Материалдар / Сынып сағаты: "Тарихы сырлы, ертеңі нұрлы ғажап елі"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сынып сағаты: "Тарихы сырлы, ертеңі нұрлы ғажап елі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды туған жерін, туған елін, халқын ардақтап өтуге үйрету. Бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі - туған Отанды сүюден басталатынын түсіндіру. Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қазан 2024
1953
105 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар


Мектеп:


Сынып жетекшінің аты-жөні


Күні


Тақырыбы

Ұлттық мереке 25 қазан – «Республика күні»

«Тарихы сырлы, ертеңі нұрлы ғажап ел!»

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

8-САБАҚ

9- сыныптар: «Күмәнді жағдайларда азғыруды қалай жеңуге және дұрыс таңдау жасауға болады»

Сынып 9

Қатысқандар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың мақсаты

Оқушыларды туған жерін, туған елін, халқын ардақтап өтуге үйрету. Бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі - туған Отанды сүюден басталатынын түсіндіру.
Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту.

Қауіпсіздік мақсаты

Оқушыларды қауіпті ұсыныстардан бас тартуға және өз шегараларын қорғауға үйрету

Негізгі міндеттер:

1. Неліктен «Жоқ» деп айта білу маңызды екенін түсіндіріңіз. 2. Қауіпті ұсыныстардан бас тарту жолдарын көрсетіңіз.

Құндылық

бірлік және ынтымақ

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурс

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, сабаққа назар аударту, сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру.

Қазақ поэзиясының хас шебері Қ. Аманжолов «Не деген бақытты едің, келер ұрпақ» деп жырлағандай, сендер тәуелсіз елдің азаматысыңдар, сендерді мемлекеттік мереке Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Оқушылар сабаққа дайындалады, мұғалімді тыңдайды.

Презентация

Талқылау

1990 жылы 25 қазанда Республиканың жоғары кеңесі еліміздің тәуелсіз мемелекет ретінде дамуының құқықтық негізін қалаған Декларацияны қабылдады. Осы тарихи маңызды қадам арқылы Қазақстан дербестіктің, тәуелсіздіктің алғашқы баспалдағын басты. Сол уақыттан бері мемлекетіміз өтпелі кезеңнің қиыншылықтарына төтеп бере отырып, даму мен өркендеу жолында келеді.

Егеменді еліміз жер бетіндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең, өркениетті ел ретінде танылып өзінің Елтаңбасын, Туын, Әнұранын белгіледі.
Осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір ұрпақ терең түсініп, оны қастерлей білу керек.
Мақтансаң мақтан елім деп,
Тани біл, елдік таңбаңды.
Елтаңба, Туың, Әнұран -
Шырқатты биік арманды.
Тәуелсіздікке тән белгі -
Қасиетті осы рәміздер -
Еліме рух, мән берді,
Иесі оның – мына біздер.


Мемлекеттік ту

Елтаңба –


Мемлекеттік Әнұран –






1-Оқушы:

Алтын күн алаулаған зеңгір көк аспан түстес. Сол зеңгір аспанның аясында баяу қалықтаған дала бүркіті. Арман арқалаған алтын бүркіт қазақтың қыран көңілін шырқау биікке алып шыққандай көрініс береді. Мемлекеттік туды даралайтын тағы да бір белгісі - оның сабына таяу тік тартылған ұлттық өрнекті қошқар мүйіз жолақ. Ол - көшпелі әлемнің, дарқан дал рухының тынысы. Ту ортасындағы алтын күн - халқымызға нұр болып шапағатын шашып тұр. Алтын күнді қанатымен жебеп, өрге көтеріп, ұшып бара жатқан ақиық қыран құс - ерліктің белгісі.
Туымызды қастерлеу - халқымызды қастерлеу.

  1. оқушы

Әлемде сирек кездесетін Елтаңба. Қазақ өмірінің ұлы белгісі шаңырақтан тараған. Таң шапағындай уықтар арасындағы ай мүйізді, алтын қанатты ғажайып пырақтар халқымыздың болашаққа ұмтылған асқақ арманының бейнесіндей болып көрінеді. Қос пырақ ортақ шаңырақты қанатымен қорғап тұр. Қанат - асқақ арман нышаны. Ел белгісінде көк аспан, шаңырақ, жарық жұлдыз, қанатты тұлпар, бидай сабақтары бейнеленген. Аспан көк - кеңшілік, тыныштық, биіктік белгісі.

3-оқушы:
Еліміздің музыкалық поэтикалық эмблемасы, әдеби сазды төл құжаты. Ол халық жүрегінің лүпілін тұмар ғып түйген музыкалық сәлем хат сынды.

Презентация

Топтық жұмыс


Топпен жұмыс:

І топтың жұмысы – «Менің Отаным Қазақстан» Қазақстанның көрнекті тарихи орындары туралы слайд жасау


ІІ топтың жұмысы – «Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас» Қазақстанның табиғи байлықтарымен таныстыру

Топ өз жұмыстарын жасап, ортаға шығып қорғайды, өз ойларымен бөліседі.

Үлестірме қағаздар мен плакат

Қауіпсіздік сағаты

Сұрақ қою: «Жасөспірімдерді қандай жағдайлар еліктіруі мүмкін?

М. Балаларға алдауды жеңуге көмектесу. Қоғам мен ата-аналар балалар мен жасөспірімдерге өмірдің шынайы құндылықтарын табуға көмектесуі керек: әлеуметтік, отбасылық, діни. Құндылықтар туралы ашық айту керек. Балалардың өмірде дұрыс шешім қабылдауда адалдық, жауапкершілік, тәуелсіздік сияқты құндылықтардың неліктен маңызды екенін түсінуі маңызды. Егер бала өз бетінше дұрыс шешім қабылдауға үйренсе, онда болашақта ол әрдайым қиын күнделікті жағдайларда жол таба алады. Ата-аналар сынға қарағанда жиі мақтаған кезде, балалар шешім қабылдағанда өздерін сенімді сезіне бастайды.

Мысалдарды талдау:

- Жасөспірімдер алдауға ұшырағанда болатын бірнеше нақты немесе ойдан шығарылған жағдайларды ұсыну (мысалы, есірткі қолдану туралы ұсыныс, емтиханда көшіру, қорқытуға қатысу және т.б.).

«Құқықтар мен талаптар» ойыны

Қатысушыларға тапсырма: «Сіздің таңдау және әрекет ету еркіндігіңіз бен 199 құқықтарыңыз шектелген, бұзылған жағдайды (өзекті, бірақ бұрын болған жағдайды келтіруге де болады) еске түсіріңіз. Бұл жағдайды, алдымен шын мәнінде, қалай болғанын топтың басқа мүшесімен бірге сомдаңыз. Сіз қандай сезімді бастан өткердіңіз? Сіз нені өзгерткіңіз келеді? Енді өз құқықтарыңызды қорғай отырып, тура сол жағдайды жаңаша сомдаңыз.

Сұрақтарға жауап беріп, ой-пікірлері тыңдалады.

















Табанды болыңыз, арандатушылыққа бой алдырмаңыз (серіктес манипуляция мен үстемдікті қолданады, мысалы, кінә сезімін оятуға тырысады, мақтау айтады, бұйрық береді, қорқытады, жалбарынады)

https://youtu.be/9STOaUpRt_U?si=6evIkpB5AiJH6QCD



Қорытынды

Қазақстан – туған Отан алтын бақ, Қазақстан – мейірлі ана, дос қымбат.
Қазақстан – бізді туған Ұлы Отан, Ұлы жолға түсті келіп жарқылдап.
Қазақстан – көпті көрген қария, Жайнай берсін, жайнай бер сен мәңгілік!!!

Оқушы бүгінгі сабақ барысында алған білімдерімен бөліседі.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!