйінші
ата-ата,сүйінші !
- Торы бие
құлындады!
- Қандай керемет
жаңалық ! Беріңдер балалардың сүйіншісін ! Көп жасаңдар
!
Мубина
:
Қымызмұрындық – қазақ халқының атадан
балаға мұра болып келе жатқан игі дәстүрінің бірі. Ертеде жер аяғы
кеңіп, бие құлындап, желіге байланған тұста көптен көріспеген
ағайын-туған сағынып, бірін-бірі осы «Қымызмұрындыққа» шақырысып,
мәре-сәре болған.
Қасым Аяла
:
Бұл
мерекеде өнерпаздар ән мен жырдан шашу шашып қана қоймай, қыздар
билеп, жігіттер білек күшін сынасып, кір тасын көтеріп, арқан
тартысып, қазақ күресінен, тоғыз құмалақ, асық ойындары секілді
қазақ ұлттық ойындарынан жарыс
өткізген
Искак Айсана
:
Аурудан асқан жан бар
ма?
Жылқыдан асқан мал
бар ма?!
Биенің сүті сары
бал,
Қымыздан асқан дәм
бар ма?! – деп Ақтамберді жырға қосқанындай, бие сүті А, С, В1,
дәрумендеріне бай. Оның минералдық қасиеттері 12 сағатқа
дейін жойылмайды. Олай болатын болса қымыздан ауыз тиіп ,
дастарханымыздың қадірлі құнағы болыңыздар
!
Мұғалім:
Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған
тірлікке, Қастерлейік, қадіріңді білдік
пе! Құтты болсын Ұлыс күні
жұмылдырған Бәрімізді ынтымақ пен
бірлікке!, - дей отыра Наурыз
мерекесіне « Дастархан » әніне кезек
берейік.
1. Ән
Дастархан
Мұғалім : Келесі кезекті
осынау қасиетті мерекеге арналған тақпақтарға
береміз.
Рамазан
Наурыз жаңа
жылымыз,
Шаттық берер
үніміз.
Күн менен түн
теңесер,
Ұмытпаймыз мұны
біз...
Жалғас
Құтты болсын
Әз-Наурыз,
Жанымызды
жайнатар.
Ұлттық дәстүр
жаңғырып,
Балаларды
ойнатар.
Абзал
Наурыз тойы
келгенде,
Қуанамыз,
жайнаймыз.
Мерекеде
достармен,
Асыр салып
ойнаймыз.
Ақылжан
Наурыз думан
тамаша,
Аман болсын
халқымыз.
Ән саламыз
балаша,
Арта берсін
даңқымыз!
Мұғалім : Енді ортамызға
мың бұралған биші қыздарымызды
шақырамыз
Би: Шаттық
биі
https://youtu.be/bwWhTfzKUUs?si=FTO9I_kioBmK2-RZ
Мұғалім : Енді, кезекті
ұлттық ойынға
берейік
-
Күш
сынасу
-
Асық
ату

«Меннен бір тілек» Әр оқушы Наурыз мерекесіне байланысты бір
тілек айтады.
Мұғалім:
Осындай той қазақта бола
берсін, Көңілдерге жақсылық қона
берсін. Береке күннен - күнге тола
берсін, Ырыс - құт басыңыздан аса
берсін. Ынтымақ боп, бірлік боп
елімізде, Еліміз ілгері аяқ баса
берсін.
Бәрі :
Аман – есен
жетейік. Келер Наурыз
тойына!

|