Сынып сағаты: Құқықтық мәдениет және оның маңызы.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сынып сағаты: Құқықтық мәдениет және оның маңызы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру. Мектеп пен жанұяда жақсы қасиеттерді бойға сіңіріп, тәрбиелі, мәдениетті, білімді адам болуға ұмтылуымыз керек. Құқықтық сауатсыздық, яғни өз құқық мен міндетін білмей, басқаның құқын сыйламаудың кесірінен көптеген келеңсіз жағдайларға кезігіп отырмыз. Осы орайда қылмыстың қоғамдағы зияны мен адам тағдырын адастыратын іс екенін әрқайсымыз жете түсінуге тиіспіз. Олай болса құқықтық тәрбие мен құқықтық мәдениетті санаға сіңіріп, өзімізді және қасымыздағы адамдардың жеке басын қадірлеп, құрметтейік дегім келеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Педагогтің Т.А.Ә.



Күні: 11.03.2024


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

«Құқықтық мәдениет және оның маңызы»

Құндылық

Ұлттық мүдде, Ар ұят, Талап

Мақсаттары

Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Ата заңымызға  деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру.


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті


Ресурстар

Сабақтың басы

















Сабақтың ортасы













































































































Сабақтың соңы

Оқушылармен амандасу.

Оқушыларды түгендеу.

Қызығушылықты ояту.

Психологиялық тренинг. Бір-бірлеріңізге деген қарым – қатынастарыңызды ізгілендіру мақсатында, тренинг дайындадым.

Сіздерге екі ақ парақша беріледі. Бірінші парақшаға өздеріңіздің аса жоғары бағалайтын адами қасиеттерді жазып, қалаған адамыңызға бересіз. Осыдан кейін кезектесіп, алған парақтарыңызда не жазылғанын дауыстап оқып беріңіздер.


Енді құқық жөнінде жалпы түсінік бере кетсек. Интерактивті тақтаға назар аударыңыздар.

Қоғамда өмір сүретін адамдардың өздерін ұстау ережелерінің жиынтығын әлеуметтік нормалар дейміз.     Әлеуметтік норма

Құқық                           Мораль

Әлеуметтік нормалардың мемлекеттің пәрменімен заңдастырылған бөлігі құқықты, ал мемлекеттің пәрменімен заңдастырылмаған бөлігі моральды құрайды

Құқық  дегеніміз – мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі.

Құқықтың ерекшелегі – оның нормалары бұзылған жағдайда кінәлінің заңды жауапқа тартылатындығында. Моральдық тәртіпті бұзғаны үшін адам заңды жауапкершілікке тартылмайды, бірақ көпшіліктің назарына ілігеді, айналасына жағымсыз пікір туғызады.

Құқықтық нормалар тек қана заңдардан тұрмайды, басқа да нормативтік құқықтық актілерде де көрсетілген. Президент —   нормативтік жарлықтар, Үкімет – нормативтік қаулылар, министрліктер – нормативтік бұйрықтар, жергілікті мемлекеттік органдар —  нормативтік шешімдер қабылдайды.

БҰҰ Бас Ассамблеясы Адам құқықтарының жалпыға ортақ деклорациясын қабылдады. Ол бойынша адам құқығы 3 топқа бөлінеді.

Адам құқығы Табиғи       Азаматтық құқық                  Экономикалық-әлеуметтік, мәдени құқық

Біздің елімізде адам құқықтары Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапқан. Ол 9 бөлім, 98 баптан тұрады. Оның екінші бөлімі 30 бабы құқыққа арналған.

Сенің құқығың – менің құқығым. Бұл кезеңде оқушылар өз құқықтары жөнінде жөнінде айтып өтеді

1-оқушы: 10 бап

Баланың өмір сүруіне, жеке басының бостандығына, қадір-қасиетіне және жеке өміріне қол сұғылмауына құқылы

2-оқушы:

Мемлекет баланың жеке басына ешкімнің тиіспеуін қамтамасыз етеді, оны тәнін, жанын жәбірлеуге, дөрекіліктен қорлаудан, оның құқықтары мен бостандықтарына қысым жасаудың өзге де түрлерінен қорғауды жүзеге асырады.

3 оқушы: 9-бап

Баланың даралық ерекшеліктерін және оны сақтауға құқығы.

Бала туған сәтінен бастап аты-жөні, ұлты, азаматтығы болуға құқылы, ал ҚР-ның заң актілерінде көзделген жағдайды сақтауға құқылы. Қай ұлтқа жататындығына, тіліне, біліміне, денсаулығына, ата – анасына қатысты мән-жайларға қарамастан бала тең құқылы.

3-оқушы:11 бап

Әр бала сөз бостандығына және өз пікірін айтуға, ар-ождан бостандығына, коммерциялық емес ұйымдарға және ҚР-ның заңдарымен рұқсат етілген бейбіт жиналыстарға қатысуға құқығы бар.

4-оқушы 12 бап

Біреудің атына кір келтіруге, жеке басының тіршілігіне араласуға, рұқсатсыз үйіне кіруге, біреудің хаттарын оқуға ешкімнің құқығы жоқ

5-оқушы 19 бап

Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар.

6-оқушы 30 бап Азаматтардың тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті. Республика азаматтарының конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқығы бар.

7 – оқушы 19 бап

Әрбір адам өз пікірі болуына, ойындағысын еркін айтуына құқығы бар.

Өз құқықтарыңызды айтып өттіңіздер, қандай міндеттеріңіз бар соған тоқталып өтсек (оқушылар өз міндеттерін айтады)


«Тығырықтан шығар жол қайсы» (ситуациялық жағдайды шешу)


Ойды аяқта (мақал-мәтелдің жартысын тауып, түсінік беру)


Біреуге ор қазба … (өзің түсесің)

Заңның құрығы … (бәрінен ұзын)

Ұрлық түбі … (қорлық)

Өтірікшінің құрығы…(бір-ақ тұтам)

Тура биде … (туған жоқ)

Туғанды биде … (иман жоқ)

Қолыңмен істегенді … (мойныңмен

көтер)

Тек жүрсең … (тоқ жүресің)

Заңды сыйлаған … (еркін жүреді)


«Құпия хаттарға» жауап беру
Әр топқа құпия хаттар жазылған конверттер таратылып беріледі. Жауабын әр топ ойланып, ақылдаса отырып айтады.

Соңғы тыныштық сәтi.

Балалар,бүгінгі сабағымыз аяқталды.

Мектеп пен жанұяда жақсы қасиеттерді бойға сіңіріп, тәрбиелі, мәдениетті, білімді адам болуға ұмтылуымыз керек. Құқықтық сауатсыздық, яғни өз құқық мен міндетін білмей, басқаның құқын сыйламаудың кесірінен көптеген келеңсіз жағдайларға кезігіп отырмыз. Осы орайда қылмыстың қоғамдағы зияны мен адам тағдырын адастыратын іс екенін әрқайсымыз жете түсінуге тиіспіз. Олай болса құқықтық тәрбие мен құқықтық мәдениетті санаға сіңіріп, өзімізді және қасымыздағы адамдардың жеке басын қадірлеп, құрметтейік дегім келеді.

Сабақтан алған әсерлеріңізді стикерге жазып тақтаға жабыстырамыз.

Деп сабағымызды аяқтаймыз!

Қош, сау болыңыздар!

















Оқушыларға сұрақтар ұсынылады.












































Оқушыларға сұрақтар ұсынылады.










































Ситуациялық жағдайды шешу.

















Оқушылар хатты талдап сабақты қорытындылайды.








Плакаттар













Презентация


















Таратпа қағаздар




















Таратпа қағаздар
















Таратпа қағаздар











Таратпа қағаздар






Таратпа қағаздар












































Стикерлер







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.03.2024
3393
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі